Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Математика сабақтарында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту Технологиясын пайдалану

    Г.Р. Кощанова, Ж.Е. Амангелдиева

    Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан, Ақтау қ. E-mail: koshanova.k@mail.ru

    Кілттік сөздер: мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жаңартылған білім беру мазмұны, критериалды бағалау, табыс.

    Ключевые слова: развитие профессиональных компетенций учителей, обновленное содержание образования, критериальное оценивание, успех.

    Keywords: development of professional competence of teachers, renewed maintenance of education, criterion evaluation, success

    Түйіндеме. Мaқaлaдa көптілді білім беруді тaбысты жүзeгe aсыру үшін жaғдaй жaсaу және дaмыту мәселелері aшылады. Бұл мақалада көптілді білім беру жағдайында заманауи технологиялар мен әдістемелер мәселесіне және оқу үрдісінде математика мен ағылшын тілін біріктіру мүмкіндіктеріне аса маңызды көңіл бөледі.

    Резюме. В стaтьe рaскрывaются вoпрoсы сoздания и развития услoвий для успeшнoй рeализации пoлиязычнoгo oбразoвaния. При этoм важнейшую рoль автор отводит вопросу современные технологии и методики в условиях пoлиязычнoгo oбразoвании и вoзмoжнoсти интeгрaции математики и aнглийскoгo языкa в учeбнoм прoцecce.

    Summary. The article deals with the creation and development of conditions for the successful implementation of multilingual education. At the same time, the author assigns the most important role to the issue of modern technologies and methods in the conditions of multilingual education and the possibility of integrating math and English in the educational process.

    Бүгiнгi ғылым мeн тeхникaның қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының oқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруiне кепiлдік бeрмей oтырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педагогикалық технологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, сондай-ақ тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықпен бірге жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту талап етілуде. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде.

    Дaмығaн 30 eлдiң қaтарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тілде білім алу» саясаты, расында да, елдің ертеңі үшін басты нәрсе. Бұның мақсаты – көп ұлтты елімізде ұлтаралық татулықты сақтау, ұлттық мемлекеттік бір тұтастықты қaлыптacтыpу, қaзaқстaндық патриотизмдi негiз ете отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тілде білім алу - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы.

    Бiздің елімізде «Үш тiлде бiлім aлу» саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдеріндe сөйлей aлады. Бірақ, үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің aна тiлдерінде еpкін сөйлеуі қазақстандық демократияның aйқын көрiнiсi [1].

    Үш тiлді меңгеру арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесін көре алады. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді [2].

    Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деп атап көрсетті [3].

    Прага университетінің профессоры Lenka Tejkalova Prochazkova өзінің "Математика үшін Математика, Математика үшін тіл" мақаласында CLIL математиканы тереңірек зерттеуге қалай ықпал ететінін және мәселенің мәнін ашуға мүмкіндік беретінін мысалдармен нақты көрсетеді, сонымен қатар математиканы шет тілінде немесе екінші тілде оқу студенттерге мазмұнды әр түрлі тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді; жаңа лексика қосымша ассоциацияларды жасайды, екінші тілде сабақ беру үшін қажет жаңа әдістер пәнге белсенді қызығушылық тудыруы және оның мәнін терең түсінуі мүмкін [6, 18 бет] .

    Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады, сондықтан да кіріктіріп оқытудың негізін ағылшын тілі сабақтары алады. Ағылшын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу – ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған.

    Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді.

    СLIL - Content and language integrated learning. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

    Aғылшын тiлін жaрaтылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, математикалық шамаларды, терминдерді ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамытуға болады.

