Материалдар / "Математика пəнінен студенттердің өздігінен тақырыптар бойынша білім алу дағдыларын қалыптастыру"

"Математика пəнінен студенттердің өздігінен тақырыптар бойынша білім алу дағдыларын қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және өздігінен тақырыпты бойынша білім алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өз тәжірибемде сервис құралдарын белсенді пайдалану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2024
106
0 рет жүктелген
2250 ₸ 2500 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысының білім басқармасы

«№8 колледж » МКҚК















БАЯНДАМА



"Математика пəнінен студенттердің өздігінен тақырыптар бойынша білім алу дағдыларын қалыптастыру"







Дайындаған: Сабденова Ақмарал Калибековна











Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»” – деп Н. Назарбаев айтып өткен..Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың онлайн ресурстарды пайдалану тәсілін алға қарай дамыта беруіміз керек.

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы білім беруді ақпараттандыру процесінің кең көлемде жүргізілуіне байланысты осы бағытты жүзеге асырудағы басты мәселердің бірі – электронды оқулықтар мен мультимедиялық көмекші құралдар, видеокартотекалар мен онлайн режимдегі дәрістер қорын дайындау болып табылады. Ал оларды оқыту үдерісінде пайдалану – сапалы білім берудің бірден-бір тетігі болып табылады.

Тақырыптың мақсаты: оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және өздігінен тақырыпты бойынша білім алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өз тәжірибемде сервис құралдарын белсенді пайдалану. 

Міндеттері:

  • LearningApps серверінде интерактивті қосымшалар жасау;

  • сабақтың түрлі сатыларында сервер құралдарын қолдану;

  • студенттердің белсенділігін және қызығушылығын арттыру;

Күтілетін нәтиже:  

  • студенттер өзіндік білім алу, анализ, синтез, бағалау дағдыларын жетілдіре алады;

  • оқу материалын деңгей, уақыт, көлеміне қарамастан меңгереді;

  • студент алған білімін жүйелейді;

  • студент шешімді тез қабылдауына мүмкіндік алады;

  • студент тапсырманы бірнеше рет орындау арқылы жақсы нәтижеге жетеді;

  • жалпы оқуға деген мотивация пайда болады;

  • кері байланыс алады, өзін-өзі бағалайды;

  • студент өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады.

LearningApps сервисінің мүмкіндіктері және оны сабақ

барысында қолдану


LearningApps сервисі - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис.

LearningApps.org сайтының мүмкіндіктері қандай?

  • интерактивті оқыту;

  • интерактивті тапсырмалардың көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдау;

  • тапсырмаларды жылдам құру және өзгерту;

  • тапсырмалар базасын жинақтап, қолжетімді ету;

  • тегін қолдану.

  • студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттыруға және өздігінен білім алуға таптырмайтын құрал.


LearningApps құралдары:

LearningApps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа және т.б.


Ресурс педагогтерге әртүрлі пәндер бойынша дайындық үшін көптеген интерактивті жаттығулар мен тренажерлерді пайдалануға мүмкіндік береді!

Интернеттегі жаттығулар қарапайым, бірақ толық компьютерлік ойындар деп санауға болады, себебі педагог нақты сабақтың талаптарына сүйене отырып, қойған өту шарты, проблемаларды шешу жолдары болады. Әр ойынның шарты мен мазмұнын өзгертуге, толықтыруға болады. Сонымен қатар, бүкіл жер шары бойынша әріптестерідің дайын әзірлемелерді пайдалану мүмкіндігі бар.

Сандық білімді қолдану барысында әр жеке тұлғаның математика пәні бойынша білім-білік сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі. Мысалы: математика сабағында сандық білімді қолданудағы негізгі бағыттар: электрондық оқыту, тақырыпқа сай ақпарат іздеу, түрлі сайттар арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заманауи үлгіге сай тақырыпқа сай бейне, аудио жазбаларды қолдану студенттің дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, тарауларды қорытындылау кезінде студенттер қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

Осыған орай сабақтың кез келген бөлімінде «LearningApps» платформасын қолдандық. LearningApps - білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі студенттердің ынтасын арттыруға көмектесетін әмбебап оқу ресурсы!

Осы ресурстың көмегімен әр баланың мүмкіндіктерін ескере отырып, интерактивті немесе баспа жаттығуларын жасау арқылы оқуды саралау мен жекелендіруді ұйымдастыруға болады. 

Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Интерактивті жаттығулар Интернетке қол жетімді кез-келген құрылғыда ойнатылады: компьютерде, планшетте, телефонда немесе интерактивті тақтада. 

