Материалдар / Математика сабағында халықтық педагогика және ұлттық ойындарды пайдаланудың әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағында халықтық педагогика және ұлттық ойындарды пайдаланудың әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобамен айналысатын мұғалімдермен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
896
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы

«Жусансай» жалпы орта мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Смаилов Сағындық Азаматұлы

7а-сынып оқушысы







«Математика сабағында халықтық педагогика және ұлттық ойындарды пайдаланудың әдістемесі »



Бағыты: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»

Секциясы: математика

Ғылыми жетекшісі:Математика пәнінің мұғалім Сатыбалдиев Азамат Смаилович







Жусансай

2020-2021 оқу жылы

Жоспар


Кіріспе


Әдебиеттер


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


1. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.


1.1 Математикалық ертегілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4


1.2 Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... .. 6


2. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12


2.1 Қазақтың байырғы қара есептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14


2.2 Халықтық мақал.мәтелдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20


ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21














Аннотация

Бұл ғылыми жобада қазақ халқының ұлттық ойындары, халық ертегілері мән - маңызы жан - жақты қарастырылады.Жалпы ұлттық ойын түрлері анықталады.Халық ертегілерінің бала дүние танымын қалыптастырудағы маңызы аса зор.Ертегінің қай түрін алсақта баланың ой - қиял ұшқырлығын күшейтеді,мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады.Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған мол мұра.





Аннотация

В этом научном проекте предусмотрена национальные игры и народные сказки казахского народа.. Все виды национальных игр казахского народа. Эти игры открывают детям мир, формируют взгляд к жизни. Какой бы из этих сказок мы бы не взяли, эти сказки дают детям много фантазии, формирует характер и силу воли. Это передается из поколения в поколения



Annotation

This scientific project provides national games and fairy tales of Kazakh people. All types of national games of Kazakhs. These games open the world for children and form the view to life. Which of these fairy tales we choose, they give children more fantasy, form character and willpower. It transmitted from generation to generation.

















«Жусансай » жалпы орта мектебінің

7 - класс оқушысы Смайылов Сағындықтың

«Математика сабағында халықтық педагогика және ұлттық ойындарды пайдалану әдістемесі» атты тақырыбында жазылған ғылыми жобасына


Пікір


«Жусансай » жалпы орта мектебінің 7 - класс оқушысы Смайылов Сағындықтың «Математика сабағында халықтық педагогика және ұлттық ойындарды пайдалану әдістемесі» атты ғылыми жобасына тақырып етіп, қазақтың ұлттық ойындарын ,ертегілерін,қазақтың байырғы қара есептерін таңдап ғылыми жобасына арқау еткен.Өте дұрыс таңдалған тың тақырып. Оқушы тақырыпты ашу үшін өте жан - жақты зерттеген. Ғылыми жобаның мазмұнымен таныса отырып оқушы . Ұлт ойындары халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын, өмірге үздіксіз келіп т ұратын ұрпақ арқылы жалғасып, жаңара беретін құрамдас бөлігі болып табылатынын жазғанын байқауға болады.Сағындықтың зерттеу жұмысынан көптеген деректерге қанығуға болады. Ұлт ойындары ұжымдық ой - қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына.Зерттеу жұмысының мазмұнымен таныса отырып, оқушы еңбегіне өте жоғары баға беруге болады.Ғылыми жоба оқушының жас ерекшелігіне сай өз дәрежесінде жазылған.




«Жусансай » жалпы орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі: Сатыбалдиев Азамат










КІРІСПЕ

Бастауыш сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы қолдану арқылы оқушылардың тәрбиелеу процесін жетілдіру және оның ғылыми педагогиқалық негіздері жайлы айту үшін, ұлт ойындарына қатысты мәселелерді анықтап алу.
Халықтық педагогиканың ажырамас бір саласы ол ұлттық ойындар. Сондықтан ол халық педагогикасына тоқталып, мазмұн жағынан бір - бірін байытып отыратын, қос өзеннің бір жерге келіп тоғысқан екі арнасы секілді. Ұлт ойындары халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын, өмірге үздіксіз келіп тұратын ұрпақ арқылы жалғасып, жаңара беретін құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да оның аткарар қызметі кең өрісті, ауқымды. Ол салауатты өмір салтын мұрат түткан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.
Ұлт ойындары ұжымдық ой - қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және оны пайдалану әдістемесән мазмұндау.
Зерттеу пәні: математиканы бастауыш сыныпта оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану барысы.
Зерттеу міндеті: математиканы оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдісі: математикалық ертегілердің даму тарихына шолу.















1. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.


1.1 Математиқалық ертегілер

Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінің бірі - баланың қисынды (логиқалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу барысында, математика сабақтарында математиқалық ертегілерді қолданудың тиімді жақтары бар екендігіне көзім жетті.
Ертегі - баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Математика сабағында ертегіні қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.
Қазіргі оқу процесінде халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану жүзеге асырылып жатыр. Мектебімізде математика пәні бойынша да біршама жұмыс жүргізілді. 5- сыныпта математика пәніне арналған жай бөлшек тақырыбына арналған ертегі сабақты ұсынамыз. Оқушыларды таратылған кеспе қағаздары арқылы екі топқа бөліп, әр топтың топ басшысынтағайындап аламыз.

Баяғы өткен заманда ғылым деген кең дүниенің математика деп аталатын әлемінде Бөлшек сан атты патша өмір сүрген екен. Осы патшаның Бұрыс бөлшек және Аралас сан деген екі ұлы болыпты. Олар: - Сенен мен артықпын, әкей сенен гөрі мені жақсы көреді деп екеуара үнемі дауласып, таласа береді екен. Енді, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Білгіштер мен Дымбілместің қатысуы арқылы патшаның екі ұлының осы дау- таласына әртүрлі есептерді шығару арқылы әділ шешімін беріп көрелік. Ол үшін екі топ арасында жарыс өткіземіз.

Осыған ұқсас 6- сыныпта математика пәніне арналған рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбына арналған ертегі сабақты ұсынамыз. Баяғы өткен замандағылым дегеннен дүниенің математика деп аталатын әлемінде Радионал атты хан өмір сүрген екен. Осы ханның Оң сан және Теріс сан деген екі ұлы болыпты. Олар сенен мен мықтымын деп дауласа беріпті және бірінің айтқанымен бірі жүрмейтін қырсық болыпты.

Патша екі ұлын санамақ болып, әрі екеуінің бір-біріне мейірбанды болсын деп қол астындағы ауылды бір түн ішінде, екі ұлын тастап көшіп кетеді. Таң ертең ұйқысынан оянса ауыл жоқ. Екеуі ауылды іздеуге кіріседі. Ауылды табу үшін түрлі қйындықтардан өтуге тура келеді. Енді балалар, біз бүгінгі сабағымызда сол қиындықтарда әртүрлі есептерді шығару арқылы әділ шешімін беріп көрелік.

Тәрбиелік жағынан алсақ - бұл ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жұруге бейімдейді. Яғни, педагогиканы оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту қағидасын жүзеге асырудың ұтымды әдістерінің бірі.
Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамиды.
Осы іс - тәжірибені өз әріптестеріммен бөлісу мақсатында, сабақтарда қолданылып жүрген бірнеше математиқалық ертегілерді ұсынып отырмын. Әсіресе, жас мұғалімдерге көмегі тиер деген ойдамын.





































