Материалдар / Математика ҚМЖ 1сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика ҚМЖ 1сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдасы мол.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
2716
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Шамалар. Уақытты бағдарлау

Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай;

тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолданады; олардың арасындағы өзара байланысты түсінеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

ламинатталған А4 қағаз парағы;

маркер.

Тірек сөздер

уақыт;

бұрынырақ;

кейінірек;

алдымен; содан кейін; таң; күн; кеш; түн.

Сабақтың мақсаты:

Оқиғалардың ұзақтығын негізге ала отырып, уақыт­ түсінігін жаңа өлшем ретінде енгізу. Түсінуге жағдай­ жасау және оқиғаларды ретімен орналастыра білуге­ жаттықтыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта оқушылар оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастырады: ұзақ уақыт аралығындағы оқиғалар­ (бұрын — кейінірек, алдымен — сосын, ертеде­ — жуырда), тәулік ішіндегі оқиғалар (таңертең,­ күндіз, кешке, түнде).

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ лармен уақыт туралы сөйлесіп, олардың уақыт туралы түсініктерін анықтау мақсатында әңгіме жүргізіңіз. Әңгімені балалардың білетін мәлімет­тері­нен­ бас­ таңыз. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың жауабын тыңдаңыз. Мына сұрақтарды қойыңыз:


Анаң “Енді кеш!” деді. Сендер “кеш” деген сөзді қалай түсінесіңдер?


Таңертең сендер нешеде тұрасыңдар? Мұны сендер қалай біле аласыңдар?


Сен неше жастасың?

Сендер қалай ойлайсыңдар, мына ағаш неше жаста? Қазір уақыт туралы сөйлесетініңізді айтыңыз. Қандай да бір оқиғаның ұзақ уақытқа созылатынын немесе тез арада өтетінін көрсетіңіз­. Біз уақыт шамасы туралы білетін боламыз­. Бір нәрсені істеу үшін уақыт кетеді. Мысалы, теледидарда бір мультфильм ұзақ болады, ал кейбірі қысқа уақытта аяқталады. Бұл жерде біз мультфильмді көруге кеткен уақыт туралы айтып отырмыз.

Сендер уақыттарыңның тағы да неге кететінін айта аласыңдар ма? (Мектепке барамыз, сабақ оқимыз, ойнаймыз, жүреміз, ұйықтаймыз…)

Сендер қалай ойлайсыңдар, уақытты өлшеуге бола ма? (Иә.)

Қалай ойлайсыңдар, анаң кешкі асты дайындап жатқан кезде не істеуге болады?

Сендер қалай ойлайсыңдар, қайсысына уақыт көп кетеді: көйлекті тігу үшін бе, әлде ағашты өсіру үшін бе?

Оқушыларға уақытты қалай өлшейтінін және салыстыратынын,­ ол үшін қандай құрал қолдана­тынын,­ сондай-ақ уақыттың өлшем бірліктерімен­ танысаты­ нын айтыңыз. Оқушылардың жаңа материалды толық түсініп, меңгеруі және сабақ үстінде тірек сөздерді дұрыс қолдануы үшін ойын ойнатыңыз. Рөлдер бөліп беріңіз. Оқушылар өздерін аспаз рөлінде елестетіп, түскі ас мәзірін құрастырады (бірінші, екінші, үшінші тағамдар). Содан соң олар өз жұмыстарын ретімен бөліп алып, алдымен ол не істейтінін, содан кейін нені дайындайтынын т.б. айтады. Мысалы, аспаз алдымен сорпаны, кейін бұқтырылған етті, артынан компотты дайындайды. Компот суығанша, салат әзірлейді. Ойынға керек заттардың суретін, ал уақыт болса, тағамдардың суретін салуға ұсыныс жасаңыз. Егер сізде оқушылардың өздері ойлап тапқан тағамдардың суреттері болмаса, олардың атауын жазып қоюды ұсыныңыз. Тапсырма кезінде ламинатталған қағаз парақтары мен маркерлерді қолданыңыз. Оқушылар­ топтағы рөлдерін өздері бөліп алады.

Тапсырманы­ орындағаннан кейін бар­ лық топ ас мәзірлерін таныстырсын. Сабақтағы тірек сөздерді қолдануға жағдай жасаңыз. Оқиғаларды өту кезеңі бойынша орналастыру деген ұғым түсінікті болу үшін алдымен (бұрын), содан кейін (артынан) не болатынын еске түсірсін және қорытынды жа­ сай отырып нәтижесін шығарыңыз. Оқушылардың назарын мынаған аударыңыз. Олар тапсырманы­ орындап жатқанда өзіңіздің қандай іс-әрекеттерді­ орындағаныңызды (бірнеше іс-әрекеттерді) атап беріңіз. Осы оқиғалардың барлығына­ уақыт кетті. Жаңа ұғымды оқулық пен жұмыс дәптеріндегі жат­ тығулармен бекітіңіз.


Алма қалай өседі? Тапсырманы жалпы сынып­ пен орындатыңыз. “Алғашында не? Содан кейін ше?” ойынын тапсырманы орындауға дайындық­ мақсатында жүргізіңіз. Заттардың суретін көрсе­тіңіз,­ ал оқушылар сол суреттер бойынша әңгіме құрастыруы тиіс.


— … алғашында жидектерді жинайды, сосын тосап қайнатады;

— … алғашында мәшинені оталдырады, сосын оны жүргізеді;

— … алғашында қоршауды тұрғызады, сосын оны сырлайды және т. с. с.

Оқушылардан оқулықтағы алмаағаштың қалай өсетіні және жеміс беретіні туралы суреттер бо­ йынша әңгіме құрауын сұраңыз. Оқушылар әңгіме­ айту барысында тірек сөздерді қолданады. Олардан­ алманы өсіру үшін қанша уақыт кететінін сұраңыз және олардың ойын, болжамын тыңдаңыз. Нақты қанша жыл кететінін білу шарт емес (шамамен айтса болады).

Күн тәртібі. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан­ суреттерді ретімен қоюды және ұл баланың­ тәуліктің әр мезгілінде не істегені туралы әңгімелеп­ айтып беруді өтініңіз. Оқушылармен сөй­ лесу барысында “таңертең”, “күндіз”, “кешке”, “түнде” сөздерін қолдана отырып әңгімелесіңіз. Бірақ “тәулік” сөзін қолданбаңыз.

Сөздерді ретімен қойып көр. Оқушылар жұппен талдау жасай отырып, адамдардың нәресте кезінен егде тартқанға дейінгі жасын көрсететін сөздерді ретімен орналастыру керек.

Жауабы:

нәресте, мектеп жасына дейінгі бала, оқушы, ересек адам, егде адам.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен орындатыңыз. Оқушылар әртүрлі жемсалғыштарды жасау іс-әрекетінің алгоритмін сипаттап бере алады (ағаштан, пластиктен, қатырма қағаздан және т.б. жасалған жемсалғыш). Олардың идеяларын­ қолпаштап, мадақтаңыз. Оқушыларға өз алгоритм­ дерін таныстырғанда сабақтағы тірек сөздерді қолданудың маңызды болып табылатынын ескерту керек.

Орындап көр. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз. Сыныпта оқушылар жауаптарын­ айтқаннан кейін олардың жасаған жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырыңыз. Бұл жұмыстарды артынан ата-аналар жиналысы кезінде көрсетуге болады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Бұл айдарда оқушылардың математикалық ұғымдарды сауатты қолдануын қалыптастыруға күш салу керек. Олардың өз іс-әрекеттерін түсіндіргенде тірек сөздерді­ орынды қолдануын қадағалаңыз.

Алдымен не болды? Содан кейін ше? Соңында не шықты? Бұл тапсырмада оқушылар суреттердегі оқиғаларды өту кезеңіне сәйкес нөмірлеп, ретімен жазып шығуы керек.

Жауабы:

І. 1) үйдің сызбасын сызу; 2) үйдің қабырғасын қалау; 3) дайын үй (1, 2, 3); ІІ. 1) қоспалар; 2) қамыр; 3) торт (1, 2, 3).

Оқиғалар реті. Берілген тапсырма тәулік бойындағы оқиғалардың бірінен кейін бірін ретімен жазуға арналған. Оқушылар әрбір суреттің астына оның реттік нөмірін қоюы керек.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өз-өзін бағалатыңыз.


Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

уақытты жаңа шама ретінде танып, ол туралы алғашқы түсінік қалыптастырады;

қандай да бір оқиғаның ұзақтығы туралы айту уақыт туралы сөз ету екенін түсінеді;

олар оқиғаларды өту кезеңіне қарай ретімен дұрыс қойып үйренеді.

Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру үшін мына сұрақтар бойынша қалыптастырушы­ бағалау жұмысын өткізіңіз:

сендер туғаннан бері қанша уақыт өтті? (Оқушылар өздерінің неше жаста екенін айтады.)

Біз “бір минут күте тұршы” деп айтамыз. Сендер осыны қалай түсінесіңдер? Қанша күту керек: көп пе, әлде аз ба?

Сендер қалай ойлайсыңдар, бір күнде 10 см-ге өсу мүмкін бе? Неге?

Оқиғаларды ретімен орналастыр: жұлдыз­ құрт, көбелек, қуыршақ.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Минут

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай туралы білімді меңгереді.

алған білімді өмірде қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

құмсағат;

электронды таймер;

қабырға сағат;

мысал жазылған парақшалар;

А3 пішінді қағаздар;

түрлі түсті маркерлер.

Тірек сөздер

Минут

Сабақтың мақсаты:

Тәжірибелік тапсырмаларды орындату арқылы бір минуттың ұзақтығы туралы түсіндіру. Уақыттың өлшем­ бірлігі “минут” ұғымы туралы түсінік қалыптастыру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Минут — уақыттың өлшем бірлігі. Минуттың аз уақыт екенін, бір минут ішінде тез орындалатын оңай жұмыстарды атқаруға болатынын түсіндіріңіз. Мысалы: қол шапалақтау, секіру, өз есімін қайталап жазу, моншақты жіпке тізу және т.б.

Кіріспе тапсырма. Сабақты оқушылармен бірге бір минутта қанша рет қол шапалақтай алатынын (қанша рет секіре алатынын, өз атын қанша рет қай­ талап жаза алатынын, қанша моншақты рет-ретімен жіпке тізіп шыға алатынын) және т.б. анықтаудан бастаңыз.

Ол үшін оқушыларды топқа бөліп немесе бәрінің бірге қол шапалақтауын сұраңыз. Егер тапсырманы топпен орындаса, онда әр топқа, мүмкін болса, құмсағат немесе қоңырау беріңіз, ал жалпы сыныпқа 1 минуттың басталғаны және аяқталғаны туралы белгі беріңіз. Оқушылардан өз зерттеулерінің нәтижесін айтуды сұраңыз. Оқушылардың­ 1 минут ішінде қанша рет қол шапалақтағанын,­ секіргенін немесе басқа да іс-әрекетті орындағанын сұраңыз. Оқушыларға­ минуттың азғана уақыт екенін, бұл уақыт ішінде оңай орындалатын­ жұмыстарды атқаруға болатынын мысалдар келтіре отырып түсіндіріңіз. Олардан 1 минутта не істеуге болатынын сұраңыз. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, оқушылардың өздері минуттың­ уақыт өлшем бірліктеріне жататынын­ тауып айтуына мүмкіндік жасаңыз.

Оқушылардың 1 минут ішінде тағы да не істей алатынын болжауды сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Содан соң тексерсін: ол үшін белгі беріп, уақыттың басталғанын білдіріңіз. Ал оқушылар болжаған іс-әрекетін көрсетуі тиіс. Бақылау жүргізе отырып, оқушылардың қайсысы дәл көрсеткенін айтыңыз. Зерттеу жүргізгеннен кейін 1 минутта орындалатын іс-әрекеттер саны осы іс-әрекеттер­ дің орындалу жылдамдығына байланысты екенін түсіндіріңіз. Мысалы, дәрігер үшін адамның өмірін құтқару, өрт сөндіруші үшін өртті тез арада сөндіру. Олар үшін әрбір минут қымбат.

Зерттеу жүргіз. Тапсырманы барлық оқушы бірге орындасын. Оқушылар 1 минут бойы өз аттарын жазады және неше рет жазғанын санайды. Осы жұмыста сіз оқушылардың жазу дағдыларын тексере аласыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар 1 минуттың қысқа мерзім болғанымен, осы уақыт ішінде бірнеше әрекет істеуге болатынын түсінеді. Тапсырма нәтижесін көрнекі етіп парақшаларға жазып көрсетуге болады. Үлгісі төмендегідей.

Мен 1 минутта орындай аламын.

Өз есімімді рет,,,, жаза аламын.

Қағазға рет,, нүкте сала аламын.

Жіпке ,,,,,моншақ тізе аламын.

Қолымды ,,,,,рет шапалақтай аламын.

Орнымда тұрып,,,,, рет секіре аламын.

Суретке қарап неше минут өткенін анықта.

Оқушылар оқулықтағы иллюстрацияға қарап электронды сағат бойынша (10:05-тен 10:15-ке дейін) неше минут өткенін анықтайды. Осы сабақта оқушылар уақытты өлшеу құралдарымен (механика­­ лық, электрондық және құмсағат) танысады­. Бақылау­ барысында олардың уақытты электронды сағатпен­ анықтай алу дағдыларының қалыптасқанын­ білуге болады.

Жауабы:

10 минут.

Шығарып көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындатыңыз. Осы тапсырма арқылы оқушыларда 1 минутпен, 5 минутпен есептеу дағдылары қалыптасады. Оқушылар циферблаттағы минуттық тілдің қозғалысы туралы білімдерін бекітеді.

Жауабы:

10 мин, 15 мин, 30 мин, 5 мин.

Сен білесің бе? Бұл ақпарат оқушыларға пайдалы болып табылады. Ересек адамның ағзасы қалыптасқан, сондықтан тұрақты көрсеткіштерді көрсетеді. Сол себепті медицинада ересек адамның тамыры ми­ нутына шамамен 60—65 рет соғады деп есептеледі.

Орындап көр. Тапсырма әр оқушының жеке орындауына арналған. Оқушыларға жүрек тамырының соғысын санауды ұсыныңыз. Әр оқушы 1 минуттағы тамыр соғысының санын санайды. Оқулықта берілген суретке сүйене отырып, білек тамыры арқылы тамыр соғысын қалай есептеуге болатынын көрсетіңіз. Оларға бірдей уақытта бастауға бұйрық беріңіз. Оқушылар жүрек соғысын санауы тиіс. Содан соң бірге аяқтау үшін бұйрық беріңіз. Санап болған соң оқушылардан нәтижесін сұраңыз. Олардың нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл бала ағзасының белсенді дамып жатқанын көрсетеді. Адамның тамыр соғысы медицинада ересектер мен балалар денсаулығын анықтайтын көрсеткіштің бірі екенін түсіндіріңіз.

Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабіле­ тін дамытуға бағытталғандықтан, әр баланың жеке орындауына ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы орындай­ отырып, әр баланың тоғызқұмалақты неше минут ойнағанын табуы тиіс. Сондай-ақ тапсырма­ барысында қазақ халқының тоғызқұма­лақ­ ойыны және оның ережесі туралы қысқаша түсіндіре кетіңіз.

Жауабы:

әр бала тоғызқұмалақты 20 минут ойнады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөздер арқылы оқушылардың матема­ тикалық тілді сауатты қолдануын тексеретін ойын ойнатыңыз. Ол үшін оқушыларды кілем үстіне­ айналдыра отырғызыңыз. Ойынға барлығы қаты­ сады. Оқушылар 1 минут ішінде түймелерді санап, оларды бір құмырадан екінші құмыраға салуы тиіс. Ойынды барлық оқушы бір уақытта бастайды. Сіз қоңырау соғып, уақыттың басталғанын айтыңыз. Ал әр оқушы 1 минуттың өткенін шамалап тапсырманы аяқтауы шарт. Оқушылар аяқтаған соң қолын жоғары көтереді, ал сіз әр оқушының уақытын жазып отырасыз. Осылайша барлығы орындап біткенше күтесіз. Содан соң оқушылардың қайсысының дұрыс орындағанын айтасыз. Осы жұмыстан соң тірек сөздер жазылған парақшаларды “Сөздер тақтасына” орналастырыңыз.

Өзіңді тексер. Оқушылар 1 минутта жұмыс дәптеріндегі­ гүлдер мен доптардың нешеуін бояп шығатынын­ анықтайды. Қыздар гүлдерді, ал ұлдар доптарды­ таңдап алуы мүмкін. Осы тапсырманы орын­ дай отырып, оқушылар минут — белгілі бір уақыт аралығы деген түсінікті бекіте алады, яғни минуттың ұзақтығын сезіне алады. Бұл тапсырма оқушыларды ұқыптылыққа және жылдам орындауға баулиды. Тапсырманы орындап болған соң нәтижесін­ білу үшін оқушыларға сұрақтар қойыңыз:


1 минутта неше гүлді (допты) бояй алдың?

Қалай ойлайсың, егер көлемі үлкен болса, сен гүлдер мен доптар­ды­ көбірек бояй аласың ба? Неге?

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

минут уақыт кесіндісі екенін;

бір минут ішінде қандай іс-әрекеттерді қанша рет орындауға болатынын;

минуттың уақыт өлшем бірлігі екенін түсінетін болады.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай бағалау парағын беруге болады. Бағалау парағында дұрыс және бұрыс пікірлер берілген. Оқушылар дұрыс жауапты “+” таңбасын қою арқылы белгілейді.

Пікірлер

иә

жоқ

білмеймін





Минут — уақыттың




өлшем бірлігі.








Минут — уақыттың




ең үлкен өлшем




бірлігі.








Минут сөзін




қысқартып жазуға




болмайды.




Бір минутта үлкен




кітапты оқуға




болады.












Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Сағат

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. циферблат бойынша уақытты анықтайды;

  2. уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады;


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

бор;

майшамдар;

таймер;

сағат;

әр оқушыға арналып тірек сөздер жазылған парақшалар.

Тірек сөздер

сағат

Сабақтың мақсаты:

Сағат — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінікті қалыптастыру: іс-әрекеттер арқылы сағаттың ұзақ­ тығын, яғни 1 сағат ішінде не орындауға болатынын түсінуге жағдай жасау.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Астананың 15 жылдығына орай Есіл өзенінің жағасындағы Жеңіс саябағына “Күн сағаты” орнатылды. Сағат стелла тәрізді. Сағат тілдері мен циферблаты қоладан жасалған. Стелланың биіктігі 10 метр. Нақты уақытты анықтау үшін стелладан циферблатқа түскен көлеңкеге назар аудару қажет. Циферблатта көлеңке түсетін 6, 9, 12, 15 және 18:00 сағаттары белгіленген. Жоба авторы — қазақстандық сәулетші Антон Максимов.

Кіріспе тапсырма. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқулықтағы “Ағаш көлеңкесі” деп аталатын тапсырманы орындатудан­ бастаңыз. Ол үшін оқушыларды күн ашықта аулаға алып шығыңыз. Алдын ала көлеңкесін бормен сызуға болатындай ағашты немесе басқа нысанды таңдап алыңыз. Көлеңкені сызбас бұрын оқушылар назарын Күнге және ағаш көлеңкесіне аударыңыз. Әр оқушының сызықтың ағаш көлеңкесімен дәл беттесетініне назарын аударғанына көзіңізді жеткізіңіз. Содан кейін оқушыларға 1 сағаттан кейін сыртқа шығып, көлеңкенің қалай өзгергенін бақылайтындарын айтыңыз. Содан соң сыныпқа қайта оралып, сабақты жалғастырыңыз. Оқушылар 1 сағат уақыт өткеннен кейін далаға шығып, осы іс-әрекетті қайта орындайды. Осылайша, олар көлеңкенің 1 сағат ішінде қалай өзгеретінін көреді. Оқушылардан осы уақытта қандай оқиға болғаны және өздерінің не істеп үлгергенін естеріне түсіруді сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және бақылаудың қорытындысын жасаңыз. 1 сағаттың 1 минуттан ұзақ уақыт мөлшері екенін айтыңыз. Осы уақыт аралығында көптеген әрекеттерді жасап үлгеруге болады. Тіпті осы уақыт ішінде Жердің Күнге қатысты орны да өзгереді. Егер ауа райының­ қолайсыздығына байланысты ағаш көлеңкесі туралы тапсырманы орындауға мүмкіндік болмаса, cыныпта мынадай тәжірибе жасауға болады: бірдей үш майшам мен екі таймер алыңыз. Содан соң екі майшамды бірдей уақытта жағыңыз, ал үшіншісін жаңа қалпында қалдырыңыз. 1 минут өткен соң майшамның біреуін өшіріңіз. Ал екінші майшам жанып тұра береді. Екінші майшамды 1 сағат өткен соң өшіріңіз. Содан соң барлық майшамды салыстырыңыз. 1 минутта қанша жанды? (Жаңа майшамнан айырмасы бар ма?) 1 сағатта ше? Осы тәжірибе­ арқылы 1 минут пен 1 сағаттың ұзақтығы туралы айтуға болады. Оқушыларды уақыттың ұзақ­тығы туралы ойға жетелеңіз. Уақытты арнайы құралдың­ көмегімен минутпен, сағатпен өлшеуге болатынын айтыңыз. Осы құралды (сағатты) көрсетіңіз.

Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр? Тап­ сырманы орындауға оқушылардың барлығы қаты­суы керек. Оқушылардан барлық сағаттағы тілдердің орналасуындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табуды сұраңыз. Барлық сағатта минуттық тілдер 12-ні көрсетіп тұр, ал сағаттық тілдер әртүрлі жағдайда орналасқан. Олай болса, сағаттағы уақыт 3-ті, 11-ді, 8-ді, 1-ді, 7-ні, 4-ті көрсетіп тұр деп қорытындылаңыз.

Орындап көр. Бұл айдардағы тапсырма оқу­ шылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған­. Сондықтан оны әр бала өз бетінше орындауы керек. Әр оқушы алдын ала дайындалған бөлшек­терден­ сағат моделін жасайды. Тапсырма­­ ны орындауға қажет қатырма қағаздан жасалған дөңгелек, сағаттың екі тілі, сым темір (сағатқа тілдерін бекіту үшін) және 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар алдын ала дайындалуы­ тиіс. Тапсырманы орындау­ қиындық тудырған жағдайда­ оқушылардан жұптар­ құрастырып, екі оқушыға бір сағаттың моделін­ жасауды ұсыныңыз. Сағат моделін жасап болған­ соң оның тілдерін қозғалта отырып таңертең оянатын­ уақытты, бірінші сабақ пен сүйікті телебағдарламасының уақытын көрсетуін сұраңыз. Оқушы­лармен­ сұхбаттасу барысында олардың қай­ сысы тақырыпты­ жақсы меңгергені немесе кімге көмек қажеттігі­ туралы қорытынды жасауға болады.

Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындаты­­ ңыз. Оқушылар жұптаса отырып, сағат модельдері бойынша әр қыздың үй тапсырмасын неше минутта орындағанын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар сағат пен минуттың өлшем бірліктері арасындағы қатынас туралы білімдерін қолдануы қажет. Тапсырманы орындап болған соң бірнеше оқушыдан жауабын қалай анықтағаны туралы түсіндіруін сұраңыз. Бұл олардың сабақ тақырыбын меңгеру деңгейі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Жауабы:

Маржан — 60 минут; Айжан — 50 минут.

Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Сондықтан әр баланың өздігінен орындауын талап етіңіз. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылар уақыттың өлшем бірліктері арасындағы арақатынасты біледі.

Жауабы:

сағаттың жартысы 30 минутқа тең.

