Материалдар / Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
371
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойын

 Бастауыш сыныпта 6 жас пен 10 жас аралығында танымдық қызығушылық пен іс – əрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Танымдық қызығушылықты дамыту – қоғамның кезек күттірмейтін сұранысы болғандықтан, еліміз толығымен жағартылған білім беру бағдарламасына көшіп отыр. Жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мəселенің бірі – оқыту технологиясын жетілдіру. Оны ізгілендіру жəне демократияландыру, педагогикалық – психологиялық тұрғыдан сауатты оқушы тəрбиелеу баршаның ортақ  ісі. А.Х. Аренова: «Бастауыш  сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру бұл оқу əрекетінің субъектілері ұстаз бен оқушының бір – бірімен қарым – қатынасының бірлігін дəлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым», - деп анықтама берген.

Жаңа оқу технологиясында танымдық қызығушылықты қалыптастыру басым. Əсіресе математика пəнінде оқушылар үнемі бірсарынды есептерге ұқсас типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау бір шешім іздеу оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Танымдық іс – əрекетті қалыптастыратын жаттығулар оқушының шығармашылық шыңына жетуге көмектеседі. Ол үшін төмендегі міндеттерге көңіл бөлу қажет.

  1. Оқушының танымдық белсенділігін дамытуды ерте бастан қолға алған жөн.

  2. Оқушыны жүйелі түрде ұйымдастырылған танымдық қызығушылығын дамытатын  тапсырмалармен  ойлау мүмкіндігін ең жоғарғы деңгейге жетілдіру керек. Ол күнделікті сабақта біртіндеп жоғарылайтындай болған жөн. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  3. Танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы ең негізгі шарт оқушының өзіндік ойлауына еркіндік беру. Ол оқушының тапсырманы орындауына қызығушылығын арттырады.

  4. Оқушының өз ойымен қиындықты жеңе білуіне, жаңалық ашуына жағдай жасаған жөн.

  5. Ең бастысы математика сабағында дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану.



Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойынның маңызына жеке тоқталайық:

  1. дидактикалық ойын балалардың ақыл –ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді;

  2. дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырады. Өйткені олар әр түрлі ойыншықтармен, заттармен, қосалқы суреттермен, кесінді үлгілермен ойнайды. Осындай ойын үстінде олар түстерді ажыратуға, заттардың пішінін, көлемін, ерекше белгісін, сипатын білуге және құрылымын жасауға дағдыланады;

  3. ойын балалардың зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін дамытып, байқағыштығын арттырады;



Демек, дидактикалық ойындар оқушыны математика пəніне терең даярлауда оның жеке тұлға болып қалыптасуына ойлау əрекетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, пəнге деген икемділігін, қызығушылығын арттырады.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуда ұстаздар алдына мынадай шарттар қойылады:

  1. Қызығушылығын дамыту шарттары:

  2. Интеллектуалдық өсуіне жағдай туғызу;

  3. Танымдық іс – əрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;

  4. Өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;

  5. Оқушылардың бастамалары мен өзіндік жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау;

Оқушының логикалық  ойлауын  дамыту шарттары:

  1. Еркін ойлауға жол ашу;

  2. Жұмыс істеу барысында оқушының зейінін тұрақтандырып, логикалық ойға шоғырландыру;

  3. Қиял-əрекетіне еркіндік бере отырып қолдану;

  4. Логикалық ойлау əрекетіне бағыт- бағдар беру;



Белсенділікті дамыту шарттары:

  1. Əр оқушының еркін дамуына жағдай жасау;

  2. Əр оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету;

  3. Білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің мазмұнын өзгертетін жұмыстарды іске асыру (топтық, жеке, жұппен).

Танымдық қызығушылықтарын дамытатын жаттығуларды дидактикалық ойындар арқылы математика пəнінде терең меңгертіп, оны жетілдіру əр ұстаздың шығармашылық ізденісіне байланысты.

Математика сабағында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытатын дидактикалық ойындар:

  1. Таңертеңгі сағат 9-да балық аулауға барған бала кешкі 8-де қайтып келеды. Бала балық аулауға қанша уақыт жіберген?

  2. Қыста үйде тұрған екі жылқыға 20 кг жем осындай  мөлшермен  беріледі. Осындай мөлшермен 7 сиырға қанша килограмм жем беріледі?

  3. Ажардың ағасы əрқайсысы 3 кг болатын 3 шортан балығын алып келді. Ол барлығы неше килограмм балық əкелді?

  4. Диастың апасы əрқайсысы 6 килограммнан 18 кг табан балық əкелді. Ол неше балық əкелді?

  5. Алты – жеті айлық əр ботаға күніне орта есеппен 6 кг пішен беріледі. Күніне 3 ботаға неше килограмм пішен беріледі?

  6. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал төрт жұмыртқа неше минутта піседі?

  7. Атыраудан Қарағандыға  дейін поезбен 24 сағатта, ал ұшақпен одан 6 сағат бұрын жетуге болады. Автобус неше сағат жүреді?

  8. Шұғыланың апасы 18 кг бірінші сортты, одан 16 килограмм артық жоғары сортты ұн сатып алды. Шұғыланың апасы барлығы неше килограмм ұн сатып алды?

Қатарды жалғастыр:

2, 4, 6, 8, ...                          

1, 3, 5, 7, ...                          

1, 10, 100, 1000, ...              

1, 2, 4, 8, ...                          

Мына теңдіктерде бір таяқша дұрыс қойылмаған. Қатесін түзе.

XII + IX = II                            IV – V = I

X = VII – III                            X + X = I

VI – VII = XI                          VI – I + V = II

Мына сандарды цифрмен жаз.

67 мың ........;      18 млн .......;        98 млрд........ 45 млн .....

8 мың ..........;      2 млрд ....... 756 мың ...... 802

Разрядтық қосылғыштар түрінде жіктеп жаз.

274=      5277=      463004=             506789=                                                

Əр сіріңкенің шиінің ұзындығы 4 см 5 мм. 15 сіріңкенің шиінен метр сөзін қалай шығаруға болады?

  1 «б» сыныбында 27 бада бар. Ұлдардың қыздардан 3-уі артық. Сыныпта неше қыз бала бар?

Жандос 7 дəптер сатып алды. Егер бір дəптер 5 теңге тұрса, ол барлық дəптерге қанша төлеген?

Дүкенге əрқайсысы 4 адамнан 5 машина келді. Дүкенге барлығы неше адам келді?

   Өлең есеп

(Бəрі нешеу)

Асан, Арман екеуі,

Қос қуыршақ

Бір құлыншақ

Екі ойыншық

Құстай ұшып

Үйден шықты

Нешеуі? (жетеуі)

 Табақта екі алма

Қолымда екі алма

Қосқанда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма? (төрт)



Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады

Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек. Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.

Мысалы:

Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: Үшінші үйрек өтірік айтқан

Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?

Жауабы: Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған

Қарапайым логикалық, яғни әртүрлі мазмұндағы стандартты емес есептерді ауызша шығара білудің білімділік және тәрбиелік мақсаты зор. Бұндай есептер оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізері сөзсіз.

Мысалы:

Шопанның барлық қойларының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар екенін анықтаңыз.

Шешуі: 320+320:4=320+80=400

42 қызыл шар, 54 көк шар және 78 сары шарды әр түсті шарлардың сандары бірдей болатындай неше топқа бөлуге болады?

Шешуі: ЕҮОБ (42, 54, 78) =6

Зеректілікке берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзіндік жолы бар екендігін түсіндіру керек. Бұл қиынға түссе де, ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді.

Мысалы:

Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқатары 66. Аулада неше қаз және неше қоян бар?

Шешуі: Бас –x, аяқ – y. Енді теңдеулер жүйесін құрамыз:

Shape1  Жауабы:( 15, 9)

Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 15 жас болды. 9 жылдан соң олардың жастарының қосындысы қанша жыл болатынын анықтаңыз?

Шешуі: ағасы –x, қарындасы – y. Осы белгілеудің негізінде теңдеу құру әдісімен шығарамыз: Shape2 Shape3  Shape4

Shape5  Shape6  Жауабы:39

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн. Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс

Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын, таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Жалпы қорытындылай келе,    математика сабағында  қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді, білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді, соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады, оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.

Қазіргі  мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың танымдық қызығушылығы білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағымыздың өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін және дидактикалық ойын түрлерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен  оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың   міндеті  болып  табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем.       Жаңа  әлем жасаушыларын білімді, қабілетті, дербес, адамзатқа тән асыл өнер  мен  имандылықты бойына жиған жеке тұлға  етіп  қалыптастыру – білім беру жүйесінің  негізгі   мақсаты.




Əдебиеттер:

Бидосов Ə. Математиканы оқыту методикасы / Ə. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.

Ушинский К.Д. Балаларды тəрбиелеу жəне оқыту жөніндегі пікірлері / К.Д. Ушинский .-Алматы: Мектеп,

Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.

.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!