Материалдар / Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2018
1426
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зиядинова Эльмира Абдразаковна

«Береке» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Математика пәнінің мұғалімі

Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін  дамыту



«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі,

ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс»

К.Д.Ушинский

«Ойлауды өркендету жолы оңай шаруа емес. Ойлау – жанның өте бір
қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан, тәрбиеші баланың
ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы
берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей,
оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласын, құштарлығын оятуы керек».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «Мәңгілік Ел» болу үшін: «Егер әрбір пәннің білім беру мазмұнын құрылымдауда оқулық бетінде берілген әрбір деректің астарынатәрбиелік мән салынса,сонан соң әрбір деректің астарлық мәнін ашу тәсілімен,әдісімен,технологиясымен мұғалімдерді қаруландырар болса,тек сонда ғана, дайындалған білім беру мазмұны негізінде ұйымдастырылған оқыту үрдісінің тәрбиелік ықпалы болады» - делінген.
Мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету, математикалық тілді меңгеруге үйрету, оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығару , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйретуге оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды логикалық ойлауға үйрету – бүгінгі таңдағы маңызды мәселе.
Қазақстан Республикасы білім стандартында математика пәнін оқытуда
пән мұғалімдеріне төмендегідей мақсаттар қойылады:
1. Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы оқушыларға
мағлұмат беру.
2. Логикалық ойлау қабілетін және кеңістікті елестете білуге қажетті
элементтерді құрастыра білу.
3. Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру сияқты ойлана білуіне
қабілеттілігін қалыптастыру.
4.Мектептегі математика курсының негізгі мазмұны бойынша
математикалық білім мен іскерлігінің белгілі бір жүйесін оқушыларға
жеткізе білу.
5. Өмірде күнделікті кездесетін оңай есептерді шешу үшін және басқа да
пәндерде қолдану мақсатында қажетті математикалық біліктілік пен
дағдыларды оқушыларда қалыптастыру
Ойлау - сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын өзгеріп отырады.
Мысалы: бұрын атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі кезде ғылым
атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның
ойлауы да жетіле түседі. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуі тиіс.
Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.Жеке адамның өмір тәжірибесі, білім көлемі, денсаулық жағдайы,
жас ерекшеліктері,оның айналасын қоршаған ортасы, жүйке жүйесінің
типтік ерекшеліктері, секілді ақыл-ойдың дара ерекшеліктерінің
қалыптасуына себеп болатын факторлар.
Логикалық ойлауын дамыту үшін мұғалім оқушылармен тиісті жұмыстар
жүргізіп отыруы тиіс.
Логикалық ойлау тәрбиесіне қатысты шаралар мыналар:
1. Оқушыларды белгілі (грамматикалық, математикалық) ережелер
жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін эвристикалық
әдісті пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын оқушылардың ойлау
қабілеті жетерліктей етіп ұйымдастыру.Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
2. Оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы кабылдай алуына, елестердің
тиянақты қалыптасуына мұғалімнің шеберлігі қажет.
3. Мұғалім оқу процесін жүйелі ұйымдастыруы, сабақта бала логикасын
дамытатын мүмкіндіктерді көбірек пайдалануы керек.
5. Оқушылардың жасаған нәтижелерінің өз беттерінше дұрыс-бұрыстығын
тексерткізу, олардың есепті түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру оқушының логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
Логикалық ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жап-жақты дамуымен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану кызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мысалы, оғаш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді. Логикалық ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.
Кіші жастағы оқушылар үшін басты мәселе - олардың интеллектісін дамыту. Белгілі психолог Л.С.Выготский жеті жасар оқушыда есте сақтау мен түйсіктің орасан зор мүмкіндіктері туралы ергежейлі интеллект болатындығын айтқан.Егер бұрын балалар назары тек өздеріне қызық, айқын, нәрселерге аударса,енді мектеп жағдайының алғашқы күндерінен-ақ, дәл сол сәтте, өзін қызықтырмайтын пәндерге зейін қоюы және айтылған әңгімелерді зердесінде ұстап қалуы талап етіледі.
Мектеп оқушыларды оқуға үйретіп, олардың танымдық мұқтаждығын сақтап және дамытып, ғылым негіздерін игеруі үшін кажетті танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім танымдық іс- әрекеттің, табиғаттың шығу тегін, неден тұратындығын, оны оқушыларда қалыптастыру кандай ретпен жүзеге асатындығын білуі керек. Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі - логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру.
Логикалық ойлауды дамыту дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын арнайы жүйелі түрде
қалыптастыру;
1. ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
2. объектіні өзгерте білу қабілеттерін жетілдіру.
Осы анықтамалар негізінде логикалық ойлауды дамыту жүйесі
төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру.
2. Ойлау белсенділігін өзбеттілігін дамыту:
1. әртүрлі болжам, пікір айта білу;
2. мәселені шешудің бірнеше әдістерін ұсыну;
3. Трансформация әрекетін жетілдіру:
3. заттарды бөліктері арқылы құрастыру;
4. объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
Ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген
бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық кұнсыз күйде қалып отырады.
Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді.
Логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас
ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс. Бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математика сабағының алатын
орны ерекше, өйткені математика сабағының әрбір жұмысы ой-
белсенділігін кажет етеді. Сабақ барысында жас ерекшеліктерін,
қабілетін, ой-өрісін ескере отырьш, оқушылардың ойлау қабілетін
жетілдіретін жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Әртүрлі ойын есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, схемалар,
математикалық диктант, т.б. Кейде мұғалімдер оқушылардың ой-өрісін
дамытамын, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырамын деп қиын, әзірліксіз сұрақты бірінен соң бірін қойып, қабылдау, ойлау үрдісін
күрделендіріп алады. Сондықтан сұрақтардың сыныпта орташа оқитын
оқушылардың білім деңгейіне сәйкестендіріліп койылуы тиіс.
Мектепте мазмұнды есептер практикалық, графиктік, арифметикалық және
алгебралық тәсілдермен шығарылады. Кеңінен қолданылатын – арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады. Шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру олардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.Мұнда оқыту ісі оқушының ақыл-ойын дамыту процесімен қатар жүргізіледі.
Оны көрсететін факторлардың бірі ойлау жүйесінің талдағыштық
(анализдік) және біріктіргіштік (синтездік) сипаты академик
И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімінде ғылыми
тұрғыдан дәлелденген.
Талдау дегеніміз — білуге тиісті заттар
мен құбылыстардың елеулі мәні мен басты қасиеттерін айырып көрсету.
Біріктіру дегеніміз — нәрсе мен құбылыстардың жіктеліп көрсетілген
елеулі белгілері мен тұрақты қасиеттерін өзара ұштастырып, ой арқылы
біріктіру. Талдау мен біріктіру өзара байланысты ой-әрекеті болып табылады.
Ойлаудың бұл тәсілі есептерді шешу логикалық негізіне алынады. Адам ойының бұл әрекеттері салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, жіктеп-саралау, жүйелеу және жалпылау сияқты тәсілдермен тығыз байланысты. Оқыту процесіне салыстыру тәсілінің алатың орны ерекше. Мысалы, оқушылар математика сабағында нәрселердің суреттерін көріп, олардың сан мөлшерін салыстырады. Көптік, аздық, тепе-теңдік ұғымдарын меңгереді. Салыстыру арқылы есіне түсініксіз нәрсені, кұбылысты танып, біледі. Сондықтан бала ақыл-ойын дамытуда осы салыстыру тәсілін қолданудың маңызы зор.
Ойлауды эмпирикалық және теориялық деп екіге бөлу қабылданған. Ойлаудың эмпирикалық(тәжірибелік) түрі заттардың сыртқы ұксастығы мен айырмашылығына сүйенеді. Мұнда жекеден жалпыға көшу негізі бар. Мысалы, сабақты белгілі бір ереже түсіндірілгеннен соң, осы ережені пайдаланып есеп шығару тапсырылады. Есептердің мазмұны өзгергенімен, мәні бірдей болып қала береді. Осындай есепетің оншақтысын шығарғанда ғана балаларда
«
Осы есептерде ұқсастық бар-ау» деген ой тууы мүмкін. Бұдан баланың
эмпирикалық түрде, сырқы және мазмұн ұқсастықтары бойынша жұмыс
жасайтындықтарын байқаймыз. Теориялық ойлау барлық варианттар мен
айырмашылықтар қандай байланыска саятынына, оның ішкі байланысы мен шығу тегін анықтауга негізделеді. Теориялық ойлау жекеден жалпыға ауыспайды.
Құбылыстың жалпы принциптерін бөліп алған соң, осы біріңғай принциптен оның мүмкін варианттарына ауысады. Яғни ой жалпыдан дараға қалай ауысады. Оқушы есепті қалай шығарғанын түсінсе, ол - есепті теориялық әдіспен шығара
алатыны. Егер есепті қалай шығарғанын түсінбесе, онда ол - есепті
эмпирикалық әдіспен шығарғаны..














Әдебиеттер:
1.«Білімдегі жаңалықтар»,№1,2015
2.Гой Н.А.«Профессиональные сообщества как форма профессионального развития учителя»,Астана,2014ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!