Сен білесің бе? Бұл айдарда Астана қаласындағы “Күн сағаты” туралы айтып өтіңіз. Толық мәліметті сабаққа қатысты деректі материалдардан алуыңызға болады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Математикалық тілде сауатты сөйлеуі мен өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту үшін оқушыларға жауапты толық беруге, өз ойларын еркін айтуға көмектесіңіз.

Күн тәртібі.


Тапсырманы орындау барысында оқушылар кейбір іс-әрекеттерді күнделікті бір уақытта қайта­ лап істейтінін түсінеді. Сондықтан күн тәртібін кесте түрінде көрсетуге болады. Оқушыларға:­

олардың әрқайсысы қай уақытта оянатынын;

сабақ қай уақытта басталатынын;

сабақ қай уақытта аяқталатынын;

қай уақытта ойнауға баратынын;

қай уақытта олардың сүйікті бағдарламалары басталатынын;

қай уақытта олардың ұйқыға жататынын көрсету керек.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

минут, сағат туралы түсінік қалыптастырады;

сағатқа қарап уақытты анықтайды және минут пен сағат бірліктері арасындағы арақатынасты

меңгереді.

Оқушылардың жаңа сабақты меңгергенін тек­ серу үшін “Әткеншек” ойынын ойнатыңыз. Бұл ойын оқушыларды өз ойы мен көзқарасын айтуға­ дағды­ ландырады. Ойынға сыныптың барлық оқушы­лары­ қатысады. Ойын шарты: оқушылар бірінші, екінші деп санап екі топқа бөлінеді. Екі шеңбер құрып, бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады. Ішкі шеңбердегі оқушылар шеңбердің ортасына арқаларымен қарап тұруы шарт. Олардың бәріне ортақ бір сұрақ қойылады. Мысалы: бүгін сен немен таныстың? Ал қарама-қарсы қарап тұрған екі оқушы кезек-кезек бір-біріне осы сұраққа жауап береді. Содан соң сыртқы шеңбердегі оқушылар өздерінің орнында қалады, ал ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілімен жылжиды. Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойып, жауап ала аласыз. Балалардың жанына барып, олардың әрқайсысының жауабына көңіл бөліңіз.

Төмендегідей сұрақтарды қоюыңызға болады:

Бүгін сен немен таныстың?

Сағат дегеніміз не?

Сағат не үшін қажет?

Сағаттың қандай пайдасы бар?

1 сағатта не істеуге болады?

Сендер қалай ойлайсыңдар, 1 сағат ішінде не істеп үлгеруге болады?

1 сағатта неше минут бар?

1 сағаттың жартысы неше минутқа тең?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар;­

қатты қағаздан жасалған сағаттық және минуттық­ тілдер;

интерактивті тақта;әр оқушыға арнап жасалған қозғалып тұратын­ тілдері бар сағат моделі.

Тірек сөздер

Уақытты анықтау

Сабақтың мақсаты:

Сағат циферблатында уақытты анықтау дағдысын қалыптастыру және сағаттың көмегі арқылы іс- әре­ кеттің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт ара­ лығын өлшеуді (минутпен немесе сағатпен) үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Уақыт” ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың­ ауысып отыратынын білдіреді. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ол еш нәрсеге қарамастан алға жылжи береді. Аспандағы Күн мен Айдың тұрған орнына қарап, Жердегі уақытты анықтаймыз. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөледі.

Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыптарды еске түсіруден бастаңыз. Ол үшін алдын ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды дайындап қойыңыз. Ортаға он екі оқушыны шақырыңыз. Оларға 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратып беріңіз де, шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Содан соң ортаға тағы бір оқушыны шақырыңыз. Оны шеңбердің ортасына тұрғызыңыз. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілдерін беріңіз. Сағат тілдерін де алдын ала дайындаңыз. Басқа оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті болсын. Орындарында отырған оқушылардан кез келген уақытты айтуын сұраңыз. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын орындатып, олардың білімін­ толықтыра түсуге жағдай жасаңыз. Кино. Тапсырманы топта орындатуыңызға бола­ ды. Осындай жұмыс түрін жасау арқылы оқушылар­ өздерінің пікірлерін айтуға, тыңдауға және достары­­ ның пікірлерімен санасып, бірге шешім қабылдауға үйренеді.

Ойын қашан басталды? Оқушыларды топтас­ тырыңыз. Тапсырма оқушыларды сағаттағы уақытты дұрыс анықтауға жаттықтыра түседі. Тапсырманы орындау­ барысында минуттық тілдің ұзын болаты­­-нын, оның минутты көрсететінін, ал сағаттық тілдің қысқа болатынын, оның сағатты көрсететінін ес­ терінде сақтап қалады.

Мектептегі сабақтар. Тапсырма ойлау және санау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жұп­ пен жасалатын жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушы­ лардың есепті оқуы, талдауы және шешуі тиіс. Өткен сабақта дайындаған сағаттың моделін пайдалану­ына­ болады. Есептің шарты бойынша іс-әрекеттің басталу және аяқталу уақыты белгілі. Оқушылар сағат моделі бойынша тілді жылжыта отырып, әрекеттің қанша уақытқа созылғанын біле алады.

Жауабы:4 сағат.

Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасып, шешу жолын талқылайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға уақыттың өлшем бірліктері — минут пен сағаттың арақатынасы туралы білімдерін қолдану­ қажет болады. Оқушыларға 2 сағат пен 60 минутты салыстыру керек. Олар 2 сағаттың 60 минуттан артық екенін біледі, бірақ тапсырманы орындау барысында олар бір тұжырымға келуі тиіс. Белгіленген жерге көп уақыт кететін көлік түрімен емес, керісінше аз уақыт кететін көлік түрімен жету керектігін ұғынуы қажет. Шешімін тапқан соң олар басқа оқушыларға түсіндіріп беруі қажет.

Жауабы:

жеңіл мәшине.

Орындап көр. Тапсырманы оқушыларға жұпта орындатыңыз. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар циферблат шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет.

Жауабы:

6:00.

Үй тапсырмасы. Тапсырма ойлау және ауызша есептеу дағдыларын дамытады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты есептеу жолдарын атаулы сандарды қосу арқылы дамытады. Бұл сандар іс-әрекеттің басталу уақыты мен оның өту уақытының ұзақтығын көрсетеді. “Атаулы сандар”деген термин қолданылмайды.


Жауабы:


сағат 4-те.


Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оны орындау тиянақтылықты қажет етеді. Оқушылар суреттерді тігінен және көлденеңінен сәйкестендіре отырып, сұрақ белгісінің­ орнына қандай сурет тұратынын табуы тиіс.


Жауабы:


11:00-ді көрсетіп тұрған сағат бейнеленуі тиіс


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Өткен сабақтағы тірек сөздерді қайта­латыңыз­. Жаттығуға қабырға сағатын қолданыңыз. Содан­ соң оқушыларды екі топқа бөліңіз. Топқа бөлу үшін өтілген уақыт өлшем бірліктерінен “минут” және “сағатты” қолданыңыз. Ол үшін оқушыларды­ ортаға шақырып, сапқа тұрғызыңыз. Содан соң кезек-кезек “минут”, “сағат” деп айтып шығуы қажеттігін ескертіңіз. “Минут” деп айтқан оқушылар бірінші топ, “сағат” деп айтқан оқушылар­ екінші топ болатынын айтып түсіндіріңіз. Оларға тапсырманың шартын түсіндіріңіз. Өзіңіз уақытты айтып бастаңыз (содан соң оқушылардың бірі жалғастырады). Екі топтың оқушылары кезекпен шығып, сағаттағы тілдерді (минуттық немесе сағаттық) айтылған уақыт бойынша дұрыс қалыпқа қойып көрсетуі тиіс.

Сағат тілдерін сал. Тапсырма мәтінінде сағаттық және минуттық тілдердің орналасуы туралы­ айтылған. Оқушылар уақытты сағат моделінсіз (не­месе­ суретсіз) тілдердің орналасуы бойынша анықтауы­ тиіс. Оқушылар бос орынға сандарды тауып қоюы қажет. Тапсырма оқушылардың уақытты сағаттың­ көмегін­сіз­ анықтау дағдысын дамытады Сағат тілдерінің орналасуына қарай уақытты анықта. Жауабын жаз. Оқушылар уақытты сағаттілдерінің орналасу сипатына қарап жазуы тиіс.

Жауабы:

сағат 4;

сағат 8;

сағат 9;

сағат 12;

сағат 1;

сағат 7;

сағат 3;

сағат 11;

сағат 6.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:сағатқа қарап уақытты анықтауды және оны сағат тілдерімен көрсетуді үйренеді;

іс-әрекеттің минут немесе сағат жағынан ұзақ­ тығын анықтауды үйренеді;

сағат пен минут арасындағы қатынасты біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру­ дәреже­ сін тексеру мақсатында төмендегідей­ сұрақтарды қоюыңызға болады:

уақытты не үшін өлшейміз?

Уақытты қандай құралдардың көмегімен өлшеуге болады? Олар неден тұрады?

Сендер қалай ойлайсыңдар, сағатсыз уақытты анықтауға бола ма? Қалай?

Кейде анаң: “Бір минут күте тұр”, — деп айтады. Қалай ойлайсыңдар, анаң нені айтпақшы болды?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Апта күндері Ай

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; уақыттың өлшем бірліктерін­ (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

апта күндерінің атаулары жазылған парақша-лар — 4 жинақ;

тірек сөздер жазылған парақшалар;

бір аптаға арналған сабақ кестесі;

бір аптаға арналған үйірме кестесі;

апта күндерінің атаулары жазылған қабырға күнтіз­ бесі;

Тірек сөздер

апта;

дүйсенбі;

сейсенбі;

сәрсенбі;

бейсенбі;

жұма;

сенбі;

жексенбі.

Сабақтың мақсаты:

Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегі­ мен аптаның ұзақтығын түсіндіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы­ тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды­. Оны күнделікті өмірде қолданады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың бас кезінде оқушылардың тақырып туралы қандай білімдері бар екенін анықтап алу қажет. Бұл тақырыпты әрі қарай дамыту үшін керек. Әңгімелесу барысында оқушылардың апта күндерінің атауы мен ретін білетінін анықтап алыңыз. Содан соң апта күндерінің ретін (егер оқушылар білмесе) айтыңыз немесе (егер оқушылар білсе) қайталатыңыз. Ол үшін мынадай ойын өткізіңіз. Оқушыларды ортаға шығарып, үлкен бір шеңберге тұрғызыңыз. Оқушыларға апта күндерінің атаулары жазылған парақшаларды таратып шығыңыз. Содан соң оқушылардан жеті-жетіден топқа (сөздер қайталанбайтындай етіп) бөлінуін сұраңыз. Осы жеті күнді бір сөзбен апта деп атайтынын айтыңыз. Әр күннің өз атауы бар. Өз топтарында оқушылардың ретімен тұруын сұраңыз: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Апта күндерінің атауын ретімен бірнеше рет қайталап, әр айтқан сайын алдыңғысынан тезірек айтуын сұраңыз. Апта


күндерінің атауын және ретін есте сақтағаннан кейін бір апта келесі аптаны ауыстыратындай етіп, бір шеңберге тұруын сұраңыз. Апта күндерінің атауы бойынша жеті оқушыны­ тұрғызғаннан кейін сұрақ қойыңыз: “Жексен­біден­ кейін қай күн келеді?” . Содан кейін келесі аптаны тұрғызыңыз. Осылайша, барлық топпен жұмыс жасаңыз. Шын өмірде уақыт­ тың бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста бола­ тынын, тәуліктен кейін тәулік келетінін, олардың апта құрайтынын, аптадан кейін апта келетінін түсіндіріңіз. Егер сыныптағы оқушылардың саны жетіге жетпесе, онда басқа топтың оқушыларымен ауыстырып,­ оларға апта күндерінің атауы жазылған парақшаларды­ үлестіріп беруге болады. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалармен бекітіңіз.

Бәйге. Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сабақтың басында жалпы­­ лама түрде немесе сабақтың соңында оқушыларды жұптастырып орындатуыңызға болады.

Жауабы:

7 күн.

Сабақ кестесіне байланысты.

Бейсенбі.

Жеті күн, яғни 1 апта.

Үш күн өткен соң.

Шығарып көр. Тапсырманы жұппен­ оқи отырып, апта күндерінің ретін еске түсіреді. Күндерді қоса отырып, өзіне қажетті апта күнін тауып үйре­ неді. Әркімнің сабақтан тыс қандай үйірмелерге қатысатыны туралы сұраңыз.

Жауабы:

домбыра үйірмесі бейсенбі күні болады.

Отбасылық демалыс. Бұл тапсырманы жұппен орындауды­ ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы талдау және орындау барысында 1 аптада 7 күн бар деген қорытынды жасайды.


Жауабы:

14 күн.


Орындап көр. Тапсырмада оқушылар дүкен­ ге бару кестесін құрады. Шарты: дүкенге күнара бару керек. Жұмысты 4 оқушыдан тұратын топпен ұйымдастырыңыз. Оқушылар еш қиындық­сыз­ кесте құра алады. Бірақ тапсырманы орындау барысында­ апта күндерінің саны тақ екенін түсінуі, сондықтан бір аптаның кестесі келесі аптаға сәйкес келмейді деген тұжырымға келуі тиіс. Егер сынып дайын болса, онда оларға 3-4 аптаға дейін жалғастыруды ұсыныңыз. Осылайша оқушылардың дүкенге бару кестесі бір аптадан кейін қайталанады деген тұжырымға келу мүмкіндігі пайда болады, яғни бірінші аптаның кестесі үшінші, бесінші және т. б. аптаға сәйкес келеді. Екінші аптаның кестесі төртінші, алтыншы және т.б. аптаға сәйкес келеді. Неге бұлай болып жатқанын түсіндіріп беруді сұраңыз. Оқушылар екі аптада 14 күн барын ойлап табуы мүмкін, ал бұл — жұп сан.


Ертегілер оқу. Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыныңыз. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.


Ойлан. Бұл тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындатуыңызға болады. Бұл апта күндерінің ретін, атауын еске сақтауға және 1 апта ішіндегі уақытты тәулікпен санау дағдысын бекітеді.

Жауабы:

жексенбі.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Апта күндерінің атауын есте сақтап қалуы үшін оқушылармен “Үндемес” ойынын жүргізіңіз. Алдымен­ оқушыларға ойынның шартын түсін­ діріңіз. Ойынды бастамас бұрын 1-ден 7-ге дейінгі­ аралықтағы сандар жазылған парақшаларды тақтаға­ іліп қойыңыз немесе интерактивті тақтада көр­ сетіңіз. Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айтыңыз. Мысалы: 1 — аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбі. 2 — аптаның екінші күні, яғни сейсенбі. 3 — аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбі. 4 — аптаның төртінші күні, яғни бейсенбі. 5 — аптаның бесінші күні, яғни жұма. 6 — аптаның алтыншы күні, яғни сенбі. 7 — аптаның жетінші күні, яғни жексенбі. Кез келген 1-ден 7-ге дейінгі санның біреуін көрсетесіз. Олар сол санға сәйкес келетін күн атауын атайды.

Мозаика құрастыр. Бұл тапсырма қалыптас­­ тырушы­ бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңге­ру­ деңгейін анықтауға арналған. Оқушылар пазлдарда апта күндерінің атауын жазып, күндердің ретін жалғастыру керек: жексенбіден кейін — бір бағытта; дүйсенбіге дейін — басқа бағытта.

Сен қай күні қандай үйірмеге қатысасың?


Оқушылар кестеге өздері апта ішінде қатысатын үйірме­ аттарын жазып толтырады. Берілген тап­ сырманы саралау бағытында дамыту үшін тек қана үйірме аттарын жазып қоймай, басталатын уақытын да жазуды сұраңыз. Толтырылған үйірме кестесін жұмыс дәптерінен кесіп алып, өз бөлмесіне іліп қоюына болады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді;апта күндерінің ретін біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру­ деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоюыңызға болады:

бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келе­сің­ дер?

Сейсенбі аптаның нешінші күні?

Дүйсенбіден кейін қай күн келеді?

Жексенбінің алдында қай күн?

Арғы күн қай күн болады?

Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекет­­ тердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге­ болады? Неге?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Ұзындық. Масса. Көлем

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық) уақыт шамаларын ажыратып үйренеді;


оларды өлшеудiң жолы мен құралдарын таңдай алады, өлшеуді үйренеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

үлгі жасауға арналған қатты қағаз;

қайшы;

“Сөздер тақтасындағы” тірек сөздер жазылған парақшалар.

Тірек сөздер

ұзындық;

масса;

көлем

Сабақтың мақсаты:

Заттың ұзындығы, массасы мен көлемін олардың жартылай­ белгілі мәні бойынша есептеп шығару дағды­сының дамуына, осы шамаларды өлшеуге арналған құралдарды таңдау дағдысын бекітуге, шамаларды өлшеу бірлігіне сәйкес білімді қолдану дағдысының дамуына жағдай жасау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Берілген сабақ бірінші жартыжылдықта өткен материалды­ қайталауға арналған. Оқушылар ұзын­ дық, масса, көлем жөніндегі білетін түсініктерін бекітуге арналған тапсырмалармен қатар осы түсі­ ніктерді кеңейтетін тапсырмаларды да орындайды­. Бұл сабақта шамалардың мәнін есептеу мен олардың айырмаларын салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Кіріспе тапсырма. Оқушылар білімін жаңғырту үшін сабақ тақырыбы бойынша әңгіме жүргізіңіз, соңында төмендегі ұғымдарды еске түсіріңіз:

ұзындық, масса, көлем — шамалар;

сантиметр мен метр — ұзындықтың өлшем бірлігі;

10 см = 1 дм;

килограмм — массаның өлшем бірлігі;

литр — көлемнің өлшем бірлігі.

Заттардың ұзындықтары қандай? Берілген тапсырманы жалпы сыныппен орындаудан бастаңыз. Оқушылардан суретке анықтап қарап, өшіргіштің, қайшының және сызғыштың ұзындығын анықтауды өтініңіз. Оқушылар бұрын да сызғыштың ұзындығын анықтаған болатын. Алайда осы сабақтағы тапсы маның ерекше сипаты мынадай: ұзындықты өлшеу сызғыштағы 0 санынан басталмайды. Сөйтіп, оқушы­ ларға қадамдарды сандық сәуле бойынша (сызғыш бойынша) басындағы сан мен соңындағы санның арасындағы айырманы есептеп шығаруға тура келеді. Әр заттың ұзындығын анықтаған соң оқулықтағы сұрақтар бойынша әңгіме жүргізіңіз. Содан соң жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар­дан­ сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, оның жауабын дайындауды сұраңыз.

Қай зат сызғыштан ұзын? Қанша сантиметр­ ұзын?

Қайшы қарындаштан қанша сантиметр қысқа?

Қарындаш өшіргіштен қанша сантиметр ұзын?

Өшіргіш пен сызғышты бір-біріне тіркестіріп көр. Екеуінің жалпы ұзындығы қарындаштан ұзын бола ма? Неге? Оны қалай білдің?

Жауабы:

өшіргіш — 5 см; қайшы — 11 см; қарындаш — 14 см.

Шығарып көр. Тапсырманы орындау үшін оқу­ шыларды жұптарға біріктіріңіз. Олардан суретке­ мұқият қарап шығып, қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсырыңыз. Талқы­лау­ барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4 кг) массасын білуге болатынын айтады. Бір қап картоптың массасын анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі сұрақтардың көмегіне сүйеніңіз:

Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Тепе-теңдік күйде.)

Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың массасы.)

Азық-түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан.)

Олардың массасы қандай? (6 кг.)

Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай. (6 кг.)

Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша?

Жауабы:

қарбыз — 4 кг, 1 қап картоп — 5 кг.

Ойлан. Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмысты жалғастырыңыз. Шелектің сыйымдылығын анықтауды тапсырыңыз. Тапсырманы орындауды үш кезеңге бөлуге болады:

Құмыраның көлемін табу. (1 л.)

Қазанның көлемін табу. (2 л.)

Шелектің көлемін табу.

(2 л + 2 л + 1 л + 1 л + 1 л = 7 л.)

Жауабы:


7 л.


Орындап көр. Берілген тапсырманы топтық жұмыстың барысында орындаған жөн. Жұмыс басын­ да оқушылар әрекетінің ретін түсіндіріп,­ артынша өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік­ беріңіз. Оқушылар аквариум, шыны құмыра мен тостағанның үлгілерін дайындауы тиіс. Бұл суреттер­ немесе геометриялық фигуралар болуы мүмкін. Үлгілердің­ сыртына олардың көлемін жазуды тапсырыңыз.


Жауабы:

нұсқалары:

бір рет 3 л және он жеті рет 1 л;

екі рет 3 л және он төрт рет 1л;

үш рет 3 л және он бір рет 1 л;

төрт рет 3 л және сегіз рет 1 л;

бес рет 3 л, бес рет 1 л;

алты рет 3 л, екі рет 1 л;

жиырма рет 1 л.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға “Неге?”, “Оны қалай білдің?”, “Нелік­ тен?”, “Сен қалай ойлайсың?” деген сұрақтарды қойыңыз. Осындай және осы тәріздес сұрақтар оқушыларды ойлануға, өз әрекетін бағамдауға, қолданған тәсілді түсіндіруге ынталандырады, яғни оқушылардың математикалық тілін дамытады.

Заттардың ұзындығын анықта. Өлшеу жұмыс­ тары оқушыларға заттың ұзындығын сызғыштың көмегімен өздігінен анықтауға мүмкіндік­ береді.

Жауабы:

қаламсауыт — 14 см; кілт — 6 см; қалам — 12 см.

Заттардың массасын анықта. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау кезінде жұптық жұмыс нәтиже­­ сінде қалыптасқан дағдыларын­ қолданатын­ болады. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөліп орындау керек.

Жауабы:

кітап — 1 кг; сыйлық — 2 кг; қарбыз — 4 кг.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:шамалар — ұзындық, масса, көлем жөніндегі білімін бекітеді; антиметр мен дециметр — ұзындықтың өлшем­ бірлігі, килограмм — массаның өлшем бірлігі, литр — көлемнің өлшем бірлігі екенін түсінеді;

ұзындықты сызғышпен, салмақты таразымен, кө­ лемді өлшеуіш ыдыспен өлшейтінін түсінеді;

ұзындық, масса, көлемнің мәнін кейбір мәлімет­тер­ бойынша анықтауды меңгереді.

Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең­ гейін анықтау үшін сабақтың барысында байқау жүргізіңіз. Жұптық, топтық талқылауға назар ауда­ рыңыз­. Талқылауға әр оқушының қатысуы керек. Олардың жауаптарын тыңдағанда нені түсінбе­йті­­ нін анықтаңыз. Қалыптастырушы бағалаудың­ қоры­ тындысы бойынша­ оқушыларға қандай көмек көрсету қажеттігін анықтайсыз.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өзін-өзі бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Теңдік және теңсіздік

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

теңдік пен теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі;

+”, “-”, “=”, “≠”, “>” , “<” таңбаларын, белгісіз сан таңбасын (□) қолдана біледі.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

әр топқа арналған табақшалы таразы;

массасы бірдей түйме жиынтығы, жетондар немесе монеталар;

массасы бірдей көгөніс муляждары;

А4 пiшiндегi қағаз парақтары;

әрбір оқушыға арналған маркерлер.

Тірек сөздер

теңдік;

теңсіздік.