1.2. Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Ұлттық ойындар пайдалану арқылы оқушылардың тәрбиелеу процесін жетілдіру және оның ғылыми педагогиқалық негіздері жайлы айту үшін, ұлт ойындарына қатысты мәселелерді анықтап алуды жөн деп білеміз.
Ұлттық ойындар халық - педагогикасының ажырамас бір саласы. Сондықтан ол халық педагогикасына тоқталып, мазмұн жағынан бір - бірін байытып отыратын, қос өзеннің бір жерге келіп тоғысқан екі арнасы секілді. Ұлт ойындары халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын, өмірге үздіксіз келіп тұратын ұрпақ арқылы жалғасып, жаңара беретін құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да оның аткарар қызметі кең өрісті, ауқымды. Ол салауатты өмір салтын мұрат түткан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Ұлт ойындары ұжымдық ой - қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары сол ұлттық өсіп жетілу барысындағы ұзақ_жолда пайда болып, оның сан мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын козғап, ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін дәстүрлі құбылыс. Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік - педагогиқалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы. Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бөлігі бола тұрып, өзін дүниеге әкелушілердің есеюіне, ақыл - ойының толысып, қалыптасуына, олардың өмірге құштарлығының артуына, адамгершілік қасиеттінің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. Yenлт ойындарының осындай қасиетін жақсы танып білген адам баласының алдыңғы қатарлы ақыл - ой, парасат иелері оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, қағаз бетіне түсіріп отырды. Халық жасаған рухани мұралар сан алуан. Солардың ішінде тіл дамыту, ой - өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байыту тілегінентуындайтын жаңылтпаш, балалар ертегілері, балалар ойыны, сайып келгенде, тәрбие мүмкіншілігін арттырып, оның ауқымын кеңейте түседі. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге тәрбиелік маңызға ие болды. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың басы - қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, атбегілері мен ауыл аксақалдары болып түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оғанмінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатындар, қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халықтық тәлім- тәрбиенің маңызын арттырса, екінші жағынан үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді, үшінші, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл - ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде, ұлт ойындары халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда. Егеменді елге айналған жалпы халықтық және әлемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар Әуезовке арналғантойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша бабалардың ұлт ойындарына белсене қатынасуы ескі дәстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген сенімділік пен
талапты арттыра түсті.
Қазақта
150-ге тарта ұлттық ойындар барын біліп пе едіңіз?! Оларды зерттеген Е.Сағындықов, Ә.Диваев секілді ғалымдар: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, жануарлар дүниесі, аңшылыққа байланысты ойындар, дене шынықтыру спорт ойындары деп бөліп қарастырады. Әрине, ол ойындардың бүгінде біразы ел есінен шығып, ұмытылып кетті.
Халық арасында кең таралған ұлттық ойындардың 12 түрінің шарттарына жекелеп тоқталуды жөн санадық.
Көкпар
Көкпар – көптің көзайымына айналған ат пен жігітті сынға салатын тартыс түрі. Оның «дода және жаппай тартыс» деп аталатын екі түрлі әдісі біздің халық арасында кең таралған. Дода тартыс екі команда арасында өтетін болса, жаппай тартыста жеке шабандоздар өздігінше жеңіске жетуге тырысады. Көкпарда ер-жігіттің күшін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігі сыналады. Сондай-ақ, бұл спорт түрі жылқы малының да жүйріктілігін көрсетеді.
Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан 70-80 келі тартатын серкені өз командасының «отауына» түсіру. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады көкпар алаңы болады. Қай команда «отауына» көбірек серке салса, сол команда жеңіске жетеді.
Аударыспақ
Аударыспақ – ежелден келе жатқан күш және айла-тәсіл арқылы салт аттылардың ер үстінен аударып түсіретін қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын жауынгерлердің сын сағатта найза, қылыш қолдану арқылы  дұшпанын жеңуге тигізер көмегі зор болған. Қайрат-күші мол, шапшаң қимылдап, ат үстінде еркін отыратын жігіттердің бақ сынасар сайысы бүгінге дейін үлкен той жиын, мерекелерде ойнатылады.
Қыз қуу
Қыз қуу – жазық жерде өткізілетін ойын. Мәреге
300 метр жетпейтін тұстан қыз бен жігіттен құралған жұптар жарысқа қатысады. Дегенмен, қыз бен жігіттің арасы 15-20 метрдей болуы шарт. Арнайы белгі берілгенде олар алға шаба жөнеледі. Ойынның шарты бойынша жігіт қызды қуып жетуге міндетті. Қуып жеткендер, қыз бетінен сүюге мүмкіндік алса, жете алмай ұятты болғандар қыз қамшысымен жазаланады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің бар өнерлерін, ат үстіндегі шеберліктерін, тапқырлықтарын танытулары керек.
Күрес
Күрес – тарихы тереңде жатыр. Жеке адамның білек күші мен айла-амалы бірге сынға салынатын дода түрі. Мұнда жігіттер кіммен қарсылас болса да, қайрат, жігерлеріне қоса шеберліктерімен жеңіп шығуға тиіс. Қазақша күрес күні бүгінге дейін сақталып, халықаралық аренаға шыққан ең танымал ұлттық сайысымыз. Бұл – қазақ халқының осы спорт өнеріне ерекше ден қойып, тәлімдік маңызын ұстап қалғандығының белгісі болса керек. 