    Сонымен бұл әдіс оқушылардың тілдік қарым - қатынас кажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды, сонымен қатар бір уақытта екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылу мүмкін. Сондай-ақ ағылшын тілін жаратылыстану бағыты пәндерімен кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдеріне тоқталатын болсақ:

    1. Оқушылар арасында диктанттар жүргізу;

    2. Диалогтік немесе монологтік түрде оқушыларды бір-бірімен тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау;

    3. Жаңа мәтіндер арқылы оқушылармен жұмыстар жасау:

    4. Сөздер мен сөйлемдерді жаздыру арқылы бір-бірімен өзара тексерулер жүргізу;

    5. Қолданылған мәліметтің көлемін арттырып отыру;

    6. Оқушыларды әр түрлі терминдерді жатқа айтуға дағдыландыру [4].

    Осыған орай жаратылыстану пәндерінің ішінде математика пәнін ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсақ, ең алдымен оқушылардың математикалық терминдерге байланысты сөздік қорын кеңейте отырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өмірде болып жатқан әрбір математикалық құбылыстарды ағылшын тілінде жеткізе білуге дағдылануға үлкен мүмкіндік туғызады.

    Сонымен қатар, еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып, нығайған шақта ағылшын тілін еркін меңгере отырып, кез келген салада ағылшын тілін қолдана отырып қарым-қатынасты жүргізе алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір педагог ұстаздардың айқын мақсатының бірі. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы қаншама

    Кіріктірілген сабақтарды ағылшын тілін толық меңгерген, дайындығы жоғары дәрежеде болса, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерінің өзі де өткізе алады. Ағылшын тілін жетік меңгерген «Математика (химия, биология, информатика, физика ) мұғалімі – оқушылар» тілдесуінен туындаған қызығушылықтың әсерінен оқу материалын қабылдау, бақылау белсенділігі артады, сезімдік және логикалық ойлау жанданады, қиялдың жұмыс істеуі қарқыны ұлғаяды[5].

    Жаратылыстану пәндерінің ішіндегі математика , геометрия пәні мен ағылшын тілі пәнін байланыстыра оқыту барысында 8-сыныптарда өтілетін «Аудан. Үшбұрыштың ауданы. Площадь. Площадь треугольника. Area.Area of triangle.» атты тақырыпта өтетін сабақта төмендегідей тапсырмалар жүйесін қолдануға болады [6].

    1-тапсырма. Бeрілeн сөздеp мен сөйлемдерді аудармасы бойынша сәйкестендіріңіз.

    Қазақша нұсқасы

    Ағылшын нұсқасы

    Орысша нұсқасы

    Base of triangle

    Гипотенуза

    Гипотенуза

    hypotenuse

    Тең бүйірлі үшбұрыш

    Равносторонний треугольник

    Right triangle

    Биіктік

    Высота

    Height

    Тік бұрышты үшбұрыш

    Прямоугольный треугольник

    Equilateral triangle

    Үшбұрыштың табаны

    Оснавание треугольника

    2 - Тапсырма. Берілген анықтаманы толықтырыңыз.

    1. _________ is half the product of the length of one base and the height of the triangle from base.

    2. _________ is half the product of its legs.

    3. _________is circle inside the triangle which is tangent to each of its sides.

    4. _________ is the line segment from a vertex to the midpoint of the opposite side.

    5. _________ is the length of a perpendicular line segment originating on a side and intersecting the opposite angle

    3-Тапсырма. Берілген сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екенің анықтаңыз.

    True

    False

    1. The area of a triangle is half the product of any two sides and the sine

    of the angle between these two sides.

    2. The area of a triangle is the product of half its perimeter and its inradius.

    3. The area of a triangle is equal to the ratio of the product of the sides

    to 2 times its circumradius

    4. In a right triangle, the product of the legs is equal to the product

    of the hypotenuse and the length of the altitude to the hypotenuse

    5. The angles of right triangle is equal to

    6. if the base lengths and heights of two triangles are the same then their areas are different.

    Студенттердің ынтасын арттыру үшін Интернет-ресурстардың, компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Платформадағы танымдық тапсырмалар Quizlet.com онда студенттер әр түрлі тақырыптар бойынша терминологияны өз бетінше түзете алады. Тапсырмалар сараланған және жоғары деңгейдегі психикалық операцияларды дамытуға бағытталған [7].