Сабақтың мақсаты:

Теңдік” және “теңсіздік” ұғымдары туралы білімдерін­ толықтыру, теңдік пен теңсіздікті ажы­ рату, теңдіктерді “=” таңбасын, ал теңсіздіктерді “≠” таңбасын пайдаланып­ жазу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар

Математикада “=” таңбасы мәні бірдей өрнек­ тердің немесе сандардың арасында қойылады. “≠” таңбасы, яғни теңсіздік белгісі мәні тең емес теңдіктерді белгілеуде қолданылады.

Оны қалай жазуға болады?

Тепе-теңдік математикада “теңдік” деп атала­ тынын айтыңыз. Теңдікті жазу үшін “ = ” (тең) математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі 3 = 3 түрінде жазылады да, оқуда “үш тең үш” деп оқылады. Көрсетілімді жалғастырыңыз. Енді таразының бір табақшасына үш монета салыңыз. Оқушылардың біреуіне қапшықтан бір уыс монета алып, таразының екінші табақшасына салуын сұраңыз­. Содан кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Сендер не байқадыңдар?

Таразы басы тең бе?

Таразының бір табақшасы екіншісінен неге тө­ мен түсті?

Қалай ойлайсыңдар? Осы көріністі қалай жа­ зып көрсетуге болады?

Оқушылардың жауабын тыңдап, теңдік болмайтын­ жағдайды математикада “теңсіздік” деп атайтынын­ хабарлаңыз. Теңсіздікті жазу үшін “≠” (тең емес) белгісі пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады: 3 ≠ 5 және “3 тең емес 5-ке” деп оқылады.

Қораптағы кәмпит санын салыстыр. Оқу­ шыларға суреттің әр қорабындағы кәмпит санын салыстыруды ұсыныңыз. Ол үшін бірге бір сәйкес­ тендіру әдісін пайдаланыңыз. Оқушылардан екі қораптағы кәмпиттер санының тең әлде тең емес екенін анықтауға­ ұсыныс жасаңыз. Оқушылардан­ неге олай ойлайтынын сұраңыз­. Оларға теңсіздіктерді ламинат­талған­ парақтарға­ жазып, жұмыс нәтижесін сыныпқа көрсетуді­ ұсыныңыз.

Жауабы:

5 ≠ 7.

Теңдік пе, әлде теңсіздік пе? Жұптық жұмыс. Оқушылардан ауызша жауабын ламинатталған қа­ ғазға­ жазып көрсетуді сұраңыз. Олар жазған жауа­ бын жоғары көтеріп, мұғалімге көрсетеді. Мұғалім­ осылайша кімге көмек қажет екенін анықтай алады.

Кіріспе тапсырма. Топтағы зерттеу жұмысы. Әр топта табақшалы таразы және құны және массасы бірдей тиындар болуы шарт. Егер әр топты таразымен қамтамасыз ету мүмкін болмаса, көрсетіліммен шектеліңіз.

Таразының әр табақшасына үш монетадан салы­ ңыз. Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

Таразы қандай жағдайда тұр? Жауабы:

а) 5 = 5; ә) 6 ≠ 9.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен­ орындатып, 12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен­ тең бөліп салуға болатынын талқылауды ұсыныңыз­. Бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастыруды сұраңыз. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады. Бірінші баған “теңдіктер”, екінші баған “теңсіздіктер” болады. Талдау барысында қай оқушының теңсіздік пен теңдік түрін көп жазғанын салыстыруға мүмкіндік туады.


Жауабы:

теңсіздіктер теңдіктер

1 ≠ 11; 6 = 6.

2 ≠ 10;

3 ≠ 9;

4 ≠ 8;

5 ≠ 7.


Орындап көр. Оқушыларға таразы табағының тең емес жағдайын бағалауды ұсыныңыз. Оларға таразы басын теңестіру үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болатынын ойланып көруді ұсыныңыз. Оқушылар өз тобында талқылайды. Топпен бірлесіп талдағаннан кейін теориялық ұсыныстарды тәжірибеде сынап көруді ескертіңіз. Ол үшін таразы табақтарының көмегімен массасы тең көгөніс муляж­ дарын пайдаланыңыз.


Жауабы:


а) 1 алманы алып немесе 1 алманы қосу; ә) 1 алманы сол жақтағы табақтан оң жақтағы табақ­


қа ауыстырып салу немесе оң жаққа 2 алма қосу (немесе сол жақтан 2 алманы алып тастау).




Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларды тірек сөздерді есте сақтауға жаттықтыру үшін ойын ұйымдастырыңыз. Сынып оқушыларын төрт не алты адамнан тұратын топқа бөліңіз. Жүргізушінің “Теңдіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар бірдей топтарға бөлінуі керек. Мысалы, сыныптағы оқушылардың санына байланысты 2 және 2 немесе 3 және 3 деп бөлініп тұруын ұсыныңыз. Жүргізушінің “Теңсіздіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар саны әртүрлі топтарға бөлінуі керек. Мысалы, егер топта 4 адам­ нан болса, оқушылар 1 және 3 адамнан бөлінеді­. Егер топта 6 адамнан болса, онда 2 және 4, 1 және 5 адамнан бөлінеді.

Cуреттен теңдіктерді тап. Оқушылар тең­ сіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түспен бояйды. Теңдік болатын суреттің жанына тиісті теңдіктерді жазу керек.


Жауабы:


а) теңдік 2 = 2; ә) теңсіздік 3 ≠ 4; б) теңдік 4 = 4.


Белгілерді қой. Тапсыр­маның­ мақсаты — а) және ә) көлемді фигуралар тобының жұптарын салыстыру. Олардың­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою. Суреттің астына тиісті өрнекті жазады­.


б) және в) тапсырмасының екінші бөлігі деңгейлік­ тапсырмаға жатады. Білім деңгейі жоғары оқушылар теңдік пен теңсіздікті кеңестік фигуралардың­ көмегі­­ мен өз бетінше құрастыру керек. Фигуралар тобының­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілері­нің­ тиістісін қойып жазу көзделеді.


Жауабы:


а) 8 = 8; ә) 5 ≠ 6.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында теңдік пен теңсіздікті ажыратып үйренеді.

Оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімінің деңгейін анықтау мақсатында оларға төмен­ дегі сұрақтарды қойыңыз:

теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“=”)

Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?­ (“≠”)

Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз. (Теңсіздік: 3≠4.)

Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.

Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (Теңдік: 5 = 5.)

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Тура және тура емес теңдіктер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады;

=”, “≠”, “>”, “<”, “+”, “-” таңбаларын қолдана алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

салыстыруға арналған әртүрлі санды өрнек жазыл­ ған парақшалар;

салыстыру белгілері жазылған парақшалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер;

нұсқар тілі бар зырылдауық.

Тірек сөздер

Тура және тура емес теңдіктер

Сабақтың мақсаты:

Қосу және азайту амалдарымен берілген санды өрнектерді салыстыру; сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту. Салыстыру нәтижесін арнайы белгілер арқылы белгілеуді үйрену, есептеу дағдысын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ортасында қандай белгі тұрғанына байланысты­ санды теңсіздіктердің мәнін екі түрде көрсетуге болады. Егер екі санды өрнектің бірінің мәні екін­ шісінен артық немесе кем болса, берілген өрнек теңсіздік болады да, олардың арасына “>” немесе “<” таңбасы қойылады. Егер екі өрнектің мәндері бірдей болса, онда олар теңдік деп аталып, өрнектердің ара­ сына “=” таңбасы қойылады. “≠” таңбасын теңсіздіктің екі бөлігін салыстыруға пайдалануға­ болады, бірақ біз нақтырақ нәтиже алу үшін “>” немесе “<” таңбалары арқылы салыстырып түрлендіреміз.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топқа бөліңіз. Оларға мынадай ойын ұсыныңыз. Санды өрнектер және салыстыру белгілері бар парақшаларды дайын­ дап қойыңыз. Санды өрнектер жазылған парақша­­ ларды шеңбер бойымен орналастырыңыз. Шең­бердің­ ортасына нұсқар тілді орнатыңыз. Оқушылар нұсқар­ тілді 2 рет айналдырып, қандай санды өрнек­терді салыстыратынын анықтап алады. Олар осы мақсат­та­ салыстыру белгілері бар парақшаларды пайдаланады Мысалы, егер оқушыларға 17 + 2; 18 – 4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4.

Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2.

Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұп­ тарын алып, салыстырған соң бір-бірінің жұмыстарын­ тексереді.

Құрастырған өрнектердің қалай аталатынын сұра­ ңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Өрнектерді­ салыстыру нәтижесін теңдік немесе теңсіздік түрінде жазуға болады.

Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраңыз.

Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойын­ ша велосипедтегі және шанадағы­ балалардың санын анықтап салыстыруды тапсырыңыз­. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып­ қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы,­ үш бала болды, тағы төрт бала келді неме­се жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға­ сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды­ тапсырыңыз. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыраттырыңыз.

Жауабы:

а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік; ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік; б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік.

Шығарып көр. Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұраңыз.


Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындай­тынын­ айтуға мүмкіндік беріңіз. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы­ жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беріңіз.


Жауабы:

үш қате:

20 + 40 = 70 – 30;

15 – 3 ≠ 16 – 4;

11 + 0 = 14 – 0.


Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қан­ дай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсырыңыз.


Жауабы:

20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм+ + 30 дм; 80 дм < 90 дм.

Ойлан. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Бірнеше амалдармен берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табуды ұсыныңыз. Оқушылардың топта ақылдасуына мүмкіндік беріңіз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз.


Екі амалмен берілген санды өрнектердің мәнін есептеу міндетті емес. Салыстыратын өрнектердің құрамындағы бірдей сандарды сызып тастап, қалған сандарды салыстыруға болады. Мысалы,


1 + 2 + 3 * 1 + 2 + 4; 3 < 4, яғни 1 + 2 + 3 < 1 + 2 + 4.

Жауабы:

10 + 20 + 40 * 10 + 20 + 50, 40 < 50, яғни 10 + 20 + 40 < 10 + 20 + 50.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Теңдік және теңсіздік” тірек сөздерін қайтала­­ тып, ойын ұйымдастырыңыз. Санды өрнектер­ және салыстыру белгілері жазылған парақшаларды пай­ даланыңыз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Оларға­ жұптаса отырып санды теңсіздіктерді салыстырып,­ тиісті салыстыру белгілерін қойып шығуды тап­сы­ рыңыз­. Тапсырманы орындап болған соң шыққан өрнекке­ байланысты “теңдік” немесе “теңсіздік” сөздерінің тиістісін айтқызыңыз.

Шытырманнан жүріп өт. Оқушылар санды өрнектерді­ салыстырып, тиісті белгіні қояды. Барлық өрнек­тердің ішінен санды теңдіктерді тауып, қор­шап сызады.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында: сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты (=, >, <) анықтауды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында мынадай сұрақ­тарды қойыңыз:

өрнектерді салыстыру нәтижесін қалай жазуға болады? (Теңдік немесе теңсіздік түрінде.)

Санды өрнектердің мәнін салыстыр және оның түрін анықта:

6 + 8 * 9 + 4;

17 – 3 * 14 + 2;

28 – 4 * 20 + 4.

Кәмила бір пакетке 2 кг алмұрт және 3 кг өрік, ал екіншісіне 4 кг алма және 1 кг шие салды. Қай пакет ауыр?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Белгісізі бар теңдік

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу және азайту амалдарының негізінде теңдеуді таңдап алу әдісімен шешеді;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, белгісіз санның белгісін (□) қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

сандар жазылған парақшалар;

санды теңсіздіктер мен теңдіктер жазылған парақ­ шалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер.

Тірек сөздер

белгісіз сан.

Сабақтың мақсаты:

таңбасымен теңдіктегі белгісіз санды белгілеу, белгісіз ұғымымен таныстыру, белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп табу, есептеу дағдысын дамыту, топпен және жұппен жұмыс істеу коммуникативтік дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ теңдіктегі белгісізді табу арқылы теңдеу шешуге дайындық жүргізуге бағытталған. Оқушылар “белгісіз саны бар теңдік” ұғымымен танысады. Белгісіз санды табу үшін оқушылар бұрын меңгер­ ген білімдеріне сүйенеді. Теңдіктің құрамындағы белгісізді санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп анықтайды.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға ғарышқа саяхат жасауды ұсыныңыз. Сондықтан ғарышкемелердің­ экипажы ретінде топтарға бөлінуді сұраңыз. Әрбір экипаж құрамында неше адамнан болу керектігін­ анықтау үшін теңсіздіктегі торкөзбен берілген белгісіз­ санды жазып, толықтыруды тапсырыңыз. Теңдіктегі­ белгісіз санды бос төртбұрышпен көрсетеміз­ деп келісіп алыңыз.

Теңсіздіктің жазылуы төмендегідей болуы тиіс: 6 + 2 > Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз.

Жауаптың­ бірнеше нұсқасы айтылуы мүмкін. Сон­ дықтан оқушылар теңсіздіктің жауабы болатын нақты бір сан табылмауы мүмкін деген қорытындыға келеді. Сонда оларға теңсіздікті 10 – 3 ≠ Тағы да оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Ал­


дыңғы теңсіздіктегі жағдай қайталануы мүмкін. Оқу­ шылар берілген теңсіздіктің құрамындағы белгісіз­ санның нақты жауабын таңдап алуға болмайды­ деген қорытындыға келуі мүмкін.


Оқушылардан төмендегі теңдік туралы не ойлай­ тындарын сұраңыз:


10 – 6 = Берілген теңдеудің бір ғаша шешімі бар, ол — 4.


Сол себептен оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқу­ шыларға ғарышқа саяхат жасау барысында төрт­ бұрышпен көрсетілген белгісіз санды іздейтінін­ хабарлаңыз. Бос орынға қоюға болатын сан белгісіз. Оны белгісіз сан деп атап, таңбасымен белгілейміз. Құрамындағы бір сан белгісіз болатын теңдік белгісізі теңдік деп аталады.


Ғарышкердің таңғы асы. Саяхаттың алдында жаттығу жасап, ғарышкерге таңғы асын ішуді ұсыныңыз. Оқушылар теңдіктің құрамындағы белгісіз­ санды берілген жауап нұсқаларының ішінен таңдап алады. Олар санды таңдау тәсілімен анықтап немесе санның құрамына байланысты білімдеріне сүйенеді.

Мына сұрақтарды қойыңыз:

7 саны шығу үшін 5-ке нешені қосамыз?

Белгісіз сан нешеге тең?

5 саны шығу үшін 8-ден қандай санды азайта­­ мыз?

Белгісіз сан нешеге тең?

Оқушыларды өз жауабын түсіндіруге үйретіңіз­.

Жауабы:

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 6.

Шығарып көр. Оқушылар теңдіктегі белгісіз сан­ дардың қандай сан екенін анықтайды. Тапсырманы оқушылардың­ барлығын қатыстырып тізбектей оты­ рып орындайтындай немесе топтағы әрбір оқушы­ қатыса алатындай етіп ұйымдастырыңыз.


Жауабы:

8 + 2 = 10, 12 + 5 = 17, 40 – 20 = 20, 80 – 10 = 70. 10 – 9 = 1, 15 – 3 = 12, 20 + 30 = 50, 60 + 10 = 70.


Ойлан. Есеп шығаруға дайындық түрінде ұсы­ нылады. Оқушылармен бірге есеп мазмұнын оқыңыз. Тапсырманы есеп деп атамаңыз, тек ғарыш оқиғасы деп айтыңыз. Оқушылардан мәтін мазмұнынан не білгенін, нені білу керектігін сұраңыз.


Сынып оқушыларының дайындығы жоғары болса, тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар­ тапсырма мазмұнын оқиды. Тапсырмаға белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіз санның мәнін табады. Егер оқушылардың дайындық деңгейі­ бірдей болса, тапсырманы сынып алдында орындатыңыз­.


Жауабы:

10 – = 7;

10 – 3 = 7.

Орындап көр. Логикалық тапсырманың шешуін топпен ақылдасып орындауды ұсыныңыз. Мүмкін болса, берілген тапсырманы интерактивті тақтада­ көрсетіңіз. Тапсырма шаршы түрінде­ көрсетілген, бірдей суреттердің астында бірдей сандар жасы­ рылған­. Оқушыларға берілген қосындының­ мәні шығатындай белгісіз санды анықтау­ керек. Тапсырма­­ ны орындауда қиындық туған жағдайда оқушылардан:


қандай үш бірдей санның қосындысы 15-ке тең болады? — деп сұраңыз. (5 + 5 + 5 = 15.)


Ғарышкеме суретінің орнына 5 санын қойып, өрнек құрастыруды ұсыныңыз.


Ал белгісіз санды таңбасымен көрсету керектігін­ айтыңыз. Оқушыларда мынадай белгісізі бар теңдік шығуы керек: 5 + + 5 = 12. Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі­ белгісіз санның мәні 2 саны болатынын анықтайды­.


Осылайша шаршының басқа торкөздеріндегі бел­ гісіз сандарды табады.


Оларда 5 + + 2 = 10 теңдігі шығу керек. Санды таңдау тәсілімен оқушылар белгісіз санның мәні 3 саны болатынын оңай анықтай алады.


Жауабы:


зымыран — 5; телескоп — 2; ғарышкер — 3.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға ойын ұсыныңыз. Олардың әрқай­ сысына сандар жазылған парақшаларды таратып беріңіз. Оқушылар қолдарындағы парақшаларды басқа ойыншыларға көрсетпеуі керек.

Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып, ойынды бастаңыз­. Жүргізуші санамақтың көмегімен қолын­ дағы санды суреттеп айтатын оқушыны таңдайды. Оқушы жасырып тұрған санын жұмбақтап айтады­. Мысалы, егер бұл санға 7-ні қосса, қосынды­ 9 санына тең болады. Немесе егер 10-нан менің қолымдағы белгісіз санды азайтса, айыр­маның мәні 5 -ке тең болады т.с.с. Ал қалған оқушылар­ осы санды табады. Қай оқушы бірінші тапса, тірек сөзді айтады. Егер ойыншы санды дұрыс тапса, онда жүру құқығы қалады. Ал дұрыс таппаса, жүру құқығы ойлаған санды дұрыс тапқан басқа ойыншыға ауысады. Ойын осылай жалғасады.



Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. “Жер және ғарыш” тарауы.


Қосымша тапсырмалар


Өзге ғаламшарлықтарға көмектес. Оқушылар теңдіктердегі белгісіз санды табады. Санды таңдау тәсілімен белгісіз санды тауып, теңдік пен белгісіз санның мәні болатын сандарды сызып сәйкестендіреді.


Жауабы;

20 + 10 = 30, 13 + 6 = 19, 18 – 4 = 14.

17 – 7 = 10, 14 – 3 = 11, 15 + 5 = 20.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

таңбасын теңдіктегі белгісізді көрсеткенде

пайдалануды­ меңгереді, мысалы 6 + = 10.

Оқушылардың оқу материалын меңгеру дең­гейін анықтау мақсатында жұмыс дәптеріндегі­ “Ғарыштық шытырманнан өт” тап­сырмасын орындатыңыз.


Теңдіктегі белгісіз санды бос торкөздерге жазып көрсетеді.

Жауабы:




19 – 9 = 10,

17

12 = 5,

8 + 2 = 10,

4

+ 3 = 7.

10

2 = 8.

16 – 10 = 6.

8

+ 11 = 19,

3 + 14 = 17,


15 – 10 = 5.

17

+ 1 = 18.


Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Бөліктер және бүтін

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу және азайту амалдарының негізінде теңдеуді таңдап алу әдісімен шешеді;

“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, белгісіз санның белгісін (□) қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

5 см, 11 см, 9 см, 8 см, 7 см ұзындықта жасалған балалар­ конструкторы модельдері (бір топ­қа әр түрінен бір-бірден дайындау керек);

11 + = 20 теңдігіне сызылған сызба;ламинатталған қағаз парақтары;маркерлер.

Тірек сөздер

бөлік;бүтін.

Сабақтың мақсаты:

Бүтін және бөлік ұғымдарын түсінуге жағдай жасау, теңдіктегі белгісіз санды белгілеу үшін таңбасын пайдалануды жалғастыру. Санды таңдау әдісі бойынша немесе санның құрамына сүйеніп теңдіктегі белгісіз санды табуға жаттығу. Есептеу дағдысын, жұпта және топта жұмыс істеу барысында коммуникативтік дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар сызба бойынша бүтін және бөлік ұғымдарымен танысады­. Оқушылар сызбаға сүйеніп теңдіктің белгісіз­ бөлігін табады. Сабақ сызба бойынша “есеп” шығаруға, теңдеу шешуге дайындық болып табылады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға құрылыс ала­ ңына саяхат жасауды ұсыныңыз. Олармен құрылыс­ туралы әңгіме жүргізіңіз. Оқушылардан ғимарат­­ тардың қалай салынатынын және құрылыста жұмыс істейтін мамандар туралы, өздерін құрылысшы ретінде елестетуін сұраңыз. Ол үшін конструктор бөлшектерінен қақпа құрастырып­ жинауды тап­ сырыңыз. Егер сабақта конструкторды­ қолдану мүмкін болмаса, қатты қағаз жолақ­тарын қолданыңыз.

Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Үй жобасының­ суретін көрсетіңіз. Оқушыларға сәулетшi үйдің жанынан ұзындығы 20 см болатын қоршау­ тұрғызуды жоспарлағанын айтыңыз. Қоршаудың бір бөлігі конструктор бөліктерінен­ жасалып, әр топқа дайындап беріледі. Оқушыларға­ қоршаудың осы бөлігін сызғышпен өлшеп, ұзындығын анықтауды ұсыныңыз (қоршаудың белгілі бөлігінің ұзындығы­ 11 см). Қоршаудың белгісіз бөлігінің ұзын­ дығын табу керек. Оқушыларға тапсырманы жобадан ауытқымай,­ өлшемді өзгертпей орындау керектігін айтыңыз. Қоршаудың бүтін бөлігінің ұзындығы 20 см болады. Тапсырманы түсіндіріңіз. Сызбаның бүтінін және бөліктерін көрсетіп түсіндіріңіз. Сызбаның астында белгісіз саны бар теңдік жазылады:

11 + = 20.

Оқушылардың міндеті — топта ақылдасып, қор­ шаудың ұзындығын табу. Тапсырманы белгісіз­ санды таңдау әдісі бойынша тиісті өлшеу жұмыстарын­ жүр­ гізу арқылы орындайды.

Оқушылардың ұсыныстарын тыңдаңыз. Тапсыр­ маның шешу жолдарын жазып отырыңыз.

Теңдік бүтін мен бөліктерден тұрады деген қорытындыға келтіріңіз. Белгісізі бар теңдік белгілі бөліктен, белгісіз бөліктен және бүтіннен тұрады. Санды теңдікті сызбамен көрсетуге болады.

Құрылысқа саяхат. Оқушыларға оқулықтағы құрылыс материалдары бейнеленген суретке қарап шығуды ұсыныңыз. Әр сурет бойынша бүтін мен бөліктерді тауып теңдік құрастыруды тапсырыңыз. “Б” әрпімен белгіленген тапсырманы талдаңыз. Суреттегі құбырлардың бір бөлігі мәшиненің қорабында­ екені көрсетілген. Оқушыларға қораптағы­ құбыр санын анықтауды тапсырыңыз.

Қорытынды жасаңыз: 5 + = 7 теңдігі бір белгісіз және бір белгілі бөліктерден тұрады.

5 — бұл белгілі бөлігі. — бұл белгісіз бөлігі. 7 — бұл бүтін.

Жауабы:

а) 8 + 7 = 15, 8 — бөлік, 7 — бөлік, 15 — бүтін; ә) 3 + 6 = 9, 3 — бөлік, 6 — бөлік, 9 — бүтін; б) 5 + = 7, 5 — бөлік, — бөлік, 7 — бүтін;

5 + 2 = 7, 5 — бөлік, 2 — бөлік, 7 — бүтін.