Ақ сүйек 
Ақ сүйек – ай сүттей жарық түндері, жазды күні  өткізілетін сауық-сайранға құралған ойын. Ақ сүйекке қыздар мен жігіттер, сондай-ақ балалар да қосылып, араласып ойнай алады. Ойынға ертеректе  ірі қаран малды жілігі пайдаланылған. Қатысушылар теңдей болып екіге бөлінген. Сайысты бастаушы ақсүйекті әуелетіп, алыс лақтырады, ал қалғандары осы сүйектің шамамен қайда жерге түсетінін бақылап тұрады. Осылай ойын басталып та кетеді, сүйекті тапқан адам тапқанын айтып, мәреге қарай жүгіре жөнеледі. Екінші топтың қатысушылары оны ұстап алып, құрықтаған ойыншы ары қарай сөреге жүгіре жөнеледі. Міне, осылай кім сүйекті сөреге әкелсе, сол топ жеңімпаз болып есептеледі. Ал жеңілген жақ ән салып беруге міндеттелген. Ойын осылай жалғаса береді.
Сақина салу
Сақина салу – арнайы жеребе тартылып, бір қыз бен жігіт ортаға шығады, ал қалғандары қолдарын уыстап тізіліп отырады. Қыз осы отырғандарды алақандарына сақина тастағандай аралап шығады. Әрине, солардың біріне қолындағы олжасын тастап кетуі тиіс. Ал жігіт қыздың кімге қалдырғанын табуы шарт. Дұрыс таба алса, отырған ойыншы айып ретінде өнер көрсетеді, ал жігіт қателессе өзі айыпты болады. Бұл ойында айыпты түрлі жолдар арқылы өтеуге болады, мәселен, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, би билеп, ән салу. Не айып тартатындығын қатысушылардың өздері бұйырады.
Бастаңғы
Бастаңғы – ауылдағы үлкен  кісілер той жиынға кеткен кезде бас қосып жиналатын қазақ қыз-келіншектерінің дәстүрлі ойыны. Бұл кезде қыз балалар өзара бас қосып, емін-еркін ойнап-күліп, сырласады. Олар өз қалауларымен ауылдың жас келіншектерін де шақыра алады. Бастаңғы – қыздардың үй шаруасындағы қимыл-әрекетінің көрінісін береді.  Бастаңғыға келген қыздардың әр қайсысы тәтті-дәмдіні, құрт-майды үйден ала келіп, ортақ дастарқан жаяды. Ал тамақты өздері дайындайды. Бұл ойынның  астарында үлкен тәрбиелік мән көруге болады. Қыздар осы ойын арқылы қонақ күтімін, табақты мүшелеп тартудың жөнін  көріп, іс жүзінде орындайды. Бастаңғы ілгеріде келтірген ойындар секілді сауық-сайранға жатпайды.  Ешқандай шу болмауы керек.  Себебі, бұл қылықтарын үлкен кісілердің біліп қою әбестік деп түсінген.
Алты бақан
Алты бақан – жастардың жиналып бас қосып, сауық-сайран, әуелеткен ән кешін сыйлайтын тамаша ойын кеші. Мұнда қатысушыларға шек қойылмайды. Бұл ойын далада, жазды күндері арнайы құрылған бақандарда өткізеді. Оны әзірлеу үшін  тербелетін тұғыр жасауға ұзындығы 
3-4 метрлік  алты бақан және үш мықты арқан қажет болады. Айтылған алты бақан үш-үштен жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең  арқалыққа бекітіп қояды. Міне, осы дайындалған бақандарға қыз бен жігіттер алма-кезек ауысып тербетіліп, ән шырқап, қалғандары осы әнге қосылып керемет кештің көрінісін көрсетеді.
Тоғыз құмалақ 
Тоғыз құмалақ – бүгінге дейін өз дәрежесін ұстап тұрған ұлттық ойындарымыздың бірі. Тоғыз құмалақты төрт бұрышты тақтада  ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан сопақша келген ұясы, әр қатар үшін бірден жасалған екі қазан болады. Олардың түсі екі бөлек. Әр ойыншыға 81-ден құмалақ беріледі. Олар ұяларға 9-дан орналастырылады. Ойын шарты: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы адам өзінің кез келген ұяшығында бір құмалақты қалдырып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап  ұяларға салып шығады. Егер ең соңы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгелімен, өз қазанына аударып алады. Ойын барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалып, оған қарсыласы ең соңғы тасын салып үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Бұдан кейін сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына  көшеді. Қазанына жалпы 82 құмалақ жинаған ойыншы жеңіске жетеді.
Тымпи
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады. Ойын­ды жүргізуші: «Ал ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» деп бұйырады. Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы, үн қатпауы керек. Мұнда жүргізуші ғана сөйлеуге ерікті. Жүргізуші әзілкеш, күлдіргі болуы керек. Ол әзіл-қалжың сөздерді айтып немесе күлкілі іс-қимылмен қалай да біреуді күлдірудің амалын жасайды. Қалжың жыр да айтады. Бұл жерде тек қалжың өлеңге қатысушылардың атын қосып, шамдандырмау керек. Жаңылыстыру үшін неше түрлі сұрақтар қойып, көздеріне төнеді. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Айыпты өлең айтады, ән салады не би билейді. 
Қыз кәде
Бұл ойында ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары тартысқа түседі. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ» деп жол-жора жасаттырады. Екі жақ әзіл-қалжың қағыстырып, өнер жарысына түседі. Кейбір аймақтарда ұзатылғалы отырған қызды үйден кілемге салып көтеріп алып шығып, дәл аттанар сәтте ойынды бастайтын болған. Ал Қазақстанның кейбір өңірлерінде «қыз кәде» қызды аттандырудан бір күн бұрын өткізілген.
Асық ойыны
Асық ойынын ер балалар ойнайды. Асықтың ең маңыздысы – сақа. Бір-біріне қарсылас болып екі бала немесе бірнеше бала екі топқа бөлініп сайысады. Ойынның негізгі шарты – бір-бірінен асықты көбірек ұту. Асықтың үштабан және алтыатар деген кең таралған екі түрі бар. Үштабан ойнау үшін жерге көлденең сызық сызылып, оған әр ойыншы бір бірден арасын сирек етіп кеней тігеді. Ойынға қатысушылар сақасымен тігулі кенейді атып, үштабан сызылған жерден асырып жіберуі керек, үштабаннан кеней шықпай қалса, сол секілді сақа тимей қалса ойынды келесі ойыншы бастайды.
Ал алтыатар ойынында кенейлермен қатар, сақасы шықпай қалған баланың сақасы шетіне қосылып тігіледі. Кімде кім сол сақаны жұлып кетсе жерде қойылған барлық кенейге иелік етеді. Бір кенейді жұлып кеткен бала құлатқан олжаны ғана қанағат тұтады. Әр ойыншыға алты рет кезек беріледі. Алты кезектен кейін шетте тұрған сақа аман қалса, кенейлер сол балаға беріледі.