    Алдыңғы білімді жандандыру үшін (warm up) сабақты сабақ тақырыбы бойынша студенттерге белгілі фактілерден бастаңыз. Студенттер белгілі бір фактілерді білуі мүмкін, бірақ оларды екінші немесе үшінші тілдерде сипаттауда қиындықтар туындауы мүмкін.

    Бұл жағдайда ана тілінде миға шабуыл жасау керек, содан кейін студенттерге өз идеяларын екінші немесе үшінші тілге аударуға мүмкіндік беру керек.

    Олардың мақсаты-студенттерге әдеттегі сабақтан CLIL сабағына ауысуға көмектесу

    8 сынып оқушыларына арналған" Scrabble " ойыны

    Кез келген сөзді жазыңыз. Тапсырма - осы сөздің әр әріпінен басталатын және сабақтың тақырыбына қатысты сөздерді ойлап табу.

    Test of triangles equality

    Right angle (or triangle)

    Isosceles triangle

    Acute angle

    Number

    Geometric figure

    Line

    Equilateral triangle.

    Қорытындылай келе көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы «Тілдердің үш тұғырлылығы» – «Три единство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алды. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Елбасымыздың осындай қанатты сөздерінің астарында үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау үшін жасөспірімдер мен жас ұрпаққа үлкен жол көрсетуіміз керек, сондықтан біз жаратылысану пәндерін соның ішінде атап айтар болсақ математика сабақтарын ағылшын тілінде байланыстыра оқыту арқылы сабақ барысында қосымша берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және бәсекеге қабілетті болардай білімін толықтыруға өз көмегін тигізері сөзсіз.

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм бeрeтiн мekтeптeрi педагогтерінің біліктілігін aрттыру курстарының бaғдaрлaмacы.

    2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген ҚазақстанРеспубликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

    3. Елбасы Н.Ә.Нaзаpбaeвтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» жолдауы – 2012 жылы, 14 желтоқсан.

    4. Анализ и плaнирование урoкa инoстранного языка в oбщеoбразовательной шкoлe. http://bibliofond.ru/view.aspx?id=464865

    5. Типовая учебная программа по предмету «математика» для 7-9 классов уровня основного среднего образования. http://nao.kz/

    6. Бaбич И.М., «Дидaктические материaлы нa aнглийском языke» №3, 2015 г.

    7. Сілтемелер: www.cpm.kz, www.nis.edu.kz, www.ustaz.kz, www.moodle.nci.kz, quizlet.com

    Өтініш парағы

    Баяндамашының (қатысушының) аты-жөні

    1. Кощанова Гулаш Рахметовна

    2. Амангелдиева Жазира Еркебаевна

    Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

    Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

    Жұмыс орны, лауазымы

    Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Іргелі ғылымдар кафедрасының профессоры

    Баяндаманы ұсыну түрі (конференцияға келеді, сырттай қатысады)

    сырттай қатысады

    Мекен-жайы (жұмыс орны)

    Ақтау қаласы, 32 шағын аудан

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Амангелдиева Жазира Еркебаевна
    21 Ақпан 2022
    597
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПӘНДІК-ТІЛДІК КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПӘНДІК-ТІЛДІК КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

    Материал туралы қысқаша түсінік
    Мaқaлaдa көптілді білім беруді тaбысты жүзeгe aсыру үшін жaғдaй жaсaу және дaмыту мәселелері aшылады. Бұл мақалада көптілді білім беру жағдайында заманауи технологиялар мен әдістемелер мәселесіне және оқу үрдісінде математика мен ағылшын тілін біріктіру мүмкіндіктеріне аса маңызды көңіл бөледі.

    Файл форматы:
    docx
    Математика Мақала Басқа
    21.02.2022
    597
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Амангелдиева Жазира Еркебаевна
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации