Тақырыбы: «Ойлан,
тап!»
Мақсаты:
Математика пәніне
деген қызығушылығын артыру, оқушылардың ой - өрістерін кеңітіп,
шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін - өзі басқаруға,
ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке
тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар
мен оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында
екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел
тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты,
алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан
басталады.
Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да,
тартымды әлеміне сапар
шегесіздер.
Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты да, әрі
сан алуан екендігіне көз
жеткізесіздер!
«Ойлан, тап!» атты ойын сайысын бастауға
рұқсат етіңіздер!
Есепті түрлі-түрлі
шығарамыз,
Арасында ойын ойнап
жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де
бар.
Әзіл есепті де
жүзеге асырамыз.
Шеңбер, төртбұрыш,
үшбұрыш, бесбұрыш ,
алтыбұрыш.
Топтың атын, ұранын өздеріңіз қоясыздар. 1
минут уақыт беріледі.
Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы
топтармен танысайық.
Жарыс десе
жанамыз
Бүгінгі күн
жарыста алғырлықпен аламыз.
Қиындықтан сірәда біз
қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты
ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан
құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге
бастаймыз
Біз дайынбыз бұл сайысқа
достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш
барын
Алға қойған
мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз
әрдайым.
І айналым. « Бойы
сергектің , ойы да сергек.»
+4 :3 *4
-2
+2 :4 *3
-4
-2 :4 +18
-8
+8 -18 *4
+2
-5 :5 +18
:20
Дымбілмес.
Мен бүгін ... /5
сөз/
Ол жерде...
/4сөз/
Айтпақшы ... /3
сөз/
Таңқалдым ,
өйткені ... /2 сөз/
Шіркін!
/1сөз/
ІІ айналым.
«Математика керек әр күйге, математика қажет
өмірде.»
1.Мына берілген заттарды дүкеннен сатып алып
тұрсыздар. 4 батарейка 120тг, 3 қалам 150 тг, 10 ақ қағаз 20тг
тұрады. Осының барлығына қанша теңге төлейсіздер және 1 батарейка,
1 қалам, 1 ақ қағаз неше теңге
тұрады?
Жауабы:30 тг,
50тг, 2 тг, 290 тг
2. 1 литр суды 1
ыдысқа -200 мл, 2 ыдысқа -300мл , 3 ыдысқа -400 мл құйыңыздар.
Ыдыста неше мл су қалды?
Жауабы:200+300+400
= 900 1000-100 = 900мл
3. Асқар , Талғат
және Дәулет бір сыныпта оқиды. Олардың әкелері –дәрігер, мұғалім,
полиция қызметкері. Асқардың әкесі полиция қызметкері емес,
Талғаттың әкесі мұғалім де , дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі
дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет
атқарады?
Жауабы:Асқар-дәрігер, Талғат-полиция
қызметкері, Дәулет- мұғалім
4. Дастархан
басында 2 әке және 2 бала отыр.Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Мына
үш алманы 4 адамға қалай теңдей бөліп беруге
болады?
Жауабы:Әр адамға 3
бөліктен келеді.
5. Айжан, Маржан,
Айнұр, Гүлнұр -өте тату құрбылар. Мына үш түрлі лентаны әр балаға
әр түрінен алатындай етіп, тең бөліп
беріңіздер.
Жауабы:Әр лентаны
4-ке бөліңіздер.
1.Мектепке келе
жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала
барды? Жауабы: ( 5 бала )
2.Столдің 4 бұрышы бар: Егер екі бұрышын
кесіп тастаса, неше бұрыш қалады ? Жауабы:
6
3. Қосарланып
жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың
ішінде бір ат қанша жол жүреді?
Жауабы:27км
4. Әтеш алдымен 5, сосын тағы 1 жұмыртқа
салды. Барлығы неше жұмыртқа
салды?
Жауабы:Әтеш
жұмыртқа салмайды.
Сергіту
сәті.
Оңға, оңға түзу
тұр,
Солға, солға түзу
тұр.
Алға қарай бір
адым,
Артқа қарай бір
адым.
Жоғары, төмен
қарайық,
Орнымызды
табайық.
ІІІ айналым.Жұмыла
көтерген жүк жеңіл.
• Цифрларды байланыстырып мақал – мәтел
айту
1. 2 жақсы қас
болмас, 2 жаман дос болмас
2. 5 бармақ жиналса, жұдырық
болады
3. 30 тістен
шыққан сөз, 30 рулы елге
тарайды
4. 1 кісі қазған
құдықтан 1000 кісі су ішеді
5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім
іл
6. 100 теңгең
болғанша, 100 досың болсын.
7. 5 саусақ бірдей
емес
8. 1 тал кессең,
10 тал ек
9. Батыр 1 рет өледі, қорқақ 1000 рет
өледі.
10. 8 қырлы, 1
сырлы
Математика –
толған тәртіп, мағына мен
мән,
Математика –
толған тамаша заңдылық сән.
Математика – толып жатқан терең
сыр,
Шетсіз, шексіз
дариядай бейне бар.
Рефлексия . Кір жаю. Бүгінгі сайысты 1
сөйлеммен қорытындылаңыздар.