Материалдар / МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ


Токыжанова Шолпан Касымовна

Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы,

С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін мектеп


Өзімнің педагогикалық қызметімде төмендегідей проблемалар кездесті:

  • пәнге қызығушылықтың төмендеуі;

  • оқушылардың оқу деңгейінің олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі;

Осыған байланысты төмендегідей сұрақтар туындады:

Бұл проблеманы қалай шешуге болады? Білім сапасын арттыру үшін оқу процесін қалай ұйымдастыруға болады? Пәнді оқып –үйренуде оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болады? Оқушыларды өз бетінше ойлай білетін,әлемде пайда болған қиындықтарды көре білетін, оларды шешудің тиімді жолдарын таба алатын,алған білімдерін қайда және қалай қолдануға болатындығын түсінетін тұлға етіп қалай тәрбиелеуге болады?

Бұл проблеманы шешудің жолдарының бірі математика сабағында оқушылардың проблемалық-ізденушілік қабілеттерін дамыту деп ойлаймын

Оқушылардың сабақтағы белсенді танымдық әрекеті сапалы білім игерулеріне,пәнге деген қызығушылығын арттыруға,өздерін бағалауға көмектеседі. Оқушылардың танымдық әрекетін қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың көмегімен арттыруға болады.Осындай технологиялардың бірі проблемалық оқыту технологиясы болып табылады.

Қазіргі оқушы – ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Жан-жақты, бәсекеге қабілетті, креативті ойлайтын, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі. Проблемалық оқыту технологиясы арқылы оқушылардың тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық сияқты қабілеттерін дамытады.деп анықтама беріледі. Креативтілік — өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған.Проблемалық технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. Еліміз келешекте дамыған елдердің қатарында болу үшін ,бүгінгі мектеп түлегі өз бетінше ойлай алатын, қиындықтарды көре білетін, оларды шешудің тиімді жолдарын таба алатын,алған білімдерін қалай қолдануға болатындығын түсінетін тұлға болулары керек. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі білім алушылардың алдына міндеттерді қою және оны шешуде өз бетінше жұмыс істеудің шығармашылық ізденушілік дағдыларын меңгеру міндетін қояды. Проблемалық оқыту оқушылардың өздігінен ізденуіне, зерттеу жұмыстарына баулуда, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды технология болып келеді.Сондықтан мұғалімдердің алдында білім алушыны қажетті білім құралдарымен қалай қаруландыру керек деген сұрақ туады. Проблемалық оқыту проблемалық жағдайлар жасау арқылы педагогтың мақсатты іс-әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдер жүйесі болып табылады. Бүгінгі білім берудің негізгі міндеттері – білім алушыны белгіленген білім жиынтығымен қаруландыру ғана емес, оның өмір бойы оқу, командада жұмыс істеу, рефлексивті өзін-өзі ұйымдастыру арқылы өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру. Аталған дағдыларды қалыптастыруда проблемалық оқыту технологиясы маңызды роль атқарады. Бұл технологияның өзектілігі оқу қызметіне мотивацияның жоғары деңгейін дамытумен, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен анықталады, туындаған қайшылықтарды шешу, сабақта проблемалық жағдайларды жасау кезінде мүмкін болады. Оқушылардың жан-жақты қиындықтарын жеңуде жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге деген қажеттілік туындайды Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалым М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді» - деп көрсетеді. Ғалым проблемалық оқыту негізінде оқу проблемасы жататындығын, ал ол проблема оқушылар бұрын меңгерген білім мен берілетін жаңа білім арасынан туындайтынын сөз етеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолдарын қарастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлау қабілетін дамытқанда ғана іске асады. Ал поляк ғалымы В.Оконь: «Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету .. », - дейді. Ғалым проблемалық оқытудағы проблемалық ситуацияның орнын сөз етеді. Оны шешуге оқушыларды жұмылдыру, көмек беру, мәселесіне тоқталып, ең бастысы проблеманы таба білу, оны ұсынудың маңызын айқындайды. Ғалымдар пікірін талдап, саралағанда ортақ бір тұжырым шығады. Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық ситуацияны шешу-зерттеу, іздену еңбегін, шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылықтың мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Демек, проблемалық оқыту білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытады деген сөз.
Математика сабақтарында проблемалық оқыту технологиясын қолданудың мысалдарын келтірейік

Проблемалық оқыту технологиясы негізінен сабақта қолданылады:

  • аралас тапсырмалар (Әр түрлі типтегі танымдық тапсырмалар);

  • жаңа материалды оқып үйренуде (проблемалық ситуация тудыру).

Проблемалық ситуациялар:

«Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер» тақырыбы. (геометрия 7-сынып)

«Орман алқабы үшбұрыш формасындағы жерді алып жатыр.Орманның шеткі шекараларынан бірдей қашықтықта жататындай үй тігуге бола ма?».

Оқушылар әртүрлі болжамдар айтты,бірақ қиындыққа тіреле берді.Есепті теориялық жолмен ғана шығаруға болатындығына көз жеткізді

«Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі» тақырыбы. (алгебра 8-сынып)

Үзіліс уақытында тақтада жазылған квадрат теңдеудің бір бөлігін оқушылардың бірі байқамай өшіріп кетті: .

Мұғалім теңдеуді қалпына келтіруге асықпады, бос жерге m әрпін қойды.

Оқушыларға m-ді өздеріне табу керектігі және m-нің натурал сан екендігі,екі түбірі бар екені айтылды.Оқушылар квадрат теңдеудің коэффициентері мен бос мүшелері қандай екндігін айта келіп,квадрат теңдеудің түбірлерінің саны дискримантқа байланысты болатындығын,ол үшін бірінші дискриминатты құрып алу керектігін болжады. , сонан соң >0 теңсіздігін қарастырады. -8m>-9, m< . Демек, m–нің бір ғана мүмкін шешімі бар. m=1

«Жай бөлшектерді бөлу» тақырыбы. (Математика, 5 сынып)

ax=b түріндегі теңдеулердің түбірін табу үшін , b- ны а- ға бөлу керек.Егер b а-ға бөлінбесе онда теңдеудің натурал түбірлері болмайды .5x=1 теңдеуінің түбірі болатынын қалай дәлелдейміз?

«Ондық бөлшектерді салыстыру» тақырыбы. (Математика, 5 сынып)

Сендер қалай ойлайсыңдар,салыстыру тура ма?  24, 325 < 24, 4.

Қорытындылай келе проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар:

1) Проблемалық оқыту ғылыми-диалектикалық тұрғыда ойлануға,ізденуге үйретеді.

2) Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады.

3) Проблемалық оқыту өздігінен жұмыс істеуге үйретеді.

4) Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.


Қолданылған әдебиеттер

.Организация проблемного обучения в школе. /Махмутов М. И. - М.: Просвещение, 1977.

Окунев А. А. Как учить не уча. – Санкт-Петербург: «Нева», 1998.

«Тиімді сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту: әдістемелік ұсыным» Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Пеагогикалық шеберлік орталығы, 2016.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