Материалдар / Математикадан қысқа мерзімді жоспарлау. 1-сынып " Комбинацияларды құрастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикадан қысқа мерзімді жоспарлау. 1-сынып " Комбинацияларды құрастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1-сыныптың математика сабағына мұғалімдер үшін дайындалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Математика

Мұғалімнің аты-жөні: Кусайнова Г. И Мерзімі: 04. 05.21

Сабақтың тақырыбы

Комбинацияларды құрастыру

Оқу мақсаттары

1.4.2.1 Қоршаған әлем заттарынан «екі-екіден» түрлі комбинациялар құру

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға заттардан әртүрлі комбинациялар құру ережесін үйрету, ұйымдастырылған іріктеу әдісімен таныстыру.

Жетістік критерийлері

Тапсырмаға байланысты сандарды құрамдастырады; сандардың қарапайым комбинацияларын сараптайды.

Сөздік қор

Комбинация,реттілік, гүлзар, құрамдастыру.

Құндылықтарды дарыту

Шапшаңдық, ұқыптылық қасиеттерін дамыту

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс «Өсімдіктер» бөлімінде байланысады

Алдыңғы білім

Сан жүйесін және реттілік пен заңдылықты зерттеу тәжірибесі бар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

Сабақтың мақсатын қою. Өткенді еске түсіру:

  • Құрамдастыру деген не?

  • Өмірде заттарды құрамдастыруды қайдан көреміз?

  • Заттарды не үшін құрамдастырады?

Әр топ үшін үш түрлі түсті қарын -даш, үш түсті стикер.

Сабақтың ортасы

Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топқа қызыл, сары, жасыл қарындашты және үш стикер (жасыл, көк, сары) тарату. Бұл заттарды топқа біріктіріп жіктету. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардан қандай затты қай топқа біріктіргенін сұрау. Нәтижесін алдын ала дайындаған кестеден көрсету.


Қарындаш

СПрямая со стрелкой 1 тикер


Қызыл


Сары


Жасыл

ЖПрямая со стрелкой 2 асыл




Көк




Сары









- Біз заттарды құрамдастыру арқылы барлық комбинацияларды алдық.

(ЖЖ) Оқушыларға жұпта орындайтын тапсырманы ұсыну.

Тапсырма. Гүлзарда екі сары,төрт қызыл жауқазын гүлдеді. Анасы 2 гүлді қиып алды. Олар қандай түсті жауқазын болуы мүмкін?

Алдымен суреттегі жауқазындарға қатысты сұрақтар қою:

  • Гүлзарда барлығы неше жауқазындар гүлдеді?

  • Олардың нешеуі қызыл?

  • Сары түсті қанша?

  • Анасы неше гүл қиып алды? Оқушыларға жұптасып, барлық

комбинацияларды құрастыруды ұсыну.

(Т) Материалды бекіту мақсатында оқулықтағы «Шығарып көр» тапсырмасын орындату.

Топтарға есепті шешудің қандай тәсілін таңдайтынын айтқызу. Тәжірибе түрінде көрсету арқылы ма, сызбасын салу әлде талқылау арқыл ма? Жұмысты орындауға уақыт беру. Топтарға қолдау көрсету. Әрбір топқа өз шешімін айтуға мүмкіндік беру.

«Орындап көр» тапсырмасын жұптар арасында сөзді кім тез құрай алатынына жарыс ұйымдастыру. Сөзді тез құрауға не көмектескенін сұрау (цифрлар комбинациялары).



Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар материалды қаншалықты түсінгенін бағалау үшін сұрақтар қою:

  • Әртүрлі заттарды комбинациялау кезінде не шығады?

  • Барлық комбинациялар құрастыру үшін, нені пайдаланған қолайлы?



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!