 




























2. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ

ЖОЛДАРЫ

Сабақ барысында ойын элементтерін дидактиқалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы мол. Ойын арылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, білімге, өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Нашар оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігермен араласатыны анық нәрсе.
Өз басым ойын элементтерін пайдаланған сабақтарымды жарыс түрінде өткізуді қалаймын. Жарыс - сабақ барысында алма ағашынан алма жинау, не бақшадан көкөніс жинау сияқты ойындарды пайдалана отырып сөздікті тексеру өте тиімді. Оқушылар өз құрбыларынан қалып қоймауы үшін сабақка белсені қатысып, қойылған сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Мысалы, сабақ үрдісінде Сенің атың кім? деген сұрақты жай енгізгеннен көрі ойын арқылы енгізу әсерлі. Бұл ойында оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топтан бір -бір баладан алға шығып, өз тобындағы мүшелеріне Сенің атың кім? сұрағын қоя отырып допты лақтырады, ол оқушы өз атын айтып келесісіне береді, ерте біткен топ мүшелері жеңіске жетеді.
Сабақ барысында менің басты ұстанымым - баланың ынта - ыкыласы мен қызығуын арттыру. Ол үшін көрнекілік қажет. Бұл бағытта халқымыздың ұлттық ойындарының кейбір элементтерін сабақ үрдісінде енгізуге әбден болады. Халық ойындары ақыл - ойдың дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады.
Сондай - ақ қазақтың ұлтт ық ойындарын сабаққа сәйкестендіріп ойнауға болады. Мысалы: Қоржын ойыны (немесе асық атып ойнау) қазіргі тәрбие мақсаттарына сай өзгертуге ыңғайлы. 4 - сынып оқушыларымен бір тарауды аяқтап, қайталау сабағында сурет бойынша әңгіме құрау не сурет салу барысында осы ойынды ойнаған қызықты әрі тиімді.

Асық ойыны:

Он асық салып, оны 1-ден 10-ға дейін нөмерлеп қоржынға салып қоясың, сол нөмірге сәйкестендіріп конверт дайындап, оған өтілген тақырыптарға байланысты суреттер саласың. Асық ты түрлі түске бояп ең көп боялған түсті модасы деп көрсетуге де болады. Оқушы қоржыннан алған асық нөмірімен сол нөмірлі конвертті алып, ондағы суретті сипаттайды.12 асық алып 4 - ден үш түске бояп дорбаға салып түстердің шығу ықтималдығын табуға болады. Асықтарды нөмірлеп тігіп сақамен ату арқылы қай нөмерлі асыққа тигіссе сол сұраққа жауап беру немесе сол есепті шығаруға да болады және т.б.

Бәйге ойыны:

Байге ойыны көбінесе викториналық ойындарға келеді. 4немесе 5 оқушыдан шығарып сұрақтар қою арқылы кімнің жүйрік екенін анықтауға болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!