Оқытушы LearningApps.org платформасында жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп, аккаунт құрады.  Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады. Пайдаланушы оқу модульдерінің авторы ретінде жасаған контентті жасырын статистикада көре алады. Оқытушы «Барлық жаттығу», «Жаңа жаттығу», «Менің сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдаланады. «Жаңа жаттығу» қызметі: жұпты табу, классификация, хронологиялық кесте, мәтін енгізу, суреттерді іріктеу, викториналық сұрақтар, бос орындарды толықтыру, аудио/видео контент, кім миллионер болғысы келеді?, пазл, сөзжұмбақ т.б. модульдерді ұсынады. Модуль құрылымы: жаттығу атауы, жаттығу сипаттамасы, тапсырма түрі,  мәтін, сурет, аудио, видео, элемент қосу, кері байланыс, фон, көмектен тұрады.

Оқытушы модульдерге тапсырма енгізіп, сақтау арқылы «Менің жаттығуларым» базасын толықтырады.  Барлық жеке оқу модульдерінің шифрленген веб-сілтемелері болады. Студенттер іздеу жүйелері немесе LearningApps.org оқу модулінің авторы шифрланған веб-сілтемесі арқылы өтеді немесе бағдарламаны белгілі бір аудитория үшін қолжетімді ету үшін кірістіру кодын пайдалана алады. Оқу модулінің авторы тапсырмаларды сайтта жариялай алады.

Бұл өте ыңғайлы, өйткені ол оқытушының уақытын айтарлықтай үнемдейді.

LearningApps интерактивті тапсырма құру сервисін пайдалану сабақтың ұйымдастырушылық, қайталау, жаңа тақырыпты игеру, практикум, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда кеңінен студенттің қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға, объективті бағалауға, студенттің еркін сезінуге ақпараттық-коммуникациялық мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдай жасалып, келешекте өздігінен терең білім алуға көмегі зор.

Өз оқыту  тәжірибемізде осы платформаны пайдаланудың келесі артықшылықтарын атап өтсек:

1. Ойын түрінде ынталандырушы тапсырмаларды құру.

2. Студенттердің білімін үздіксіз бақылау үшін қарапайым және жылдам қолдану.

3. Барлық пәндер үшін қолайлы.

4. Интерфейс тілін өзгерту мүмкіндігі.

5. Үлгілерді жылдам өзгертуге және осылайша жаңа тапсырмалар жасауға болады.

6. Сіз басқа платформаларда кездеспейтін бірегей үлгілерді пайдалана аласыз.

7. Тапсырмаларды тексеру үшін оқытушыдан қосымша уақыт қажет емес, өйткені жүйе баллды автоматты түрде есептейді

LearningApps бағдарламасын пайдалану оңай және оған интерактивті тақта үшін де, жаттығулар үшін де оңтайлы компьютерлерде жеке жұмыс істеу үшін арнайы бағдарлама қажет емес.

LearningApps тіркелуі үшін ең алдымен https://learningapps.org сайтына өтесіз.

1-сурет LearningApps –терезесінің көрінісі



Шаблондар көмегімен жаттығулар құрастыру

Сервисте сабақтар шаблондар жүйесі арқылы жасалады.

Алдымен үлгіні таңдап, содан кейін мазмұнды енгізу керек. Бұл қарапайым және бірнеше минут ішінде толық интерактивті сабақ жасай аласыз дегенді білдіреді. LearningApps веб-сайтында ұсынылған шаблондар өте сапалы құрылымға ие және оқытушыға ойынның бұрыннан бар нұсқаларын қолдануға және нөлден бастап өз нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді.


2- сурет Шаблондардың түрлері көрсетілген

LearningApps интерактивті тапсырма құру сервисі құралдарын өз іс-тәжірибесде пайдаланғанымды таныстырып өтейін. Мысалы,

Ү й тапсырмасын сұрау кезінде «Оңды сұрақ» әдісі пайдаландым.

https://learningapps.org/display?v=psg6fkfzk24



Жұптық жұмыс «Сәйкестендір» кестесін оқулық мәтінін пайдалана отырып толтырады.

https://learningapps.org/display?v=pdzmgqq3k24


Жеке жұмыс «» әдісі арқылы тапсырманы орындайды.



Бекіту тапсырмасында LearningApps сервисінде

«Дұрысын тап» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылап, пысықтаймын. Соңында жинаған ұпайлары арқылы бағалаймын.

Әр тапсырманы орындап болған соң «Жарайсың, тапсырма дұрыс орындалды!», «Керемет, тапсырманы орындадың!» деген сияқты кері байланыс беріліп, бағаланылып отырады.




Қорытынды

 

Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – студенттердің білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны педагогтер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер студент мен оқытушы жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып студенттердің өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, студентердің өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір студенттің білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Оқытудың озық технологиясын меңгеру педагогтің кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір оқытушыны ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал студенттердің білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Білім берудегі жаңа технологиялар оқу құралы. Айтбаева А.Б. Алматы қаласы Қазақ Университеті, 2011жыл.

  2. Жиенбаева С.Н. Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруда құзыреттілік тұғырдың мәні // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4(6), 2011. -30-35 бб.

  3. Есекеева А.А. Оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың ерекшеліктері // ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы. №1 (61). 2012.

  4. https://learningapps.org/myapps.php

































































Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!