Материалдар / Математика сабағын оқытудың тиімді жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағын оқытудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама математика сабағын оқытудың тиімді жолдары, функционалдық сауаттылық, математика сабағындағы технологияларды қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Тамыз 2022
473
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКАДАН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Тулеева Жанар Закировна

Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы,Төлеби ауданы,Қасқасу ауылы

Жаңа  заман  ағымына   сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар  қолданудың  маңызы зор.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім  берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында  алынған  терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Ондағы негізгі мақсат – оқушының барлығын  және  әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше жаңа технологиялар жүйесі жинақталған. Математика пәніне тиімді қолданылатын технологиялардың бірі – саралап-деңгейлеп оқыту және сыни тұрғысынан ойлау технологиясы болып саналады.Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн- жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны.Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады,оның әрі қарай дамып,жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген.Демек,оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз.Олай болса,оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

-оқыту мақсатының нақты қойылуымен,оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

-оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда.Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру,басқару және бақылау деп түсіну керек.Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын екшеп,пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек,ұтарымыз көп.Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық.Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы,қажеттіліктің қайнар көзі болса,нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.

Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:

-заман талабына сай білімді,білікті,дүниетанымы кең,шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады,яғни,өтілетін сабақтың жоспарын құру,оны өткізу әдістемесі,оқушылардың қабілеттерін,жас ерекшеліктерін ескере отырып,иллюстрация,техникалық құралдарды,дидактикалық материалдарды пайдалану.Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады.Ал,шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес,шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады.Оқушыны шығармашылық ойлауға,жылдамдыққа,икемділікке,тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Сондықтан,мен Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын” өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін. Осы мәселелрді қарай келіп, әрбір мұғалім өз жұмысына тұжырымдама жасағаны жөн.

Өзіме төмендегідей тұжырымдама жасадым.


1-тұжырымдама

Ұстаздың педагогикалық әрекетінің мақсаты мен міндеті

  • тақырыпты қызықтырады;

  • ой қозғайды;

  • ең құнды мәселелер анықталады;

  • қорытынды жасауға бағыттайды;

  • шығармашылық дамуға бағыттайды;

  • оқушы мен қарым-қатынас жақсарады;

  • ізденуге, жаңа ақпаратқа ұмтылдырады;

  • жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізеді;

  • мәтінмен өздері танысады;

  • жан-жақты талдауға, зерттеуге, салыстыруға үйренеді;

  • ойларын еркін айтуға жол ашады;

  • шығармашылық дамиды;

  • интеллектуалдық даму деңгейін көтереді;


3-тұжырымдама

Мақсат пен міндетті жүзеге асыру жағдайы


Мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін




Мұғалімге


  • мақсат пен міндетті белгілеп, түпкі нәтижені анықтау (нені және неліктен үйретеміз?);

  • сабақ беру сапасын жетілдіру (жаңа технологияларды, озық тәжрибелерді т.б. тиімді қолдану);

  • шығармашылық жұмыстар жүргізу;

  • қиындық тудыратын бөлімдерді, тақырыптарды анықтау;

  • Қосымша жұмыстарды жоспарлау

  • Кәсіби өсу, өз білімін жетілдіру

Оқушыға

  • Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру

  • Пәнге қызығып, оған көңіл қойып тереңдете оқып үйрену.

  • Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу

  • әр сыныптағы материалды жетік меңгеруге ден қою;

  • Өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге

Сындарлы оқыту жүйесіндегі сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі оқушылардың өздігінен білім алуға ынтасы артатынын мен өз сабағымда жиі байқаймын.Себебі оқушыларды топтарға бөлу арқылы ынтымақтастығын және бір-біріне достық қолын созатынын анық байқадым.Сондай-ақ,оқушылар алған білімдерін бір-біріне түсіндіру арқылы өздері де жақсы меңгеретіні байқалды.Бұған ЖИГСО әдісі тамаша мысал.

Сабақ өткізбес бұрын сыныптағы әрбір оқушының білім жағдайын анықтап аламыз. Олармен істелетін жұмыстар да алдын-ала белгіленгені жөн.



Әр түрлі дәрежедегі оқушылармен жұмыстар

Деңгейі

6-сынып

Аты жөні

Істелетін жұмыстар

1

өте жоғарғы деңгейдегі оқушы

Шалқарбай Баян

С деңгейлі есептер шығару,

Логикалық есептер

Қаржаубай М

Абдикаим Н

2

Жақсы деңгейдегі оқушыла

Ауданбай А

В,С-деңгейлі есептер шығару

3

Қалыпты деңгейдегі оқушы

Боранбай Е,Сүлеймен Н

А,В-деңгейлі есептер шығару

Сейтбек Е, Ерғали А

4

Денсаулығы нашар



6

Сабақты себепсіз жиі босататын оқушылар

Сатыбалды Е

А –деңгейлі есептерді толық шығару



7

Нашар үлгеретін оқушылар(еріншек жалқаулығы барлар)

Сіргебай Е,Орынбасар С

А-деңгейлі есептер


Сабақты түрлендіріп, жаңа технология элементтерін қолдана отырып өткізу оқушының сапалы білім алуына әсері мол. Ол үшін жаңа технологияларды сабақтарда пайдаланудың жоспары жасалды.

Білімді тұлға тәрбиелеу схемесы


Мектепте сапалы білім беру, баланы оқытуда, тәрбиелеуде басты міндет - балалардың қабілеттерін жан-жақты ашу. Осы себептерге сәйкес математикада, алгебра сабақтарында және геометрия сабақтарында өздік жұмыстарды (зерттеу, дәлелдеу) ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекітіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, қарастырылуына байланысты болады.Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, газет журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды, өздігінен білім алуға талпынады. Жұмыс нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет.Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз бетімен өмірде пайдалана алуға үйретеді.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет 

1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек 
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті. 
3. Өздік жұмыстар түрлі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек. 
4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек. 
6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады.
Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен эсселер жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. 

Жақсы үлгеретін, қабілетті оқушылармен шығармашылықпен жұмыс істеу де қазіргі өмір талабы.

Осы бойынша шығармашылықпен жұмыс істеу схемасы жасалды.


4-тұжырымдама

Нәтиже

Жақсы нәтижеге жету үшін әрбір жұмыстың мониторингісі, талдауы жасалып отырғаны жөн. Осы талдаулар беріліп отыр.

Математикадан тексеру бақылау қорытындысы

Тоқсан сайын жасалып отырады.

Математика пәнінен тоқсандық бақылау жұмысының қорытындысы




Математика пәнінен тоқсандық қорытындысы




Деңгейлік курста алған теориялық білімімді шығармашылығыммен ұштастыра отырып зерттеу нысаным 6 сыныпта мынадай нәтижеге жеттім




Оқушылардың аты – жөні, тегі

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

1

Абдикаим Н

+

+

+

+

+

+

2

Ауданбай А

+

+

+

+

+

-

3

Боранбай Е

+

+

+

-

-

-

4

Ерғали А

+

+

+

-

-

-

5

Қаржаубай М

+

+

+

+

+

+

6

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!