Құрылыста. Берілген тапсырма есептерді шығару­ тақырыбына дайындық болады.


Оқушыларға тапсырма мәтінін оқып шығуды тап­ сырыңыз. Олардан мәтін мазмұнын қалай түсін­генін сұраңыз.

Сұрақтар қойыңыз:


Салынып жатқан үйдің биіктігі қандай болады? (9 қабатты). Бұл — бүтін.


Үйдің қандай бөлігі салынып біткен? (5 қабаты.) Бұл — белгілі бөлік.

Әлі неше қабатын салу керек? Бұл — белгісіз бөлігі.

Оқушыларға жұмысты жұппен орындауды ұсы­ны­­ ңыз. Олардың міндеті — белгісізі бар теңдік құрасты­­ рып, белгісіздің мәнін табу. Оқушылардың жұмысты ламинатталған қағаз парақтарына маркермен жазып орындауына болады. Жауабы:

5 + = 9;


5 + 4 = 9.


Шығарып көр. Тапсырманы бүкіл сыныпты қатыстырып орындаудан бастаңыз. Тапсырманың мәтініндегі­ мазмұнын талдап, белгілі бөлікті, белгісіз бөлікті және бүтінді табуды тапсырыңыз. Тап­сырманы әрі қарай жұппен жалғастырып шығаруды­ ұсыныңыз. Олар белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіздің мәнін табады.


Жауабы:


+ 6 = 17; 11 + 6 = 17.


Орындап көр. Оқушылар сызба бойынша теңдіктер құрастырады.

Оқушылармен талдаңыз:

сызбаның қандай бөлігі белгілі?

Қандай бөлігі белгісіз?

Бүтінін анықта.


Тапсырманы топта талдап, қорытындылауға мүм­ кіндік беріңіз. Оқушылар жұмысты ламинатталған қағаз парақтары­на­ маркермен жазып орындауына болады. Соңынан жазғандарын сыныпқа көрсетіп, өзара тексереді.


Жауабы:

а) 8 + = 20; ә) + 8 = 18;

8 + 12 = 20. 10 + 8 = 18.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Ойын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға сандар жазылған парақшалар таратып беріңіз. Парақшаның екінші жағына тірек сөзді жазыңыз. Мысалы: 5 (бөлік), 4 (бөлік), 9 (бүтін). Музыка қосып қойыңыз. Оқушылар музыка ойнап тұрған уақытта қолындағы парақшадан теңдік құрастыратындай үш адамнан тұратын топ құрып үлгеруі керек.

5 + 4 = 9.

Үйді жөндеуден өткіз. Оқушылар белгісіздің мәнін табады.

Санды теңдіктер дұрыс болуы үшін кірпіш пен оған сәйкес үйді сызық арқылы қосады.

Тиісті өрнектер құрастырып жазады.

Жауабы:

а) 10 + = 12; ә) + 8 = 19; б) 20 – = 11;

10 + 2 = 12.   11 + 8 = 19.   20 – 9 = 11.

в) 16 – = 12; г) + 11 = 18; ғ) 15 – = 5;

16 – 4 = 12.   7 + 11 = 18.   15 – 10 = 5.

Сызба бойынша теңдік құрастыр. Оқушылар сызба бойынша белгісізі бар теңдіктер құрастырады. Таңдау тәсілі бойынша теңдіктегі белгісізді тауып, тиісті өрнектерді жазады.

Жауабы:

а) 7 + = 10; ә) + 4 = 9; б) 8 + = 10; 7 + 3 = 10.   5 + 4 = 9.   8 + 2 = 10.

в) + 6 = 9; 3 + 6 = 9.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында таңбасын пайдала­ нып теңдіктегі белгісізді тауып үйренеді. Мысалы, 6 + = 10.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өз-өзін бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнек

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды, ажыратады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

латын әріптері транскрипциясының кестесі: а — [а], b — [бэ], с — [ц], d — [дэ], x — [икс], y — [игрек];

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парақтары;

1 маркер.

Тірек сөздер

әріпті өрнек.

Сабақтың мақсаты:

Әріпті өрнектер туралы түсінік беру; оқушы­ лардың­ әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу дағ­ дыларын­ қалыптастыру; таңдау әдісі арқылы әріпті өрнектің мүмкін болатын мәнін табу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әріпті өрнек немесе белгісізі бар өрнек —


әріптер (белгісіздер) мен сандардан тұратын мате­­ матикалық жазба және арифметикалық амал белгілерінің көмегімен­ берілген. Есептеу әріптің орнына қойылатын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды.Әріпті өрнектерде латын әліпбиінің кіші әріптері­ қолданылады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты топпен жұмыс істеу­ ден бастаңыз. Әр топқа ламинатталған қағаздарды және маркерлерді таратып беріңіз. Сыныпқа кестені көрсетіп таныстырыңыз. Оқушылардан бос торкөз­ дермен өрнектер құрастыруды сұраңыз.

1-қосылғыш

2-қосылғыш

Өрнек





1

+ 1




8







6





Мына бос торкөздердің орнына қандай сандарды қоюға болады? Сендер қалай ойлайсың­­ дар? (Кез келген.)

Ал мына бос торкөздің орнына ше? 6 – .

Қорытынды жасауды сұраңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз. Оқушыларды айырманың мағынасын табу кезінде, егер бос торкөз азайтқыштың­ орнында тұрса, онда ол азайғыштан артық мән қабылдай алмайды деген тұжырымға жетелеңіз­. Бос торкөздің

орнына латын әліпбиінің кіші әріптерін (a, b, c,

d, x, y) жазуды ұсыныңыз. Жазу барысында латын әліпбиінің әріптерінің айтылуына балалардың­

назарын аударыңыз: а — [а], b — [бэ], с — [ц],

d — [дэ], x — [икс], y — [игрек]. Оқушы­лардан­ алынған өрнектерді оқып беруін өтініңіз. Олардан мынаны сұраңыз:

Біз қандай жазу жаздық? (Өрнек.)

Егер өрнек әріптен, саннан және арифмети­­ калық­ амалдардың белгілерінен тұрса, оны қалай атайды? Сендер қалай ойлайсыңдар?

Арифметикалық амал белгілерінің көмегімен

байланысқан әріптер мен сандардан құралған өр­ нектердің әріпті өрнектер деп аталатынын табуға

оқушыларды жетелеңіз. Санды өрнектер сияқты әріпті өрнектерді де әртүрлі оқуға болады. Мысалы,

5 – х өрнегін былай оқуға болады: “5 минус икс”, “5-тен икс-ті азайтамыз”, “5 пен икс-тің айырмасы” немесе “5 — азайғыш, икс — азайтқыш”.

Қай жолмен жүрген дұрыс? Тапсырмада берілген өрнектерді санды және әріпті өрнектерге бөлу керек. Оқушыларға өрнектерді өздігінен санды және әріпті өрнектерге бөлуді ұсы­ныңыз. Оларға өрнектерді кезекпен оқытыңыз. Жол­серік­тердің қай жолмен жүргені дұрыс екенін хабарлайды,­ өз таңдауын дәлелдейді.

Бұл тапсырманы бөлімнің “Саяхат” атты жалпы тақырыбымен байланыстыруға болады.

Жауабы:

санды өрнектер: 100 – 30; 7 + 3; әріпті өрнек­тер: х + 8; 50 – у.


Әріпті өрнектерді оқы. Оқушыларға оқулықта берілген әріпті өрнектерді оқытыңыз. Ол үшін оқушыларды жұпқа бөліңіз.


Шығарып көр. Оқушылар белгілі бір санды х әрпімен алмастыруды өздері аңғаруы тиіс. Тап­сыр­ маны орындау үшін жұмысты топпен ұйымдас­тыры­­ ңыз. Олар ламинатталған қағазға алынған әріпті­ өрнектерді­ жазуы керек және жұмысты­ аяқтаған соң тақтаға бекітіп, өзара тексеруді орындауы­ керек.

Айырмаға қатысты өрнектерде санды әріп­ пен алмастырғанда өрнектің әр компонентінің орнын қатаң сақтау қажет екенін ұмытпаған жөн. Бірақ оқушылар өз бетінше орындағанда қате жіберуі мүмкін. Сондықтан олардың қандай әріпті өрнектерді алғанын және олардың қанша екенін тексерген жөн. Мысалы, 12 – 4 санды өрнегінен 12 – х және х – 4 әріпті өрнектерін алуға болады.

Біз сандарды қосқан кезде орындарын қалай ауыстыра аламыз? Мысалы, 5 + 3-ті 3 + 5-ке ауыс­ тыруға болады.


Азайтуда сандардың орындарын ауыстыруға бола ма? Неге?


12 – 11 өрнегін 11 – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?

Қалай ойлайсыңдар, 12 – х өрнегін х – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?


Екі өрнектегі х-тің орнына бір санды қойып көрейік. Мысалы, 3-ті. Не шықты?


Берілген тапсырма жауабына х – 12 және 11 – х өрнектері алынбайды деген тұжырымға жетелеңіз.


Жауабы:

ә) 8 + х, х + 8; х + 2, 2 + х;

б) 12 – х; х – 11;

в) 100 – х; х – 20.


Орындап көр. Бұл тапсырманы оқушыларға жұпта орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау оқушылардың топпен жұмыс үрдісінде үйренген дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Берілген әріпті қолданып әріпті өрнек құрастырады. Содан соң берілген әріптің орнына басқа кез келген әріпті қолдануға болатынын тексереді және бір-біріне түсіндіреді. Жауаптарын нақтылай түсу үшін олардың өздеріне осындай бірнеше өрнектерді басқа әріптерді қолданып жазуын ұсыныңыз. Оқушылар­ ламинатталған қағаз парақтарына маркермен жазады.


Жауабы:

иә, кез келген басқа әріпті қолдануға болады.


Ойлан. Бұл айдардың тапсырмасын орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан автобустағы қалған жолаушылар санын көрсететін


(15 – х) түріндегі әріпті өрнек құрастыруды сұраңыз. Сонымен қатар олар бұл өрнектегі әріптердің мәндері 1 -ден 14-ке дейінгі мәнді қабылдайтыны туралы өз талдаулары бойынша қорытынды жасай алады.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тапсырманы оқуда және айтуда, жатқа жазуда әріпті өрнектерді дұрыс атаңыз. Әріпті өрнек­терді әртүрлі тәсілмен оқу дағдыларына жаттықтыры­­ ңыз. Арифметикалық амалды және белгісін атау, арифметикалық амалдың компоненттерін атау.

Барлық әріпті өрнектерді қоршап сыз. Бұл тапсырма арқылы әрбір оқушының тақырыпты қан­ шалықты түсінгенін тексеруге болады.


Тапсырманы орындау үшін оқушылар санды және әріпті өрнектерді ажырата білуі тиіс.


Жауабы:


әріпті өрнек: 6 + a; 80 + b; 50 – c; d – 40; санды өрнектердің мәндері: 13, 9, 60, 70.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі;

әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқуды үйре­ неді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қойыңыз:

әріпті өрнектердің санды өрнектерден айыр­ машылығы неде?

7 + b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

7 – b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

7 + b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріпті қоюға болады? b-ның орнына қандай сан қоюға болады?

7 – b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріп пен сан қоюға болады? Оқушыларға өз жауаптарын түсіндіруді ұсыныңыз.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” арқылы өз-өзін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнектегі әріптің мәні

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

(□) белгісіз сан символын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парағы;

1 маркер.

Тірек сөздер

Әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты:

Әріпті өрнектегі әріптің мәнін таңдап алу дағ­ дысын қалыптастыру, әріпті өрнектегі әріптің орны­на сан мәнін қою жолымен алынған теңдіктерді шешу дағдысын жетілдіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар бұл сабақта әріптің орнына санды қойып және нәтижесін есептеп санды өрнек алады, әріпті өрнектің сан мәнін анықтайды. Есептеуде


әріптің орнын ауыстыратын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды. Оқушылар әріптің орнына


түрлі сандар, кей жағдайда кез келген сандарды қоюға болатынын білетін болады. “Айнымалы” атауы енгізілмейді.

Кіріспе тапсырма. Сабақты сыныппен жалпы жұмыс істеуден бастаңыз. Оқушыларға “=” таңбасының бір жағында әріпті өрнектің тұрғанын көрсетіңіз.

Мысалы, 6 + а = 18. Оқушыларға тура теңдік шығу үшін әріптің орнына қоятын санды табуды ұсыныңыз­. Іріктеу тәсілі арқылы санды анықтатыңыз. Жауабын

тапқан соң 18 саны шығу үшін 6 + а әріпті өрнегіндегі әріптің мәні 12 саны екенін айтыңыз.

Егер әріптің мәнін өзгертсеңіз, одан кейін қосындыны табуды ұсыныңыз. Мысалы, а = 14. Оқушылар­дан­ 6 + 14 өрнегін есептеуді сұраңыз. Шыққан 20 саны

а = 14 жағдайындағы 6 + а әріпті өрнегінің сан мәні екенін хабарлаңыз.

Әріпті өрнектегі әріптің орнына түрлі сан тұра­ тынына оқушылардың назарын аударыңыз. Әріптің мәніне әріпті өрнектің сан мәні тәуелді.

Құпия код” ойыны. Сабақтың тақырыбын пысықтау үшін топтық ойын ұйымдастырыңыз­. Мысал келтіре отырып сыныпқа ойын­ның шартын түсіндіріңіз. Әрпі бар теңдікті ұсыныңыз. Мысалы, 8 – х = 5. Әріптің мәнін табуды сұраңыз, бірақ дауыстап айтуға болмайтынын ескертіңіз. Оқушы­ әріптің мәнін тапқанын білдіретін­ белгі беруі тиіс. Енді оған осы әріптің мәнін қолданып­ басқа­ теңдік құруды ұсыныңыз. Мысалы,­ ол мынадай х + 4 = 7 теңдігін құрады, осылай ол “құпия кодты” тапқанын­ дәлелдеп көрсетеді. Келесі­ оқушы үшінші теңдікті­ берілген “кодпен” құрады­ да, оны шешуге ұсы­нады. Осылайша, топтағы барлық­ оқушылар әрпі бар бір-бір теңдіктен құрап бітпейінше,­ “құпия кодты” таба алмайды.

Әр үйде қанша қонақ бар? Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Егер әріптің мәні белгілі болса, онда әріпті өрнектің сан мәнін табуды ұсыныңыз­. Тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйым­ дастырыңыз. Тапсырманы бірінші болып орын­­ даған топ өз жауабын айтады, ал қалған топ­ өз жауаптарын тексереді. Тапсырма ламинатталған­ қағаздарда орындалады. Тексеру кезінде алынған санды өрнектерді үйлердің шаты­рының түстерімен ажыратуға болады. Мысалы, “Сары шатырлы үйде … қонақ бар”.


Жауабы:


сары шатырлы үйде 3 қонақ; жасыл шатырлы үйде 9 қонақ; ал қызыл шатырлы үйде 4 қонақ; қоңыр шатырлы үйде 6 қонақ; көк шатырлы үйде 10 қонақ; қызыл шатырлы үйде 8 қонақ; күлгін шатырлы үйде 5 қонақ;


ашық қоңыр түсті шатырлы үйде 7 қонақ бар.


Шығарып көр. Бұл тапсырманы жұпта орын­ датыңыз. Шелек қозғалғанда алынатын әріпті өрнек­ тердегі әріптің мәнін табуды ұсыныңыз. Шелек құдыққа түсіп, одан кейін қайта көтерілген кезде шелектегі х саны құдықтың қабырғасында жазыл­ ған теңдіктердегі бос торкөзге қойылады. Мысалы, 4 + = 7 теңдігіндегі “бос торкөзді” шелек­пен ауыстырғанда 4 + х = 7 теңдігіне ауысады да, оқу­ шылар теңдіктегі х-тің мәндерін таңдап ала алады­. Олар тапсырманы ламинатталған қағаз парақтарында­ орындайды.


Жауабы:

а) х = 3; ә) х = 5.


Орындап көр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындатыңыз. Әңгіме жүргізіңіз.


а – 0 өрнегіндегі а-ның орнына қандай санды қоюға болады?


Қане, тексеріп көрейік, барлық сандар сәйкес келе ме?


Бірнеше оқушыдан кез келген санды атап және есептеп беруді өтініңіз. Сонымен қатар а – 0 өрнегіне кез келген санды қойып көріңіз. Оқушылар екінші тоқсанда оқыған 0 санының қасиеті туралы білімдерін естеріне түсіреді.

Қандай тұжырым жасауға болады?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Әріпті өрнектердің сандық мәндерін тап.


Оқушылар кестені толтыра отырып, әріпті өрнектегі әріп мәнінің қосындысы мен айырмасын табады.

Жауабы:

айырмаға — 7, 1, 3. қосындыға — 7, 19, 9.

Қосу амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап. Азайту амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап. Оқушылар “математикалық

мәшинені” қолданып­ өз бетінше ойнауына болады.

Мәшинеге” түскеннің бәрі а-ға артады немесе а-ға кемиді. Оқушылар­ “мәшинеде” жетіспей тұрған сандарды жазып, арифметикалық амалдардың нәтижесін есептеуі­ тиіс.

Жауабы:

6, 9, 7, 7; 4, 0.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


  1. әріптің мәні арқылы әріпті өрнектің мәнін таба біледі;


  1. 0 санын қосу мен азайту ережесін өрнектейтін (а + 0 = а; а – 0 = а) әріпті өрнекпен берілген теңдіктің мағынасын түсінеді;


  1. әріпті өрнектің сан мәнін табуды меңгереді.


Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:


Әріпті өрнектегі әріптің мәні қалай аталады?


а + 0 = а өрнегіндегі әріп қандай мәнге ие болады? Ал а – 0 = а өрнегінде ше? Неліктен?


7 + b өрнегінде b әрпі қандай мағына береді?


7 – b өрнегінде ше?


7 – b әріпті өрнегінің сан мәнін қалай табуға болады?


Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Санды өрнектерді салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

(□) белгісіз сан символын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр жұп оқушыға арналған:

нүктелі ойын текшелері;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер;

санды өрнектер жазылған парақшалар;

өрнектердің жауабы жазылған парақшалар (саны сыныптағы оқушылардың санына байланысты).

Тірек сөздер

өрнектің мәні.

Сабақтың мақсаты:

Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағды­ларын­ дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Санды өрнектерді салыстырғанда, олардың сан мәндерін өзара салыстыру негізгі тәсіл болып табы­ лады. Кез келген екі санды өрнектің мәндері бірдей болса, олар өзара тең болады. Ал өрнек мәндері тең болмаса, мәндерінің не артық, не кем екенін анықтауға болады.

Кіріспе тапсырма. Оқушылармен жұптық жұмыс­ ұйымдастырыңыз. Оларға бір-бірімен ойын ой­нау­ ды ұсыныңыз. Әрбір жұпқа нүктелі ойын текшесін,­ ламинатталған қағаз парағын, маркер таратып беріңіз.

Ойын шартымен таныстырыңыз. Әр ойыншы текшені екі рет лақтырып, оның жоғары жағындағы нүкте санын қосып, өрнек түрінде жазып көрсетуі керек. Соңынан оқушылар жұбы бір -бірінің жұмыс­ын салыстырып, кімде нүкте саны көп шыққанын­ салыстырады.

Мысалы:бірінші ойыншы: 2 + 5; екінші ойыншы: 6 + 4; 2 + 5 ? 6 + 4.

Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз. Санды өрнектерді салысты­-ру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіріңіз. Мысалы:

2 + 5 ? 6 + 4;

7 < 10;

2 + 5 < 6 + 4.

Осы тұжырымды бекіту мақсатында ойынды тағы да екі рет ойнауды ұсыныңыз. Өрнектерді ламинат­ талған­ парақтарға жазып, сынып оқушыларына көр­ сетеді.

Хайуанаттар дүкенінде. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізіңіз. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраңыз. Хайуанат дүкенін­­ де жануарларға арналған қорек түрлері, торлар,­ аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады.

Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыныңыз. Құрастыр­­ ған санды өрнектерді салыстыртыңыз. Тапсыр­маны­ орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастырыңыз. Тапсырманы тез орындап болған­ оқушы­ларға­ “Хайуа­­ нат­дүкеніне саяхат” тақы­рыбы­на­ сурет салып, тиісті өрнектер құрастырып, салыстыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

3 + 4 = 2 + 5;

6 + 6 > 8 + 3;

4 + 4 < 2 + 8.

Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып беріңіз. Мүмкіндік болса интерак­­тивті­ тақтаны немесе ламинатталған бетті пайдаланыңыз. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде де ұйымдастыруға болады. Жарыс кезінде тап­сырма жазыл­ған­ қағазды шеңбер бойымен бір оқушы­дан­ келесі оқушыға беріп, жауаптарын жазуға барлық оқушылар­ қатысатындай етіп жағалатып жіберіңіз­. Сол сияқты тапсырманы тақтаға тізбектеп орындатуға­ да болады.

Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалатыңыз. Оқушылар тапсырманың­ орындалуын­ өзара немесе мұғалім бағалайды.

Жауабы:

18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 50 + 40 = 40 + 50;

5 + 3 = 4 + 4; 16 + 2 < 14 + 5; 30 + 60 > 70 + 10;

2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19. 20 + 80 = 90 + 10.

Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындаты­ ңыз. Оқушылармен құпия шифрлар туралы әңгіме­­­ лесіңіз. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың­ қалай шифрленетінін айтыңыз. Бірдей суреттерде­ бірдей сандар шифрленгенін ескертіңіз. Оқушыларға­ құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4;

в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылармен “Өрнектердің мәнін тап” ойынын өткізіңіз. Санды өрнектер және олардың жауабы жазылған парақшалар дайындап­ қойыңыз. Сынып оқушыларын екі топқа бөліңіз. Бірінші топқа мысалдар жазылған парақшаларды­ таратып беріңіз. Ал екінші топқа жауаптары­ жазылған парақшаларды таратыңыз. Өрнектердің­ жауаптары жазылған парақшалар ұстаған оқушылар тобына бір сызықтың бойына тұруды ұсыныңыз. Жүргізушінің нұсқауы бойынша олар жауап парақтарын екінші топтағы оқушыларға көрсетулері керек. Мысалдар жазылған парақша­ларды­ алған оқушылардың міндеті берілген өрнектің­ мәнін тауып, өз жұбының (жауабы жазыл­ ған парақшалар ұстаған оқушының) қасына барып тұру.

Қосымша тапсырмалар

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. “Жануарлар” тарауы.

Қосымша тапсырмалар

Цифрды анықта. Оқушылар бірдей суреттерді бірдей цифрлармен ауыстырып, өз бетінше санды өрнектер құрастырады және салыстырады. Тапсыр­­ маның екінші бөлігінде оқушылар тиісті сандарды таңдайды.


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

сандар, шамалар мен санды өрнектер ара­сын­ дағы қатынастарды (=, ≠, >, < ) таңбалары арқылы көрсетуді үйренеді.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өз-өзін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнектерді салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. жақшасыз берілген әріпті, санды өрнектерді салыстырады;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

(□) белгісіз сан символын қолданады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парағы;

маркер;

әріпті өрнектер жазылған парақшалар (мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а).

Сабақтың мақсаты:

а + 7 және 8 + а түріндегі әріпті өрнектерді сан компоненттері бойынша салыстыруды қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта оқушылар мынадай тұжырымға келеді: қосуға берілген екі әріпті өрнекті мәндері бойынша салыстырғанда қайсысының сан компоненті артық (кем) болса, сол өрнек артық (кем) болады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында тапсыр­ маны топпен орындатыңыз. Әр оқушыға әріптері бірдей әріпті өрнектері бар парақшалар таратыңыз­.

Мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а және т. с. с. Барлық өрнектердің қосуға берілуі міндетті­ шарт болып табылады. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

бұл өрнектердің бәріне не ортақ? (Олар қосуға берілген; барлығында бір әріпті қосылғыш қолданылған.)

Барлық өрнектердегі әріптің бірдей екеніне оқу­ шылардың­ назарын аударыңыз. Егер бір өрнектегі әріптің мәні 2-ге тең болса, онда қалған басқа өрнектерде де ол сондай 2 деген мәнді қабылдайды. Егер бір өрнекте әріп басқа санды көрсететін болса, онда басқа өрнектерде де сол санды көрсетеді. Сұраңыз:

Өрнектердің айырмашылығы неде? (Сан компоненттерінде.)

Әріптердің сан мәндерін білмесек те, олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді бір-бірі­ мен салыстыруға болатынын хабарлаңыз. Мұны қалай істеуге болатынын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдап, мынадай тұжырымға әкеліңіз. Қосуға берілген әріптері бірдей екі өрнектің қайсысының сан

компоненті (қосылғыш санмен берілсе) артық болса, сол өрнек артық болады.


Тапсырманы топта орындатып, нәтижелерін барлық сыныпқа айтқызыңыз:


ең үлкен мәні бар өрнекті тап (әріптері бірдей болғандықтан­ оқушылар өрнектердегі сандарды салыстырып, үлкен саны бар өрнекті атайды);


ең кіші мәні бар өрнекті тап;

екі өрнекті “<” немесе “>” таңбаларының көме­­­ гімен салыстыр;


өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастыр (оқушылар өрнектері бар парақшаларды қолдары­ на ұстап, бір қатарға тұрады);


біркелкі өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқы;

теңсіздік алатындай жағдай ойластыр. Мыса­ лы, “b +8 <12 + b”. Мұны былай дәлелдеуге болады: “кәмпит қапшығына тағы да 8 кәмпит салғанда­ 12 кәмпит салынған дәл сондай қапшықтан кем болады”­.

Салыстыр. Берілген тапсырма алдыңғы иллюс­ трацияның негізінде орындалады. Оқушылар­ ға 1 кәмпитті­ бір топтан екіншісіне ауыстырып салып жатқан­ сияқты елестетуді ұсыныңыз. Бұл жағдайда­ қандай­ әріпті өрнектер құрастыруға болатынын сұраңыз­. Осы өрнектерді жазып, оларды салыстыруды ұсыны­ңыз­. Мәтінде кәмпитті солдан оңға қарай немесе керісінше салу керектігі көрсетілген жоқ. Сондықтан­ салыстырудың екі нұсқасы болуы мүмкін: х + 6 < х + 9; х + 8 > х + 7. Берілген тапсырма­ да оқушылар өз ойын түсіндіреді және жауаптарын негіздейді,­ осылайша олардың сөйлеу дағдысы дамиды.

Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр. Сыныппен жалпы орындалатын жұмыс

ұйымдастырыңыз­. Оқушыларға суреттер бойынша әріпті­ өрнектер құрып, оларды салыстырып және шыққан теңсіздіктерді ламинатталған қағаз парақ­ тарына жазуды ұсыныңыз. Бірінші теңсіздік екі қа­ рындаштың ұзындығын салыстырудан шығады­. “ Қарын­ даштардың ұзындығы белгілі ме?” — деп сұраңыз. Қарындаштардың ұзындығы бойынша өрнектер құрып, олардың ұзындығын салыстыра алатынымызды хабарлаңыз. Мысалы, бірінші қарын­даштың­ ұзындығы­ х + 4-ке тең, ал екіншісі: х + 5. Салыстырып­ жазғанда x + 4 < x + 5 теңсіздігі шығады, бұл бірін­ші қарындаш-тың ұзындығы екінші қарындаш­қа­ қарағанда­ қысқа екенін көрсетеді. Осындай жұмысты масса және көлемге байланысты жүргізіңіз.

Жауабы:

а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқығанда және жазғанда әріпті өр­нектерді­ дұрыс атаңыз. Әріпті өрнектерді әртүрлі­ тәсілмен дұрыс оқу дағды­ларына­ жаттықтырыңыз: арифметикалық амалды және оның белгісін компоненттерін атау.

Қосымша тапсырмалар



Шелекке қанша литр су сыюы мүмкін? Дәп­ тердегі­ иллюстрацияда бірдей аквариумдарға су құйылғаны­ көрсетілген: бірінші аквариум­ дағы су екіншідегіден­ артық. Оқушылар қажет­ ті есептеу­лер­ жасай отырып, 3-тен артық сан­ дар жазылған парақшаларды анықтайды және 4 л, 5 л, 6 л, 7 л сандарын шелектердің суреттерімен­ қосып сызады.

Жауабы:4 л, 5 л, 6 л, 7 л.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:8 + х > x + 9 түріндегі әріпті өрнектерді салыстыруды меңгереді;

қосу кезінде орындалатын ережелер азайтуда орындалмайтынын түсінеді.

Сабақты пысықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

қайсысы ауыр: бір қап картоп па, әлде үш картоп па немесе бір қап картоп па, әлде бес картоп па?

Бір шелекке бір құмыра су және бес тостаған су құйылды, ал екіншісіне бір құмыра су мен жеті тостаған су құйылды. Қай шелектегі су артық?

Бір таспаның ұзындығы­ қарындаштың ұзын­ дығынан 10 см-ге артық, ал екіншісі қарындаштың ұзындығынан­ 11 см-ге артық. Қай таспа ұзын?

а + 7 немесе а + 17 әріпті өрнектерінің қайсысы артық? Неге?

Азайтуға берілген әріпті өрнектерде бұл заңдылық сақтала ма? Неге?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Теңдеу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;


қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;


есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

торкөзді дәптер;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркер; Әр топқа арналған:

“теңдеу” сөзі жазылған парақшалар;

табақты таразы;

1 кг және 3 кг-дық кіртастары;

2 кг-дық зат;

екі ойын текшесі.

Тірек сөздер

теңдеу.


Сабақтың мақсаты:

Теңдеу ұғымымен таныстыру және бөліктер мен бүтін арасындағы өзара байланыс негізінде х-тің мә­ нін табуды үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бүгінгі сабақта оқушылар бүтін мен оның бөлік­ тері арасындағы заңдылыққа сүйене отырып, белгісіз­ қосылғышы, азайғыш пен азайтқышы бар теңдеу­лерді­ шешуге арналған алғашқы сабақпен танысады­. Осы сабақта оқушылар белгісіз компоненті бар тепетеңдікті теңдеу деп атайтынын және қосуға берілген теңдеуді шешуді түбірді таңдау әдісімен орындауға болатынын біледі. Кіріспе тапсырма. Сабақты көрсетіліммен бас­ таңыз. Табақты таразының бір жағына 1 кг-дық кір­ тасын және екінші жағына массасы 2 кг затты қоясыз. Мысалы: қорап, ойыншықтар салынған дорба, оқу­ шының жолдорбасы және т.б. Екінші жағына 3 кг-дық кіртасын қоясыз. Таразының теңескеніне баланың назарын баса аударасыз. Нені құра алатынымызды сұраңыз: теңдікті ме, әлде теңсіздікті ме? (Теңдік.)

1 + х = 3 теңдігін құруды сұраңыз. Белгісіз компо­ненті бар теңдікті теңдеу деп атайтынымызды айтыңыз. Осы теңдікте бөліктің белгісіз, ал бүтіннің­ белгілі

екеніне назар аудартыңыз. Белгісіз компоненттің мәнін табу — теңдеуді шешу деген сөз. Теңдеу

түрлері және оларды шешу тәсілдері болатынын айтыңыз.

Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін тап.

Жұмысты жалпы сыныппен ұйымдастырыңыз.

3 + х = 9 түріндегі теңдеу жазбасына көңіл бөлу­ді­ ескертіңіз. Теңдеуді оқытыңыз. Оның белгілі және белгісіз компонентін атаңыз. Белгісіз шама теңдеу­дің­ бүтіні ме, әлде бөлігі ме? Теңдіктен дұрыс теңдік алу

үшін теңдеудегі х-тің орнына мүмкін­ болатын қандай­ санды таңдау керектігін тапқызыңыз. Түсініктеме беруді өтініңіз. Мысалы, екінші­ бөлігі — белгісіз. Бірінші бөлігі — 3, бүтіні — 9. Бізге қоршаудағы тақтайлар саны 9 болатын­дай­ тақтайдың суретін салуымыз керек. Бар­лығы 6 тақтайдың суретін салдық. Ендеше х = 6. Осылайша, ондықтармен берілген 10 + у = 50 түріндегі екінші теңдеумен жұмыс жаса­ тыңыз. Ол суретте ондықтармен буылған санақ таяқ­ шалары түрінде берілген.

Жауабы:

а) х = 6; ә) у = 40.

Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш. Оқушыларға берілген тапсырманы өз еркімен­ шешкізіңіз. Оларда бөлікті бүтінге дейін толықтыру тәсілімен қосуға берілген теңдеуді қалай шешуді ойластыру және теңдеу түсінігін бекіту мүмкіндігі­ болады­. Тапсырманы орындау кезінде қиындық­ кез­ дессе, мына сұрақтарды қойыңыз:

Таразының сол жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?

Оң жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?

Массалары тең бе? Оны қалай білдің?

Қандай теңдік құрастыруға болады?

Белгісіз бөлігі бар теңдікті қалай атайды?

Алынған теңдеуді оқы.

Сен қалай ойлайсың, ананастың массасы қан­ дай? Теңдіктің белгісіз бөлігі неге тең?

Жауабы:х = 1 кг.

Шығарып көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыры­ ңыз. Оқулықтағы иллюстрацияны мұқият қарастыру­ды­ өтініңіз және мына сұрақтарды қойыңыз:


Қалай ойлайсыңдар, не істеу қажет? (Дұрыс теңдік шығатындай қосылғыштарды таңдап алу ке­ рек.)


Мұндай теңдік қалай аталады? (Теңдеу.)


Теңдеу шешуді сұраңыз. Шешкеннен кейін жалпы сыныппен­ бірге тексеріңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

Не белгілі? (Екінші қосылғыш.)

Ол бөлік пе немесе бүтін бе? (Бөлік.)

Екінші бөлік неге тең? (Қызыл шаршы, жасыл үшбұрыш, сары жұлдыз және көк жұлдыз.)

Бүтін неге тең? (Үш қызыл шаршыға, жасыл үшбұрышқа, сары жұлдыз бен көк жұлдызға.)

Белгісіз неге тең? (Екі қызыл шаршы.)

Неге?


Жауабы:


х = екі қызыл шаршы.


Орындап көр. Оқушыларға жұмысты жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылар кезекпен текшені­

лақтырады және түскен санды + х = 10 теңдігіндегі

бос орынға қояды. Осылайша, 6 теңдеу алуға болады:

1 + х = 10;

2 + х = 10;

3 + х = 10;

4 + х = 10;

5 + х = 10;

6 + х = 10.


Теңдеуді шешу таңдау тәсілі бойынша орында­­ лады.


Жауабы:

9, 8, 7, 6, 5, 4.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың сөйлеу тәжірибесіне арифме­­­ тикалық­ амал компоненттерінің атауы, “бөлік”­ пен “бүтін” сөздері бұрыннан кірген болатын. Ал “теңдеу” сөзі бірінші рет кіріп­ отыр, бірақ оны жаттап алудың қажетілігі жоқ, сол сөздің мағынасын түсініп алу жеткілікті. Тірек сөзді есте сақтау үшін “Сөз жина” ойынын өткізіңіз. Әріптер мен парақшалардың көмегімен “теңдеу” сөзін құрастыртыңыз және оны хормен айтып үйретіңіз­. Осы тірек сөзді “Сөздер тақтасына” іліңіз.

х неге тең? Тапсырмада суреттер мен оның санын сәйкестендіру керек болатын теңдеудің гра­ фика­лық­ моделі ұсынылады. Оқушылар белгісіз х-тің мәнін таңдау жолымен табуы тиіс. Бүтін мен бөліктің арасындағы өзара байланысты негізге ала отырып,­ белгісіздің мәнін анықтайды және қажетті суреттер салады.


Жауабы:

1 түймедақ және 1 қызғалдақ;

1 көңілді бейне, 1 көңілсіз бейне;

2 жұлдыз;

2 шаршы және 1 дөңгелек;

2 үшбұрыш.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

теңдеудің мағынасын түсінеді;

қосуға берілген жай теңдеуді таңдау тәсілімен шешуді меңгереді.

Оқушының сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін қалыптастырушы­ бағалау түрінде мына сұрақ­ тарды қойып, тексеріңіз:

Бір-бір теңдеу құрыңдар.

Теңдеуді берілген мәтінге сәйкес құрыңдар: “Мен бір сан ойладым, оған 2-ні қосқанда 12 саны шығады” (х + 2 = 12.)

Теңдеуді шешу дегеніміз не?

х + 2 = 12 теңдеуін шеш.

Қандай тәсілмен шештің? (Таңдау тәсілімен.)

Неге теңдеу деп атайды? Сен қалай ойлайсың?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

амалдарының қатынасы негізінде теңдеулерді шешеді;

қосу мен азайту арасындағы қатынастар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есеп құрастырады және шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парағы;

1 маркер;қосуға берілген қарапайым теңдеулер жазылған­ 9 парақша.

Тірек сөздер

Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу, 46, 47-беттер.

Сабақтың мақсаты:

Белгісіз бөлікті табу туралы ережені пайдалана отырып,­ белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу дағ­ дысын қалыптастыру. Осы түрдегі теңдеу шешімінің алгоритмін құрастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта бүтін шама мен оның бөліктеріне бай­ ланысын­ негізге ала отырып, белгісіз қосылғыш­тар­мен­ берілген­ теңдеуді шешу алгоритмі құрылатын бола­ ды. Белгісіз қосылғыштар — бүтін шаманың бөлігі, сондықтан оны табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті бөліп алу, яғни қосындыдан белгілі қосыл­ғыш­ты­ азайту керек. Егер сынып оқушылары дайын болса, бастапқы кезеңде­-ақ теңдеуді қалай тексеру­ керегін талқылауға болады. Теңдеудің дұрыстығын­ тексеру үшін алынған мәнді белгісізге қойып, тексеруге болады. Мұндай жұмыс міндетті болып табылмайды.

Кіріспе тапсырма. Сабақты жалпы тексеруден бастаңыз­. Теңдеу шешуді ұсыныңыз, мысалы, 5 + х = 13. Алғашында теңдеуді сандық сәуленің кө­мегімен шешіңіз. Содан кейін бір-біріне қосуға болатын­ текшемен шешіп көріңіз. (Мысалы: Lego) Бір-біріне 5 текшені қосыңыз. Сіз 13 текше болғанша 1 текшеден біртіндеп қоса беретініңізді хабарлаңыз. Бірінші жалғаған текше алтыншы болады, екінші жетінші және тағы сол сияқты сегізінші текше он үшінші болады. Осыдан кейін алғашқы жиналған 5 текшені алып тастау керек және жалғаған бөліктің неше текшеден тұратынын санауды ұсыныңыз. 8 деген жауап алынады. Қорытынды жасатыңыз. Теңдеу­ сандық сәуленің (қадамдарды санау) және заттардың­ көмегімен шешілгенін (текшелерді санау) хабарлаңыз. Мұндай ресурстарды үнемі қолдана беретіндей жағдай болмайтынын хабарлаңыз. Сондықтан­ бел­ гісіз қосылғыштармен берілген кез келген­ теңдеуді шешетін ереже керек деген қорытын­дыға­ келтіріңіз. Әртүрлі жауап алған оқушылармен­ бірігіп,­ теңдеуді қайтадан шешкізіңіз. Теңдеуді­ шешу кезінде бөлік пен бүтіннің өзара байланысын­ түсінуге жетелеңіз. Оларға мынадай­ сұрақтар қойыңыз:

осы теңдеудегі бөлік пен бүтінді атаңыз.

Белгісіз қосылғыш болып табылатын не?

Бөліктер мен бүтіннің өзара байланысы туралы қандай ережелер бар? (1. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті алу қажет. 2. Белгісіз бүтінді табу үшін оның бөліктерін қосу қажет.)

Теңдеудегі белгісіз қосылғыштарды табу үшін олардың қайсысын қолданамыз?

Егер бөлікті табу керек болса, бүтіннен басқа бөлікті­ алу керек деген қорытынды жасатыңыз. Енде­ ше белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі­ қосылғышты азайту керек

Қорытындыны бекіту үшін оны тірек сызбада көрсетіңіз. Мысалы:

Белгісіз қосылғышпен берілген теңдеуді қалай ше шу керек? Ол үшін:теңдеуден амалдар компонентін тауып, оны белгілеу;

егер х қосылғыш болса, “Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты алу керек” деген ережені пайдалану; амалды орындау;жауабын жазу.

Теңдеудегі белгісіз қосылғышты тап. Осы тапсырманы жалпы сыныппен орындаңыз. Теңдеуді шешуді сынып алдында тақтада орындауға болады. Оқушылар­ кезекпен тақтаға шығады және теңдеудің шешу жолын толық түсіндірмесімен айтып, теңдеуді шығарады:

Теңдеуді оқимын…;


Бұл теңдеуде қосылғыш — ..., қосынды — …;


Белгісіз қосылғыш. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамын;


х — айырма … және … тең;

Жауап: х тең …;


Жауабы:

х = 0; y = 12; a = 80; b = 40.


Туннельде неше вагон бар? Оқушыларға тун­ нельдің ішіндегі көрінбей тұрған вагондар санын жұппен талдауды­ және шешуді ұсыныңыз. Олар 2 санынан 15 санына дейін бір саннан біртіндеп санайды, себебі 2 вагон туннельден шығып тұр, ал 15 вагон әлі туннельге кірген жоқ. Кейбір оқушылар шешудің басқа тәсілін, яғни 15 санынан 2 санына дейін санау арқылы шешуді ұсынуы мүмкін. Бұл шешуді де құптаңыз, оны түсіндіріп беруін сұраңыз және 2 санына қосу тәсілімен тексертіңіз. Мынадай теңдіктерді құрастыруға болады: 6 + х = 18 және 2 + х = 14.


Шығарып көр. Оқулықтағы иллюстрацияда берілген текшелерден жасалған фигураларға бір­ неше текшені қосқаны (белгісіз бөлікті) және жаңа фи­гураны қалай алғаны нұсқармен көрсетіліп тұр. Белгісіз бөлік, яғни қосылғышты білу керек. Бұл тапсырманы­ өз бетінше орындауды ұсыныңыз және тексеруді­ жұппен орындатыңыз.


Жауабы:


а) 4 текше; ә) 9 текше.


Орындап көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыры­ ңыз. Оқушыларға ойын ойнауды ұсыныңыз. Оларға моншақ салынған қорапты ұсыныңыз. Моншақтың саны 20-дан артпауы тиіс. Бірінші ойыншы қорап­ тағы моншақтарды санайды да, сол санды есінде сақтайды. Содан кейін ол екінші ойыншыға­ қорапты беріп, ондағы моншақтарды санап, шыққан санды есте сақтауын­ ескертеді. Осыдан кейін бірінші ойыншы қорапқа­ тағы бірнеше моншақ салады. Бұл — оның қарсы­ласы­ табу үшін жасырылған белгісіз бөлік. Екінші ойыншы моншақтарды қайта санап, “Қанша моншақ қосылды?” деген сұраққа ауызша жауап беруі тиіс. Сонан кейін олар рөлдерімен ауысады. Тапсырманы­ орындау барысында бүтінді алу үшін белгілі­ бөлікке қандай да бір санды қосу тәсілін бекітеді.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылармен бірге белгісіз қосылғышпен беріл­­ ген теңдеуді шешу алгоритмін талқылау және сабақ­ бойы дұрыс тұжырымдауды қолдап отырған жөн. Осы жұмыс өз әрекетін терең

Белгісіз қосылғышпен теңдеу құрастыр.


Оқушылар суретке қарап, қосу амалына теңдеу құруы­ және белгісіз қосылғышты табуы қажет. Құрылған­ теңдік екі ыдыстың массасының теңдік түріндегі­ жазбасы болып табылады. Оқушылар теңдеудің­ шешуін торкөз дәптерге математикалық жазбаның ережесін сақтай отырып, дұрыс рәсімдейді. Мысалы, тепе -теңдікте тұрған табақты­ таразының бір табағында “х” деп жазылған қапшық­ пен 3 кг-дық кіртас, ал екіншісінде 5 кг-дық кіртас­ бейнеленген.


Суретке “х + 3 = 5” теңдеуін құрастыруға болады. Орындау үлгісі келтірілген.


Жауабы:

4 кг; 7 кг; 2 кг.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында: белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше біледі;

теңдеуді шешудегі өз іс-әрекетіне түсініктеме жасауды үйренеді.

Оқушының сабақты меңгергенін тексеру үшін қалыптастырушы­ бағалау түрінде мына сұрақтарды қойыңыз:

белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құ­ растыр.

Белгісіз қосылғыш не болып табылады? (Бөлік.)

Теңдеудің түбірі қалай табылады?

Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?

Өзін-өзі бағалау үшін жұмыс дәптеріндегі “Жетіс­ тік баспалдығы” бойынша жұмыс жүргізіңіз



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеу шешеді;

қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады, кері есеп құрастырады және шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу. 48, 49-беттер.

Жұмыс дәптері

Тірек сөздер

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Сабақтың мақсаты:

b – x = а, мұндағы b және а — кез келген теріс емес сандар болғанда теңдеудегі белгісіз азайтқышты табу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бүгінгі сабақта бүтін шама мен оның бөліктері арасындағы байланысты­ негізге алып, азайтқышы бел­ гісіз болып келген теңдеуді шешудің алгоритмі жаса­

лынады. Азайтқыш — бүтін шаманың­ бөлігі, сондықтан оны табу үшін белгілі бүтіннен бөлікті­ шегеру қажет. Егер сыныптың дайындығы жеткі­лікті­ болса, теңдеу шешімін тексеруді осы бастапқы­ кезеңде талқылауға болады. Белгі­сіздің­ алынған мәнін орнына қойып, тепе-теңдіктің­ дұрыстығын тексереді. Мұндай жұмыс­­ ты орындау міндетті болып табылмайды.Кіріспе тапсырма. Сабақты топтық ойын өткізу­­ ден бастаңыз. Сыныпты үш оқушыдан топқа бөліңіз. Төменде­ көрсетілген кесте сызылған парақшалар­ды­ әр топқа таратып беріңіз.

Болғаны

Алынғаны

Қалғаны








Бірінші оқушы кестенің бірінші бағанына геомет­­ риялық­ фигуралар тобының суретін салуы керек­ (немесе қиылған үлгілерден құрауы) және оны екінші­ топ мүшесіне береді. Екінші оқушы кестенің үшін­ ші бағаны­на­ осы топтағы бірнеше фигураны қайта салады­ да, топтың үшінші мүшесіне береді. Үшінші оқушы­ белгісіз бөлікті, яғни талап етілетін қалдық­­ ты алу мақсатымен, оның ойындағы, бірінші топтан жойылған­ бөлік болып табылатын фигураларды қайта салады. Топтағы балалардың рөлдерін ауыс тыры­ңыз. Әр оқушы барлық рөлде болып шығуы керек. Ойын аяқталғаннан кейін қорытынды шыға­ рыңыз. Оқушылардан белгісіз бөлікті қалай есептеп­ шығарғанын сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз­. Оқушыларды теңдеудегі белгісізді табу үшін оның бүтін әлде бөлік екенін анықтап алу керектігіне әкелу керек. Егер белгісіз компонент бөлік болса, берілген бүтіннен белгілі бөлікті азайту арқылы табу ережесін қолданыңыз. Ұғымды бекіту үшін оқулықтағы суретті мысалға алып белгісіз бөлікті табу ережесін түсіндіріңіз. (Қанша бұршақ болған? Бірнеше бұр­ шақты алған соң қаншасы қалды? Қанша алғанын санатыңыз.) Оқушылардың сандар кестесі мен сандық сәуле бойынша қосу мен азайту нәтижелерін есептей білу дағдысын жетілдіріңіз. Оқушылар “сөреден” “қажет” санға дейінгі қадамдарын санайтын болады.


Шоколад. Оқушыларға қарапайым есепті шығару ұсынылады. Тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Оқушылар екі иллюстрацияны сөзбен ауыстырып, есептің мәтінін оқып шығуы керек. Тапсырманы оқып және ойласа келе, тұтас­ шоколад тақтасы мен шоколадтың қалған бөлігі­нің­ санын­ торкөздерді санау арқылы есептеу керек деп қорытынды жасайды. Белгісіз бөлік азайтқышты есептеп, Сәуле шоколадтың жартысы, яғни 9 бөлікті­ жегенін­ табады.

Жауабы:

9 бөлік (немесе жартысы).

Қанша фигураны алып тастады? х-тің мәні неге тең? Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар­дан­ тапсырманы өз бетінше оқып және оны орындауын­ сұраңыз. Өткен сабақта олар осындай тап­сырманы орындаған, сондықтан белгісіз бөлікті табу тәсілі туралы білуі керек. Олар енді белгісіз қосылғыштың­ мәнін табады. Егер фигураның бастапқы­ саны мен қанша қалғаны белгілі болса, енді қан­ша фигураны алып тастағанын санай отырып таба алады.

Жауабы:

9 тіктөртбұрыш;

70 санақ таяқшасы.

Шығарып көр. Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Шешімді нақты түсіну үшін текшелер­ ден оқулықтағы иллюстрацияларға сәйкес фигура құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылар бірінші фигураны құрастырып, одан екінші бір фигура шығатындай бірнеше текшелерді алып тастауы керек. Жойылған

бөліктегі текшелер саны белгісіз х-тің мәніне тең болады.

Жауабы:

а) 3; ә) 8.

Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұпта орындатыңыз. Оларға моншақ салынған қораптарды таратыңыз­. Моншақ саны 20-ның көлемінде болу керек. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ­ салынған қорапты ұсынады. Екінші ойыншы қораптағы­ моншақты санап, оның санын есіне сақ тауға тырысады. Содан кейін бірінші ойыншы қорап­ тан бірнеше моншақты алады — бұл белгісіз бөлік, яғни бірінші ойыншының екіншіге жасырған бөлігі. Осыдан кейін екінші ойыншы моншақты қайта­дан­ санайды­ да, “Қанша моншақты бірінші ойыншы жасырып қалды?” деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табу тәсілін бекітеді.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың белгісіз азайтқышы бар теңдеу­ шешімінің алгоритмін, өз ойын, есепті шешу жолда­ рын дұрыс түсіндіргенін бақылап­ отырғаны­ жөн. Осы жұмыс өз әрекетін терең түсіну мен математикалық тілде сауатты­ сөйлеуді қалыптастырады. Бұл сабақта жаңа тірек сөздер жоқ.

х әрпін қолданып теңдеу құрастыр. х-тің мәні неге тең? Тап. Тапсырма азайтумен берілген теңдіктегі­ белгісіз бөлікті табу дағдысын бекітеді. Оқушылар­ жұмыс парағында иллюстрация бойынша белгісіз азайтқыш­ теңдеу құруға тиіс. Шешу кезінде оқушы­ лар бұрын үйренген кез келген әдісті қолдануына болады:

бүтіннен қалдықты шегеру және азайтудың нәтижесі бойынша азайтқыштың мәнін білу;

қалдықты бүтінге дейін толықтыру және толықтырған заттың саны бойынша белгісіз бөліктің мәнін білу;

екі топта заттар жұбын құрастыру және сан­ дардың айырмасы бойынша х-тің мәнін табу.

Барлық шешу жолы қабылданады. Егер тап­сырма екінші, үшінші тәсілмен және оны сыныпта орындаған­ жағдайда азайтумен тексеруді сұраңыз.

Жауабы:

а) 4 кәмпит; ә) 4 таңқурай жемісі; б) 5 жаңғақ; в) 9 текше; г) 5 үшбұрыш; ғ) 8 жұлдыз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

белгісіз азайтқышпен берілген теңдеуді шешуді;

а және b сандарының мәнін түсініп, а – х = b түріндегі теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсін­ діруді үйренеді.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

бүгінгі теңдеудегі қай компонент белгісіз бол­ ды?

Азайтқыш — бұл бүтін бе, әлде бөлік пе?

Белгісізді қалай таптық?

Мәтінге теңдеу құрыңдар: “Жанатта 17 ойын­ шық болды. Достарына бірнеше ойыншық сыйлады. Сонда онда 9 ойыншық қалды”.

Теңдеудегі белгісіздің мәнін білу үшін қандай сұрақ қою керек?

Белгісіз неге тең? (Өздерің ойлаған сұраққа жауап беріңдер.)

11 – у = 7 теңдігіне “хикая” ойлап табыңдар.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йын­ша­ өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Белгісіз азайғышы бар теңдеу

Мектеп:

Күні : 22.02.2018ж


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1 «А» сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;

қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектер қолданады;

есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есеп құрастырады және шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

бір-бірден ламинатталған парақ қағаз;

маркер;

белгісіз азайтқышы бар теңдеулер жазылған парақшалар;

сандық калейдоскоп” — бұл 8 бөлікке бөлінген, 7-ден 14-ке дейінгі сандар жазылған дөңгелек (оқулықтағы суретке қараймыз);

қағазқыстырғыш;

қарындаш.

Тірек сөздер

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Сабақтың мақсаты:

Белгісіз азайтқышты табу туралы ережені қолда­­ нып, белгісіз азайтқышы бар теңдеуді­ шешу дағдысын қалыптастыру. Осындай теңдеуді­ шешу алгоритмін құрау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта бүтін және оның бөлігі негізінде азайт­ қышы белгісіз теңдеуді шешу алгоритмі құрылады­. Азайтқыш — бұл азайту амалының компоненті,­ сондықтан оны табу үшін азайғыштан айырманың­ мәнін шегеру қажет. Егер сынып дайын болса, онда осы бастапқы кезеңде теңдеу шешімін­ қалай тексеру керегін талқылауға болады: белгісіздің алынған мәнін орнына қойып, алынған тепе-теңдіктің дұрыстығын тексереді. Бірақ мұндай жұмыс міндетті болып табылмайды.— Бүгінгі сабақта шығарған теңдеудің алдыңғы сабақта шығарған теңдеуден қандай айырмашылығы бар? Онда не белгілі? (Азайтқыш белгісіз.)

Нені табу керек: бөлікті ме, бүтінді ме? (Бөлікті.)

Бөлікті қалай табады? (Ережені айтып беруді сұраңыз.)

Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айыр­ маны шегеру қажеттігін айтып, қорытындылаңыз­. Оқушы­лардың­ назарын теңдеуді шешу кезіндегі іс-әрекеттер ретіне аударыңыз:

Теңдеуден бөлік пен бүтінді табу.

Белгісіздің не екенін анықтау.

“Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз” деген ережені қол­ дану.

Амалды орындау.

Жауабын айту және жазу.

Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалармен­ сабақ тақырыбын бекіту.


Сандық сәуленің көмегімен теңдеулерді шеш. Жұмысты жалпы сыныппен орындатыңыз. Тең­ деу шешуді тақтада орындауға болады. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, теңдеуді қалай шешіп жат­


қанын дауыстап­ түсіндіреді. Мысалы, 9 – а = 4.

Теңдеуді оқимын…

Бұл теңдеуде белгісіз — азайтқыш (а), белгілі — азайғыш (9) және айырманың мәні (4).

Сандық сәуледе 4 және 9-ға сәйкес келетін нүктелерді белгілеймін.

9-дан а-ны аламыз, яғни 9 санынан 4 санына қарай жылжимыз және сандық сәуле бойынша қадамдарды санаймыз.

Сандық сәуле бойынша 9 санынан 4 санына дейін 5 қадам.

Жауабы: х тең 5-ке.

Қалған үш теңдеудің шешімін де осыған ұқсас орындаңдар.

Жауабы: a = 5;

b = 3; c = 8; d = 1.

Бөшкеде қанша су қалды? Оқушыларға қара­ пайым есепті шешу ұсынылады. Оқушылар есепті шешу кезінде 40 – х = 10 теңдігін құрады. Оқушылар қанша су жұмсалғанын табу үшін 40 санынан 10-ды шегереді немесе 10 санын 40-қа дейін толық­ тырады. Бірінші жағдайда оқушылар азайту амалын­ орындайды, яғни белгісіз азайтқышты табу ережесін­ қолданады. Егер оқушылар шешімнің екін­ші жолын таңдаса, онда алдыңғы сабақта алған дағдысын­ қолданады.

Жауабы:

30 литр су.

Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды­ ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы оқып, талдайды және белгісіз азайтқышты белгілеп, 7 – х =5 түріндегі теңдеу­ құрастырып, шешу жолы туралы жалпы қоры­ тындыға келуі керек. Оларға жұппен жұмыс істеуді­ ұсыныңыз: бір оқушы теңдеуді шешеді және өзінің­ шешімін түсіндіреді. Ал екінші оқушы өзінің жолдасын­ тыңдайды да, содан соң өз амалын түсіндіре­ отырып тексеруді орындайды.

Жауабы:

2 кәмпит.


Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындауды­ ұсыныңыз­. Тапсырманы орындау үшін ресурста көр­ сетілген “сандық калейдоскоп” қажет. Дөң­гелектің ортасына қағазқыстырғыш пен қарындашты­ оқулықта көрсетілгендей етіп қоямыз. Қарындаш остьтің рөлін, ал қағазқыстырғыш остьтің айналасында қозғалатын бағдардың функциясын атқарады. Оқушылар қағаз­ қыстырғышты­ кез келген бағытта айналдырады. Қағаз­ қыстырғыш дөңгелектегі бір санның тұсына тоқтаған кезде сол сан теңдеудегі азайғыштың рөлін атқарады. Осылайша, оқушылар мүмкін болатын 8 теңдеудің 3-еуін құрастыруы тиіс.

7 – х = 3

15 – х = 3

20 – х = 3

10 – х = 3

9 – х = 3

8 – х = 3

13 – х = 3

14 – х = 3

Жауабы:

мүмкін болатын 8 теңдеудің үш нұсқасын алуға болатын сандар: 4, 5, 6, 7, 12, 17, 10, 11.

Есте сақта! Оқушылармен бірге азайтқыш амалының­ компоненттері атауын және белгісіз азайтқышты табу ережесін қайталаңыз. Айдарды оқытыңыз және оны есте сақтау қажеттігін ескертіңіз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар


Сабақта жаңа тірек сөздер жоқ, сондықтан “Сөздер тақтасына” көңіл бөліп, өткен сабақ­тағы тірек сөздерді дұрыс айтып, қайталайды және сабақ бойы түсініктемені дұрыс тұжырымдауын қолдап­ отырады. Бұл жұмыс оқушылардың математиканы­ терең түсінуі мен сауатты сөйлеуін қалыптастырады.

Теңдеуді шеш. Оқушылардың белгісіз азайт­ қышты­ табу кезінде алған дағдысын бекіту қажет. Олар төрт теңдеуді шешіп, ағаштың тамы­рына жазыл­ ған жауаптары мен теңдеулерді қосу қажет. Осы тапсырма белгісіз азайтқышты табу сабағында алған дағдыны қолдануға берілген.

Сандық сәуленің көмегімен теңдеуді шеш.

Оқушылармен жеке жұмыс жасау кезінде белгісіз­ азайтқышы бар теңдеуді шешу дағдыларын бекі­ту мүмкіндігі­ туады. Оқушылар есептеу үшін сандық сәулені қолданады,­ өйткені ауызша есептеудің оннан үлкен сандарды азайту тәсілін білмегендіктен, қолдана алмайды.

Жауабы:

15, 6, 8, 13,10.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шеше білуді;

жаңа типті теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсіндіруді үйренеді.

Оқушының сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

белгісіз азайтқышпен теңдеу құр.

Белгісіз азайтқыш болып табылатын не? (Бөлік.)

Осындай теңдеулерде белгісізді қалай табуға болады?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Теңдеуді шешу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;

қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

ламинатталған қағаз парағы;

маркер;

белгісіз азайғышы бар теңдеулер жазылған парақ­­ шалар;

сан кестесі;

0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле. Әр топқа арналған:

лото ойын алаңының жиынтығы (4 теңдеу жазылған­ 2 ойын алаңы, теңдеулердің жауабы көрсетілген­ 8 парақша);

А3 парағы.

Тірек сөздер

Теңдеуді шешу

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың кез келген теңдеуді шешуге қажетті тәсілді таңдай білу дағдысын бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта барлық өтілген тақырыптардың қоры­ тындысы шығарылады. Есептегенде 20 көлеміндегі сандар­ шығатын теңдеулерді шешудің барлық тәсілдері­ қарастырылады. Оқушылар теңдеуді ше­ шудің­ берілген тәсілін қолданып қана қоймай, үш мүмкіндіктің­ ішінен таңдай отырып, теңдеулердің барлық түрін шеше білу біліктілігін көрсетуі­ керек. Сабақта алгоритм бойынша бөліктер мен бүтіннің арасындағы өзара байланыс негізінде шешілетін теңдеулерді шешу жолын талдап айтып беруі тиіс. Теңдеуді шешудің дұрыстығын­ ауызша тексеруге кеңес беріледі. Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында өткен тақы­ рыптарды қайталаңыздар:

Теңдеу дегеніміз не?

5 – х = 2, х – 3 = 9, х + 8 = 11, 2 + х = 13 теңдеулеріндегі бөліктер мен бүтіннің қайсы­сы бел­ гісіз болып табылатынын атаңыз.

Әр теңдеудегі белгісіздің мәнін табу үшін қандай амал қолдану керек?

4. Теңдеуді шешу кезіндегі өз іс-әрекетіңе қалай


түсініктеме бересің?



Теңдеуді шешу

Түсініктеме:

алгоритмі (жатқа

1.

Теңдеуді оқимын

айтылмайды):

.


1. Теңдеудегі

2.

Осы теңдеудегі

бөліктер пен бүтінді

белгісіз — … .

табу.

3.

Белгісізді табу

2. Белгісіздің

ережесін қолданамын.

қосылғыш, азайтқыш

4.

х-тің мәні айырма

немесе азайғыш екенін

мен … тең.

анықтау.

5.

Жауабы: х-тің мәні

3. Белгісізді табу

тең.

ережесін қолдану.



  1. Амалды орындау.

  2. Жауабын айту және жазу.

Қобдишада неше інжу бар? Берілген тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылардан суреттегі інжу бойынша теңдеу құрып, оны шығаруды сұраңыз. Содан соң оқушылар ауызша түсіндіре отырып, теңдеуді өзара тексеруi қажет. Белгісіз қосылғыш немесе белгісіз азайтқыш арқылы екі түрлі теңдеу құру керек. Мысалы,

хПрямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 3 + 4 = 10 немесе 10 – х = 4. Екінші сурет­ ке оқушылар теңдеу құрып, оны шешуі керек: х – 4 = 10.

Жауабы:

6 інжу бар;

14 інжу бар.

ӘПрямая соединительная линия 4 Прямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 6 ріптердің мәнін тап. Жұмысты жұппен ұйым­ дастырыңыз. Оқушылар тапсырманы бөліп орындап, содан кейін барлығы бірге тексеру жүргізуіне болады. Оқушылар санның құрамы бой­ынша әрбір теңдеудегі белгісізді анықтайды.

Жауабы:


xПрямая соединительная линия 7 = 11; y = 6; y = 11; x = 100; x = 10; x = 80; y = 40; y = 70.

Шығарып көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыры­ ңыз. Теңдеуді шешуді ламинатталған қағазда орын­ дауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушы­лар­ белгісіз қосылғыш, азайтқыш немесе азай­ғыш рөліне байланысты теңдеуді шешу тәсілін өз еркінше­ таңдауы қажет. Теңдеуде оннан үлкен сандарға амалдар қолданылғандықтан, сандық сәу­ лені пайдалану қажет. Орындап болған соң жұптар парақтарды­ өзара ауыстырып, тексереді.

Прямая соединительная линия 8 Прямая соединительная линия 23 Прямая соединительная линия 24 Жауабы:


х = 11; у = 10;


аПрямая соединительная линия 25 = 20; b = 16.

Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушыларға лото ойнауды ұсыныңыз. Ойын алаңындағы әрбір ұяшыққа осы ұяшықтағы тап­ сырманың жауабы жазылған парақшаны қою керек. Бұл ойында ойыншылар текшені кезекпен лақтырады. Текшенің бет жағына түскен сан теңдеудің біреуінің жауабы болады. Ойыншы жауапты парақшаға жазып, шешілген теңдеуді жабу керек. Ойын алаңындағы барлық теңдеулерді түгел жапқан ойыншы жеңіске жетеді. Әрбір ойыншы өзінің ойын алаңында жазылған теңдеулерді шешеді.


Бірінші ойыншыда: 20 – х = 14; у – 4 = 0; а + 9 = 10.


Екінші ойыншыда: 18 – х = 13; у – 3 = 0; 18 + х = 20.

Прямая соединительная линия 26 Прямая соединительная линия 27 Прямая соединительная линия 28

Жауабы:

бірінші ойыншыда: 6, 4, 10. екінші ойыншыда: 3, 2, 5.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Математикалық тілде сауатты сөйлеуді дамыту терминдердің мағынасын түсініп, арифметикалық амалдарды меңгеруіне негізделген. Сабақта­ осындай мақсатқа жету оқушының өз пікірін, шешім­-ді түсіндіруіне, берілген теңдеуге “хикая” ойластыруына және шешімінің дұрыстығын тексе­ріп­ үйре­ нуіне көмектеседі.

Парақшалар. Бұл тапсырма арифметикалық амалдың бөлік және бүтін түрінде берілген ком­ поненттерінің­ өзара байланысы туралы түсінікті бекітеді­. Оқушылар теңдеудегі белгісіздерді сәйкес парақшалармен қосады. Парақшада арифметикалық амал компоненттерінің атауы жазылған және тең­ деудегі­ белгісіздің бүтін әлде оның бөлігі болатыны көрсетілген. Орындалу үлгісі келтірілген­.

Шетеннен жасалған моншақ. Оқушылар жүзге дейінгі сандарды қосу мен азайтуға берілген теңдеуді шешуі тиіс.

Жауабы:

а) х = 50; ә) y = 40; б) a = 20.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

әртүрлі теңдеулерді шешкенде амалдың ұқсас­ тығы мен айырмашылығын біледі;

қарапайым теңдеуді шешкендегі өз іс-әрекетін түсіндіре біледі;

теңдеудің шешімін тексеруді үйренеді.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақ қойыңыз:

Қандай тепе-теңдік теңдеу деп аталады?

Теңдеудегі белгісіздің мәні қалай аталады?

Белгісіз азайғышы бар кез келген теңдеу құр.

Белгісіз азайғыш болып не табылады? (Бүтін.)

Белгісіз азайтқышы бар кез келген теңдеу құр.

Белгісіз азайтқыш болып не табылады? (Бөлік.)

Белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құр.

Белгісіз қосылғыш болып не табылады? (Бөлік.)

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йын­ша­ өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Есеп дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосынды мен қалдықты табуға арналған есептерді талдайды және шығарады;


сандық мәліметтер бойынша кері есептер құрастырады және шығарады;


есепті шығару үшін тірек сызбасын таңдайды

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. Бөлек-бөлек парақшаларға жазылған есептің­ құрамдас­ бөліктерінің атаулары: “Шарты”, “Сұра­ ғы”, “Шешуі”, “Жауабы”;


  1. есепті құрастыруға және шешуге арналған сыз­ балар;


  1. есеп бөліктерінің атауы бар жадынамалар;


  1. парақ қағазға жазылған тапсырма мәтіні.


Тірек сөздер


есеп шарты; сұрағы; шешуі; жауабы.


Сабақтың мақсаты:


Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу үшін сы­нып­ бөлмесінің кең жерін дайындаңыз.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бастауыш сыныптағы есеп деп сандық сипаттама­­ ларды­ қолдана отырып, өмірлік жағдаятты суреттей­­ тін мәтінді айтады. Берілген сандық сипаттамалар міндетті­ түрде өзара бір-бірімен байланысты болуы керек. Жағдаят есептің шартына қойылады. Жағдаят есептің сұрағын қоюмен, яғни белгісіз компонентті іздеуге уәждеме жасаумен аяқталады. Есепті шығару­ — бұл оның сұрағына жауап беру деген сөз. Шарты, шешуі және жауабы — бұл есептің құрамдас бөліктері.


Сабаққа арналған ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Сабақты зерттеушілік жұмыс­­ ты ұйымдастырудан бастаңыз. Оқушыларға осы сабақ­ барысында “Есеп дегеніміз не?” деген сұраққа­ жауап іздейтінін хабарлаңыз.

Тақтаға зерттеудің мәні — “ЕСЕП” деген сөзді жазыңыз.


Оқушыларға топта “Есеп дегеніміз не?” деген сұрақ төңірегінде ойлану және талқылау қажеттігін айтыңыз­. Олардың жауаптарын тыңдаңыз.


Топтағы жұмысқа тірек ретінде оқушыларға мына кестені беріңіз.

Оқы және салыстыр

Прямая соединительная линия 9 Прямая соединительная линия 10 Прямая соединительная линия 11

7 + 3

Жанар жануарлар

Қосындының мәні

жөнінде 7 кітап және

неге тең?

саяхат жөнінде 3 кітап


оқыды. Жанар барлығы


неше кітап оқыды?


Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:


  1. Бұл тапсырмалардың қандай ұқсастығы бар?


  1. Әрбір тапсырманы қандай тәсілмен шығаруға болады?


Бірінші тапсырманы оқушылар қиналмай орын­ дайды. Берілген сандарды қосады да, қосындының­ мәнін табады. Оқушыларға екінші тапсырма қиындық келтіруі мүмкін.


Оқушылардан: “Осы екі тапсырманың қайсысы есеп болып табылады?” — деп сұраңыз.


Олардың жауабын тыңдаңыз. Неге олай ойлай­ тынын нақтылаңыз. Есептің математикалық пікір екенін хабарлаңыз. Есептің мәтінінде міндетті түрде шарты мен сұрағы болатынын айтыңыз.


Оқушыларға мәтіннен есептің шарты мен сұрағын­ табуды өтініңіз. Жұмысты жалпы сыныппен талқылау­ түрінде өткізіңіз. Оқушылармен бірге есептің шарты мен сұрағын оқыңыз. Олардың айырмашылығын тал­ қылыңыз. “ШАРТЫ” және “СҰРАҒЫ” деген сөздер жазылған кестені іліп, жаңа түсініктерді бекітіңіз.


Келесі кезеңге өтерде есептің сұрағына қалай жауап беруді сұраңыз. Оқушылардың болжауын тыңдап алыңыз. Сұраққа жауап беру үшін есепті шығару керектігін айтып, тақтаға “ШЕШУІ” деген сөзді жазыңыз.


Оқушылардан егер олар есептің шешуін орын­ даса, не алатынын сұраңыз. Жауаптарын тыңдап алып, жалпылаңыз­. Есепті шешу барысында оқушылар­ оның сұрағына “ЖАУАП” алады. Бұл терминді тақтаға жазып қойыңыз.

Есептің бірнеше құрамдас бөліктен тұратынын­ айтыңыз: шарты, сұрағы, шешуі және жауабы. Есептің шарты мен сұрағынан оның мәтіні құралатынын айтып қорытындылаңыз. Сызбаның көмегімен есептің барлық компоненттерін бей­нелеп,­ олардың арасындағы өзара байланысты анықтап­ және белгісіз компонентті қалай табуды түсіндіріңіз­. Оқушыларға берілген есепке қажетті сызбаны таңдауды ұсыныңыз. Ол үшін бірнеше нұсқаны­ беріңіз. Оқушыларға топта жұмыс істеуге мүмкіндік­ жасаңыз.

Мысалы, Жанар жануарлар туралы 7 кітап және саяхат туралы 3 кітап оқыды. Жанар барлығы неше кітап оқыды?

Сызбаның бірінші бөлігі нені білдіреді? (Жануарлар жөніндегі кітаптар санын.)

Ал екінші бөлігі ше? (Саяхат жөніндегі кітаптар­ санын.)

Нені табу керек? (Оқылған кітаптар санын.)

Есепті шығару үшін сызбаны қалай құруды түсін­ діріңіз. Суретпен берілген мәліметтер бар болса, есепті шығару жеңіл болатынын ескертіңіз.

Есеп. Оқушылармен бірге есептің шартын оқи оты­рып, қалыптастырушы тапсырманы орындауды ұйымдастырыңыз­. Есепті шешу барысында қажет болатын негізгі қадамдарды жазып алыңыз:

есепті оқы;

есептегі белгіліні және белгісізді анықта;

есепке сәйкес сызбаны таңдап ал;

есепті шеш;

есептің шешуін жаз;

жауабын жаз.


Есептің негізі бөліктері жөніндегі білімдерін бекітіңіз.


Шығарып көр. Оқушыларға есепті оқытыңыз. Есептің қандай негізгі бөліктерін­ атап көрсетуге болатынын сұраңыз. Оқушылар есепті шығаруға кіріспес бұрын оны талдауға көмектесіп,­ нұсқау беріңіз.


  1. Есептің мазмұнын түсіну кезеңі: “Есептің мәті­ нін оқы, онда кім немесе не жөнінде айтылғанын анықта”.


  1. Жоспарлау кезеңі: “Есептің сызбасын немесе суретін қарап шық. Бөліктері мен бүтінді анықтаң­ дар. Әр санның нені білдіретінін түсіндір”.


  1. Шешу кезеңі: “Есептің сұрағына қалай жауап беруді ойлан. Белгісіз бүтінді табу үшін қандай­ амалды орындау керек? Есептің шешуін жаз”.


  1. Тексеру кезеңі: “Есептің жауабын жаз. Кері амал арқылы тексер”.


Берілген алгоритмге сүйеніп есеп шығаруды ұйым­ дастырыңыз.

Прямая соединительная линия 12 Прямая соединительная линия 13 Прямая соединительная линия 14

Жауабы:

14 + 3 = 17 зат.

Жауабы:

17 зат.

Прямая соединительная линия 15

Орындап көр. Тапсырма оқушылардың есеп мәтіні мен сұрағы арасындағы өзара байланысты түсініп, бекітуге арналған. Суретке сүйене отырып, оқушылар­ есептің шартын құра алады. Жұмыс бары­ сында оқушы назарын есептің құрамдас бөлік­тері жазылған жадынамаға аударуға болады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылар есептің құрамдас­ бөліктерін жіктеп, мәтіннің есеп немесе есеп емес екенін анықтайды. Талқылайды, өз пікірін айтады.


Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Ол үшін “Есеп” деген жазуы бар қорапты пайдаланыңыз. Бірнеше парақшалар дайындап, оның бірнешеуіне есеп­ тің мәтінін, ал қалғандарына есепке жатпайтын мәтіндерді жазыңыз. Оқушылар парақшада не жазылғанын анықтап, есептің мәтіндері жазылған парақшаларды қорапқа салады.


Есеп құрастыр. Оқушылар есеп бөліктерін­ олардың атауларымен сәйкестендіріп белгілейді­. Жоғары жолда­ орналасқан сөздер мен оған сәйкес төменгі жолдағы есептің бөліктерін сызықпен қосып көрсетеді.

Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар есептің жауабын санды өрнекпен жазады (есептің шешуі) және алынған санды жауапқа жазады.

Жауабы:

Шарты — “Саяхатшы 15 сағат автобуспен және 4 сағат жаяу жүрді”.

Сұрағы — “Саяхатшы неше сағат жолда болды?”.

Шешуі — сызба және санды өрнек:

15 + 4 = 19 (сағат).

4. Жауап: 19 сағат

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

есептің не екенін түсінеді;

сандарды қосуға арналған қарапайым есептерді­ шығара алады.

Берілген тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін­ анықтау үшін сұрақтар қойыңыз:­

Есептің негізі бөліктерін ата (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы).

Есептің сұрағы деген не?

Егер есепте сұрақ болмаса, ол есеп болып табыла ма?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалатыңыз.


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Есептің графикалық моделі

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды бірнеше бірлікке арттырады, кемітеді; айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есептер құрастырады және шығарады.


есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шешу үшін тірек сызбаны таңдайды.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. сыныптағы ұлдардың санына сәйкес көк түсті шаршылар;


  1. қыздардың санына сәйкес қызыл түсті шар­шылар;


  1. көк және қызыл жолақтар;


  1. желім.


Тірек сөздер

сызба.


Сабақтың мақсаты:

Санның графикалық моделін кесінді түрінде салуды үйрету; талдау мен сараптау арқылы ойлау дағдысын дамыту.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Есеп шартын берудің көптеген тәсілдері бар. Солардың бірі — графиктік тәсіл. Оның артық­ шылығы — көрнекілігі. Есептің моделі белгілі шама мен іздеп отырған белгісіздің­ арасындағы тәуелділікті тез анықтауға мүмкіндік­ береді. Осы ретте әртүрлі тәсілмен есептердің­ графикалық моделін құруға болады. Осы сабақта кесінді арқылы мәтін есептің шартын құрастыруды­ қарастырамыз.


Сабаққа арналған ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға топта жұмыс істеуді ұсыныңыз (қыздар мен ұлдарды араластырып топқа бөліңіз). Оларға қағаз бетіне бір сызықтың бойына сыныпта қанша ұл болса, сонша көк шаршыларды және қанша қыздар болса, сонша қызыл шаршыларды орналастыруды­ ұсыныңыз. Шаршыларды желімдетіңіз. Қанша­ шаршы шыққанын санатыңыз. Оқушыларға өз тобын график түрінде көрсетуді сұраңыз (оқушылардың орнына шаршыларды пайдалансын). Оларға ұзындығы барлық көк түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолақты кесуді және оны парақтың төменгі жағына желімдеуді сұраңыз. Оқушыларға жолақтың қанша шаршы құрайтынын санап (бұл — ұлдардың саны), үстіне жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылардан ұзындығы барлық қызыл түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолағын кесуді сұраңыз. Қызыл жолақты көк жолақтан кейін желімдеуді ұсыныңыз. Оқушыларға қызыл жолақтың үстіне шаршылардың, яғни қыздардың санын жазуды, сосын топта қанша қыз, қанша ұл бар екенін сұраңыз. Оқушыларға мәтін есептің моделі шыққанын айтыңыз. Олардан мәтін есептің моделінде сұрақты қалай қоюға болатынын сұраңыз (мүмкін, біреу дөңгелектерді қосуды ұсы­ нады). Оқушыларға сұрақты көрсету үшін шар­шы­ лардың жоғарғы жағын доғамен сызып, жалпы санын көрсету және үстіне сұрақты жазудың қолайлы болатынын айтыңыз. Үлгіні тақтада көрсетіңіз және оқушылардан модельді бояуды өтініңіз. Оқушыларға қолайлы болу үшін дәптерге­ жолақ емес, кесінді сызу керектігін айтыңыз.


Есептің келесі шартын топта талдатыңыз. Есептің мазмұнына қарай оқушыларға сұрақ қойыңыз және оны топта шығартыңыз.


Үшінші есепті оқушыларға жұппен талдатыңыз. Есептің мазмұнына қарай оларға сұрақ қойыңыз және оны жұпта шығартыңыз.


Оқушылардан осы есептердің және олардың сызбаларының ұқсастығы­ мен айырмашылығын сұраңыз.


Жауабы:

8 құс; 18 құс; 17 құс.


Сызба бойынша есеп құрастыр. Есептің моделі бойынша оқушыларға сұрақ қойыңыз: не белгілі? Есепте қандай сұрақ болуы тиіс?


Оқушыларға топпен жұмыс істетіңіз және өз есе­ бін құрғызыңыз. Содан кейін өздері ойластырған есебін оқытыңыз. Қалған топтарға есептің дұрыстығын­ тексеруді ұсыныңыз.


Шығарып көр. Берілген модельдің алдыңғы модельден­ немен ерекшеленетінін сұраңыз. Сызбада­ неше жеміс белгіленген? Осы сұрақтарға жауап беру үшін не істеу керек? Оқушыларға өз бетінше есептеп, есептің сұрақтарына жауап беру керектігін­ айтыңыз.


Жауабы:

9 жеміс.


Орындап көр. Оқушыларға берілген тапсыр­­ мадағы­ сурет пен сызбаны қарап шығуды ұсыны­ңыз­. Оларға иллюстрацияда не салынғанын және сызба­ ға қарап нені анықтауға болатынын талдатыңыз.

Оқушылардың сурет пен сызбаның өзара байланысы­ туралы не ойлайтынын нақтылаңыз. Оларға берілген сурет пен сызба бойынша есеп құруды ұсыныңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Есеппен жұмыс жасау кезінде математикалық терминдерді­ дұрыс қолданып сөйлеуге баса көңіл аудару­ қажет. Оқушылар есептің шартын, сұрағын ажырата білуі керек. Оқушыларға “Толықтыр” ойы­ нын ұсыныңыз. Сынып оқушыларын екі-үш оқушы­­ дан топқа бөліңіз. Тақтаға екі топты шақырыңыз:­ бір топ шартын құрады, екіншісі толықтыра­ды­. Сосын рөлдерімен ауысады. Қателескен топ отырады­ да, орнына басқа топ шығады. Ең соңында қалған топ жеңеді.


Сызбалар мен теңдіктерді сызықтар арқылы қос.


Бірінші өрнекпен ұжымдық жұмыс жүргізіңіз. Сұрақ қойыңыз:

Қанша үшбұрыш болды?

Қанша қостыңдар?


Берілгені бар осындай сызбаны табыңыз. Сызық­­ пен қосыңыз.


Сосын оқушылардың есепті өз беттерімен аяқ­ тауына мүмкіндік беріп, орындалған тапсыр­маны ұжыммен тексеріңіз. Қосымша мәтін есеп құрастырып, оны шешкізіңіз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

есептің моделін оқуды;

кесінді негізінде есеп моделін құруды меңгереді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

есеп шартын қалай беруге болады?

Неліктен графикалық модельді пайдалану қо­ лайлы?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қосу амалына берілген есептер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды бірнеше бірлікке арттырады және кемітеді, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есептер құрастырады және шығарады;

есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шығару үшін тірек сызбасын таңдайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

оқушылардың қысқы демалысы бейнеленген жеке фотосуреттері немесе ормандағы қысқы демалыс­ суреттері;


әртүрлі сызба нұсқалары бар парақшалар;


ламинатталған қағаз парақтары;


маркерлер.

Тірек сөздер

Қосу амалына берілген есептер

Сабақтың мақсаты:

Оқушылармен қысқы демалысты қалай өткізгені туралы­ әңгімелесіңіз­. Оларға осы сабаққа қысқы демалыста­ түскен фотосурет не “Қысқы ойындар”,­ “Қыстағы­ орман аңдары”, “Қысқы пейзаж” тақырып­ тарында дайын сурет әкелуді тапсырыңыз.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ есепті талдау мен шешуге бағытталған. Бұл сабақта оқушылардың есептің құрамдас бөліктерін,­ яғни шарты, сұрағы, шешуі және жауабы түсінігін­ бекі­теді. Есепті шешу тәсілдері сызбалар­ негізін­ де құрылады. Оқушылар бүтінді табу үшін қажет бөліктерді тауып, оларды қосады.



Оқушыларға өз есептеріне сәйкес келетін сызба­ ны таңдауды тапсырыңыз. Ол үшін сызбаны рәсімдеу­ нұсқаларын үстелге жайып қойыңыз. Әр жұптағы оқушының қолындағы сан әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан­ сызбаларда дәл сандар болмауы керек­. Оларды оқушылар сызбамен жұмыс барысында тізімге кіргізеді. Әр жұп үстеліге келіп, есепке қажет сызбаны­ таңдай алады.


Оқушылардың өз есебіне сызбаны қалай таң­ дайтынын бақылаңыз. Бақылау нәтижесін бағалау кезінде пайдаланыңыз.


Оқушылардың сандық мәндерді сызбада қалай жазатынына назар аударыңыз.


Олардан есепке қандай сұрақ қойғанын, оны сызбада белгілеуін сұраңыз.


Әрі қарай оқушылар есепті шығарады. Есеп шығару дағдысын игерген жұптарға тапсыр­маны­ өз бетінше орындау мүмкіндігін беріңіз. Қиналып­ отырған оқушыларға сұрақтар қойыңыз:


Бірінші топтағы фотосурет саны нені білдіреді? (Бөлік.)


Екінші топтағы фотосурет саны нені білдіреді? (Бөлік.)


Есепте нені білу керек? (Барлық фотосурет санын.)


Ізделіп отырған шама нені білдіреді? (Бүтінді.)


Белгісіз бүтінді қалай табуға болады? (Бөлік­ терді қосу керек.)


Қосу кезінде қандай таңбаны қолданамыз? (Қосу таңбасын.)


Санды өрнекті жазып, оның мәнін табыңдар.


Есепке жауап жазыңдар.



Жұмыстың мақсаты: барлық есептер фотосу­ реттің жалпы санын табуға­ арналғандықтан, мағынасы бірдей есептер алу.

Нәтижесі:

  1. оқушылар құрастырған есептердің сызбасы бірдей. Олар тек сандық мәндерімен ғана ерекше­ ленеді;


  1. есепті шығару үшін арифметикалық амалдың бір ғана таңбасы таңдалды. Барлық есептер қосуға арналды.


Қорытынды: есептер әртүрлі, өйткені әртүрлі сандық мәндер қолданылды.

Есепті тап. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды тапсырыңыз. Алдымен олар екі мәтінді оқып, қай мәтіннің есеп болып табылатынын анықтауы керек. Оқушылар есептің құрамдас бөліктерінің тізімі бар жадынаманы қолдана алады және сабақта меңгерген білімдеріне сүйенеді. Бұл тапсырма оқушылардың есеп және есеп мәтінінің қандай құрамдас бөліктерден тұратыны жөнінде жалпы түсініктерін тағы да бекіте түседі.

Жауабы:


дұрыс жауап “Ә”, өйткені бұл мәтін шарт пен сұрақтан тұрады.


Шығарып көр. Оқушыларға топта жұмыс жасап, берілген есепке қажетті сызбаны таңдауды тап­сы­ рыңыз. Олар құрастырған есепті ұсынылған сызбамен салыстыра алады. Әрі қарай есептің шешуін және жауабын жазады. Топтар арасында орындалған жұмысты талқылатыңыз. Оқушылар бір-бірінің жұмысын өзара бағалайды. Егер талқылау кезінде топтар арасында келіспеушілік туындаса, ұсынылған жауаптардың дұрыс нұсқасын таңдауға көмектесіңіз.


Жауабы:


ә) 10 + 8 = 18 (б.) Жауабы:


18 бүршік.


Орындап көр. Оқушылар есепті оқиды және шығарады, олар есеп сұрағына жауап іздейді. Оқу диалогін ұйымдастырыңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз. Өз көзқарасын міндетті­ түрде негіздеуді сұраңыз. Оқушылар Әлияда бір жаңғақ қалуы мүмкін деп жорамалдай алады, бірақ есептің сұрағына нақты жауап бере алмайды.


Оқушылар дұрыс жауап беру үшін есептің шар­ тына сүйене отырып сұрақты ауыстыруды ұсыныңыз.


Жауабы:

Әлия астауға қанша жаңғақ салды? 7 + 10 = 17 (жаң.)


Жауабы: 17 жаңғақ.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылар есептің құрам­ дас бөліктерін білдіретін атауларды өз сөзінде қолданатын­ болады. Сонымен бірге оқушылар­ есеп мәтінін құрастырып, оны оқу диалогі кезінде бір- бірімен талқылайды. Оқушылар өз тұжыры­­ мын­ жазып қояды. Оқушылар мәтінді оқу кезінде берілген мәтіннің есеп немесе есеп емес екенін анықтай алады.

Қысқа жинаған қор. Оқушылар есептің шар­ тымен танысып, оны талдайды, сызбасын жасайды­. Жұмыс парағының арнайы бөлінген жеріне есептің шешуі мен жауабын жазып қояды.

Жауабы:

12 + 7 = 19 (саң.) Жауабы:

19 саңырауқұлақ.

Орман шетінде. Оқушылар қосуға арналған есептерді­ шешу дағдысын бекітеді. Олар есептің шарты­мен­ танысып, оны талдайды, сызбасын жасайды­. Жұмыс парағының арнайы бөлінген жеріне есептің­ шешуі мен жауабын жазып қояды.

Жауабы:

11 + 5 = 17 (қ.) Жауабы:17 қоян.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

қосуға арналған есептерді талдауды және шы­ ғаруды меңгереді;

есепті шығаруға арналған сызбаны таңдай алады­.

Берілген тақырып бойынша оқушылардың мең­ герген білімін тексеру үшін мына есепті оқыңыз да,

сұрақтар қойыңыз.

Есеп. Қыс бойы оқушылар ірі құстар үшін 12 жемсалғыш және сарышымшық үшін 6 жемсалғыш дайындады. Балалар барлығы неше жемсалғыш жаса­ ды?

Есептің шартын ата.

Есептің жауабын ата.

12 және 6 сандарын және қосу амалдарын пайдаланып есептің шартын айт.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Азайту амалына берілген есептер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосынды мен қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады, кері есептер құрастырады және шығарады, есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді;

есеп шығару үшін тірек сызба таңдайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

барлық оқушыға таратуға арналған қыстап қалатын­ құстардың бетпердесі;

қыстап қалатын құстар” тақырыбына көрсетілім;

тірек сөздер жазылған парақшалар;

жіп.

Тірек сөздер

Азайту амалына берілген есептер

Сабақтың мақсаты:

Қалдықты табуға арналған есептерді талдау және шығару, азайтуға берілген есептерге тірек сызбалар жинақтау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылардың­ әрекеттерін бақылап, бағыт беріп отырыңыз. Оқушылар­ тиісті өрнектерді тақтада жазу үшін сұрақтар қойыңыз:

— “Жемсауыттың” жанына қанша құс жиналды?­ (Мысалы, 20.)

Бес торғай ұшып кетті. Жемсауыттың жанында неше құс қалды?

Біз қандай сызбаның көмегімен есептің шарты мен сұрағын нақтылап жазып қоя аламыз?

Берілген есепте не белгісіз? (Бөлік.)

Біз қандай амалдың көмегімен есептің сұра­ ғына жауап бере аламыз? (Азайту амалының көме­ гімен.)

Белгісіз бөлікті қалай табу керектігін оқушыларға талдауды­ ұсыныңыз. Егер қажет болған жағдайда тор­ғайларға байланысты сахналық қойылымды қай­ талаңыз. Оқушылар белгісіз бөлікті табу үшін бүтін­нен белгілі бөлікті азайту керек деген қорытынды­ жасай алады. Сызбаны қолданып есептеу жолының мына тәсілін тағы да бір рет көрсетіңіз: сызбада азайтатын бөлікті қысқа сызықтармен белгілеп қоюға болады. Бұл тәсіл оқушыларға белгісіз бөлік­ті табу тәсілін жоспарлауға көмектеседі.

Азайту амалының компоненттерін қайталатыңыз. Өрнекті оқуға мысал келтіріңіз: 25 пен 5-тің

айырмасының мәні 20-ға тең.

Қалған “құстардан” кептер, сауысқан мен суықторғайларды азайта отырып, ойынды берілген­ сценарий бойынша оқушылардың барлығы өз ор­нына жайғасқанша жалғастырыңыз. Оқушылардың назарын­ тақтаға аудартыңыз. Онда қандай өрнек жазылып­ тұрғанын сұраңыз.

Белгісіз бөлікті қалай табатыны туралы қорытынды­ жасатыңыз. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайту керек.

Қысқы бақтағы құстар.

Сынып оқушыларына мынадай сұрақтар қойыңыз:

Сурет бойынша қандай есеп құрастыруға болады?

Берілген есепті қандай амалдың көмегімен­ шығаруға болады?

Сурет бойынша азайту амалына есеп құрастыруды­ жұппен орындауды ұсыныңыз­. Оқушылардың­ азайту амалын қолданып құрастырған­ өрнектерін дұрыс оқуына, азайту амалының құрамдас бөліктерін орнымен пайдалануына­ көңіл бөліңіз.


Жауабы:


А) 5 суықторғай. 7 – 2 = 5 (c.).


Ә) Қалған құстардың түрлері туралы есептерді оқушылар суықторғай туралы есепке ұқсас етіп құрастырады. Барлық есеп нұсқаларының азайту­ амалымен құрастырылуы маңызды.


Шығарып көр. Тапсырма азайту амалына беріл­ ген есептерді шығару дағдысын қалыптастыруға­ бағытталған.


Оқушыларға суреттерде берілген санды өрнек­ терді тауып оқып, мәнін есептеуді ұсыныңыз. Берілген жұмысты топпен ұйымдастыруға болады. Оқушылар санды өрнектерді тауып, әр оқушы кезекпен мәнін айтады. Бұл оқушылардың бірін-бірі оқытуына жағдай жасайды.


Жауабы:

20 – 5 = 15 (күн). Жауабы:


15 күн.


Орындап көр. Тапсырма мәндері бірдей өр­нек­ терді табу дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушы­лар­ оң және сол жақтағы өрнектердің мәнін тауып,­ мәні бірдей өрнектерді атайды.


Жауабы:

12 – 2 = 10 және 40 – 30 = 10; 20 – 8 = 12 және 18 – 6 = 12;


9 – 5 = 4 және 14 – 10 = 4. Тапсырманың екінші бөлігінің орындалуы оқушылардың қандай санды өрнектерді таңдап алуына байланысты болады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Азайту амалының құрамдас бөліктерін қайталау­ мақсатында­ ойын ұйымдастырыңыз. Әр оқушы­ ға арналған тірек сөз жазылған парақшалар мен жіпті пайдаланыңыз. Қолындағы­ парақшаларда үш тірек сөз жазылған үш оқушы­ керілген жіпке парақшаларды қысқышпен ілу керек. Кейін тағы үш оқушыны шақырыңыз. Олар да қолындағы сөздерді жіпке іледі. Бірдей сөздер­ болса, қатар іледі.

Жаратылыстану. “Жануарлар” тарауы. “Жа­ нуарлар әлеміне жыл мезгілдерінің әсері” тақырыбы.

Қосымша тапсырмалар

Болаттың қамқорлығы. Тапсырманы орындау барысында­ оқушылар сызбаны айқындап алады, есептің­ шығарылуы мен жауабын жұмыс дәптеріндегі арнайы орынға жазады.

Жауабы:

20 – 7 = 13 (күн). Жауабы:

13 күн.

Саяхатшы суықторғай. Тапсырма азайтуға берілген­ есептерді шығарып машықтануға арналған. Оқушылар есепті оқып, оны талдайды­. Есепке сызба құрастырып, бүтін мен оның бөліктерін белгілей алады. Белгісіз бөлікті штрихтап сызады, осылайша белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен дәл сол белгіленген бөлікті азайту керегін көрсетеді.

Оқушылар арнайы белгіленген беттің бөлігіне есептің шығарылуы мен жауабын жазады.

Жауабы:

90 – 20 = 70 (күн). Жауабы:

70 күн.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

азайтуға берілген есептерді шығарады (бүтіннен­ қалдықты табады);

осы типтес есептерді тірек сызбасы арқылы шы­ ғарып үйренеді.

Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар қойылады:

азайтудың құрамдас бөліктері қалай аталады? (Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.)

Азайту кезіндегі санды өрнектің мәнін табу дегенді қалай түсінесің? (Айырманың мәнін табу.)

Есепті шығару үшін қолданылатын санды өрнектерді жазыңдар.

Суықторғайда күнбағыстың 8 дәні болған. Ол төрт дәнді жеді. Оның енді неше дәні қалды? (8 – 4 = 4.)

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Кері есепті құрастыру және шығару

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды бірнеше бірлікке арттырады және кемітеді, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есептер құрастырады және шығарады;

есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шығару үшін тірек сызбасын таңдайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Кері есепті құрастыру және шығару

Тірек сөздер

  1. монеталары бар конверт;


  1. А4 пішіміндегі қағаз;


  1. қатты қағаздан жасалған медальдар;


  1. маркерлер;


  1. ламинатталған қағаз парақтары.

Сабақтың мақсаты:

Берілген есепке кері есептер құрастыру дағдысын­ қалыптастыруға жағдай жасау. Сызба бойынша­ есеп құрастыру және есептерге сызба­ салу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ кері есептер құрастыру және оны шығару дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл сабақта қосу және азайту амалдарының өзара кері амалдар еке­ ніне баса назар аударылады. Оқушылар осы білім­­ дерін есеп шығару кезінде арифметикалық амал­ дарды дұрыс таңдауға, дұрыс қорытынды жасауға пайдаланады­. Сондықтан берілген есепке кері есеп құрастырғанда ескерілетін жағдайлар қарастырыла­ ды: шешуі қосу амалымен орындалатын есепке­ кері есеп азайту амалымен, ал шешуі азайту­ амалымен­ орындалатын есепке кері есеп қосу амалы­мен­ және азайту амалымен құрастырылады.

Кіріспе тапсырма. Есеп шығаруға­ арналған мате­ матикалық бәйге ойынын ұйымдас­ты­рыңыз­. Есеп­ тің мәтіні мен шешуін қағаз беттеріне жаза алады. Осыдан кейін оқушыларға құрастырған есептер жазылған­ бетті конвертке салып, сағат тілінің бағыты бойынша­ келесі топқа ұсынуды­ сұраңыз. Шешуі бар қағаз парағын оқушылар­ өздерінде қалдырады.

Конверттегі есепті алған оқушылар оны шеше бас­ тайды. Берілген есепті шығарған соң оқушылар оған кері есептер құрастырады. Олар осылай шығарған есепті кері есептер арқылы тексере алады. Математикалық бәйгенің барысында топтардың қалай жұмыс істеп жатқанын бақылап жүріңіз. Оқушылардың есептердің моделін қалай салғанына, қалай талдау жасағанына және қалай шығарғанына назар аударыңыз. Берілген есепке кері есептерді қалай құрастырғанын бақылаңыз. Жұмыс соңында оқушылар “Қосу амалымен берілген есепке кері есеп азайту амалымен орындалады және керісінше болады” деген қорытындыға келеді.

Есептерді салыстыр. Оқушыларға турнирді жалғастырып, келесі тапсырманы орындайтындарын айтыңыз. Олардың міндеті — үш есепті оқып, салыстыру. Бұл есептерді қалай атауға болатынын сұраңыз. Берілген есептердің өзара кері есеп екенін дәлелдеп беруді ұсыныңыз. Оқушылар есептің тақы­ рыбы ұқсас, сандық мәліметтерінің бірдей екенін айтады. Есептің сызбасын салып, шешуі мен жауабын жазып салыстыру арқылы да дәлелдей алады.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

бірінші есепті қандай амалмен орындадыңдар? Неге? (Қосу амалымен.)

бірінші есепте бүтін белгісіз. (Бүтінді табу үшін белгілі бөліктерді қосады.)

Екінші есепті қандай амалмен шығардыңдар? Үшіншіні ше? (Азайту амалымен. Екі кері есепте де бөлік белгісіз. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайтамыз.)

Жауабы:

10 + 30 = 40 (мин.) Жауабы: Дина 40 минут дайындалды.

40 – 30 = 10 (мин.) Жауабы: Дина 10 минут есеп шығарды.

40 – 10 = 30 (мин.) Жауабы: Дина 30 минут сурет салды.

Орындап көр. Оқушыларға жұмысты жұппен орындауды­ ұсыныңыз. Олардың міндеттері — ұсы­ нылған сызба бойынша есеп құрастыру. Оқушылар­ сызба бойынша талқылау жұмысын жүргізіп, бүтін мен бөлік арасындағы өзара байланысты ескеріп, есептің мәтінін құрастырады. Оқушылардың ойына, есептің тақырыбын таңдауға шектеу қоймаңыз. Бұл олардың шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді. Оқушылардың қанша есеп құрастыра алғанына назар аударыңыз. Әрбір оқушы бастапқы есепке екі кері есеп құрастыра алады.


Шығарып көр. Егер бастапқы есеп азайту ама­ лымен орындалса, оған құрастырылған кері есеп қосу амалының көмегімен шығарылатынын түсі-­ ну — берілген тапсырманы орындаудың­ мақсаты. Бұл қорытынды қосу мен азайту амалының өзара кері амал екеніне негізделген. Оқушылардың осыны түсінуі үшін есептің мәтінін оқып, шығаруды ұсыныңыз. Бастапқы есепте белгісіз бөлікті табу керек болса, кері есепте керісінше бүтінді табу көзделеді. Жауабы:


мерекеге арнап бірнеше әуе шарын сатып алды. Оның 17 шары үрленді, 6 шары жарылып қалды. Барлығы неше шар қалды?

Шешуі:

17 – 6 = 11 (шар).

Жауабы:

11 шар қалды.


Ойлан. Келесі тапсырма бәйгенің соңғы тапсыр­ масы­ болып есептеледі.


Оқушыларға берілген есепті оның шешіміне сәйкес­ келетін сызбаны таңдап алу арқылы шығару­ ды ұсыныңыз­. Одан әрі кері есептер құрастырып, оларды­ шешуге сызба таңдап және есепті шығарып, оның шығарылуын­ ламинатталған парақтарға жаза­ ды. Беттер­ді­ бір-бірімен алмастырып, өзара тексеру­ жүргізеді.


Математикалық бәйгенің қорытындысын шыға­ рыңыз. Бәйгеге қатысқан әр оқушыға “Есепті жақсы шығар­ғаны­ үшін!” деген жазуы бар медаль тағыңыз.


Қосымша тапсырмалар


Кері есепті тап. Оқушылар қосумен шығарыла­тын­ тура есепке шешуі азайту амалымен шығарыла­тын­ екі кері есеп құрастыруға болады деген қорытынды­ны­ пысықтай түседі. Ал азайтумен шығарылатын тура есепке шешуі қосу амалымен және азайту амалымен­ шығатын кері есептер құрастыруға болады деген білімдерін бекіте түседі.


Жауабы:

27 + 8 = 35 марка.

35 – 27 = жануар бейнеленген 8 марка.

35 – 8 = спорт түрі бейнеленген 27 марка.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру







Сәбираның сүйікті ісі. Оқушылар ұсынылған есепті оның сызбасын салу арқылы шығарады. Содан кейін оқушылар өз бетінше кері есептер құрастырып, оны шығарады.

Жауабы:

14 + 5 = 19 ашықхат.

19 – 5 = гүлдің суреті салынған 14 ашықхат.

19 – 14 = жануар суреті салынған 5 ашықхат.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

кері есеп құрастыру мен шығаруды;

сызба бойынша есеп құрастыруды;

есептерге сызба сызуды меңгереді.

Оқушылардың тақырып бойынша меңгерген білімдерін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:

егер есептің шешуі 5 + 2 өрнегімен шықса, осы есепке кері есептің шешуі қандай болуы мүмкін?

Егер есеп 5 – 2 өрнегімен шықса, кері есептің шешуі қандай амалмен орындалады?

Қорада 6 қошақан, 4 лақ тұр. Қорада барлығы қанша төл бар?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге

арналған есептер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды бірнеше бірлікке арттырады және кемітеді; айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есептер құрастырады және шығарады;

есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шығару үшін тірек сызбаны таңдайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

оқушылардың әрқайсысына арналған А6 қағазы­­ ның парақтары;қарындаштар.

Тірек сөздер

Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер

Сабақтың мақсаты:

Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге­ арналған есептерді шешуге үйрету, есептің сызбасын құру; кері есептер құру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бұл сабақта санды бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуге арналған есептерді шығару жалғасады. Оқушыларға берілген саннан бірнеше бірлікке артық сан қосу амалымен табылатынын, берілген саннан бірнеше бірлікке кем сан азайту амалымен табылатынын міндетті түрде ескерту қажет. Осы тәріздес есеп түрлерінің шарттарын сызба түрінде көрсеткен ыңғайлы. Сызбаның жаңа түрі оқулықтағы ережеде көрсетілген­. Кері есептермен жұмыс кезінде оқушылар­ берілген саннан бірнеше бірлікке артық санды, берілген саннан бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған есептердің арасындағы өзара байланысты көретін болады.

Кіріспе тапсырма. “...артық”, “...кем” ұғымдарын­ қайталау үшін оқушыларға “Артық — кем” ойынын ойнауды ұсыныңыз:

Оқушылардан бір жаққа екі, ал екінші жағына одан екеуі кем қарындаш; бір жаққа төрт, ал екінші жағына, одан біреуі кем қарындаш және т.с.с. қоюды ұсыныңыз.

Тақтаға алдын ала бірінші ережедегі есепті шыға­ ру сызбасын көрсетіп қойыңыз. Оқушыларды­ есептің шартымен таныстырыңыз. Есептің шартын­ сызбамен­ сәйкестендіріңіз. Ол үшін оқушыларға­ жетелеуші­ сұрақтар қойыңыз:— Есепте кімдер туралы айтылып тұр? (Үлкендер мен балалар.)

Бұл сызбада қалай көрсетілген?

Үлкендер мен балалардың саны ненің көмегі­­ мен көрсетілген?

Саябаққа неше үлкен адам барды? (Үш.)

Бұл сызбада қай жерде көрсетілген?

Балалар туралы не айтылған? (2-ге артық.)

Бұл сызбада қалай көрсетілген?

Есепте нені сұрап тұр? (Саябаққа неше бала барды?).

Сызбада есептің сұрағы қайда жазылған?

Балалар санының артық екенін көрсететін­ кесінді үлкендер санын көрсететін кесіндіден неге артық? (Өйткені есепте 2 бала артық деп айтылған.)

Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа есеп ойлас­ тыруды ұсыныңыз. Топ мүшелеріне ойлаған есеп­ терін айтып беруіне мүмкіндік беріңіз. Содан соң оқушыларға есепті өз бетінше шығаруды ұсыныңыз­. Бұл үшін қағазға есептің шешулері мен жауаптарын­ жазып, кейін топта тексеруді­ қадағалаңыз. Жауаптары сәйкес келген оқушы­лардан­ қолдарын­ көтеруді сұраңыз. Келіспе­ген­ жағдайда қателерін сараптап көрсетіңіз.

Жауабы:

4 + 3 = 7 (сөмке).

Ұжымдық талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылар­ дан есепте не туралы айтылатынын­ сұраңыз. Саябақта 6 бала велосипед тепті, ал скейтборд тепкен балалар саны 4-ке кем. Қанша бала скейтборд тепті?

Сызбаға қарап есеп құрастыр және оны шығар. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқу­ шылар­ға­ сызбаны талдауды және олардан барлық көргенін айтып беруді, өз қалауы бойынша сызбаны сипаттап беруін, есепте не туралы сөз болатынын сұраңыз­. Не белгілі, не белгісіз? Есепте не туралы сұрайды?­ Оқушыларға есепті жұппен шығаруды және шешуі мен жауабын қағазға жазуды ұсыныңыз. Содан соң жұпты ауыстырып, өзара тексеруді ұйымдас­ты­­ рыңыз.

Жауабы:

10 – 6 = 4 мәшине.

Оқушылардың назарын тақтадағы екі сызбаға аударыңыз­ және олардың ұқсастықтары мен айырма­­ шылықтарын­ айтып беруді, есептің шешуі неге оның сұрағына байла­нысты­ екенін сұраңыз.

Шығарып көр. А) Оқушыларды есептің шарты­мен­ таныстырыңыз. Тақтаға “Шарты”, “Сұрағы”, “Шешуі”, “Жауабы” деген сөздер жазылған парақшаларды іліп қойыңыз. Оқушылар­ есептің шарты мен сұрағын оқиды, ал шешуі мен жауабын өз бетінше табады (шешімін қағазға жазу керек). Содан соң бірнеше балаға өз шешулерін көрсетіп және есептің жауабын айтып беруін, есепті неге осылай шығарғанын түсіндіріп беруді сұраңыз.

Ә) Бұл тапсырмамен де осы тәріздес жұмыс жүргізіңіз.

Жауабы:

а) 7 + 2 = 9 (бұта); ә) 8 – 4 = 4 (тас).

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Есептегі белгілі компонентті ата.

Жаңа есепте ол белгісіз болсын.

Есептегі белгісіз компонентті ата.

Жаңа есепте ол белгілі болсын.

Жаңа есепке сұрақ ойластыр.

Есепті сараптауда оқушыларға есептің құрамдас бөліктерін, яғни “Шартын”, “Сұрағын”, “Шешуін”, “Жауабын”­ атауды және “...-еуі артық”, “... -еуі кем” сөз тіркестерін дұрыс қолдануды, оларды “+” және “–” математикалық амалдармен байланыстыруды үйрету керек.

Кері есептер. Оқушыларға кері есептермен жұмыс істеу алгоритмін қайталауды және бірінші есептің шартымен танысуды ұсыныңыз­. Содан­ соң оқушыларға оны өз бетінше шығаруды және жауабын жазуды ескертіңіз. Бірнеше оқушыға есептің шешуін айтуға мүмкіндік беріңіз. Басқа оқушылардың осы есепті қалай шығарғанын білу үшін кері байланысты қолданыңыз (бас бармақ әді­ сін қолдану). Кейін оқушыларға жұпта жұмыс істеуді­ және екінші есептегі бос орындарға біріншіге кері болатындай етіп мәндерді қарындашпен жазып толтыруды ұсыныңыз. Бірнеше жұптан есептерді оқып беруді сұраңыз. Жауаптары әртүрлі болған жағдайда қателеріне­ талдау жасаңыз. Оқушыларға есептерді шығаруға­ уақыт беріп, жауабын айтуды сұраңыз. Содан соң оқушыларға­ есептер­дің­ шешуін салыстырып, шығарылуын ұсыныңыз, бұл есептердің­ шешуінде қандай айырмашылық­тар барын сұраңыз. Жақсы жұмыс істеген жұптарға тағы да кері есептер құрастыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

5 + 3 = 8 (мәшине);

8 – 3 = 5 (мәшине).

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуге арналған есептерді шығаруды;

есептерді сызба бойынша шығаруды;

кері есептер құрастыруды меңгереді.

Оқушыларға мына тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:

1) есепке сұрақтар ойластыр:

Айдынның топтамасында 8 марка бар, ал Әселде одан 2 марка кем;

2) егер есеп 6 + 4 = 10 (ашықхат) түрінде шығарылса, есепте қай сөз түсіп қалған?

Мәриям саяхат кезінде үйіне 6 ашықхат, ал Нұрай 4 ашықхат жолдады. Нұрай неше ашықхат жіберді?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­йын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Айырмалық салыстыруға арналған есептер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды бірнеше бірлікке арттырады және кемітеді; айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есептер құрастырады және шығарады;

есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шығару үшін тірек сызбаны таңдайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

жұппен жұмыс істеуге арналған А4 парақтары;

қарындаштар.

Тірек сөздер

Айырмалық салыстыруға арналған есептер

Сабақтың мақсаты:

Бірнеше бірлікке артық немесе кем қандай да бір санды табуды, айырмалық салыстыруға арналған есептерді шығаруды, есептердің сызбасын құруды үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Сабақты қайталаудан баста­­ ңыз. “Шынжыр” ойынын ойнатыңыз: бірінші оқушы санды атайды, мысалы, 5. Сіз келесі санның 2-ге кем екенін айтасыз, басқа оқушы сол санды атайды, ал сіз тағы да шарт қоясыз, мысалы, 3-ке артық, келесі оқу­ шы сол санды атайды. Егер оқушы қателессе, онда басқа оқушы жалғастырады. Ойынға оқушыларды­ мүмкіндігінше­ көбірек қатыстырыңыз.

Тақтаға екі оқушыны шақырыңыз. Біреуінің қолына­ 5, ал екінші оқушыға 7 қарындаш беріп, қолдарын артына ұстауды сұраңыз. Бір оқушының қарындашының­ 2-ге артық екенін оқушыларға хабар­ лаңыз. Оқушыларда қанша қарындаш барын санауды сұраңыз. Барлық жауап нұсқаларын тыңдаңыз, содан соң екі оқушыға оларда неше қарындаш бар екенін көрсетуді ұсыныңыз­. 7-нің 5-тен екеуі артық екенін қалай білуге болатынын­ сұраңыз.


Қандай математикалық амалды қолдандың­­ дар? (Азайту.)

Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? (Айырма.)


Оқулықтағы ережемен таныстырыңыз. Ережедегі сызбаны тақтаға жазып, оны сараптаңыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Бірінші кесіндіде қай сан белгіленген?

Екінші кесіндіде қай сан белгіленген?

Неге бірінші кесінді екіншіден қысқа?

Нені міндетті түрде білу керек?

Мұны қалай білдіңдер? Қай амалмен?

6-ның 4-тен нешеуі артық?

4-тің 6-дан нешеуі кем?


Кесінділер. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйым­ дастырыңыз. Әр кесінді неше бөлікке бөлін­генін санауды және сұраққа жауап беруді ұсыныңыз. Содан соң оқушыларға бір-біріне қарай бұрылып, жаңадан­ жұп құрастырып, қандай жауап шыққанын айтуды және жауаптары сәйкес келгендердің қол көтеруін сұраңыз. Кейбір оқушыларға­ жауаптар­ын­ айтып беруді ұсыныңыз.


Жауабы:

10 – 8 = 2.

Шығарып көр. Жұптық жұмыс ұйымдастыры-­ ңыз. Оларға сызбамен танысу үшін уақыт беріңіз. Содан соң жұптық сызбаға шартын жазып, есепті шығарып, шешуін қағазға жазуды ұсыныңыз. Сызбаны оқуға қиналатын оқушыларға көмек көрсетіңіз. Бірнеше жұптың оқушыларына өз есептері туралы айтуды ұсыныңыз. Содан кейін кейбір оқушылар­ ға шешуі мен жауабын айтуды, ал қалғандарына айтылған жауаппен келіссе, бас бармағын жоғары көтеруін, келіспеген жағдайда төмен түсіруін сұраңыз. Сұрақтар әртүрлі болса да, шешулерінің бірдей болуына оқушылардың назарын аударыңыз. (Қанша артық немесе қанша кем?) Оқушылардан неге бұлай болғанын сұраңыз.

Жауабы:

9 – 6 = 3.

Орындап көр. Оқушыларды есеп құрастыру үшін топтарға бөліңіз. Есепті шығару дағдылары төмен топтарға бір суретті ғана таңдап және оған ауызша есеп ойластыруды, ал қалған топтарға екі немесе үш суретті таңдап алып есеп құрастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы орындап болған соң, өзге топқа барып құрастырған есепті айтып беретін оқушы таңдау қажеттігін ескертіңіз. Әр топ бірнеше есепті шығаруға мүмкіндік алу үшін бірнеше рет орындарымен ауыстырыңыз. Топтардың жұмысын,­ олардың есептерді талдау барысын бақылап­ және оқушылардың есептерді шығаруын қадағалап, қиын­ дық туған жағдайда жетелеуші сұрақ­тар қойып, көмек көрсетіңіз. Тапсырманы орындап­ болған соң ұсыныл­ған­ барлық есептерді дұрыс шығар­ған топтарға қолдарын­ жоғары көтеруді өтініңіз. Оқушыларға осы есептерде­ не ортақ екенін табулары­ үшін сұрақ қойыңыз.

Жауабы:

6 – 3 = 3; 5 – 3 = 2; 9 – 3 = 6.

Ойлан. Оқушыларға “Үндемес” ойынын ойнау­ ды ұсыныңыз. Оларға есепті іштерінен оқып шығып, дұрыс шешімінің қасына қарындашты қоюды сұраңыз­. Оқушылардың жанына барып, олардың таңдауын­ көріңіз. Содан кейін өз таңдауын түсіндіргісі келетін оқушыларға сөз беріңіз.

Жауабы:

7 – 4 = 3.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Есепті сараптап талдау кезінде оқушыларға есеп­ тің құрамдас бөліктерін, яғни “Шарты”, “Сұрағы”,­ “Шешуі”, “Жауабын” атауды ұсыныңыз. Есепті шы­ ғармас­ бұрын “бірнеше бірлікке артық немесе­ кем қандай да бір санды табу үшін үлкеннен кішіні азайту­ керек” немесе “сандардың айырмасын білу керек” деген ережені айтып шығуды ескертіңіз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Есепті сараптап талдау кезінде оқушыларға есеп­ тің құрамдас бөліктерін, яғни “Шарты”, “Сұрағы”,­ “Шешуі”, “Жауабын” атауды ұсыныңыз. Есепті шы­ ғармас­ бұрын “бірнеше бірлікке артық немесе­ кем қандай да бір санды табу үшін үлкеннен кішіні азайту­ керек” немесе “сандардың айырмасын білу керек” деген ережені айтып шығуды ескертіңіз.

Фигурадағы сандар. Оқушыларға үлгіге қарап, үшбұрыштағы сандарды қалай алуға болатыны туралы айтуды ұсыныңыз. Содан кейін тапсырманы өз бетінше орындауды сұраңыз. Содан соң өздерін тексеру­ үшін тақтаға үлгі есепті шығарыңыз. Оқушылар­ өздерін үлгі бойынша тексеруі керек.

Жауабы:

түсіп қалған сандар: 2, 3, 0.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

айырмалық салыстыруға арналған есептерді қалай шығаруды;

есептің сызбасын оқуды;

есепке сызба құрастыруды меңгереді. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

бірнеше бірлікке артық немесе кем санды табу үшін не істеу керек?

Түйеқұс 3 метрге, ал кенгуру 9 метрге секіреді. Кенгуру түйеқұстан неше метр артық секіреді? Түйеқұс кенгурудан неше метр кем секіреді?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өзін-өзі бағалатыңыз.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!