Материалдар / математикадан дидактикалық ойындар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

математикадан дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
571
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





































































Ақмола облысы Жақсы аудандық білім бөліміБеловодское орта мектеп-балабақшасы



« Дидактикалық ойындар» Авторы: мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Нысанбай Ляйлі



Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Дидактикалық ойындар балаларды қарапайым математикалық түсініктерді, ана тілін, қоршаған орта және айналамен таныстыру, сенсорлық мәдениетті дамытуды оқытуда қолданылады. Балабақшадағы тәрбиелеу – оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану әрі оны күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін дидактикалық ойындардың жинағын ұсынамын.









Жинақта мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен тәрбиешілерінің жұмыстарына қажетті, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қамтамасыз ететін дидактикалық ойындар ұсынылған. Бұл жинақтың мақсаты түрлі ұйымдастырылған оқу әрекеттерін дайындау және өткізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына практикалық көмек көрсету болып табылады. Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қауымға және ата-аналарға арналған.

























Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар.

Кел, ойнайық!Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.Ойын барысы: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады Қуыршақты оятпаМақсаты: Ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.Қажетті құралдар: Жабылатын көздері бар қуыршақ, төсек орын жабдықтарымен кереует,майда ойыншықтар (текше, доп, мәшине және т. б.) ойыншықтарға арналған қораб.Ойын барысы: Тәрбиеші ұйықтап жатқан қуыршағы бар кереуетті көрсетіп: « Кәусар көп қыдырды, шаршады, түстенді және ұйықтап қалды. Ал бізге Кәусәрді оятып алмау үшін ойыншықтарды тыныш жинау керек. Маған ақырын айтшы, қандай ойыншықты қорапқа салу керек?». Мұнда баланың ақырын, бірақ сыбырламай айтқанын бақылау қажет.Жел соғып тұрМақсаты: Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.Қажетті құралдар: 2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел бейнеленген.Ойын барысы: Тәрбиеші балаға самал желдің суреттін көрсетіп, айтады: «Біз жазда орманға серуенге бардық. Самал жел соғып жапырақтар мен гүлдерді тербейді.Ол жай «у-у-у» осылай соғады(дыбыс жай және ұзақ айтылады)». Сонан соң өткір жел бейнеленген суретті көрсетіп, айтады «Кенеттен өткір жел тұрып, ол қатты гуілдеді «у-у-у»(дыбыс қатты және ұзақ айтылады). Бала тәрбиешіден кейін самал жел қалай соғады және өткір жел қалай гуілдейді соны қайталайды. Мұнда тәрбиешіден кейін қайталай отырып бала сол дауыс күшін сақтағаны маңызды.

Көпіршік Мақсаты: Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.Ойын барысы: Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап тұрады және бір-біріне «түтікше» етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік үрлейді.«Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,Осылай қал, жарылма түрлен».Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар «ү-ү-ү-п» деген дыбысты ұзақ шығарады). Ойын қайталанады.















Сиқырлы қапшықОйынның мақсаты: Заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: Түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. КемеМақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығара білуді қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін белсендіру.Қажетті құралдар: Су құйылған шара және қағаз кемелер.Ойын барысы: Су құйылған шара балаға кемені үрлеуге ыңғайлы болып тұруы керек. Тәрбиеші кеме қозғалу үшін, оған бірқалыпты және ұзақ үрлеу қажеттігін түсіндіреді.

Апта күндері Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету. Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка. Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.















Кімнің құсы алысқа ұшады? Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды қалыптастыру.Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың пішіндері.Ойын барысы: Бір-біріне 30см қашықтықта екі құсты үстелдің шетіне орналастырады. Екі бала құстарға қарама-қарсы отырады. «Құстар ұшты!» дабылы бойынша, балалар құстардың пішіндеріне үрлейді. Балалар құстарға үрлегенде ұрттарын толтырмауын, қатты күш салмауын қадағалау керек. Сағат тықылдайдыМақсаты: Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «Т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.Қажетті құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.Ойын барысы: Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: «Бұл – сағаттар. Олар жүрген кезде «тк-тк, тк-тк» деп тықылдайды. Сағаттар қалай тықылдайды? (балалар жауап береді).Үлкен сағаттар жүрген кезде «тк-тк» деп қатты және баяу, ал кіші сағаттар «тк-тк» деп жай және жылдам тықылдайды (балалар әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді). «Т» және «к» дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау керек.







ҚұлыншақМақсаты: «И» дыбысын анық айтуға үйрету.Қажетті құралдар: Ойыншық ат.Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншық атты көрсетіп, оның «и-и-и» деп дыбыс шығаратынын түсіндіреді және балаға 2-3 рет қайталап айтқызады.Баптайын ылғи, бағайын,Арқаңнан сипап қағайын,Бәйгеге мініп шабайын,Тұлпар боп өсші құлыным!

МәшинеМақсаты: «Б» дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа еліктеп қатты және жай айтуды , кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.Қажетті құралдар: Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа, үлкен және кіші мәшинелер.Ойын барысы: Тәрбиеші мәшинені көрсетеді және оның қалай гүрілдейтінін сұрайды(«бң-ң, бң-ң). Сосын үлкен мәшинені көрсетіп, айтады: «Үлкен мәшине қатты гүрілдейді тыңда , былай «бң-ң, бң-ң» (дыбысқа еліктеуді әдеттегіден қатты айтады), ал кіші мәшине жай гүрілдейді (сыбырлап ақырын айтады) «бң-ң, бң-ң».Балаға дыбыс тіркестерін біресе қатты, біресе жай қайталау ұсынылады. Содан соң тәрбиеші балаларға өздері мәшинемен қыдыруды ұсынады. Балалар жүргізушілерді бейнелеп, қолдарында тұтқа топ ішінде «бң-ң, бң-ң» деп айтып бытырап жүгіреді.





Дәл осындай пішінді тапМақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Қажетті құралдар: Бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. Ойын барысы: Сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құрылғанын айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.

Вагондарға дөңгелек таңдауМақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.Қажетті құралдар: Қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.



Үйдің есігін жабайықМақсаты: Заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: Үйдің, есіктің суреттері. Ойын барысы: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.











Үй құрлысының ретін көрсетМақсаты: Түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.Қажетті құралдар: Баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.



Бет орамалға лайық жамауларды табуМақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Қажетті құралдар: Бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.Ойын барысы: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.

Жұбын тапМақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.Қажетті құралдар: Әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.Ойын барысы: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.









Әдемі кілемшелерМақсаты: Бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Қажетті құралдар: Қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.



Таныс пішіндер доминосыМақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.Қажетті құралдар: Пішіндер бейнеленген суреттер.Ойын барысы: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.



Көп және біреуМақсаты: Көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.Қажетті құралдар: Көп және бір зат бейнеленген суреттер.Ойын барысы: Балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.















Өз үйіңді тапМақсаты: Түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.Қажетті құралдар: Түрлі-түсті дөңгелектер.Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылжам тауып, тұра қалу.

Зейінді болМақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.Ойын барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы) суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.Танып ал да, атын атаМақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.











Мынау қай пішінМақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

Қандай пішін шықты?Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.Қажетті құралдар: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшаларыОйын барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?



Біркелкі пішіндерді санаМақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. Ойын барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.











Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырМақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыра білу.Қажетті құралдар: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.Ойын барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыру.

Қандай пішін жетіспейді?Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер.Ойын барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады. Пішіндерді бояМақсаты: Түстерді тани білуге үйрету. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер.Ойын барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді іліп қояды. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.













Сиқырлы суреттерМақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.Ойынның кұрал-жабдықтары: Түрлі сурет бөлінділері.Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.



Көзіңді жұмып, қолыңмен анықтаМақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.Қажетті құралдар: Қарындаштар, таяқшалар.Ойын барысы: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Зейінді болМақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.Қажетті құралдар: Биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.Ойын барысы: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!