Математика ҚМЖ 3 сынып 1токсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика ҚМЖ 3 сынып 1токсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



1-сабақ.

Тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар / Жанды табиғат

Мектеп: №26 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.1. 1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

3.1.1.2. Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтауды білетін болады.

Кейбір оқушылар:

1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіруді білетін болады.

Көпшілік оқушылар:

Сандар сәулесінде қарапайым теңсіздіктің көптеген шешімдерін табады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту:

1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі.

Пәндік лексика және терминология:

1000 көлемінде тура және кері санау, оқу, жазу, салыстыру,

теңсіздік, көптеген теңсіздіктердің шешімі, сандар сәулесі.

Диалог/жазу үшін қолданылатын тіл.

Талқылау:

Разряд деген не?

Санды разрядты қосылғыштар қосындысы түріндегі байқау.

Жазылым:

Үш таңбалы сандарды жазу, сандар сәулесін сызу, теңсіздіктің шешімі болып табылатын аумақты қиғаш сызықпен көрсету.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандардың нумерациясы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім балалармен жанды және жансыз табиғат туралы не білетіндері жөнінде әңгіме жүргізеді.



4-6

Өзектендіру.

Өзектендіруді ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Тақтада сандар жазылған бұлт: 9, 0, 1; жауын тамшыларын 2, 6, 7 сандарымен; қарларды 4, 8, 3 сандарымен белгілеу. Балалардан бар сандардан қалай әртүрлі сан құруға болатынын сұрайды?

Бүгін біз үш таңбалы санмен жұмыс жасаймыз. Олар туралы білетініміздің барлығын есімізге түсіреміз.

Бұлттағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (109, 901, 910, 190) (сандар магнитті тақтаға жабыстырылады).

  • Осы сандарда «0» қандай мағына береді? (Бір разрядтың жоқ екенін береді) Ең кіші санды атаңыз.

(109)

  • Осы санның разрядтық құрамын атаңыз. (1 жүздік, 0 ондық, 9 бірлік)

Оның алдындағы санды атаңыз. (108) Келесі сан. (110)

  • Ең үлкен санды атаңыз. (910) Бұл сандағы 0-дің орны қандай?

Тамшылардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (267, 276, 627, 672, 726, 762). (Сандар магнитті тақтада құрастырылады.)

Қарлардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз (483, 438, 348, 384, 834, 843).

Сандарды өсу ретімен қойыңыздар.

  • Ең кіші санды атаңыз. (348)

  • Сіз құраған сандардың ұқсастығын табыңыз? (Олар үш таңбалы.)

  • Олар неге бұлай аталады? (Олар үш таңбадан тұратын сан.)

  • Үш таңбалы сан қандай разрядтардан тұратынын атаңыз. (жүздік, ондық, бірліктен).

Тексергеннен кейін мұғалім балалардың қайсысы қиындыққа тап болғанын, кім қай тапсырмада қателескенін анықтайды.

Қар, тамшылар және бұлт түріндегі қима қағаздардағы сандар.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқулықтағы 1(а) - тапсырманы орындауды ұсынады. 1(б) – тапсырмасын орындамас бұрын мұғалім екінші бағандағы есептеуді басқаша қалай орындауға (жазуға) болатынын нақтылайды.

4 жүздік + 5 жүздік, 8 жүздік 2 жүздік.

Жүздікті де бірліктер мен ондықтарды санағандай санайды деген шешім шығады.

Оқушылар «жүздік» деген түсінікпен таныс, олар сандарды атайды және жазады. Атаулы аудандармен жұмыс жасау барысында өлшем бірліктерінің қатынасын еске түсіреді.

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Толық жүздікпен бірге балалар қосу және азайту амалдарын іске асырады.

2-тапсырманы орындау кезінде мұғалім оқушылардан разрядтың не екенін сұрайды.

Разряд – бұл сандарды жазу кезіндегі цифрдың орны екенін айтады.

Оқушылар кестені оқулықтан қарап, берілген сандарды оқып, әр разрядтың бірлік санын атайды. Көп таңбалы сандарды оқу ережесін тапсырманы орындау кезінде қолданады. Презентацияны қолдануға да болады.

Үш таңбалы сандарды салыстыру (алгоритмі) ережесін есте сақтау үшін тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар таратылады. Оқушылар нәтижесін айта отырып, салыстыру алгоритмін құрайды: алдымен жоғарғы разрядтың бірліктерін салыстырады. Егер олар тең болса, содан кейінгі бірліктердің разрядтарын салыстырады.

4-тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар салыстырудың таңдап алынған таңбасын негізге ала отырып, үш таңбалы сандарды салыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

5-тапсырманы орындайды. Оқушылар үш таңбалы сандарды тауып, жанды табиғатқа нелер жататынын білетін болады, осы сандарды өсу ретімен жазады. Әрбір санның разрядын атайды.

Теңсіздіктермен жұмыс жалпыға бірдей жүргізіледі. Балаларға теңсіздіктің шешімі болатын сандардың сәуледе орналасуын тұжырымдау ұсынылады. Осыдан кейін шешім шығады: х-тің мәнін табу үшін сандар сәулесін пайдалану ыңғайлы. Сәуле сыз, х-тің орнына қоюға болатын санды домалақтап белгілеп, қиғаш сызықпен сызып көрсет.

7-тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындайды.

Оқулық, кесте разрядтарының дәптері, жаттықтырғыш.


30-36


Өзіндік жұмыс

Дәптермен жұмыс. Бағалау критерийлері:

Мен жасай аламын:

  • үш таңбалы сандарды оқу;

  • сандық сәулеге санды белгілеу;

  • алдыңғы және кейінгі сандарды атау;

  • берілген саннан үлкен, не кіші санды атау.

  • сандарды өсу не кему тәртібі бойынша жазу.

Өткенді қолдану.

Мұғалім оқулықтағы 8-10 жаттығуларды балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп ұсынылады.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

Балалар бағалау критерийлері бойынша сабақтағы өз үлгерімдерін бағалайды:

-1000 көлеміндегі сандардың қалыптасуын түсіндім;

-1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санай аламын;

-санның орнын натурал сандар қатарынан анықтай аламын;

-үш таңбалы сандарды оқып, жазып және салыстыра аламын;

-қарапайым теңсіздіктердің көптеген шешімдерін таба аламын.

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған №7(ә)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.


2 -сабақ.

Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштардың қосындысы / Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне климаттың әсері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.2.1. Көп таңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.

3.1.1.3. Үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу.

3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

кластар мен разрядтар кестесін қолдана отырып, үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды.

Кейбір оқушылар:

кластар мен разрядтар кестесін қолданбай, үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды.

Кейбір оқушылар:

Көп таңбалы сандардың графикалық моделін құруды біледі.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларын дамыту:

1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен оқу.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы санның графикалық үлгісі, разрядтық қосылғыштардың қосындысы. Қарапайым теңсіздік, қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиыны, сандар сәулесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Разряд деген не?

Разрядты қосылғыштардың қосындысы түріндегі санды ал.

Теңсіздіктің шешімдер жиынын сандар сәулесінде белгіле.

Жазылым:

Сандар сәулесін сызу, аумақты қиғаш сызықпен сызу, теңсіздік шешімі болатын үш таңбалы сандарды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандардың нумерациясы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Жер көлемі аймағындағы жыл сайын болатын ерекшеліктер – бұл климат немесе ауа райының тәртібі. Климат ауа райына қарағанда тұрақты. Белгілі бір елді мекенге оны бірақ рет суреттейді, ал ауа райы күнде өзгереді. Ауа райы — бұл климаттың белгілі бір күнге немесе мезгілге арналған болжамы.

Яғни климат – бұл қалыпты жағдай. Климаттық нормадан ауа райының ауытқуы климаттың өзгерісі ретінде қарала алмайды, мысалы өте суық қыс климаттың сууын айтпайды. Климаттың өзгеріске ұшырауын он жыл көлемінде бақылап, атмосфера өзгерісін байқаған жағдайда ғана айта алады.



4-6

Өзектендіру.

Мұғалім тексеру үшін математикалық диктант жазуды ұсынады.

Жаз және мына сандарды оқы:

2 жүздік 8 ондық 3 бірлік

5 жүздік 0 ондық 1 бірлік

4 жүздік 6 ондық 0 бірлік

7 жүздік 0 ондық 0 бірлік

Ары қарай оқулықтағы 1-тапсырма орындалады. Оқушылар тек ондық, бірлік не бірлік жетіспейтін үш таңбалы сандарды жазып алады және Қазақстанның шөл даласында қандай өсімдіктердің өсетінін біледі.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушыларға тәжірибелік жұмыс ұсынылады. Оқушылар жүздікті үлкен шаршымен, ондықты кіші шаршымен белгілеп, жүздің ішінде неше ондық болса, сонша шаршы салып, жабыстырады.

Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы қарауды ұсынады. Оқушылар ұсынылған сан аталған ауданның қай разрядты бірліктен тұратынын, қандай разрядты қосылғыштарға бөлуге болатынын түсіндіреді.

Оқулық,

қиылатын қағаздар: үлкен және кіші шаршылар.



12-29


Жаңаны ашу.

Мұғалім кейін сұрақтарға жауап беретіндей, жұмыс жоспарын құрады:

Сандық разряд деген не?

Разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу деген нені білдіреді?

Разрядты қосылғыштардың санын қалай анықтауға болады?

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Мұғалім оқулықтағы 3-тапсырманы бір-біріне түсіндіру арқылы жұппен орындауды ұсынады.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-36


Өзіндік жұмыс

4-тапсырманы дәптерде орындауды ұсынады.

Балалар тапсырманы дәптерде бағалау критерийлерімен орындайды.

Мен:

-сандарды жаза аламын;

-санды разрядты қосылғыштардың қосындысына бөле аламын;

-санның үлгісін құрай аламын.

Өткенді қолдану.

Қосымша ретінде өткен сабақтан тапсырма беруге болады:

1. Тура теңдік пен теңсіздік шығу үшін қандай сандарды қою керек?

48. . . < 489 305 < 3. . . 5 185 =…8 . . .

451 > 4 … 9... 6 > 960 218 < 2 …

2. Сандарды салыстыр:

899 + 1 * 901 –1 367 – 60 * 367 – 7

100 – 1 * 999 489 – 400 * 589 – 500

Оқулықтан 5, 7, 8, 9 және 10-тапсырмаларды орындауды ұсынады.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен мынаны түсіндім, мынаны білдім, мынаны ажыраттым...;

«… өзімді мақтан тұтамын»;

«Маған әсіресе… ұнады»;

«Бүгін мен… жасай алдым».

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.











3-сабақ.


Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту / Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне климаттың әсері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау.

3.4.3.1. 1000 көлеміндегі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтау.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындай алады.

Кейбір оқушылар:

1000 көлеміндегі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтауды үйренеді.

Кейбір оқушылар:

Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауын түсіндіруді біледі.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларын дамыту:

1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен оқу.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы сандардың ондық құрамы.

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Алдыңғы және кейінгі санды ата.

Есептеу тәсілдерін түсіндір.

Жазылым:

Разрядты қосылғыштардың қосындысы ретіндегі сандарды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандардың нумерациясы, үш таңбалы сандардың разрядтық құрамы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Біздің аймақтың климаты мен ауа райы қандай?

Қазақстан теңіздер мен мұхиттардан шалғай орналасқан, климат континенттік зонасында суықтың ызғары бар. Көптеген аймақтарда қыс суық, ал жаз тым ыстық.

Сендер қалай ойлайсыңдар, климат және ауа райы жануаралар мен өсімдіктер өміріне әсер етеді ме?



4-6

Өзектендіру.

Оқулықтан 1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқушыларды тапсырманы қарап, үш таңбалы сандардың ондық разрядтың бірлігі жоғын ғана жазып алады, қандай жануарлардың шөл далатіршілік етуге бейімделгенін біледі. Оқушылар тағы үш санды тауып, оны кему ретімен жазады.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы – практикалық жұмысты топпен орындауды ұсынады. Оқушылар толық жүздікпен, ондықпен, бірлікпен үлестірмелі қима қағаздарды дайындап, ұсынылған сандарды алдыңғы және кейінгі сандарды атай отырып, құрайды, сұрақтарға жауап береді:

Алдыңғы сан қаншаға кем?

Кейінгі сан қаншаға артық?

Оқулық, сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар, маркерлер, қағаздар.





12-29


Жаңаны ашу.

Ары қарай үлестірмелі қима қағаздармен жұмысты жалғастырып, мұғалім әр оқушыға сандардың бірін таңдап (жауып, ары жылжытып), бірлік (ондық, жүздік) санын білдіретін шыққан санды табуды ұсынады.

Мысалы, 532 санынан 2-ні алып тастаса 530 қалады.

- Ал егер 2 (20, 200) санын қосу керек болса ше?

Балалар ойларын айтады.

Осыдан кейін 532 мен 124 санын үлестірмелі қима қағазды пайдаланып қалай қосуға болатынын түсіндіреді.

Мұғалім 3-тапсырманы орындауды ұсынады, оқушылар орындалған іс-әрекетті түсіндіреді, мұғалімнің көмегімен үш таңбалы сандарды қосу мен азайту ережелерін құрастырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 4-тапсырма орындалады. Оқушылар кезекпен бірінші бағандағы орындалған тапсырманы түсіндіріп береді, осы бойынша екінші бағандағы өрнектің мәнін табады.

Оқулық, жазылған үлестірме карталар, маркерлер, қағаздар, дәптер, жаттықтырғыш.


30-36


Өзіндік жұмыс

Мұғалім дәптерден жеке және жұппен орындалатын тапсырма береді, артынан тексереді.

Қалыптастырушы бағалау жүргізу үшін баланың қабілеттілігін талап ететін тапсырма беріледі:

-үш таңбалы сандардың ондық құрамын ата;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде орналастыру;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде азайту.

Өткенді қолдану.

Оқулықтан 5-тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқулық, дәптер.

37-40

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі қима қағаздар таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Мен үйрендім.

менің қолымнан келді.

Мен … жасай алдым.

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.























4- сабақ.

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту / Адам өміріне климаттың әсері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау.

3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды ауызша орындайды.

Кейбір оқушылар:

Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табуды біледі.

Көпшілік оқушылар:

Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауды түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларын дамыту:

1000 көлеміндегі сандарды оқи алады.

Пәндік лексика және терминология:

Разряд. ондықтар, жүздіктер, бірліктер, мыңдықтар.

Үш таңбалы сандардың ондық құрамы.

Үш таңбалы сандардың қосу және азайту амалдарын орындау тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санды разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу дегеніміз не?

Разряд бойынша қосу (азайту) дегеніміз не ?

Үш таңбалы сандарды қалай қосуға болады?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандардың разрядтық құрамы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Ауа райын білу не үшін қажет?

Нақты ауа райы туралы мәліметті білгеніңіз көптеген қиындықтан сақтауы мүмкін (ең аз дегенде – бұл аяқ киімнің су болып қалуынан, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындардан сақтайды және т.б.). Сол себепті ауа райы туралы мәлімет нақты және сенімді болуы өте маңызды.

Метеорологтардың нақты ақпараты – әуетранспорт қызметінің сәттілігінің кепілі.

Өнімнің сапалы болуы метеорологтардың нақты көрсеткіштеріне тікелей байланысты.

Климаттық жағдайы қауіпті және табиғи апаттар болуы мүмкін аймақтарда ауа райын білу өте маңызды.



4-6

Өзектендіру.

Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыстар.Мұғалім санауға қажетті материалды алдын-ала балаларға үйден әкелуді ескертеді не болмаса бүкіл сыныпқа өзі әзірлейді (әртүрлі мөлшердегі және түрлі түсті геометриялық фигуралар, табиғи материалға – бұршақ, түрлі жаңғақтар, қақпақтар, түймелер және т.б. жатады).

Балалар оқулықтан 1-тапсырманы орындайды. Мысалы, 324 санын былай қоюға болады:

Оқулық.

Үлестірмелі санау материалдары.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушылар топпен жұмысты жалғастырып, оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды жалғастырады, сандар сәулесінен жиындар шешімін атап, көрсетеді, осы жиынның 5 санын атайды.

Мұғалім оқушылардан бүгін қандай сандармен жұмыс жасайтындарын сұрайды (үш таңбалы).

Оқулық, дәптер, сандар сәулесі.





12-29


Жаңаны ашу.

Мұғалім 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеулерін түсіндіреді. Мұғалім балалардың есептеу алгоритмдерін ауызша айтқызады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Мұғалім оқулықтағы 3(а)-тапсырманы орындауды ұсынады. 3 (б)-тапсырмасын үйде орындайды. Оқушылар есептегендерін кезекпен айтып түсіндіреді.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындауда оқушылар есептеуді орындауда толық ондыққа дейін толықтыруды қолданғанның тиімді екендігін бақылап байқаулары қажет.

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар кестедегі мәліметтерге қарап берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар оқулықтағы 5-тапсырманы орындайды. есепті шығарады. Берілгенге кері есеп құрастырады және өзінің пайымдауының дұрыстығын дәлеледейді.

Оқушылар «Күн райын не үшін білу қажет» тақырыбын талдайды.

Оқулық, дәптер.


30-36


Өзіндік жұмыс

Мұғалім дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады. Бағалау критерийлерін қарайды.

Мен:

-үш таңбалы сандардың ондық құрамын жазуды білемін;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде қоя аламын;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде азайтамын.

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау ұсынылады.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар ең қызықты болды?

  • Бүгінгі сабақта алған білім қай кезде қажет болуы мүмкін?

  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.

  • Барлығы өзіңіз қалағандай орындалды ма?

  • Неге?

  • Тағы нені үйренгіңіз келеді?

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 3(б)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.



5-сабақ.

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту / Адам өміріне климаттың әсері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау.

3.5.2.4. Қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындайды.

Кейбір оқушылар:

үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауын түсіндіреді.

Көпшілік оқушылар:

қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектердің атауларын қолдануды білді.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларын дамыту:

1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен оқи алады.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы сандардың ондық құрамы.

Үш таңбалы сандарды қосу және азайту тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Разряд бойынша қосу (азайту) дегеніміз не?

Үш таңбалы сандарды қалай қосуға болады?

Жазылым:

Үш таңбалы сандарды қосу және азайтуға өрнектер жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандардың разрядтық құрамы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Алдыңғы сабақтарда үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындауды үйрендіңіздер. Ары қарай жылжу үшін біз өткен сабақтардың жақсы қабылданғанын білуіміз керек.




4-6


Өзектендіру.

Үлестірмелі қима қағаздардағы тапсырмаларды орындау (немесе тақтадағы). Ауызша есептеу.


444 + 4 = ...

444 – 40 = ...

444 – 400 = ...

444 + 440 = ...

444 – 4 = ...

444 + 40 = .

.

444 – 400 = ...

444 + 440 = ...

444 – 440 = ...

555 – 404 = ...

666 – 404 = ...

777 – 404 = ...

Не өзгереді, не өзгермейді? Шешім шығарыңыз.

Қосу кезінде бірліктерді бірліктермен, ондықтарды ондықтармен, жүздіктерді жүздіктермен қосады. Азайту кезінде бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты, жүздіктен жүздікті азайтады.

Ары қарай мұғалім оқулықтағы 1-тапсырманы береді.

Оқушылар жұппен қосуды орындап, жарыса жауаптарын салыстырады.

Тапсырма жазылған үлестірмелі қима қағаздар.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгінгі сабақтың мақсаты?

Қосу амалдары бойынша алған білімдерін бекіту. Қосу амалын орындау кезіндегі қатемен жұмыс жасау.

Оқулық, дәптер.



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы №1-2-тапсырмаларды орындауды ұсынады.

Қатемен жұмыс

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындық туды?

Қай жерде қателестіңіз?

Қателесуіңіздің себебі неде?

Өзіндік жұмыс кезінде қиындық болмаған балалар өз іс-әрекеттеріңіздің мақсатын құрастырыңыз.

(Қосымша тапсырманы орындау).

Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Оқулық, дәптер,




30-36


Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс.

Балаларға 5-тапсырманы қарап шығып, оқу ұсынылады.

- Әріпті өрнектің мәнін қалай табу керек? Бұл өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады? (бір әріпті, екі әріпті).

Үлгі бойынша есептің мәнін тап.

Үлгі:

(a + 8) – b

а= 200

b= 100

(200 + 8) – 100 = 108

Алғашқы бекіту үшін 6, 7-тапсырмалар орындалады. Қалған тапсырмаларды мұғалім саралап ұсынады


37-40

Рефлексия.

Сөйлемді аяқтаңыз:

Бүгін мен білдім.

Маған… қызық болды.

Маған … қиынға соқты.

Мен… тапсырмаларды орындадым.

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескеріп анықтайды.


6-сабақ.

Тақырыбы: 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау / Өсімдіктер әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.

3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.

Кейбір оқушылар:

Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру.

Көпшілік оқушылар:

Көптаңбалы сандарға өзінің графикалық моделін ұсыну.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санауды біледі.

Пәндік лексика және терминология:

Мың, 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру, разрядтар мен кластар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бірліктер класының разрядтарын ата.

Мыңдықтар класының разрядтарын ата.

Көптаңбалы санды қалай дұрыс оқу керек?

Жазылым:

Көптаңбалы сандарды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандардың нумерациясы. Разрядтар. Кластар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім өсімдік әлемінің көптүрлілігі жайында әңгіме жүргізеді. Біздің ғаламшардың өсімдік әлемі алуан түрлі. Түрлі өсімдіктердің мыңдаған және миллиондаған түрлері бар. Өсімдіктердің түрлерін санау үшін математикалық білім де қажет. Өз біліміңізді толықтыруға дайынсыз ба?



4-6

Өзектендіру.

Оқулықтан 1-тапсырманы орындау ұсынылады.

Оқушылар әр қорапшадан кез келген санды таңдап алады да үш таңбалы сан құрайды, жазылған сандарда барлығы қанша бірлік, ондық, жүздік бар екенін атайды.

Оқулықтан 2-тапсырманы орындау ұсынылады.

Оқушылар кестедегі сандарды оқып, әр разрядтың бірліктер санымен разрядтық қосылғыштар санын санайды.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

3-тапсырмада оқушы мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді:

Мәтінде қандай сандар кездесті?

Сендерге қай сандар таныс, ал қай сандар таныс емес?

Оқулық

















12-29


Жаңаны ашу.

Топтық жұмыс. Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы, бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санап, орындайды. Мұғалім оқушыларды мыңдықтармен санау үйлесімді болады дейді. Оқушылар мыңдықтар класымен, көптаңбалы сандарды оқу ережесімен, көптаңбалы сандарды оқу ережесін есте сақтауды жеңілдететін тәсілмен танысады.

Жұппен жұмыс. 5-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар бір таңбалы сандардың оң жағына нөлді (екі нөл, үш нөл, төрт нөл, бес нөлді) тіркеп, шыққан сандарды оқиды.

6-тапсырмада оқушылар тапсырманы разрядтар мен кластар кестесі бойынша оқиды, көптаңбалы сандарды салыстыру ережесін тұжырымдайды, тапсырмадағы берілген санды салыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындауды ұсынады, оқушылар үлгі бойынша сандар моделін құрастырады.

Оқушыларды олар үшін жаңа біліктілікке – барлық бірліктердің, барлық ондықтардың, барлық жүздіктердің ортақ санын төмендегі әдіс арқылы табуды үйрету керек:

санның барлық цифларының астын сызамыз – бұл бірліктердің саны;

бірліктен басқа цифрлардың барлығының астын сызамыз бұл ондықтардың саны;

бірліктер мен ондықтардан басқа барлық цифрлардың астын сызамыз бұл жүздіктер саны.

Оқулық, разрядтар кестесі.

30-36


Өзіндік жұмыс

8-тапсырма оқушылар уақытқа орындайды, қажетті амал таңбаларын теңсіздік дұрыс болатындай етіп қояды.

9-тапсырма зерттеушілік қасиетті қажет етеді, оқушыларға қанша өсімдік, қанша саңырауқұлақ түрлері, тағы басқа қандай өсімдік түрлерінің Қызыл кітапқа енгізілгенін білу керек болады.

Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы материалды түсіну деңгейіне жеткізіп орындауды тапсырады.

Мен:

  • 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды, разрядтар мен кластар кестесін пайдалана отырып, көптаңбалы сандардың графикалық үлгілерін құрауды үйрендім.

Өткенді қолдану.

Мұғалім дәптердің тиісті бөлімінен жеке тапсырма береді.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

«Көңіл-күй картасы».

Сабақ соңында балалар өз көңіл-күй жағдайын, сабаққа деген өзінің көзқарасын, сабақтың өздеріне ұнаған (ұнамаған) сәттерін суреттеп үлестірмелі қима қағаздарды толтырады.
Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 7(б)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.




















7 -сабақ.

Тақырыбы: 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау. Сандар тізбегі / Өсімдіктер әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.

3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастырады; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санауды, жазуды, салыстыруды білетін болады.

Кейбір оқушылар:

көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрады, разрядтар мен кластар кестесін қолданады.

Кейбір оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандардың өз графикалық моделін ұсынады.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Пәндік лексика және терминология:

1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру, разрядтар мен кластар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Көптаңбалы сандарды қалай оқиды?

Көптаңбалы сандарды қалай салыстырады?

Жазылым:

Көптаңбалы сандарды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандардың нумерациясы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме өткізеді. Өсімдіктерді өсіру үшін, адамдарға жаңа сорттар ұсыну үшін санай білудің көмегі өте көп. Өз білімдеріңді толықтыруға дайынсыңдар ма?

Өткен сабақта көптаңбалы сандардың нумерациясын оқыдық. Алға жылжу үшін бізге алдыңғы сабақта алған мәліметті қаншалықты ұғынғанымыз маңызды.



4-6

Өзектендіру.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді:

Бірліктер класында қанша разряд бар?

Мыңдықтар класында қанша разряд бар?

Оларды разрядтар мен кластар кестесі бойынша атайды, көптаңбалы сандарды оқу ережесін айтады. Кестеде берілген көптаңбалы сандарды оқиды.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгінгі сабақтың мақсаты не?

Өрнектің мәнінің тәсілдері туралы алған білімін бекіту. Есеп шығарғандағы қателермен жұмыс жасау.





12-29


Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы 2, 3-тапсырманы орындау.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерден қате жіберді?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қате жібергендердің іс-әрекетінің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Дәптерде балалар бағалау критерийлерімен тапсырманы орындайды.

Мен:

-көптаңбалы сандардың графикалық моделін құрай аламын;

-разрядтар мен кластар кестесін қолданамын;

-1 000 000-ға дейін тура және кері ретпен мыңдықтармен санаймын.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер.


30-36


Өткенді қолдану.

Балалар өз таңдауымен тапсырманы орындайды.

Оқушылар оқулықтан 3-тапсырманы орындайды, дәптерге сәуле сызады, санды белгілейді, берілген теңсіздіктің шешімі болып табылатын 5 санды жазады.

4-тапсырмада оқушылар көрсетілген бірлік өлшеміне өрнектейді.

5-ші және 6-тапсырма топпен орындалады. Оқушылар 5(а) және 5) есептерді шығарады. 6-тапсырмада теңдеулерді шешеді.

Оқулықтағы 7-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген қосындының мәні шығатындай үш санды таңдайды.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

Сөйлемді аяқтаңыздар:

Бүгін мен… білдім.

Маған… қызықты болды.

Маған …қиындық тудырды.

Мен… тапсырмаларды орындадым.

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескеріп анықтайды.



8-сабақ.

Тақырыбы: Көптаңбалы сандардың моделі. Сандар тізбегі / Жануарлар әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтар мен кластар кестесін қолдану.

Кейбір оқушылар:

1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Көпшілік оқушылар:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санай біледі.

Пәндік лексика және терминология:

Разряд және класс, көптаңбалы сандар моделі, сандар тізбегі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санның моделі деген не?

Ненің көмегімен санның моделін суреттеуге болады?

Жазылым:

Көптаңбалы сандарды жазу, сандар моделін құру.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандардың нумерациясы.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт время

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім балалармен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімелеседі.

-Біздің даламызда, ормандарымыз бен тауларымызда, суларымызда қандай жануарлар мекендейтінін білесіңдер ме? Барлық жануарлар, құстар, балықтар мен жәндіктер біздің жеріміздің табиғи байлығы болып табылады.



4-6

Өзектендіру.

Разрядтар мен кластар кестесімен жұмыс жүргізіледі. Балалар кестедегі сандарды оқиды. Олардың разрядтық құрамын атайды. Ары қарай оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқулықтағы 2, 3-тапсырманы орындап, көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады. Тәжірибелік жұмыс жасайды. Жұмыс абак – көне есептегіш құралды пайдалана отырып, топта жүргізіледі. Оқушылар берілген сандардың моделін жасайды.

Разрядтар мен кластар кестесі. Презентация. Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта көптаңбалы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды үйрендік. Алға жылжу үшін бізге алдыңғы сабақта алған мәліметті қаншалықты ұғынғанымыз маңызды.

Оқулық, разрядтар кестесі.



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы 4-тапсырмада оқушылар көптаңбалы сандарды салыстырады, разрядтық қосылғыштар түрінде көптаңбалы сандарды көрсетеді.

Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Оқушылар дәптерлеріне дұрыс теңдіктер жазады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Оқулық, дәптер.


30-36


Өзіндік жұмыс

Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы дәптерде орындауды ұсынады.

Мен:

  • Көптаңбалы сандардың графикалық модельдерін толық мыңдықтармен оқимын.

  • 1 000 000-ға дейінгі сандарды мыңдықтармен кему тәртібі бойынша жазамын.

  • Қателіктерді тауып, өз бетіммен таңдаған ереже бойынша тізім құраймын.

  • Сандардың бірізділігіндегі қателіктерді табамын.

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы 6-тапсырма есеп құрастыру және шығару, сонымен қатар сандардмен теңдіктер және теңсіздіктер құрастыру білігін бекітуге бағытталған. Балалар мәтіндегі сандық деректерді оқиды және теңсіздіктер құрастырады. Бұдан кейін есептердің шешуін жазады. Сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін:

Барлығы неше жануар? Қояндарға қарағанда тұяқты жануарлардың нешеуі артық?

7-тапсырманы кестелік көбейту мен бөлуді бекітуге мүмкіндік береді.

8-тапсырмада сандар заңдылықтарын зерттейді.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

«Мен үшін бүгінгі сабақ…»

Оқушыларға сабақта үш бағыттағы жұмыста сипаттайтын сөйлемнің астын сызып беру үшін жеке үлестірмелі қима қағаз беріледі.

Сабақ

Мен сабақтамын

Қорытынды

2. Зеріктім

Демалдым.

Көп нәрсе білдім

3. Бәрібір

Көмектестім

Түс

нбедімРефлексия оқулық бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

Сабақ тақырыбы бойынша «ойыңмен бөліс», «ойластыр», «ұсын» сөздерімен сұрақтар құрастыруды ұсынады.

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.





9-сабақ.

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері / Жергілікті жердің бедері


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.8. Үш таңбалы сандардың жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар :

үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

Кейбір оқушылар:

қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Көпшілік оқушылар:

Есептеуді баған түрінде тексеруімен орындау.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтудың алгоритмін қайталау.

Пәндік лексика және терминология:

Разряд аттамай және разрядтан бір рет аттап, разрядтан екі рет аттап үш таңбалы сандарды «бағанмен» қосу мен азайту алгоритмдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бағанмен жазудың ыңғайлылығы неде?

Сандарды қосу мен азайту кезінде бағанға қалай жазған дұрыс?

Есептеуді қалай тексеруге болады?

Жазылым:

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды бағанмен жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Құрлықтардың барлық тегіс емес жерлері теңіздер мен мұхиттардың астыңғы қабаты бедер деп аталады. «Рельеф» сөзі латын тілінен аударғанда «көтеремін» деген етістік. Әдетте бедер сөзі жер бетінің көтеріңкі қабаты – таулар мен төбелер, бірақ оған алқаптар, ойпаттар, ойыстар жатады.



4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

651 + 125 = 776 мына өрнектің мәнін табуды жазбаша орындау, яғни бағанмен есептеу жеңіл.

  • Сіздің қолыңыздан келе ме?

Бұл жағдайдың бұрынғы оқыған жағдайдан қандай айырмашылығы бар (жүздік разряды қатысады).

Алгоритм құруды үйреніп көреміз.

Оқулық, тұсаукесер



12-29


Жаңаны ашу.

Бұл сабақта оқушылар есептеудің әртүрлі тәсілдерімен (разрядтан аттамай, разрядтан бір және екі рет аттап танысады). Балалар мұндай тәсілдерді екі таңбалы сандармен орындаған. Бұл сабақта олар өздерінің бар білімдерін сандардың жаңа аймағына ауыстырады. Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Сандардың моделін құрайды, қалай ауызша есептеу керектігін түсіндіреді.

  • Неден бастау қажет? (Баған түрінде дұрыс жазудан).

Дәптерге жазады:

432

+245

677

Түсіндіруде келесі алгоритмді қолданады:

Жазамын…

Бірліктерді қосамын…

Ондықтарды қосамын…

Жүздікті қосамын…

Жауабын оқимын…

Балалар, үш таңбалы сандарды есептеу, екі таңбалы сандарды есептеудің алгоритмімен жүреді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 3-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, бағанмен есептеу қалай болғанын қарайды жазбаша есептеу алгоритмін айтады.

4-тапсырманы орындамас бұрын балалар шамаламен амалдар орындау алгоритмін еске түсіреді.

Оқушылар оқулықтан 4-тапсырманы орындайды, тексеріп, мысалдарды түсіндіре отырып шығарады.

Оқулықтағы 6-тапсырмада орындауды ұсынады. Оқушылар үштаңбалы сандармен берілген шамалардан тұратын өрнектердің мәндерін табады.

Оқушылар есептеуді қалай жүргізетінін түсіндіреді.

Оқулық, дәптер,


30-36


Өзіндік жұмыс

Мұғалім тапсырманы таңдап оны дәптерге орындауды тапсырады.

Дәптерде бағалау критерийлерімен тапсырмалар орындалады.

Мен:

-компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдануды;

-үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмін пайдалануды білемін.

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындауды ұсынады. Бұл тапсырма мұғалімге оны әртүрлі күрделілік деңгейінде ұсынуға мүмкіндік береді. Ең қарапайым деңгей - соқпақ жолдардың ұзындығын табу. Бұдан күрделі деңгей -маршрут ұсыну және оның ұзындығын табу. Бұдан күрделі деңгей - ең қысқа (ең ұзын) маршрутты табу.

Оқулық, дәптер.

37-40

Рефлексия.

Сабақтың соңында балаларға өзін-өзі зерттеуге мүмкіндік беретін, сабаққа сапалы және саны бар шағын сауалнама беруге болады. Кейбір пунктерді өзгертуге, толықтыруға болады, сабақтың кейбір элементтеріне аса мән беріледі. Оқушыларды өз жауаптарын дәлелдеу қажеттігін сұрау.
1. Сабақта мен жұмыс жасадым...
2. Сабақта өз жұмысыммен мен ...
3. Мен үшін сабақ жақсы...
4. Сабақ үшін мен...
5. Менің көңіл-күйім ...
6. Сабақтың мынадай мәліметі болды ...

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.


10-сабақ.

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері / Жергілікті жердің бедері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері.

Бірқатар оқушылар:

Үш таңбалы сандардың қосу және азайту тәсілдерін разрядтан аттап орындау және тексеру амалдарын орындау. Екі әріпті, берілген әріптер маңызының, өрнектің мәнін табу.

Кейбір оқушылар:

Жазбаша қосу және азайту алгоритмін қолдана отырып, бірнеше амалдан тұратын өрнектердің мәнін табу.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмінің жазбаша түрін қайтадан қарау.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы сандарды «бағанмен» бір/екі разрядтан аттап және аттамай қосу мен азайту алгоритмдері.

Бір/екі әріпті өрнекте, әріптердің маңызы, сандық өрнектердің маңызы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бағанмен жазудың ыңғайлылығы неде?

Сандарды қосу мен азайту кезінде бағанға қалай жазған дұрыс?

Есепті қалай тексеруге болады?

Жазылым:

Үш таңбалы сандарды қосу және азайтуды баған түрінде жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Келіңдер, балалар, санап үйренейік!

Нақты есебі жоқтың барлығын есте сақтаңыздар.

Кез келген жұмыс алға баспайды,

Есепсіз көшеде жарық та болмайды,

Есепсіз зымыран да орнынан қозғалмайды.



4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырманы мұғалім жазбаларын қарап және анықтап, қандай топтарға бөлуге болатынын (өрнек, есеп, теңдік пен теңсіздік) мұғалім оқулықта жазбаларды қарап, қандай топтарға бөлуге болатынын анықтайды. Оқушылар бір бағанға әріпті өрнектерді, ал бір бағанға сандық өрнектерді жаздырады.

Оқулық.


7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

2-тапсырманы орындау барысында оқушылар көрсетілген өлшем бірліктерін көрсету керек.

Оқулық



12-29


Жаңаны ашу.

Мұғалім 3-тапсырмадағы есептеуді түсіндіруді тапсырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар мынадай шешімге келеді: бір түрдің шамаларын қосуға болады, нәтижесінде сол түрдің шамасы пайда болады. Бірдей шамалардың мәндерін қосу және азайту үшін оларды бірдей өлшем бірлікке ауыстырып алып, содан кейін есептеуді орындау керек.

Оқулық,


30-36


Өзіндік жұмыс

4-тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындайды.

Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы қима қағазда немесе дәптерде орындауды ұсынады.

Балалармен бірге бағалау критерийлері талқыланады:

Мен:

- үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолданамын;

- екі әріпті берілген мәні бойынша сандық өрнектің мәнін табамын.

Өткенмен жұмыс.

5-тапсырманы орындау барысында оқушылар есептің шарттары бойынша өрнек құрастырады, есепті сандық деректермен толықтырады да шешеді.

6-тапсырманы орындау барысында оқушылар сандардың берілгендерін «бос терезелерге» кезек-кезек қойып, есептеудің рационалды тәсілдерін қолданып, шыққан өрнекті жазып отырады. 7-тапсырма зерттеуді қажет етеді.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар қима қағаздар таратады, оқушылар сөйлемді аяқтайды:

жасап көремін.

мені таңғалдырды.

өміріме сабақ болды.

қаладым.

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.



11-сабақ.

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері / Жергілікті жердің бедері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

Бірқатар оқушылар:

қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Кейбір оқушылар:

Қосу мен азайтудың жазба алгоритмін қолдана отырып, өрнектің мәнін бірнеше әрекетпен табу.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларын дамыту:

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың жазбаша алгоритмін қайта қосу.

Пәндік лексика және терминология:

Разряд арқылы бір/екі «бағанмен» үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмдері.

Бір / екі әріппен әріпті өрнек, әріптердің мәні, сандық өрнектің мәні.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бағанмен жазудың ыңғайлылығы неде?

Сандарды қосу мен азайту кезінде бағанға қалай жазған дұрыс?

Есепті қалай тексеруге болады?

Жазылым:

Өрнектерді бағанмен жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

 - Кинолардан, журналдар мен компьютердегі суреттерден тауларды бір емес бірнеше рет көрдіңіздер. Сізге таулар туралы әндер таныс па? Таулар туралы әдеби шығармалар мен суретшілердің салған картиналары бар.

- Тауда болғандарың бар ма?

- Тау туралы не айтып бере аласыздар?



4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау үшін мәтінді оқып, қандай сандар кездескенін тауып және анықтап, кему тәртібі бойынша атайды.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өрнекті бағанға жаз. Нені байқадың? Бізге таныс емес жағдай бар ма?

458 + 152 900 – 128 100 – 58 654+345 1000 – 658

Қиындық туған жерді көрсетіңіз.

Жаңа құбылыс 654 + 345 пен 1000 – 658. Олар 100-ге дейінгі қосу мен 100-ден азайту тәсілдеріне ұқсайды.

Тақта, салынған суреттер жинағы.



12-29


Жаңаны ашу.

Жаңа алгоритм құрамыз ба, қала ойлайсыз?

(қосуды толық жүзге/жүзден азайтудың белгілі алгоритмін толықтыру керек).

Айтыңыздаршы, сіздер қалай ойлайсыздар?

2-тапсырмада оқушыларға үш таңбалы сандардың қосу мен азайту жазбаша алгоритмін қарау керек.

бірліктерді қосамын

ондықтарды қосамын

жүздіктерді қосамын… 10 жүздік – бұл 1 мың. 1 мыңды жүздіктің сол жағына жазамын.

Азайтуда осы сияқты ұқсас. (азайғышта бос бірлік 0, бос ондық 0, бос жүздік 0)

Бірліктер қайда тығылды? (ондықта)

Қалай болады енді? (1 ондықты 10 бірлікке ауыстыру)

Ондықтар қайда тығылды? (жүздікте)

Қалай болады енді? (1 жүздікті 10 ондықпен ауыстыру)

Жүздіктер қайда тығылды? (мыңдықта)

Қалай болады енді? (1 мыңдықты 10 жүздікпен ауыстыру.)

Ары қарай? (әдеттегідей азайтамыз)

Толықтыру тақтасында толықтырылған алгоритм және орындалған есептің сызбасы.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

3-тапсырманы оқулықтағы түсіндірмемен орындаймыз.

Эталон бойынша жұптарымен түсіндіріп шешеді.

Мысалдарды шығарғанда қандай қателіктер жібердіңіздер?

Нені түсінбей қалдыңыздар?

Оқулық .


30-36


Өзіндік жұмыс

4-тапсырма топпен орындалады.

Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы қима қағазда немесе дәптерде орындауды ұсынады.

Бағалау критерийлері талқыланады:

Мен:

-үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмдерін қолданамын;

-екі әріпті өрнектердің берілген мәні бойынша сандық өрнектің мәнін табу.

Өткенмен жұмыс

5-тапсырманы орындау ұсынылады.

6-тапсырма көбейту мен бөлу кестесін қайталауға бағытталған.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

Сабақта біз қандай жаңаны аштық?

Қандай жаңа мысалдарды шешуді үйрендік?

Алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз?

Жеттіңіз бе?

Мысалдарды шешуде ненің көмегі тиді?

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 7-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.






12-сабақ.

Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері /Өсімдіктер әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар:

үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

Бірқатар оқушылар:

1000-ға дейінгі сандардың 1000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Кейбір оқушылар:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша алгоритмін қолдану.

Пәндік лексика және терминология:

Разрядтан аттап бір/екі үш таңбалы сандарды «бағанмен» қосу мен азайту алгоритмдері. Сандар тізбегі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Заңдылық дегеніміз не?

Заңдықты қалай жалғастыру керек?

Жазылым:

Өрнектерді бағанмен жазу. Сандардың тізбегін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі. Сандардың тізбегі туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Санаңдар, балалар, тездетіп санаңдар.

Жақсы істі батылырақ көбейтіңдер,

Жаман істерді тездетіп азайтыңдар.

Тездетіп өз жұмыстарыңды бастаңдар!



4-6

Өзектендіру.

1-тапсырмада бірліктер мен ондықтарды, жүздіктердің санын анықтап, сандарды оқу керек. Оқушылар разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде сандарды жазады.

Санау материалдары мен кестелерді пайдаланып, оқушылар жұппен тәжірибелік жұмысты орындайды. Оқушылар1000 санының моделін жасайды.

- 1000 қандай болып шыққанын көрсет.

- Санды шығару үшін 1000-ды жүздіктер мен бірліктерге қалай бөлуге болады, айтып бер.

Оқулық, разрядтар кестесі.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта біз үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу мен азайтуды үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.

Оқулық



12-29


Өзіндік жұмыс

Үш таңбалы сандармен амалдар орындаудағы қателіктер мен қиындықтарды анықтау маңыздыс болып табылады. Бұл үшін барлық үйретілген есептеу жағдайлары жинақталған диагностикалық тапсырма жүргізіледі. Мысалы:

569 – 425 560 – 329 1000 – 561

216 + 423 478 + 267 473 + 527

785 – 695 142 + 698 900 – 456

Ары қарай қателер мен қиындықтар анықталған жағдайда өзін-өзі тексеру жүргізіледі. Балалар есептеу алгоритмін түсіндіріп, орындалған тапсырмаларға түсінік береді.

Мұғалім оқулықтағы 2, 3, 4-тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Сабақтың тақырыбымен жұмыс.

Мұғалім оқулықтағы 5-тапсырмада сандар тізіміне қараймыз.

254, 250, 246, …

Берілген сандық тізбектің заңдылығы неде?

Заңдылықтағы әрбір келесі сан қалай пайда болады?

Келесі сан қайсысы болады?

Қорытынды: әрбір келесі сан белгілі бір арифметикалық амалды орындауда алынады.

Сандық қатарды қалай шешеміз:

1-қадам: қатар тұрған екі санның бір-бірінен айырмашылығын анықтау.

2-қадам: қатар түзудің ережесін анықтау.

3-қадам: осы ережені басқа жұп сандарда тексеру.

4-қадам: осы ережені пайдаланып, қатардағы келесі санды анықтау.

Оқушылар сандық қатардың заңдылығын тауып, сандық қатарды ары қарай жалғастырады. Келесі үш санды анықтайды.

Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы қима қағазда немесе дәптерде орындауды ұсынады.

Балалармен бірге бағалау критерийлері талқыланады:

Мен:

-үш таңбалы сандарды 1000-ға дейін қосу мен 1000-нан азайту амалдарын бағанмен жазамын;

-разряд арқылы сандарды қосу мен азайтуды разряд бойынша қосу (толық 1000-ға дейін толық 1000-нан);

-Тексеруді орындау.

оқулық,


30-36


Өткенмен жұмыс

6-9, 10-тапсырмалар топпен орындалады. Оқушылар қиындық тудырған тапсырманы таңдап, соны шешеді.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

Сабақ аяқталған соң балалар ағашқа жапырақтар, гүлдер, жемістерді жабыстырады:

Жемістер сабақ пайдалы, жемісті болды;

Гүл сабақ жақсы өтті;

Жасыл жапырақ сабаққа көңілі толмады;

Сары жапырақ сабақ ұнамады, зеріктірерлік болды.

Сабақта балалар жұмысын қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.

Ағаштың суреті, жапырақтар, гүлдер, жемістер:




























































13-сабақ.

Тақырыбы: Өткенді бекіту / Құстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.3.1. 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

3.2.1.1. Бір / екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Бірқатар оқушылар:

әріптердің берілген мәндерінде екі әріпі бар әріпті өрнекті құруды.

Кейбір оқушылар:

Өз бетімен таңдаған ереже бойынша тізбек құру, қателіктерін табу.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері ретте санау.

Пәндік лексика және терминология:

бір / екі әріпі бар әріпті өрнектерді әріптердің мәні, сандық өрнектің мәні, үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Заңдылық дегеніміз не?

Заңдылықты қалай жалғастыру керек?

Жазылым:

Өрнектерді бағанмен жазу.Сандардың тізбегін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі. Сандардың тізбегі туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Егер әңгіме бір оңай, түсінікті нәрсе туралы болса, онда біз «Түсінікті, екі жердегі екім –төрт» сияқты деп жиі айтамыз.

Ал бірақ осы екі жерде екім – төрт екенін білу үшін адамдарға мыңдаған жылдар бойы көп оқуға тура келді емес пе.

Әрине, бұл парта үстінде болған жоқ. Адам бірте-бірте өмір сүруді үйренді: үй салуды, алыс жол жүруде жол табуды, жер өңдеуді.

Сонымен бірге санауды да үйренді. Және біз математиканы оқуды жалғастырамыз, оны өмірде қолануды үйренеміз.




4-6

Өзектендіру.

Мұғалім 1-тапсырманы тәжірибелік жұмыс ретінде өткізуді ұйымдастырады.

Бұл жұмыс зерттеушілік қасиетті талап етеді. Балалар үш қосылғыштан 3 санын қалай алу керектігін табады: 300, 210, 201, 111, 102, 120.

Бұл көптаңбалы сандардың моделін құрайды.


7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта біз үш таңбалы сандарды қосу мен азайту амалдарын үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қншалықты есте қалғандығын білу керек.




12-29


Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы 2-тапсырманы орындау үшін оқушыларға қажетті заңдылықты тауып, сандық қатарды құру және келесі үш санды атап, сандық қатарды жалғастыру.

- Заңдылықтағы әрбір келесі сан қалай пайда болады?

- Келесі қай сандар болады?

2-( ә) тапсырмада оқушылар берілген сандардың қатары қалай құрылғанын анықтайды, өз беттерімен сандар тізімін құрып, оларды жазады.

4 пен 5-тапсырмаларды оқушылар өз беттерімен орындап, қатесін тексереді.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады.

6-тапсырма жұппен шешіледі.




30-40


Өткенмен жұмыс

7-тапсырма топпен орындалады, оқушыларға әртүрлі тәсілмен екі өрнекті оқу керек.

8-тапсырмада тиімді тәсілмен есептейді.


41-45


Рефлексия.

Оқушылар сөйлемді аяқтайды.
1
. Бүгін сабақта мен ….. білдім.
2
. Сабақта бәрінен де менің жадымда сақталды.
3
. Сабақта бәрінен де  … көп жұмыс істеді.
4
. Менің айтқым келгені «рақмет» …  (мұғалімнен басқасы)

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.






























14-сабақ.

Тақырыбы: Қорытындылау /Табиғатты қорғау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

1000-ға дейінгі сандардың тізбегінің заңдылығын анықтау, әріпті өрнекті құру, оқу, жазу.

Бірқатар оқушылар:

Берілген әріптің мәнін екі әріптік, сандық өрнектің мәнін табу.

Кейбір оқушылар:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдері, сандардың тізбегі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Заңдылық дегеніміз не?

Заңдылықты қалай жалғастыру керек?

Жазылым:

Өрнектерді бағанмен жазу. Сандардың тізбегін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі. Сандардың тізбегі туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3

Ынталандыру.

Жануарларды кімнен қорғайды?

Жануарларды қорғау үшін қандай шара қолданады? (Орман шаруашылығын жандандыру және қорғау, өзендер мен көлдерді қорғау және тиым салынған жерлерде  аңшылық кәсіпке тиым салу, қорықтар салу).

Қорық деген не екенін білесіздер ме
Қорықтар – адамдарға шаруашылық қызметіне толықтай тиым салынған жабайы табиғаттың бір бұрышы. Бұл жерде ағаштарды кесуге, балық аулауға, аңшылық жасауға тиым салынған. Қорықтарда сирек кездесетін жабайы жануарлар мен өсімдіктер қорғалады.

Қалай ойлайсыздар ҚР территориясында қорықтар бар ма? (ҚР территориясында 10 қорық бар)




4-6


Өзектендіру.

1-тапсырмадағы мәтінді оқып, 300-ден кіші 10 санды атаңыз. 191-ден үлкен 10 санды жазыңыз. Сәуледе көрсетілген теңсіздіктердің көптеген шешімдерін жазыңыз.





7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта біз үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу мен азайтуды, заңдылықты анықтауды және оны жалғастыруды үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.




12-29


Өзіндік жұмыс

2 және 3-тапсырмаларды өз беттерімен орындайды.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады.

4-тапсырма жұппен орындалады.





30-40


Өткенмен жұмыс

6-тапсырманы орындау үшін оқушыларға мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беру керек.

Наурызым қорығында өсімдіктің қанша түрі бар?

Ал екеуінде қанша?

Өзіндік жұмыс

7-тапсырма, кесте бойынша теңдеулер құрып, оны шешеді.

8-тапсырманы орындау үшін келесі үш санды атап, сандық қатарды жалғастырып және сандардық қатардың заңдылығын табу қажет.

9-тапсырманы жұп болып орындайды, ал 10-тапсырманы топ болып орындайды.


41-45


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Мен тырысып көремін.

мені таңғалдырды.

маған өмірлік сабақ болды.

Менің қалауым…

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.


1В. КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

16-сабақ.

Тақырыбы: Көбейту және бөлу амалдарын орындауда 1 санының қасиеті /Қазақстан табиғаты жазушылар шығармаларында

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.2. Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

3.1.2.3. Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар :

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Бірқатар оқушылар:

Есептеуді тиімді ету үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданады.

Кейбір оқушылар:

Санаудың тиімді тәсілдерін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Пәндік лексика және терминология:

Амалдың қасиеттері, амалдың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

1-ге көбейту мен бөлу ережесін құрастыр.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің мәнін түсіндір.

Жазылым:

Өрнектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалындағы 1 санының қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, шығарманың атауы мен авторын және өзара байланысты өрнекті анықтайды.



4-6

Өзектендіру.

Көбейту компоненттерін атаңыз. (Көбейткіш, көбейткіш, көбейтінді)

Бірінші көбейткіш нені білдіреді? (Қосындыдағы тең қосылғыштар)

Екінші көбейткіш нені білдіреді? (Осындай қосылғыштардың саны.)

Қосуды көбейтумен ауыстырыңыздар.

2+2+2+2 3+3+3+3+3+3+3 1+1+1+1 4+4+4+4+4

Біз кестеден қандай жағдайды үйренбедік?

  • 1 · 4

Рас, бұл ерекше жағдай.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

4 1 өрнегі қандай мағына береді? (Мәселе!)

  • Оның ақиқаттығын қалай тексеруге болады?

Бірақ бұл үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалану керек.

Сонымен, біздің сабақтың мақсаты 4 1 = 4 анықтау, теңдікті тура теңдік дей аламыз ба?

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Оқушыларды 1 санына көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыруды келесі тапсырмамен байланыс ретінде өткізуге болады:

Көбейтіндіні қосындымен алмастырып, есепті шығарыңыз.

1 · 7 1 · 12 1 · 4

1-ді санға көбейту кезінде не байқадыңыз?

(қандай санға көбейтсеңіз, сол сан шығады.)

1 саны қосылғыш ретінде неше рет алынады? (Екінші көбейткіште неше бірлік болса, сонша.)

Яғни, көбейтіндіде қай сан әрқашан болады? (Көбейтіндіде әрқашан екінші көбейткішке тең жауап болады).

Мұғалім 2(а)- тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеп, шешім шығарады.

2(ә)- тапсырмада оқушылар көбейту мен бөлуге өзара байланысты 2 мысал құрастырады, шешім шығарады:

егер көбейтіндіде көбейткіштің біреуі 1-ге тең болса, есептің жауабы екінші көбейткішке тең.

егер санды дәл сол санға бөлсе 1 шығады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 3 тапсырманы оқушылар түсіндіріп орындайды.

Оқулықтағы 4-тапсырманы оқушыар топпен орындайды. Мұғалім балалардың С.Бабенконың «Түйетас» ертегісін біле ме екен деп сұрайды, онда қандай ауыл атаулары кездеседі? Тапсырманы орындап, сұраққа жауап беруге болады. Оқушылар бірмен көбейтілген өрнекті тауып, тапсырма сұрақтарына жауап береді.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-36


Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы 5-тапсырмада оқушылар есеп шығарады.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы бағалау критерийлерімен қарауды ұсынады.

Мен:

- 1 санының қасиетін көбейту және бөлу амалдарында қолданады;

- көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін есепті ұтымды ету үшін қолданады.

Өткенмен жұмыс.

6-тапсырманы оқушылар топпен орындайды, әр топ өз бағанындағы мысалдарды орындайды. Оқушыларға мысалды үлкен сандармен А3 форматына жазуға болады, сосын барлық сыныптастарының алдында таңдалған амалдар тәртібін түсіндіру керек. Оқушыларға өрнекті жазып, амалдар тәртібін, олардың мәнін жазып, топтар арасында тексеру үшін алмастырады. (ә) тапсырмада оқушылар амалдар тәртібі бойынша қателерін түзетеді.

Оқулықтың 7-тапсырмасында оқушылар есептейдің тиімді тәсілдерін пайдаланып, уақытқа шығарады.

Оқушылар оқулықтағы зерттеушілікті талап ететін 8 тапсырманы орындайды. Жақшалардың теңдіктер дұрыс болатындай етіп, орнын ауыстыру керек.

Оқулық, дәптер.

37-40


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Мен үйрендім

Мен жасай алдым.

Менің қолымнан келді.

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6(ә)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.



17-сабақ.

Тақырыбы: Көбейту және бөлу амалдарын орындауда 0-дің қасиеті. Санды 0-ге бөлуге болмайтындығы?Қазақстан табиғаты жазушылар шығармаларында

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.2. Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу

3.2.1.4. Санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде: a∙0 = 0; a 0 көрсету.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Бірқатар оқушылар:

Есептеуді тиімді ету үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданады.

Кейбір оқушылар:

Санаудың тиімді әдістерін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Пәндік лексика және терминология:

Амалдың қасиеттері, амалдың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

1-ге көбейту мен бөлу ережесін құрастыр.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің мәнін түсіндір.

Жазылым:

Өрнектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту және бөлу амалындағы 1-дің қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырма бойынша тәжірибелік жұмысты орындайды. Мұғалім балалар қандай қазақ ақындарын білетіндерін, оларға авторлардың аты-жөні мен өлеңдерін оқуды, қай автор қандай өлең жазғанын сұрайды. Мұғалім тапсырма шартын оқуды ұсынады. Оқушылар мәндері ұқсас теңдіктерді тауып, қай автор қандай өлең жазғанын біледі.

Сандар жазылған қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Мұғалім мына өрнектер нені білдіреді деп сұрайды?

3 3

Оқушылар, бұл 3 рет 3-ті алу, яғни, 3 цифрын 3 рет қосу (3 + 3 + 3) деп жауап береді.

4 5? –5 рет 4, яғни, санды бес рет қосу 4 (4 +4 +4 +4 +4).

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Есептеу:

4 · 1 = 7 : 7 = 8 : 1 = 9 : 9 =

0 · 6 = 8 · 0 = 0 : 5 = 5 : 0 =

Барлық жазылған мысалдарды шығардыңыздар ма?

Қай мысал бірінші рет кездесті?

(Нөл санымен көбейту және бөлу амалдарын орындадыңыздар ма?)

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды.

а) пунктінде 0 санын 5-ке және 0 санын 3-ке көбейту керек. Мәселелі жағдай туындайды.

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады. Көбейтуді қосумен алмастырып, осы өрнектің мәнін табайық.

0 · 6= 0+0+0+0+0+0 = 0. Қандай нәтиже шығаруға болады? 0-ді санға көбейткенде 0 шығады.

8 · 0 = …

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданып, осы өрнектің мәнін табамыз.

8·0 = 0·8 = 0

Қандай нәтиже шығаруға болады? Нөлді санға көбейтсе нөл шығады. Алған білімімізді пайдаланып, 0:5 өрнегінің мәнін табайық.

Алдыңғы алған мәліметтермен байланыс орнату.

Қандай ұсыныстарыңыз бар?

0 : 5=0 0 : 5=5

Дұрыс шешімді қалай табуға болады?

Бөлуді қалай тексереміз? Қандай амалмен байланысты? (көбейтумен).

Есепті тексере аламыз ба? 0 : 5

(5-ке көбейткенде 0 шығатын санды табу керек.)

х·5 = 0

Бұл сан 0. Яғни, 0 : 5 = 0.

Өз мысалдарыңызды келтіріңіздер.

Енді қандай ереже құрастыруға болады?

0-ді санға бөлсек, 0 шығады.

0 : а = 0.

Оқулықтың 2- (а) тапсырмасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр:

0-ді 5-ке көбейту деген не?

Егер 0 санын 5 рет қосса, қанша шығады?

Қандай нәтиже шығаруға болады?

0 3 өрнегі мен ) пунктінің тапсырмасын оқушылар өз беттерімен шешеді. Оқушылар егер көбейткіштің бірі 0-ге тең болса, өрнектің мәні 0-ге тең, егер 0-ді санға бөлсе, 0 шығады, көбейткіштің бірі 0-ге тең және 0-ді санға бөлуде де 0 шығады, әріпті теңдікті жазамыз.

Нәтиже: Нөлді кез келген санға бөлсең нөл шығады.

0:b=0




ЕСІҢЕ САҚТА, нөлге бөлуге болмайды!

а:0

AutoShape 15 AutoShape 16



- Неге нөлге бөлуге болмайды?

Мысалы кез келген санды 0-ге бөліп көрейік: 5:0. Қанша шығады?

Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.

(0-ге бөлгенде, мысалы, 6 санын немесе басқа санды, 0-ден басқа санды таба алмайсыз, 6 не басқа сан шығатын, яғни тексеру мүмкін емес.

Балалар дәптердегі тапсырманы бағалау критерийлерімен орындайды.

Мен:

- 0 мен 1-дің қасиетін көбейту мен бөлу амалдарын орындағанда қолданамын;

- 0-ге бөлуге болмайтын жағдайды анықтау;

- Санды 0-ге көбейту қасиетін әріпті теңдік түрінде ұсыну: a∙0=0; санды 0: a 0-ді бөле алмаймыз.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

4-тапсырманы оқушылар жұптасып орындайды.

Оқулық, дәптер

30-36


Өткенмен жұмыс

Мұғалімнің таңдауы бойынша оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орындау.

Оқулық, дәптер.

37-40

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Сабақтағы атқарған істегі сіздің мақсатыңыз? …

Мақсатыңызға жеттіңіз бе? Дәлелдеңіз. ...

Жүздіктер туралы не білдіңіз? ...

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.


18-сабақ.

Тақырыбы: 0 және 1 санымен амалдар орындау. Жақшалы өрнектердің мәнін табу Қазақстан табиғаты туралы аңыздар

Мектеп:

Күні:

Мүғалімнің аты-жөні:

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.2. Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

3.1.2.3. Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар :

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Бірқатар оқушылар :

Есептеуді ұтымды ету үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданады.

Кейбір оқушылар:

Есептеудің тиімді әдістерін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Пәндік лексика және терминология:

Амалдар қасиеті, амалдардың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

1-ге көбейту мен бөлу ережесін құрастыр.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің мәнін түсіндір.

Жазылым:

Өрнектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалындағы 1-дің қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, жұмыс топ ішінде жасалады. Оқушылар аңыздардың тақырыптарын оқиды. Мұғалім балалардан осы аңыздарға суреттер табу мүмкіндігін сұрайды. Оқушылар өрнектің мәнін тауып, қай аңызға қандай сурет сәйкес келетінін анықтайды, таңдауларының дұрыстығын тексереді.

Сандар мен қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Мұғалім жұппен 0 және 1-мен амалдарға тапсырма орындауды ұсынады. 0 және 1-мен өрнектерді есептеу үшін ережесін тұжырымдайды..

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта біз нөл мен бірге қатысты амалдар орындауды үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.

Оқулық



12-29


Өзіндік жұмыс

2-тапсырмада оқушылар қима қағаздардағы өрнектерден теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырады. Бұл тапсырманы нұсқалар бойынша өз беттерінше орындауға болады.

3-тапсырмада оқушылар амалдардың орындалу тәртібін анықтап, өрнектің мәнін табады.

Мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін қарауды ұсынады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзету алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-36


Өткенмен жұмыс

5-тапсырманы оқушылар топта орынайды. Мұғалім әр топқа сандар жазылған үш түсті қима қағаз таратады. Оқушылар өзара байланысы бар сандарды тауып, тапсырмада берілген сызба бойынша теңдік құрастырады.

6-тапсырмада оқушылар қысқаша жазбалардан есеп құрастырып, есептерді шығарады

7-тапсырмада оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылар тапсырманы оқып, бір жағы 5 болатын екі шаршыдан құралған, қоршауға арналған сым темірдің ұзындығы тіктөртбұрыштың периметріне тең деген шешімге келеді. Оқушылар екі шаршыдан тұратын, тіктөртбұрыштың сызбасынан шыққан фигураның ұзындығын білдіретін, периметрдің не екенін түсіндіреді, тіктөртбұрыш периметрінің анықтау ережесін қалыптастырады, жердің периметрін, содан барып, соны қоршауға қажетті сым темірдің ұзындығын есептейді.

8-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар ұсынылған амалдар бойынша олардың шешімін түсіндіретін өрнектерді жазып алады. Бұл тапсырма оқушылардың құрама есептердің шешімін сиапттайтын, өрнекті жазуға дайындығына қызмет етеді.

Оқулық, әптер.

37-40


Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырма басқаларынан қызығырақ болды?

  • Бүгінгі сабақта алған білім қай жерде қажетке асуы мүмкін?

  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.

  • Барлығы өзіңіз ойлағандай болды ма?

  • Неге?

  • Тағы не үйренгіңіз келеді?

Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып анықтайды.














19-сабақ.

Тақырыбы: Есептің моделін құру / Қазақ мақалдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Есептердің қысқаша жазылуы, сызба бойынша есептер құрастыру.

Бірқатар оқушылар:

Есепті 2-3 амалмен сызба, қысқаша жазылуы түрінде модельдеу.

Кейбір оқушылар:

Өз бетімен 2 амалмен өзара байланысты есептерді модельдеу.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Есептердің компонеттерін атау, амал компонеттерінің атауларын қолданып, өрнекті бірнеше амалмен оқу.

Пәндік лексика және терминология:

Шарты, сұрақ, шешімі, сызбасы, қысқаша жазылуы, өрнек, есептің жауабы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Есептің шешімін қалай жазуға болады?

Есеп шарттарын қалай жазуға (сипаттау) болады?

Жазылым:

Шартты, есептің шешімі мен жауабын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Есеп туралы, есептердің түрлі шешімдерін, есептің қысқаша жазылуының сипаттамасын түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білетінін сұрайды, оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырманы талдап, қима қағаздағы сөздерден мақал-мәтел құрастыра алады ма деп сұрайды. Оқушылар тапсырманы оқиды, сандарды кему тәртібі бойынша ретімен құрайды, мына мақалды «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деп оқиды. Бұл тапсырманы кітаптағы сурет бойынша орындаудың пайдасы зор, көрермендік ақпаратты дамыту мүмкіндігі кеңейеді.

Қима қағаздың екінші топтамасында сандар өсу тәртібі бойынша орналасқан. «Тау мен тасты су бұзар, ел арасын қу бұзар» деген мақал құрастырылады.

Сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар.


4-6

Өзектендіру.

Өрнекті оқыңыз. Мәнін табыңыз.

( 32 + 40 ) : 9 =_____

45 : 5  3 =_____

6  4 – 23 =______

46 + 60 : 6 =_____

( 84 – 39 ) : 5 =_____

57 – 48 : 8 =______

( 12 + 18 ) : 6 =______

 (52 – 31 ) : 3 =______


54 : ( 16 – 7 ) =_____

( 12 + 12 ) : 4 =_____

35 : ( 30 – 23 ) =_____

( 50 – 38 ) : 4 =______

16 : ( 80 – 76 ) =_____

( 23 + 19 ) : 7 =_____

( 23 + 26 ) : 7 =______

49 + 30 : 6 =______


Мұғалім оқушылардан өрнекті әртүрлі жолмен оқуларын сұрайды.

Өрнектер салынған үлестірмелі қима қағаздар.

Тақта.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқушыларға 3-тапсырманы орындауға ұсыныс жасайды. Тапсырмада есептің шешімін сипаттайтын өрнекті табу керек. Оқушылар есептің шартын оқиды. Мәселелі жағдаят туындайды.

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім жұмыс жоспарын құрады, оқушыларды есеп шешіміне әкелетін сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, оқушылар есепті шешудің жүрісін өз түсініктерімен тұжырымдайды (кім есте нашар сақтаса, сол шешімдерді амал бойынша жазып алады), оқушылар берілген есептің шешімін сипаттайтын өрнекті таңдайды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 4-тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Оқушылар тапсырмаларға өрнектер құрастырады, әр топ тапсырманың біреуін орындайды, жұмыс аяқталған соң әр топ өзара бір-бірін тексеріп, қатесін түзету үшін өз жазбаларын орындайды.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Өткенмен жұмыс

6-тапсырмада оқушылар жазбаша қосу мен азайту амалдарын үш таңбалы сандарға амалдар үшін алгоритм бойынша жазбаша қосу және азайтуды уақытқа орындайды.

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы зерттеушілік сипаттағы талап ететін 7-тапсырманы орындауға ұсыныс жасайды. Оқушылар ұсынылған амалдардан өрнектер құрайды.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Сөйлемді аяқта: «Менің көңіл-күйімұқсайды»:

  1. күн;

  2. бұлтты күн;

  3. бұлт;

  4. жаңбыр мен бұлт;

  5. найзағайлы бұлт.

Үй тапсырмасын балалардың қабілетіне қарап береді.


























20-сабақ.


Тақырыбы: Есептің моделін құру / Отбасы құндылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Бірқатар оқушылар:

амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Кейбір оқушылар:

Өз бетімен 2 амалмен өзара байланысты есептерді модельдеу.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Есептердің компонеттерін атау, амал компонеттерінің атауларын қолданып, өрнекті бірнеше амалмен оқу.

Пәндік лексика және терминология:

Шарты, сұрақ, шешім, сызба, қысқа жазба, өрнек, есептердің жауабы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Есептің шешімін қалай жазуға болады?

Есеп шарттарын қалай жазуға (сиапттауға) болады?

Жазылым:

Шарттарды, есептің шешімі мен жауабын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Есеп туралы, есептердің түрлі шешімдерін, есептің қысқа жазбасының сипаттамасын түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан отбасы немесе отбасылық қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер білетіндерін сұрайды, оқулықтағы 1-тапсырмадағы суретті қарауларын ұсынады. Мұғалім оқушыларға 1- тапсырманы орындап, үлестірмелі қима қағаздарда жазылған сөздерден мақал құрауды ұсынады. Оқушылар қима қағаздарда жазылған сандарды орын тәртібімен орналастырып, мақалдың мағынасын ашады: «Сіз-біз деген жылы сөз ағайынға жарасар». Қима қағаздың екінші топтамасын сандардың орын тәртібімен орналасқанда мағынасы ашылып, «Жақсы адам елдің ырысы, асыл сөз жанның ырысы» деген мақал шығады. Мұғалім оқушылардан кімнің сандарды жазбай, мақал естерінде қалғанын сұрайды.

Сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Өрнекті оқыңыз. Мәнін табыңыз.

7  7  + 6  8 =_____

6  7 – 81 : 9 =_____

54 : 9 + 7  7 =_____

48 : 8 7 =_____

9  7 – 4  5 =_____

8  9 – 4  7 =_____

3  8 – 6  3 =_____

8  4 – 9  2 =_____


9  9 – 6  7 =_____

4  5 – 54 : 9 =_____

63 : 9 + 6  8 =_____

64 : 8   9 =_____

8  7 + 4  3 =_____

3  9 + 7  7 =_____

4  6 + 6   6 =_____

3  5 + 4  9 =_____


Мұғалім оқушылардан өрнекті әртүрлі жолмен оқуларын сұрайды.

Өрнектер жазылған үлестірмелі қима қағаздар, тақта.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта біз нөл мен бірге қатысты амалдарды үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.

Оқулық,


30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 5-есепті шығарады.

Өткенмен жұмыс

Оқулықтағы 6-тапсырмада оқушылар фигураның ішіне кіретін торкөздерді санайды. Бұл тапсырма фигураның ауданы, фигура ауданының өлшем бірліктері туралы түсінікке дайындық іспеттес.

7-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар ұсынылған амалдар бойынша олардың шешімін анықтайтын өрнектрді жазып алады.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Менүйрендім.

Менің қолымнан ...келеді.

Мен…қолдандым.

Үй тапсырмасы әр балаға жеке қабілетіне қарай беріледі.



21-сабақ.

Тақырыбы: Аудан. Ауданның өлшем бірліктері / Отбасы құндылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1. Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

3.1.3.3. см2, дм2, м2 шамаларын салыстыру және амалдар орындау.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Ауданы бар нысандарды атау, ауданды өлшеу үшін құралдар мен өлшемдер таңдау.

Бірқатар оқушылар:

палеткамен өлшеуді жүргізу, шамалардың мәндерін салыстыру см2, дм2, м2 және олармен амалдар орындау.

Кейбір оқушылар:

Палетканың көмегімен еркін пішіндегі фигураларды өлшеуді жүргізу

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Ауданы бар заттар мен фигураларды атау.

Пәндік лексика және терминология:

Аудан, палетка, өлшем.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай заттардың (фигуралардың) ауданы бар?

Ненің көмегімен ауданды өлшеуге болады?

Фигуралардың аудандарын қалай салыстырамыз?

Жазылым:

Аудан өлшем бірліктерінің атауларын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан отбасы құндылығын қалай түсінетіндігін, мысалдар келтірулерін сұрайды. Оқулықтағы 1-тапсырманың сызбасына қарауды ұсынады.. Балалар бөлменің планын қарайды. Бөлмелердің периметрлерін табады.

Сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды, олар әрбір суреттегі үшбұрыштардың санын, өлшемдерін салыстырады.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқулықтың 3(а)-тапсырмада оқушылар жер телімін шығару үшін қанша тақтатас кеткенін санайды. 3 (ә)-тапсырмада оқушылар жер телімін жабуды толықтыру үшін қанша тақтатас қажет екенін анықтайды. Бұл тапсырмалар арқылы балалар аудан өлшем бірлігінің мәнін түсінеді.

4(а)-тапсырмада оқушылар қандай фигуралар үстел үстінде көп орын алатынын анықтайды. 4 (ә)-тапсырмада қай фигураның ауданы үлкен екенін салыстырады.

Оқулық



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

Фигура ауданын қалай салыстыруға болады?

Қай фигураның ауданы кішірек?

Оқушылар мұны білу үшін бір фигураны екінші фигураның үстіне қойып өлшеуге болатынын түсіндіреді. Екінші фигураның ішінде қалып қоятын фигура кішірек деген сөз.

Оқушылар фигура ауданы мен аудан өлшем бірлігі деп аталуына ереже шығарады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар 5(а)-тапсырманы жұппен орындайды, фигураның ішінде қанша торкөз барын санайды. 5(ә)-тапсырма – тәжірибелік жұмыс. Оқушылар фигура ішіндегі толық торкөздер мен толық емес торкөздерді санайды. Фигураның ауданын толық торкөздерді қосу арқылы және 2-ге бөлінген толық емес торкөздерді санау арқылы анықтайды.

Оқулықтағы 7-тапсырмада оқушылар тәжірибелік жұмысты орындайды. Жұмыс топта орындалады. Әр топқа әртүрлі формадағы және түрлі өлшемдегі фигуралар беріледі. Оқушылар ақ қағаздан палетка жасайды, сыртынан 1 см болатындай торкөз бойынша бүктейді. Фигуралардың ауданын өздеріне таныс тәсілмен анықтайды.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Өткенмен жұмыс

Оқулықтағы 8-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар пәтер сызбасын қарайды, қонақ үйдің, кіреберістің барлық жағындағы ұзындықтарын қосып, периметрін анықтайды. Тапсырманың соңғы сұрағы оқушыларда функционалдық сауаттылық қалыптасқанын тексереді. Оқушылар қажетті еденкемердің (плинтус) ұзындығы есіктің ауданын алып тастағанда, қонақ бөлменің периметрі болатынын түсіну керек.

Оқулық, дәптер

41-45


Рефлексия.

Оқушылар бір-бірінің сабаққа деген ынтасын бағалайды және бір-біріне және сабақ өткізгені үшін мұғаліміне алғыс айтады. Сабақтың осылай аяқталғаны қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігін береді жеке тұлғаны мойындаудың әр адам үшін маңыздылығын қалыптастырады.


























22- сабақ. Аудан. Ауданның өлшем бірліктері


Тақырыбы: Еңбектің рөлі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1. Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

3.1.3.3. Шамалар мәндерін (мм, см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2) салыстыру және амалдар орындау.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Ауданы бар нысандарды атау, ауданды өлшеу үшін құралдар мен өлшемдер таңдау.

Бірқатар оқушылар:

палеткамен өлшемдерін шығару, көлемнің мәнін салыстыру см2, дм2, м2 және олардың үстінен амалдар орындау.

Кейбір оқушылар :

Палетканың көмегімен фигураның өлшемін еркін формада шығару.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Ауданы бар заттар мен фигураларды атау.

Пәндік лексика және терминология:

Аудан, палетка, өлшем.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай заттардың (фигуралардың) ауданы бар?

Ненің көмегімен ауданды өлшеуге болады?

Фигуралардың аудандарын қалай салыстырамыз?

Жазылым:

см2, дм2, м2.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан түсінігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Математика не істей алады?

  • Астрономға алыстағы жұлдыздардың жолдарын анықтауға көмектеседі.

  • Инженер математиканың көмегімен реактивті ұшақты, кеме мен электр станциясын жобасын жасайды.

  • Ал теңізшіге теңіздегі кеме жолын көрсетеді.

  • Сонымен, математика барлық санау қажет болатын заттарды санайды. Математикалық білім бізге өмірде және еңбегімізде қажет болады.



4-6

Өзектендіру.

Оқушылар 1-тапсырмаға берілген суреттерді қарап, әр алаңға салу үшін қанша тақтатас кететінін санайды.

Оқулық



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар дәптер бетіне қабырғасы 10 см немесе 1дм болатын шаршы сыз. Тапсырма «осы шаршының ауданын табу» оқушыларды мәселелі жағдаяттарға әкелу.

Оқулық



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

дұрыс форманың ауданын анықтау үшін не істеу керек. (Өлшем бірлікті мақсат етіп қою қажет.)

Берілген фигураны қандай бірлікпен өлшеуге болады? (дм2 , см2-мен)

Фигураның ауданын квадрат сантиметрмен қалай өлшеуге болады? (Оны қабырғасы 1 см болатын шаршыларға бөлу керек, осындай қанша шаршы бар екен.)

Оқушылар көлденеңінен және тігінен 1 см қадаммен сызады, бір сызықтағы торкөздерді санайды – бұл бір ондық, фигураның бойына осындай қанша ондық сыяды (10 ондық см2 немесе 100 см2).

Мұғалім оқушылар ауданның өлшем бірлігінің қалыптасуында қандай заңдылық байқағанын сұрайды. (қабырғасы 1см квадрат – ауданның өлшем бірлігі – 1 квадрат см, см2, қабырғасы 1дм болатын квадрат – ауданның өлшем бірлігі – 1 квадрат дм, дм2).

Сіз ұқсастық бойынша егер қабырғасы 1м (1 квадрат метр, 1 м2) болса, кілемнің ауданын таба аласыз ба?

2-(б) тапсырма бойынша оқушылар тәжірибелік жұмыс жасайды, қабырғасы 1 м болатын квадраттың қанша квадрат дециметрден тұратынын санайды. Тереңірек түсіну үшін әр топқа қабырғасы 1 м болатын қағаз беріледі. Бір топқа үлкен сызғыш беру керек, ал екінші топқа қабырғасы 10 см болатын түрлі түсті қағаздан жасалған шаршы беріледі. Үлкен сызғышы бар топта шаршының қабырғасына әр 10 см сайын сызық қалдырады (әр бала қағаздың бір жақ бетін сызуына болады), тігінен де көлденеңінен де сызық жүргізеді. Түрлі түсті қағаздан шаршысы бар топта оқушылар бірінен соң бірі үлкен қағаз бетіне жабыстырады, содан кейін қабырға бойымен арасынан қалдырмай жабыстырады. Оқушылар бір шаршы метрде қанша дециметр квадрат бар деген шешімге келеді.

3-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар кезек-кезек бір-біріне бұдан да үлкен жаңа аудан өлшем бірліктерін түсіндіреді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

4-тапсырмада оқушылар сандық көлем амалдарын орындайды.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

4 (а) тапсырма орындалады.

Өткенмен жұмыс

5-тапсырманы оқушылар түрлі әдіспен шығарады.

6-тапсырманы өзіне ыңғайлы тәсілмен шығарады.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар қызықтырарлық болды?

  • Бүгінгі сабақта түсінгенің қай жерде керек болуы мүмкін?

  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.

  • Бәрі өзіңіз ойлағандай болды ма?

  • Неге?

Тағы не үйренгіңіз келеді?



23- сабақ. Аудан. Ауданның өлшем бірліктері

Тақырыбы: Еңбектің рөлі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1. Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

3.1.3.3. Шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2/ сек, мин, сағ, тәул., жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

Ауданы бар нысандарды атау, ауданды өлшеу құралдар мен өлшемдер таңдау.

Бірқатар оқушылар:

палеткамен өлшемдерін шығару, көлемнің мәнін салыстыру см2, дм2, м2 және олардың үстінен амалдар орындау.

Кейбір оқушылар :

Палетканың көмегімен фигураның өлшемін еркін формада шығару.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Ауданы бар заттар мен фигураларды атау.

Пәндік лексика және терминология:

Аудан, палетка, өлшем.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай заттардың (фигуралардың) ауданы бар?

Ненің көмегімен ауданды өлшеуге болады?

Фигуралардың аудандарын қалай салыстырамыз?

Жазылым:

см2, дм2, м2.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен қандай маман иелері ауданды өлшейтіні жайында әңгімелеседі, күнделікті өмірде бұл ілімді қалай пайдалануға болады.



4-6

Өзектендіру.

Оқушылар 1-тапсырмаға берілген суреттерді қарап, қанша тақтатас кететінін санайды.

Оқулық



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Өткен сабақта аудан деген не, қалай және қандай бірліктермен өлшейтінін білдік.

Бізге өткен сабақтағы мәліметтердің қаншалықты түсінікті болғанын білу керек.

Оқулық



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындайды.

2-(а) тапсырмада тіктөртбұрышта қанша қатар бар екенін, бір қатарда қанша торкөз барын, тіктөртбұрышта, квадратта қанша торкөз барын санайды.

2-(ә) тапсырмада тіктөртбұрышта қанша баған бар, квадратта қанша баған барын, барлығында қанша баған барын санайды.

Оқушылар санаудың екі әдісінің нәтижесін салыстырады.

3-тапсырмада оқушылар өрнектің мәнін есептеп шығарады, сандық өлшемдермен ұсынылған, ауызша көбейту алгоритмін сақтай отырып, өрнектің қосындысы мен айырымын, көбейту кестесін білетіндер көбейту мен бөлу амалдарына арналған білімді пайдаланады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әркім өзінің есебі жайында айтады.

Оқулық, разрядтар кестесі дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Мұғалім тапсырманы дәптерде немесе қима қағазда бағалау критерийлерімен орындауды ұсынады.

Бағалай критерийлері:

Ауданды қалай өлшеу керек екенін білемін, өлшеу нәтижелерін дұрыс жаза аламын.

Өткенмен жұмыс

Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, сандық мәліметтерді ұсынылған қысқа жазбалармен толықтырады, әр оқушы өз серіктесіне көмектеседі, есеп шығарады, өзара тексеру үшін алмастырады.

6-тапсырма оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, алдымен әр жер телімінің периметрін табу көзделген. Оқушылар сұрақтың астарында, барлық гүлзарды қоршауға қажетті ұзындық, олардың периметрінің қосындысына тең.

9-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар қызықтырарлық болды?

  • Бүгінгі сабақта түсінгенің қай жерде керек болуы мүмкін?

  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.

  • Бәрі өзіңіз ойлағандай болды ма?

  • Неге?

Тағы не үйренгіңіз келеді?



24- сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділік

Тақырыбы: Менің жұмсайтын шығындарым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептер шығару.

Бірқатар оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептерді зерттеу.

Кейбір оқушылар:

Кері байланысты үштік есеп құру.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Шамалар арасындағы тәуелділікті қалыптастырады: баға, құн, сан.

Пәндік лексика және терминология:

Шамалар арасындағы байланыс, сызба, қысқаша жазбалар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Түсінік деген не?

Басқа екі шаманы біліп тұрып, бір шаманы қалай табуға болады?

Жазылым:

сызба, қысқаша жазба, шешім, есептің жауабы.

Тірек білім, білік, дағдылар

БАҒА, САН, ҚҰН туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан сұрайды:

Сіз бір нәрсе сатып алдыңыз ба?

Қандай ақшалар мен тиындарды білесіздер?

Қайтқан ақшаны санадаңыздар ма?

Дүкенде математика сабағында алған білімің қажет пе?

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, кітаптағы суреттерді қарап, 500 теңгеге өздері сатып ала алатын тағамдарды таңдайды, жалғасы суретте.

Сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Оқушыларға ойыншық ақшалар мен тиындар таратылады, топпен «Дүкен» ойынын ойнау ұсынылады.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушылар 2-тапсырманы орындайды, кестені толтыру керек. Мұғалім оларға тапсырманың қай мәліметтері таныс деп сұрайды. Бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған заттардың жалпы сомасы белгілі. Осы ақшаға қанша кәмпит алынғанын анықтау керек. Мәселелі жағдаят туындады.

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

24 теңгеге қанша кәмпит алуға болады, егер бір кәмпиттің бағасы 8 теңге болса?

Қандай амалмен осыны анықтадыңыз?

Оқушылар тауардың санын анықтау үшін,сатып алу сомасын бір заттың бағасына бөлу керек. Мұғалім оқушыларға үшбұрышты қарап, бұл символдық ереже, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен, осының көмегімен белгісіз шаманы табуды түсіндіреді.

Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды.

Мұғалім бұл тапсырмада не белгілі екенін сұрайды. Мұнда бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған кәмпиттердің саны белгілі. Сатып алуға кеткен жалпы соманы білу керек.

4 теңгеден 4 кәмпит сатып алсаң қанша теңге төлеу керек?

Оқушылар сатып алған соманы білу үшін туардың бағасын оның санына көбейту керек деген шешімге келеді. Мұғалім оқушыларға үшбұрышты қарап, бұл символдық ереже, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен, осының көмегімен белгісіз шаманы табуды түсіндіреді.

Оқушылар 4-тапсырманы орындайды.

Мұғалім тапсырмада бізге қандай мәлімет белгілі деп сұрайды. Жалпы сома мен кәмпит саны белгілі. Бір кәмпиттің бағасын анықтау керек.

Егер 4 кәмпитке 20 тг төлесе, онда бір кәмпиттің бағасы қанша?

Оқушылар бір кәмпиттің бағасын білу үшін жалпы соманы кәмпит санына бөлу керек деген шешімге келеді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар 6-тапсырманы жұппен орындайды, сызба суреттен есеп құрастырады. Оқушылар есептерді шығарады, өз шешімдерін бір-біріне түсіндіреді.

Оқушылар 8-тапсырманы топта орындайды. Топтағы әр оқушы бір сатып алудың сомасын біледі және тапсырмадағы берілген кесте бойынша есеп құрастырады.

Оқулық. Разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Мұғалім 8-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар кесте бойынша есеп құрастырып оларды шығарады.

Мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін көруді ұсынады.

Өткенмен жұмыс

9-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар тиынның өтірік екенін білу үшін оның салмағын өлшеу керек, ол өте жеңіл болады. Барлығы 8 тиын. Оқушылар өздерінің тұжырымдамасын:

Алғашқы өлшеу кезінде таразының әр басында 4 тиыннан бар, ең аз салмақты 4 тиынды таңдайды.

Екінші өлшеу кезінде таразының әр басында 2 тиыннан, ең аз салмақты 2 тиынды таңдайды.

Үшінші өлшеу кезінде 2 тиынды өлшейді, ең жеңілі өтірік тиын.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Сабақта ең маңыздысы не болды?

Не қызықтырды?

Бүгін сабақта алған білімің қай жерде іске асуы мүмкін?



25-сабақ. Екі жиынның бірігуі және қиылысуы

Тақырыбы: Менің достарым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3. 4.1.1. Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

3.4.1.2. Сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру.

3.5.2.2. Екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

Бірқатар оқушылар:

сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құрады.

Кейбір оқушылар:

екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Жиынның құрамына қандай элементтер кіретінін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Жиын, бірігу, қиылысу, бос жиын, Эйлер-Венн диаграммасы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Жиынға қандай элементтер жатады (жатпайды)?

Жазылым:

екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жиын.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Мұғалім достық туралы әңгіме жүргізеді.

Балаларға өздерінің достары жайлы айтуды сұрайды.

Оқулық


4-6

Өзектендіру.

Заттардың бір жиында болу себебін, қасиетін ата. Қай жиында бір зат артық болып тұрғанын ата. Әр жиынға қосуға болатын затты ата.

Оқулықтың суреттері.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Мұғалім оқушыларға тәжірибе жүргізуге ұсыныс жасайды. Мұғалім 1-тапсырманың суретін қарап, сурет бойынша тапсырмамен берілген сұрақтарға жауап береді, осы сурет бойынша өздері сұрақ құрастырады, барлық оқушыларға қояды, жауаптың дұрыстығын бақылайды.

Оқулықтағы 2-тапсырма топ ішінде орындалады. Оқушылар 2 сақина алып, үстел үстіне суретте көрсетілгендей қима қағаздарды сол жағында 4-ке бөлінетін жиын сандар, оң жағында 5-ке бөлінетін жиын сандар тұратындай етіп жайып қояды.

Мұғалім 4-ке де, 5-ке де бөлінетін санды атауларын сұрайды. Осы сандардан тұратын жиынды қалай атауға болады. Мәселелі жағдаят туындайды.

Оқулық.

сақиналар, сандары бар үлестірмелі қима қағаздар



12-29


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

Бір-біріне қатынасы бойынша сақиналар қалай орналасқан? (Оқушылар сақиналар қиылысып тұр деп жауап береді.)

Құрамында 4-ке де, 5-ке де бөлінетін жиын элементтері қайда орналасқан? (қиылыста) оқушылар «жиындар қиылысы» деген түсінікті ашады, оның шартты мағынасын біледі.

Құрамында 4-ке де, 5-ке де бөлінетін жиынның элементтері қайда орналасқан? (Екі жиынның кез келген біреуінде)

Оқушылар осындай ережелерді кітаптан оқымас бұрын, осындай шешімге келулері керек.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

3- тапсырманы топпен орындайды.

Оқушылар оқулықтан суреттерді қарап, қағазға құс аттарын жазады, осы жиынды көк дөңгелекпен қоршап, астына «Құстар» деген сөз жазып қояды. Содан кейін қызыл дөңгелекті көк дөңгелекпен қиылысатындай етіп салады. Ұша алатын жануарлардың аттарын оқиды. Екі дөңгелектің қай жеріне орналасқанына мән беріп, екі жиынның қиылысқан жеріне жазады. Қалған жануарларды қызыл дөңгелекке жазады. Астына «Жануарлар» деп жазып қояды. Әр топ өз бетімен бірігу мен қиылысудың қандай жиындарын салатынын өздері шешсін деп ұсыныс жасауға болады.

Оқушылар екі жиынның бірігуіне, жиындардың қиылысу нүктесін атайды.

5- тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Оқушылар: 2, 47, 16, 8, 17, 32, 6, 53, сандарын оқып, екі қиылысатын дөңгелек салады, тапсырмаға сәйкес суреттің екі таңбалы жұп сандар орналасқан жерін бояп қояды.

Оқушылар «бос жиын» деген түсінікпен танысып, бос жиынға мысалдар келтіреді.

Оқулық.



30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтың 4-тапсырмасы бойынша тәжірибелік жұмысты орындайды, жиын элементтерінің атауларын, осы жиындар шартта көрсетілгендей етіп, фигуралардың ішіне қосады.

Дұрыс айтылған пікірлерді тауып, сұрақтарға жауап беруді талап ететін 8- тапсырманы ұсынуға болады.

Мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін талқылайды.

Өткенмен жұмыс

6-тапсырмада оқушылар есеп шығарады, 7-тапсырмада амалдың белгісіз компонентін табуды жақсы меңгергеніне сүйеніп, теңдеу шешеді.

Оқулық , дәптер

41-45


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

1.Сабақта мен... жұмыс жасадым.
2.Сабақта өз жұмысыммен мен...
3.Мен үшін сабақ жақсы...
4.Сабақ үшін мен...
5.Менің көңіл-күйім...
6.Сабақтың мынадай... мәліметі болды.


26-сабақ. Екі жиынның бірігуі және қиылысуы

Тақырыбы: Мінез-құлық ережелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3. 4.1.1. Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

3.4.1.2. Сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру.

3.5.2.2. Екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

Бірқатар оқушылар:

сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құру.

Кейбір оқушылар:

сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі санды тура және кері ретпен санай алатын болады.

Пәндік лексика және терминология:

Екі жиынның бірігуі мен қиылысуы, бос жиын таңбалары – таңбасы, жиынды қиып өту таңбасы және жиынды біріктіру таңбасы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Жиынға қандай элементтер жатады (жатпайды)?

Жазылым:

Бос жиынды білдіру үшін – таңбасын, жиынның қиылысуын білдіру үшін таңбасын және жиынның бірігуін білдіру үшін таңбасын пайдалану.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жиын ұғымы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Мінез-құлық ережелері туралы әңгіме өткізу.



4-6

Өзектендіру.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмаға берілген суретті қарап шығады, сұрақтарға жауап береді.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Алдыңғы сабақтарда біз жиындармен таныстық, жиындардың бірігуі мен қиылысуын табуды үйрендік. Бүгін сендердің әрқайсыларың неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.

Оқулық.



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы 2-ші және 3-тапсырманы орындайды.

Мұғалім оқушылармен бірге бағалау өлшем шарттарын талқылайды.

2-тапсырмада оқушылар сұрақтарға сызба бойынша жауап береді.

3-тапсырмада екі жиынның қиылысуына қатысты элементтерді табады, жиындардың қиылысуына атау береді.

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

Кім қандай жерде қиналды?

Қай жерде қателік жібердіңдер?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Қиындықтарды түзету үшін оқушылар 4-ші және 6-тапсырмаларды топпен орындайды. 4-тапсырмада оқушылар жиындарды олардың сұлбалық кескіні бойынша таңдап алады. Оқушылар бұл тапсырманы өздерінің жиын туралы білімдеріне сүйене отырып, графикалық түрде орындайды. Тапсырма жиындардың қиылысуы туралы екендігін түсінген оқушылар қиылысатын екі дөңгелекті сызады. Екі тармақта да 4 адам барғандықтан, дөңгелектердің қиылысатын жеріне 4 цифрын жазады. Көрме залында 12 адам барғандықтан, ал оның 4-еуі белгіленгендіктен, бірінші шеңберге 8 цифрын жазып, төменіне тиісті қол қою керек. Музейге 18 адам барғандықтан, ал төртеуі белгіленіп қойылғандықтан, екінші шеңберге 14 цифрын жазып, белгілеу керек. 6-тапсырмада әр топ тапсырманың бір тармағын орындайды. Топтарға тапсырмада келтірілген мысалмен танысқаннан кейін өздерінің екі жиынды біріктіруге арналған мысалын құруды ұсынуға болады.

Оқулық.


30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 5-тапсырманы жұппен орындайды. Аталған жиындардың элементтерін жазу тапсырылады. а) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы тақ сандарды тауып жазу. ә) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы толық сандарды тауып жазу керек.

Өткенді қолдану

6-тапсырмада оқушылар есептерді шығарады.

7-тапсырмада оқушылар кестедегі өрнектерді пайдалана отырып, алдын ала теңдік деген не және теңсіздік деген не деген ережені қалыптастырып, дұрыс теңдіктерді және теңсіздіктерді құрады.

Келесі 8-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді. Әр топқа жиындарды сұлбалардың біреуі бойынша таңдап алуды ұсынуға болады, кейін өздерінің жұмыстарын бүкіл сыныпқа көрсетеді.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Оқытушы оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қима қағаздар таратады, оқушылар олардың жалғасын жазады:

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...


27-сабақ. Мүмкіндіктер тармағы

Тақырыбы: Мінез-құлық ережелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаты

3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

комбинаторлық есептерді шығару тәсілі ретіндегі «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу.

Бірқатар оқушылар:

Есептерді шығаруды «мүмкіндіктер тармағын» пайдалану.

Кейбір оқушылар:

күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда есеп шығаруда «мүмкіндіктер тармағын» пайдалану.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсінетін болады.

Пәндік лексика және терминология:

«мүмкіндіктер тармағы», шешу нұсқалары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Есепті «мүмкіндіктер тармағының» көмегі арқылы шығару деген не?

Оның қанша нұсқасы бар?

Шешімдерді таңдап алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жазылым:

Есептерді шығаруды жазып алу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Әртүрлі есептерді шығару.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушы өмірде барлық мүмкін болатын нұсқаларды ескеру қажет болатын есептерді шығаруға жиі тура келетінін әңгімелейді. Мұндай есептер математикада да, өмірде де кездеседі.



4-6

Өзектендіру.

Үстелде 3 алма және 2 алмұрт жатыр. Бір жемісті таңдаудың неше нұсқасы бар?

Заттардың суреттері.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушы оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Үш цифрды пайдалана отырып, үш таңбалы сандардың барлық мүмкін болатын нұсқаларын құрау қажет.

Проблемалық жағдаят туындайды.


Оқулық,



12-29


Жаңаны ашу.

Проблемалық жағдаяттан шығу үшін оқушы сұрақтарға ізбе-із жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрайды.

Оқушылар өздері бірде-бір нұсқаны қалдырып кетпейтіндей тәсілді ұсынуға тиіс.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы топпен орындайды. Белгілі мәзірлер бойынша оқушылар үш тағамнан (бірінші, екінші, үшінші) тұратын мәзірдің барлық мүмкін болатын нұсқасын құрастыруға тиіс. Оқушылар тапсырманы «мүмкіндіктер тармағын» құру арқылы орындайды, біреуі бір белдеуді құрас тырып, оны түсіндіруден бастайды, әрқайсысы кезекпен құрылымды толықтырады.

«Топта жұмыс істеу ережесі» жадынамасы.

  1. Әрбір оқушы барлық топтардың жауаптарының ережелерін тыңдайды және талап етілсе, жұмыс дәптеріне жазып алады.

  2. Әрбір оқушы өзінің сызба бөлігімен жұмыс істей отырып, өзінің жұмыс бөлігі және ортақ іс үшін жауап береді.

  3. Әрбір оқушы еркін пікір алмасуға құқылы.

  4. Әрбір оқушы қарсыласының пікірін құрметтейді.

  5. Әрбір оқушы өзіне айтылған сынды көтере білуге тиіс.

3-тапсырманы оқушылар «материал, элемент, бөлу» аталатын жұмыс түрін пайдалана отырып, жұппен орындайды. Әлияның киімдерінен оқушылар барлық мүмкін болатын киімдерін құрастырады. Оқушылар жұппен кезектесіп «мүмкіндіктен тармағын» жасай отырып, бір элементтен толықтырады.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы 4-(а,ә)тапсырманы орындайды.

Оқытушы оқушылармен бірге бағалау өлшемшартын талқылайды:

Өткенді қолдану

Оқушылар жұппен жұмыс істеу ережесін еске түсіре отырып, жұмыс істейді.

  1. Тапсырманы мұқият оқып шығыңыз.

  2. Егер сен тапсырманы күші өзіңе шамамен тең келетін жолдасыңмен бірге орындап отырсаң, онда бүкіл жұмысты теңдей бөліп алуға тырысыңдар. Қиындық туындаған жағдайда бір-біріңе көмектесіңдер, бір-біріңнің қателеріңді әдептілікпен түзетіңдер.

  3. Егер саған қарағанда жолдасыңның қолынан жақсы келетін болса, одан көмек сұраудан, бір-нәрсені түсіндіріп жіберуді өтінуден ұялма. Бірақ мұны өз мақсатыңа пайдаланба. Егер жолдасың қандай да бір қатеңді түзеп жатса, оған ренжіме.

  4. Егер жолдасыңның сен сияқты жасай алмайтынын көріп тұрсаң, оған көмектес, алайда мұны ол толық күш-жігерін салып жұмыс істейтіндей етіп жасауға тырыс. Оның қате жіберіп жатпағанын бақыла, егер қате жасап жатса, онда әдептілікпен және шын көңіліңмен түзет.

  5. Ең басты ережесін есте ұста: кез келген ұжымдық істе іс-әрекетті келісіп алу және жолдасына көмек көрсетуге дайын тұру қажет. Сен ол үшін жауаптысың. Ол сен үшін жауапты.

1-оқушы бүкіл жұмысты өз мойнына алады, ал 2-оқушы бақылау ғана жүргізеді, келесі тармақты орындау кезінде жұптағылар рөлдерін алмастырады.

6-тапсырманы орындау үшін оқушылар сызбаны қарап шығады, сұрақтарға жауап береді, қандай элементтердің бір ғана жиынға, ал қандай элементтердің осы жиындардың қиылысуына жататындығын анықтай отырып, жауаптарды жазып алады, осы қасиетті білдіретін таңбаны пайдалана отырып және «жиын», «жиындардың қиылысуы» ұғымдарын ашатын ережелерді қалыптастыра отырып, сызба бойынша өз сұрақтарын ойлап табады, оларды парталас көршісіне немесе бүкіл сыныпқа қояды.

6-тапсырмада оқушылар кестелерді қарап шығады, әрбір бағанда амалдың бір компоненті еркін ретпен белгісіз екендігіне назар аударады. Оқушылар теңдеуді жазып алады, ауыспалының қалдырылып кеткен компонентін белгілей отырып, қосу және алу кезінде белгісіз компонентті табу ережесін пайдалана отырып, теңдеуді шешеді. Үш таңбалы сандарға арналған алгоритм бойынша ауызша есептеп шығарады.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Оқытушы оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қима қағаздарды таратып береді, оқушылар олардың жалғасын жазады:

Мен бүгін … білдім.

қызық болды.

қиын болды.



28-сабақ. Мүмкіндіктер тармағы

Тақырыбы: Адамдар арасындағы достық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» құру.

Бірқатар оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» есептерді шығаруда пайдалану.

Кейбір оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда есептерді шығаруда қолдану.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

«Мүмкіндіктер тармағы», шешу нұсқалары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау:

Есепті мүмкіндіктер тармағының көмегі арқылы шығару деген не?

Оның қанша нұсқасы бар?

Шешімдерді таңдап алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жазылымы:

Есептердің шешуін жазып алу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Әртүрлі есептерді шешу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланатын іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Санаймыз, балалар, тезірек санаймыз.

Әрқашан жақсы істерді қалаймыз.

Жаман істерге қадам баспаймыз.

Жұмысымызды тезірек бастаймыз!



4-6

Өзектендіру.

Үстелде 3 алма және 2 алмұрт жатыр. Екі жемісті таңдаудың қанша нұсқасы бар?


Пәндік картиналар



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, тапсырманың шартына сәйкес балалардың барлық мүмкін болатын орналастыру нұсқаларын жазып алу үшін кестелерді толтырады. Оқушылар бұл тәсілдің «таңдап алу тәсілі» деп аталатынын айтады. Мұғалім мұндай тапсырмаларды қандай тәсілмен оңай шешуге болатынын сұрайды. Проблемалық жағдаят туындайды.

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Проблемалық жағдаяттан шығу үшін мұғалім сұрақтарға бірден жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады.

Тапсырманы негізге ала отырып, оқушылар «мүмкіндіктер тармағының» суретін салады, таңдап алу әдісінің орнына бұл әдістің ішінен тиісті кестені таңдап алады, бірдей нұсқаларды бірдей түспен бояйды. Оқушылар балаларды сәкіге орналастыру нұсқаларының саны екі тәсілде де сәйкес келеді деген қорытындыға келеді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы 1-(ә) тапсырманы орындайды, ұсынылған 2-сызба бойынша «мүмкіндіктер тармағын» құрады, таңдап алу тәсілінің ішінен берілген кестеге сәйкес келетін «тармақтарды» белгілейді.

Оқулық,


30-40


Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды, егер цифрлар бір санда қайталанатын болса, 3 цифрды пайдалана отырып, қанша мүмкін болатын екі таңбалы сан алуға болатынын анықтайды.

Өткенді қолдану

5-тапсырмада оқушылар атау берілген шамалардан тұратын өрнектердің мәндерін мұндай амалдарды орындау алгоритміне сәйкес табады.

6-тапсырмада оқушылар алдын ала палеткалардың көмегімен еркін нысандағы фигуралардың алаңдарын анықтау қағидасын қалыптастырып, фигуралар алаңдарын палеткалардың көмегі арқылы анықтайды.

7-ші және 8-тапсырманы топ болып орындайды. 10-тапсырма зерттеуді қажет ететін тапсырма.

Оқулық, дәптер.

41-45

Рефлексия.

Бүгін қандай тақырыппен жұмыс істедік?

Өзіміз үшін нені нақтыладық?

Бұл білімді қай жерлерде пайдалануға болады?



29-сабақ. Қорытындылау

Тақырыбы: Адамдар арасындағы достық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

3.1.3.3. см2, дм2, м2 шамаларының мәндерін салыстыру және амалдар орындау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

см2, дм2, м2, га шамаларының мәндерін салыстыра және амалдар орындай отырып, есептерді «мүмкіндіктер тармағының» көмегімен шығару.

Бірқатар оқушылар:

Есептерді шығаруда «мүмкіндіктер тармағын» пайдалан.

Кейбір оқушылар:

«мүмкіндіктер тармағын» күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда есептерді шығаруда пайдалану.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

«Мүмкіндіктер тармағы», шешу нұсқалары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау:

Есепті «мүмкіндіктер тармағының» көмегі арқылы шығару деген не?

Оның қанша нұсқасы бар?

Шешімдерді таңдап алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жазылым:

Есептердің шешуін жазып алу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Әртүрлі тапсырмаларды шешу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушы барлық адамдарға өмірде математикалық білімнің қажет болатыны туралы әңгімелейді.

  • Мысалы, құрылысшылар үй тұрғызады. Қанша цемент, қанша кірпіш кететінін, биіктігін, енін есептеу керек. Жобасын жасау керек.

  • Ал тігінші көйлек тігуді қолға алды дейік. Адамның дене-тұрқын өлшейді, киім үлгісін жасайды. Оған математика қажет емес пе?

  • Дүкенде алған тауарды санайды, түскен пайданы есептейді.

  • Тіпті музыкада да, поэзияда да санауға тура келеді ырғақ, өлшем, сегізінші, төртінші, ямбтар, хорейлер.

  • Ал космос (зымырандар, жерсеріктер), компьютерлік техника, теле- радио сияқты күрделі ғылымдар туралы айтпаса да түсінікті!

Сандар жазылған қима қағаздар


4-6

Өзектендіру.

Практикалық жұмыс. Туды үш түспен бояудың қанша нұсқасы болады?

Группа 37 Группа 38 Группа 42




Қағаздың парағы, қаламсаптар


7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз сендердің әрқайсысыңда қандай қиындықтар бар екендігін анықтайтын боламыз, қателерді түзейміз.

Оқулық,



12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 2- (а), (ә) тапсырманы орындайды, шеңбердегі екі жиынның элементтерін жазып алады, мұнда бір ғана жиынға тиесілі элементтер бір шеңбердің аумағында, екінші жиынға ғана тиесілі элементтер екінші шеңбердің аумағында жатуға тиіс. Екі жиынға да тиесілі элементтер осы жиындардың қиылысу аумағында жатуы керек.

3-тапсырмада оқушылар есеп шығарады

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

Кім қандай жерде қиналды?

Қай жерде қателік жібердіңдер?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Оқулық, дәптер,


30-40


Өзіндік жұмыс

4 -тапсырманы дәптерге орындау ұсынылады.

Балалармен бірге бағалау өлшемшарттарын қарастыру ұсынылады:

Өткенді қолдану

8-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген үш цирфдан құрауға болатын үш таңбалы санның барлық мүмкін болатын нұсқаларын құрастырады. Жұппен жұмыс істеу үшін бұл тапсырмада жұппен жұмыс істеудің – «материал элементтерін бөлу» түрі ұсынылады. Оқушының қолында 3 түрлі түсті қаламсап болады, әрбір түс цифрға сәйкес қойылады. Оқушылар таңдап алу әдісі арқылы шешуді көрсету үшін қаламсапты пайдаланады: тікбұрыштардың үштігін кезекпен, әрқайсысы бір тікбұрыштан бояйды.

8-тапсырмада оқушылар амалдар компоненттері туралы білімін пайдалана отырып өрнектерді оқиды, жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдар ретін сақтай отырып, өрнектердің мәндерін есептеп шығарады.

Оқушылар 10-тапсырманы орындайды. Бұл тапсырма функционалдық сауаттылыққа арналған. Оқушылар суреттерді қарап шығады, тиген іздер қай сақинада немесе қай шеңберде екендігіне назар аударады; ұпайларды анықтайды; көбейту таңбаларын пайдалана отырып, өрнектерді жазып алады; егер тиген іздер саны ұпайлар санымен бірдей болса, қайталанады; және бір нысанадағы ұпайлар санын қосу үшін қосу амалы пайдаланылады; ұпайларды санайды.

Оқулық, дәптер,

Қима қағаздар,

түрлі-түсті қаламсаптар


41-45


Рефлексия.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қима қағаздар таратады, оқушылар сөйлемнің жалғасын жазады:

Мен бүгін білдім.

қызық болды.

қиын болды.




1С. КЕСТЕЛІК КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ


31-сабақ. 6 санына көбейту және бөлу кестесі. Жанама сұрақтармен берілген есептер


Тақырыбы: Сынып ұжымы. Құқықтар мен міндеттер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

3.5.1.5. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару («көп/аз», «есе көп/аз» қатынастарымен байланысты).

3.2.1.1. Бір /екі әрпі бар әріпті өрнектерді құру, оқу, жазу және ажырату.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

6; 7; 8; 9 сандарына көбейту және бөлу кестесін білу.

Бірқатар оқушылар:

есептеу кезінде 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін қолдана, жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару.

Кейбір оқушылар: әріптік өрнектерді өзінше құрастыру, оқу, жазу және ажырату.


Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Сандық және әріптік өрнектерді оқи алатын болады.

Пәндік лексика және терминология:

көбейту мен бөлу кестесі, жанама түрде тұжырымдалған есептер («көп/аз», «есе көп/аз» қатынастарымен байланысты).

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Көбейтуді қалай тексереміз?

Көбейту мен бөлуге өзара байланысты өрнектерді құру дегеніміз не?

«көп/аз», «есе көп/аз» деген нені білдіреді? Жанама түрде тұжырымдалған есептерді қалай шығарамыз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өректерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Сендер бәрің де оқушысыңдар. Ал сендер өздеріңнің белгілі бір міндеттерің мен құқықтарың бар екенін білесіңдер ме? «Адамдарға не істеуге болады және не істеуге болмайды?», «Ол не істеуге міндетті және не істеуге міндетті емес?», «Олар не істеуге құқылы және істеуге құқылы емес?». Бұл сұрақтарға айқын жауап болмаса, өмір былыққа айналар еді. Біздің әрқайсысымыздың қасиетіміз әртүрлі, бірақ ортақ нәрселеріміз де бар – олар біз орындауға тиіс құқықтарымыз бен міндеттеріміз.



4-6

Өзектендіру.

Бұл кезеңде қатарлар бойынша «Кім тез әрі дұрыс санай алады?» деген ойын өткізуге болады. Балалар кезекпен (эстафета сияқты) тақтаға жүгіріп шығады, есептің шешуін жазады.


Тақта



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Тақтаға қараңдар. Сендердің алдарыңда көбейту кестесі, ол 6 · 6 мысалынан басталады.

6 · 6 = 6 · 7 = 6 · 8 = 6 · 9 =

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? 6 санына көбейту кестесі қалай құрылатынына бақылау жасау.

Тақта, оқулық, тұсаукесер



12-29


Жаңаны ашу.

1- тапсырма бойынша ұжымдық жұмыс жүргізу. 6-дан санаймыз.

2- тапсырма жұппен орындалады. Әрбір 6 метрден кейін сызғыш жүргізу үшін жалаушалар қойылады, оқушылар 6-дан санауы керек.

- Жазуды не үшін 66 мысалынан бастауға болады?

Оқушылар 6 санына көбейту мен бөлу кестесін құрастырады және жазып алады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Ал енді, балалар, кестені есте жақсы сақтаудың заңдылықтарын, оның кілтін іздестіріп көрейік.

Мұқият қараңдар да, қандай қызық нәрсе көргендеріңді айтыңдар?

Заңдылықтар:

  • цифрлар қосындысы көбейтіндіде 3,9,6,3,9,6,9 (48-ден басқа) болып кезектесіп келеді.

  • 6 санын жұп санға көбейткенде көбейтінді көбейткен цифрмен аяқталады.

Сен өз сыныптастарыңмен ойнағанда ойыншықтарыңмен бөлісесің бе?

Оқушылар 3- есепті оқиды, шешуін қарап шығады.

Есепті шығаруда амалды таңдау кезінде қателеспеу үшін аз немесе көп санды табу керек екенін анықтап алудың маңызы зор...

4-( а) тапсырманы орындай отырып, оқушылар есепті қысқа жазу бойынша ол жанама нысанда болатындай етіп құруы қажет.

4 –(ә)тапсырма топпен орындалады, оқушылар есепті шығарып, қандай есептің шарты жанама түрде берілгенін анықтауы керек.

Оқулық, тұсаукесер.


30-40


Өзіндік жұмыс

5 -практикалық тапсырманы орындау үшін оқушылар осы есептің шартының және шешуінің суретін салуы, есепті жанама түрден үйреншікті түрге түрлендіруі керек.

Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар бойынша формаланған бағалауы бар қима қағаздарға орындауды ұсынады.

Мен:

-6 саны бар кестедегі мысалдарды қысқа уақыт аралығында шығара аламын.

-жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару кезінде 6 санына көбейту мен бөлу кестесін қолдана аламын.

Өткенді қолдану

6 -тапсырманы орындай отырып, оқушылар 7-есептерге арналған сандық өрнектер құрастырады.

8 -тапсырманы оқушылар өздері салыстырады, 9-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Оқытушы балалармен бірге өтілген материалды жақсы игеру үшін үй тапсырмасы қандай болуға тиіс екендігін талқылайды. Балаларға 6 санын көбейту мен бөлу кестесін жадта сақтау қажет екендігін түсіндіру керек.

Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле отырып беріледі.

















































32-сабақ. Формулалар

Тақырыбы: Ұжым. Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну

3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

бір /екі әрпі бар әріптік өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу

шамалар арасындағы тәуелділікті түсіну

Бірқатар оқушылар:

есептерді шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану

Кейбір оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту:

Өзара байланысты шамаларды атай алады.

Пәндік лексика және терминология:

Бір /екі әрпі бар әріпті өрнектер, шамалар арасындағы тәуелділік, шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулалар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

«Бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары өзара қалай байланысқан?

«Бір заттың массасын» қалай табамыз?

«Құнды» қалай білеміз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

«Бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Сабақты бастаймыз,

Пайдасынан қашпаймыз.

Бәрін ұғып алыңдар,

Құпиясына қаныңдар,

Толық жауабын табыңдар.



4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы 1- практикалық сабақ топпен орындалады. Оқушылар 6 санына көбейту мен бөлу мысалдары жазылған кесте мен олардың жауаптары бар қима қағаздар алады. Оқушылар өрнектерді және олардың мәндерін жалғастыру қажет.

- Іштеріңде кім кестені жақсы біледі?

- Нәтижеге бірге тез қол жеткіздіңдер ме?

- Неге екенін түсіндір?

Оқулық, 6 санының көбейту жағдайлары және олардың жауаптары көрсетілген кестесі бар қима қағаздар



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқулықтағы 2- тапсырманы орындау үшін оқушылар кестені толтырып, әрбір есеп үшін қандай формуланы қолданғанын түсіндірулері қажет.

Егер бағасы және саны белгілі болса, қыстырғыштардың құнын қалай білуге болады?

Егер бізге барлық сатып алынған заттың және бір өшіргіштің бағасы белгілі болса, сатып алынған өшіргіштердің санын қалай білеміз?

Егер сатып алынған заттың және дәптерлердің саны белгілі болса, бір дәптердің бағасын қалай білеміз?

Оқулық



12-29


Жаңаны ашу.

3-тапсырмада оқушылар формулаларға сүйене отырып, өнімді есептеуге көмектесулері қажет. Оқушылар кестені пайдалана отырып, кері есеп құрастырып, оны шығарады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

4-тапсырма топпен орындалады. Оқушылар есепті формулаларды пайдалана отырып шығарады.

Берілген есепке кері есеп құрады.

Блиц-сауалнама:

1. Бүкіл сатып алынған затқа жұмсалған ақша сомасы – … (құн).

2. Тауардың бір бірлігіне жұмсалған ақша мөлшері – … (баға).

3. Тауар бірлігінің мөлшері – … (сан).

4. Санды табу үшін … (құнды бағаға бөлу керек).

5. Құнды табу үшін … (бағаны санға көбейту керек).

6. Бағаны табу үшін… (құнды санға бөлу керек).

Оқулық,


30-40


Өзіндік жұмыс

6-тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға иллюстрацияны қарап, жағдаятты түсіндіруді ұсынады. Оқушылар формуланы қарап шығып, әрбір әріптің нені білдіретінін пайымдайды. Формулаларды пайдалана отырып, оқушылар есептердің шартын кестеге жазып алып, оларды шығарады.

Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар бойынша формаланған бағалауы бар қима қағаздарға орындауды ұсынады.

Мен:

  • шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулаларды оқи аламын

  • есеп шығаруда формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде пайдалана аламын.

Өткенді қолдану

5-тапсырма өз бетінше орындалады, оқушылар амалдарды орындау ретін анықтап, өрнектердің мәндерін табады.7-тапсырма бойынша есептің шартын кестеге жазып, формуланы пайдаланып есепті шығар. 8-тапсырма үйге беріледі.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Мен бүгінгі сабақта мынаны түсіндім, білдім, ұғындым...;

«Мен өзімді үшін мақтай аламын»;

«Маған әсіресе ұнады»;

«Бүгін менің қолымнан ... келді».




33-сабақ. 7 санына көбейту және бөлу кестесі

Тақырыбы: Сынып ұжымы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану.

3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

7 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

Бірқатар оқушылар:

есептерді шығаруда шамалардың арасындағы тәуелділікті пайдалану.

Кейбір оқушылар:

Шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

шамалардың өзара тәуелділігін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

көбейту мен бөлу кестесі, есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділік

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Бір заттың бағасын қалай білеміз?

Сатып алынған заттардың құны мен санын біле отырып, нені білуге болады?

Бірдей заттардың жалпы массасын анықтау үшін нені білу қажет?

Заттардың саны мен жалпы массасын біле отырып, бір заттың массасын қалай анықтаймыз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Отырайық орнымызға бәріміз,

Құпияның қызығына қаныңыз!

Санаймыз, жазамыз, оқимыз,

Шығарып есепті, көңілге тоқимыз!

Бүгін де күндегі тәрізді

Сәттілік болатын күн ізгі!

Жаңаша материал үйреніп,

Дағдымыз болады тым берік.

Шын мықты мынаған сенеді:

«Бәрі де қолымнан келеді!»



4-6

Өзектендіру.

«Кестені білемін» ойыны ойнатылады. Балалар 2 командаға бөлінеді. Әрбір командадан 9 адамнан шығып, арақашықтықта орналасқан қатарлас екі сапқа тұрады. Әрбір сапта оқушылар ретімен санап, кеуделеріне қағазға жазылған тиісті нөмірді қадап алады. Мұғалім көбейту кестесінен келтірілген қандай да бір санды айтады, мысалы 48 саны. 48 саны – 6 саны мен 8 санының көбейтіндісі, сондықтан әрбір саптан осы нөмірі бар балалар жүгіріп шығуға тиіс.

1-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған парақтар



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

1- тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға мынадай жағдаятты ұсынады: сынып бүгін дәлізде кезекшілік етуде, олар бір-бірінен жеті қадам қашықтықта тұрады. Оқытушы 7-ден санауды ұсынады.

Оқулық



12-29


Жаңаны ашу.

Оқушылар оқушының басшылығымен 7 санына көбейту мен бөлу кестесіндегі қалдырылып кеткен сандарды толтырады. Оқушылардың назарын көбейту кестесін толтыруды неге 7∙7 мысалынан бастау керек екендігіне аудару маңызды.

Есептің жаңа түрін шығаруға дайындалу үшін оқушылар 3-а) тапсырманы орындайды – есептер бойынша өрнектер құрастырып, оларды шығарады, 3 ә) тапсырмада есептің қысқа жазуын толықтырып, оны шешулері қажет.

4-тапсырмада оқушылар есепке берілген суретті және кестені қарайды. Алдымен бір тауардың бағасын анықтау, содан кейін бағасы мен санын біле отырып, құнын анықтау керек екендігін көрсету маңызды.

- Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек екенін түсіндір?

- Бір дәптердің бағасын қалай білеміз?

- Бір дәптердің бағасын біле отырып, осындай 8 дәптердің құнын тап.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Алғашқы бекіту үшін балалар оқытушының басшылығымен сурет және 5 және 6 кестелер бойынша есепті құрып, оны шығарады.

Оқулық,


30-40


Өзіндік жұмыс

8-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар ұсынылған жағдайлардың қайсысында есептеп шығармай-ақ салыстыруға болатынын қарастырады, себебін түсіндіреді.

Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар бойынша формаланған бағалауы бар қима қағаздарға орындауды ұсынады.

Мен:

-7 саны бар кестедегі мысалдарды қысқа уақыт аралығында есептеп шығара аламын

-есептерді шығаруда 7 санына көбейту мен бөлу кестесін қолдана аламын

Өткенді қолдану

8-тапсырманы орындай отырып, оқушылар өрнектер құрастырып, олардың мәндерін табулары қажет.

9-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді, оқушылар өрнектердің сандықтағы мәндерін таңдап алуы қажет.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

«Өзара түсіністік шыңы»
Көңіл-күй баспалдақ түрінде кескінделеді. Бірінші баспалдақ – өте жаман көңіл күй. Екінші баспалдақ – жаман көңіл күй. Үшінші баспалдақ – жақсы көңіл күй. Төртінші баспалдақ – күшіне сенімді. Бесінші баспалдақ – тамаша көңіл күй. Сабықтың, күннің соңында оқушы өзін көңіл күйінің қандай екендігін көрсететін баспалдаққа қояды.

Сабақта балалардың жұмыстарына формаланған бағалау жасалады.

Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле отырып беріледі.


34-сабақ. Есептер шығару. Білімді бекіту

Тақырыбы: Жақсылық пен жамандық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы өзара тәуелділікті пайдалану.

3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну

3.2.1.6. Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

6 және 7 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

Бірқатар оқушылар:

Шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу;

төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу

Кейбір оқушылар:

Шамалардың арасындағы тәуелділік туралы білімді күнделікті өмірде қолдану.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Шамалардың өзара қатынасын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Шамалардың арасындағы тәуелділік,шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулалар, амалдар реті, көбейту кестесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Бір заттың бағасын қалай білеміз?

Сатып алынған заттардың құны мен санын біле отырып, нені білуге болады?

Бірдей заттардың жалпы массасын анықтау үшін нені білу қажет?

Заттардың саны мен жалпы массасын біле отырып, бір заттың массасын қалай анықтаймыз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

2 санынан 7 санына дейінгі көбейту кестесі.

шамалардың арасындағы тәуелділік: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3




Ынталандыру.

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырмадағы мақалды құрап, оқып шығуды ұсынады. Мақалды дұрыс құрғандарына сенімді болу үшін оқушылар мәндерді арту ретімен есептеп шығарып, орналастыра отырып, өздерін тексереді.

- «Жақсы өз басынан көреді, жаман жолдасынан көреді» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Жақсы адам қандай болуға тиіс?

Жақсылық қалай жасалады?

Қандай адамдарды жақсы адам деп айтамыз?

Жақсы адам деп біз қандай адамдар екеніне қарамастан, жақындарына, достарына, таныстарына және бейтаныс адамдарға – жалпы басқа адамдарға жақсы ізгі істер жасайтын адамдарды айтамыз. Сондай-ақ жақсы қарым-қатынасқа шақыратын адамды да айтамыз.




4-6


Өзектендіру.

2-тапсырманы орындау кезінде оқушылар есепте қандай шамалар туралы айтылғанын анықтап алып, қажетті формуланы жазып, есепті шығарулары қажет.

Бұл есептерді шығару үшін оқушылар бір заттың массасын табу қағидасын пайдалануы қажет: бір жәшіктің массасын табу үшін жалпы массаны жәшіктер санына бөлу қажет.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін сендердің әрқайсысыларыңның неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.




12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 3-4-тапсырмаларды шешеді, тапсырмалардың орындалу нәтижесін эталонмен салыстырады.

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырмалардың орындалу дұрыстығын тексереді.

Кім қандай жерде қиналды?

Қай жерде қателік жібердіңдер?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.:





30-40


Өткенді қолдану

5-тапсырма математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылардың жұппен өзара тексеруін ұйымдастыруға болады.

6-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар өрнектердің мәнін есептеп шығарулары және не себепті мұндай нәтиже алынғанын пайымдаулары қажет.

Өзіндік жұмыс

7-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді. Оқушылар қай қорапқа не салынғанын анықтаулары тиіс.

Қарындаш Қалам Фломастер

Қалам Фломастер Қарындаш

Фломастер Қарындаш Қалам

Оқушылар ықтимал 2 нұсқа бар деген қорытындыға келуге тиіс: «қарындаш» деп жазылған қорапта қаламдар жатады, «қаламдар» деп жазылған қорапта фломастерлер жатады, «фломастерлер» деп жазылған қорапта қарындаш жатады. Егер «қарындаш» деп жазылған қорапта фломастерлер жатса, онда «қаламдар» деп жазылған қорапта қарындаш жатады, «фломастерлер» деп жазылған қорапта қаламдар жатады.


41-45


Рефлексия.

Балалар тақтадағы «рефлекстік нысананы» толтырады, мыналарды бағалайды:

1. өзінің іс-әрекеті.
2. оқытушының іс-әрекеті
3. оушылардың іс-әрекеті.

Тақтадағы нысанадағы кескін


35-сабақ. 8, 9 сандарына көбейту және бөлу кестесі

Тақырыбы: Жақсылық пен жамандық туралы халық ертегілері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

8 және 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

Бірқатар оқушылар:

есептерді шығаруда шамалардың арасындағы тәуелділікті пайдалану.

Кейбір оқушылар:

Шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Шамалардың өзара қатынасын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

көбейту кестесі, есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділік

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Бір заттың бағасын қалай білеміз?

Сатып алынған заттардың құны мен санын біле отырып, нені білуге болады?

Бірдей заттардың жалпы массасын анықтау үшін нені білу қажет?

Заттардың саны мен жалпы массасын біле отырып, бір заттың массасын қалай анықтаймыз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

2-7 сандарына көбейту және бөлу кестесі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқытушы мақалдарды оқиды.

Ешкімге жақсылық жасай алмайтындар жамандыққа жолығады.

Кімде-кім жасаған жақсылығын бұлданса, оның бағасы көк тиын.

Жақсылықты оны түсіне алатын адамға жасау керек.

Жақсылық бірден емес, баяу жасалады.

- Бұл мақалдар несімен ұқсас? Олар не туралы?

Өздеріңе ұнаған мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.

Қандай халықтық шығармалар жақсылыққа үндейді.



4-6

Өзектендіру.

Бұл кезеңде оқытушы бір ойын ойнатуы мүмкін. Мысалы, «Бөлісу – бөліспеу».

Оқытушы балаларды топтарға бөледі. Әрбір топ көбейту кестесінің (3, 4, 5, 6, 7 сандарына) біреуіне жауап береді. Содан кейін оқытушы әртүрлі сандарды көрсетеді, ал оқушылар бұл сандар өздерінің сандарына еселі болса, қолдарын көтереді.

Көбейту кестесін кімнің ойлап тапқаны нақ айқын емес. Тек оның 2200 жыл бұрын Қытайда пайда болғаны ғана белгілі. Бұл игілікті іс адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етіп келеді.

Сандар жазылған қима қағаздар



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Тақтаға қарайық. Бізге 8 · 8 және 9 · 9 мысалдарынан басталатын көбейту кестесін құру керек.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? 8 және 9 сандарына көбейту кестесі қалай құрылатынына бақылау жасау.

Оқулық



12-29


Жаңаны ашу.

  • Оқулықтағы 1- тапсырма. 8 және 9 сандарына көбейту және бөлу кестесін құрыңдар. Жұппен жұмыс істеңдер.

  • Кестені құруды қандай мысалдан бастауға болады? (Кестені 8-ді 8-ге көбейту мысалынан бастаймыз, 8-ден санап, ережені қолдана отырып, жолдар бойынша толтырамыз.)

  • Екінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Үшінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Төртінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту амалы компоненттерінің өзара қатынасы.)

Тапсырманың орындалу дұрыстығын қалай тексереміз?

(Көбейту кестесін қарау керек.)

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Алғашқы бекіту үшін балалар көбейту мен бөлуге арналған өзара байланысты мысалдардың төрттігін құрып, оларды дауыстап айтады.

Оқулық,

көбейту кестесі.

Тұсаукесер


30-40


Өзіндік жұмыс

  • Қандай тапсырмаларды орындау кезінде бізге көбейту мен бөлу кестесі қажет болады? (Мысалдарды, теңдеулерді шешуде, есептерді шығаруда)

3-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар кестені қарап, есептер құрастырып, оларды шығарады.

Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар бойынша формаланған бағалауы бар қима қағаздарға орындауды ұсынады.

-8, 9 сандары бар кестедегі мысалдарды қысқа уақыт аралығында шығара аламын;

-жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару кезінде 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін қолдана аламын.

Өткенді қолдану

6 тапсырманы үйде орындауға береді. 8-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді, оқушылар орындалған амалдар бойынша өрнек құрауы қажет.

Оқулық, дәптер.

41-45


Рефлексия.

Үй тапсырмасы балалардың жеке қиындықтары ескеріле отырып беріледі.



36-сабақ. Көбейту кестесін бекіту. Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару.

Тақырыбы: Ұжымдық шешім.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.5 жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару («көп/аз», «есе көп/аз» қатынастарымен байланысты)

3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділікті пайдалану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

6-9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

Бірқатар оқушылар:

Шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу;

жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару

Кейбір оқушылар:

Шамалардың арасындағы қатынас туралы білімді күнделікті өмірде пайдалану

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Шамалардың өзара байланысын түсіндіре алады. Мысалдардың төрттігі қалай құрылғанын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

шамалардың арасындағы тәуелділік,шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулалар, амалдар реті, көбейту кестесі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Жанама түрде тұжырымдалған есеп деген не?

Кері есеп қалай құрылады?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

2 санынан бастап 7 санына дейінгі көбейту кестесі.

шамалар арасындағы қатынас: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минуты)

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3




Ынталандыру.

Көбейту кестесін алайық,

Ол әрқашан құрметтеуге лайық.

Көңілде күдік қалмайды,

Ол ешқашан қате болмайды.

Әлемде өзгеріс болса да жалпы,

Екіні көбейтсек екіге

Төрт болады баяғы сол қалпы.

Көбейту кестесі болсын есте

Бәріміз білуге тиіспіз «5»-ке!




4-6


Өзектендіру.

Оқытушы «Лото» ойынын ойнатады. Әрбір баланың алдында ойын алаңы болады.

Сендер кестедегі дұрыс санды сызып тастауларың қажет.

  1. 9-ды 3 есе арттыр.

  2. 7-ні 6-ға арттыр.

  3. 27-ті 3 есе азайт.

  4. 32-ні 4-ке азайт.

  5. 6 және 5 сандарының көбейтіндісін табыңдар.

  6. 18 және 6 сандарының бөліндісін табыңдар.

  7. 8 және 9 сандарының қосындысын табыңдар.

  8. 40 және 8 сандарының айырмасын табыңдар.

  9. 70 саны 10 санына қанша көп?

  10. 5 саны 50 санынан қанша есе аз?

Қима қағаз – ойын алаңы.


7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін сендердің әрқайсыларыңның неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.





12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 2 және 3-тапсырманы шешеді, тапсырманың орындалу нәтижесін эталонмен салыстырады.

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

Кім қандай жерде қиналды?

Қай жерде қателік жібердіңдер?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.:

Оқытушы тапсырманы бағалау өлшемшарттары бар дәптерге орындауды ұсынады.

Мен:

-есеп шығаруда көбейту мен бөлу кестесін қолдана аламын

-есеп шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті қолдана аламын

4-тапсырма топта орындалады. Есеп құрастырып оны шығарады.





30-40


Өткенді қолдану

5-тапсырма математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған. Тапсырма орындалғаннан кейін жұппен өзара тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Өзіндік жұмыс

6-тапсырманы жұппен орындауға болады.


41-45


Рефлексия.

Балалар тақтадағы «рефлекстік нысананы» толтырады, мыналарды бағалайды:

1. өзінің іс-әрекеті.
2. оқытушының іс-әрекеті.
3. оқшылардың іс-әрекеті.



37-сабақ. Есептер шығару

Тақырыбы: Құқықтар мен міндеттер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.2.1.1. Бір /екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

3.2.1.6. Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

3.5.1.5 жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару («көп/аз», «есе көп/аз» қатынастарымен байланысты)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

әріпті өрнектерді ажырату, жазу және оқу.

Бірқатар оқушылар:

шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу;

жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару.

Кейбір оқушылар:

жанама түрде және кері тұжырымдалған есептерді өз бетінше құру және шығару.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Шамалардың өзара байланысын түсіндіре алады. Мысалдардың төрттігі қалай құрылғанын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

шамалардың арасындағы тәуелділік,шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулалар, амалдар реті, көбейту кестесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Жанама түрде тұжырымдалған есеп дегеніміз не?

Кері есепті қалай құрамыз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

2 санынан бастап 9 санына дейінгі көбейту кестесі.

шамалар арасындағы қатынас: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса».

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минуты)

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3




Ынталандыру.

Оқытушы оқушылармен барлық адамдардың – балалардың да, ересектердің де құқықтары мен міндеттері болатынын әңгімелейді.

Көптеген адамдар мынадай сұрақтарды жиі қояды: «Адамдарға не істеуге болады және не істеуге болмайды?», «Ол не істеуге міндетті және не істеуге міндетті емес?», «Олар не істеуге құқылы және істеуге құқылы емес?».

Бұл сұрақтарға айқын жауап болмаса, өмір былыққа айналар еді. Әлемде қанша адам болса, сонша жеке тұлға болады және әрбір жеке тұлғаның өзіндік қасиеті болады. Біздің әрқайсысымыздың қасиетіміз әртүрлі, бірақ ортақ нәрселеріміз де бар – олар біз орынлауға тиіс құқықтарымыз бен міндеттеріміз.




4-6


Өзектендіру.

Оқытушы мына есептердің жауаптарын жазуды ұсынады.

1. Мараттың 9 жапсырмасы бар, ол Диманың жапсырмасынан 3 есе аз.   Диманың жапсырмасы нешеу?

2. Мараттың 9 жапсырмасы бар, ал Диманың жапсырмасы одан 3 есе аз.   Диманың жапсырмасы нешеу?

3. Жиналған алманың салмағы 16 кг, ол алмұртқа қарағанда 8 кг аз. Қанша кг алмұрт жиналды?

4. Жиналған алманың салмағы 16 кг, ал алмұрттың салмағы - 8 кг. Қанша кг алма және алмұрт жиналды?

5. Асханада ірімшік қосылған 10 тоқаш нан сатылды, бұл повидло қосылған тоқаш наннан 5-еуі артық. Асханада тосап қосылған қанша тоқаш нан сатылды?

6. Сыныпта 16 қыз бар, олар ұлдарға қарағанда 4-еуге көп. Сыныпта барлығы қанша бала бар?

7. Автобуста 3 бала отыр, олар ересектерге қарағанда 7 есе аз. Аутобуста барлығы қанша жолаушы бар?



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін сендердің әрқайсыларыңның неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.




12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 2 және 3-тапсырмаларды шешеді, тапсырмалардың орындалу нәтижесін эталонмен салыстырады

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

Кім қандай жерде қиналды?

Қай жерде қателік жібердіңдер?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.:

Оқытушы тапсырманы бағалау өлшемшарттары бар дәптерге орындауды ұсынады.

Мен:

-6-9 сандары бар кестедегі мысалдарды қысқа уақыт аралығында есептеп шығара аламын

-есеп шығаруда 6-9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін қолдана аламын





30-40


Өткенді қолдану

Есепті шығаруда жұппен жұмыс істеуді ұйымдастыруға болады. Оқытушы есептің мәтінін кестеге сүйене отырып құруды ұсынады. Әрбір жұп кестенің біреуін таңдап алады да, есеппен жұмыс істейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін – үлгі бойынша тексеру керек.


41-45


Рефлексия.

Біз сабақ басында алдымызға қандай міндеттер қойдық?

Осы міндеттерге қол жеткізе алдық па?

Қиналған жерлерің болды ма?

Сендер оларды еңсере алдыңдар ма?

Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Оқытушы оқушыларға өздерінің жұмыстарын табыс сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.

Тақтадағы нысанадағы кескін


38-сабақ. Қорытындылау

Тақырыбы: Қайырымды істер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

3.2.1.7 формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

6-9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

Бірқатар оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу.

Кейбір оқушылар:

шамалардың арасындағы тәуелділік туралы білімді күнделікті өмірде қолдану.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Шамалардың өзара байланысын түсіндіре алады. Мысалдардың төрттігі қалай құрылғанын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

шамалардың арасындағы тәуелділік,шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулалар, амалдар реті, көбейту кестесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Есепті кесте бойынша қалай құрамыз?

Кері есепті қалай құрамыз?

Шамалардың тәуелділігі формулаларын қалай пайдалануға болады?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

2 санынан бастап 7 санына дейін көбейту кестесі.

шамалар арасындағы қатынас: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса».

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минуты)

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3




Ынталандыру.

Оқытушы қайырымдылық, жақсылық туралы өлең оқиды.

«Қайырлы таң!» тіле-дағы басқаға,

Осы сөзді ауызыңнан тастама.

Атқан таңдар арайлансын тілекпен,

«Қайырлы күн!» тілегейсің жүрекпен.

Көгереді ер жігіттер алғыспен,

Кездесулер сәтті өтсін табыспен.

«Қайырлы кеш» тілеуден де шаршама,

Жақсы тілек нұр боп тарар баршаға.

Адамдарға қайырымды, жаны ізгі

Жақсылық тілеу – қажет әрі маңызды!
(О. Бундур)

- Жақсы сөз адамдарға не үшін қуат береді? Не үшін «сөздің дауасы бар» дейді?

Мейірімді болу оңай ма?




4-6


Өзектендіру.

Оқытушы компоненттерді және амалдарды орындау тізбектілігін білуге арналған математикалық диктант алып, кейін оны тексереді.

Бірінші қосылғыш 5 және 7, екінші қосылғыш 40 сандарының көбейтіндісімен берілген. Қосындысын жазыңдар.

Бөлінгіш 8 және 3 сандарының көбейтіндісімен, бөлгіш 6 санымен берілген. Бөліндіні жазыңдар.

Бірінші көбейткіш 30 және 15 сандарының айырмасымен берілген, екінші бөлінгіш 4. Көбейтіндіні жазыңдар.

Бөлінді 72 және 8 санын 7 рет арттырыңдар.

Айырма 36 және 6 санын 6-ға бөліңдер.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз білімдерімізді жалпылап қорытамыз; әрқайсысымыздың неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.




12-29


Өзіндік жұмыс

Оқушылар 2 және 3-тапсырмаларды орындайды, тапсырмалардың орындалу нәтижесін эталонмен салыстырады.

Қиындықтарды түзету

Оқытушы тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.

Кім қандай жерде қиналды?

Қай жерде қателік жібердіңдер?

Жіберілген қатенің себебі неде?

Өзіндік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).

Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.:

Оқытушы тапсырманы бағалау өлшемшарттары бар дәптерге орындауды ұсынады.

Мен:

-көбейту және бөлу кестесін құра аламын

-көбейту мен бөлудің арасындағы өзара қатынасты анықтай аламын

Оқулық, дәптер.




30-40


Өткенді қолдану

Жұппен жұмыс істеу. Есепті оқып шығыңдар.

Бір ара ұясынан омарташы 8 кг бал алды, бұл басқа ара ұясынан алынған балдан 2 есе кем. Омарташы екі ара ұясынан барлығы қанша бал алды?

Шешуін қарап шығыңдар. Олардың қайсысы дұрыс. Дәлелдеңдер.

1)8+2=10(кг) 1)8∙2=16(кг) 1)8:2=4(кг)

2)8+10=18(кг) 2)16+8=24(кг) 2)8+4=12(кг)

Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы 10, 11- тапсырмалар.


41-45


Рефлексия.

Біз сабақ басында алдымызға қандай міндеттер қойдық?

Осы міндеттерге қол жеткізе алдық па?

Қиналған жерлерің болды ма?

Сендер оларды еңсере алдыңдар ма?

Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Оқытушы оқушыларға өздерінің жұмыстарын табыс сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.


























83

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.11.2018
35952
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі