400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Математикалық калейдоскоп" интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Математикалық калейдоскоп" атты интеллектуалдық сайыс 5-6 сыныптарына арналған. Апталықтарда өткізуге болатын сыныптан іс шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Математикалық калейдоскоп» интеллектуалдық ойыны

5-7 аралығында


Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, ұстаздар. «Математикалық калейдоскоп» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. Ойынымызды бастамас бұрын сіздерге ойын шартымен таныстырып өтейін. Әрбір дұрыс жауапқа көк шаршы аласыз. Ойын соңында шаршылар қай топта көп болса , сол топ жеңімпаз атанады.


Блиц – турнир


  1. Бір басы шектелген түзу бөлігі – сәуле

  2. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі – кесінді

  3. Қиылысқанда тік бұрыш жасайтын түзу – перпендикуляр

  4. Қиылыспайтын түзулер – параллель

  5. Тік төртбұрыштың ауданы – S = a*b

  6. Тік төртбұрыштың периметрі – p = 2( a + b )

  7. Параллелепипедтің көлемі – V = abc

  8. Жай сандарқандай сандар? - өзіне және бірге бөлінеді

  9. Жұп сандар қандай сандар? – 2 – ге қалдықсыз бөлінеді

  10. Құрама сандар қандай сандар?– бөлгіштері 2 – ден артық


Логикалық есептер шешу топпен:

1 топқа- Құрттың өрмелеуі.

Бағана биіктігі 20 метр. Құрт бағанаға күндіз 5 метр жоғары өрмелесе, түнде 4 метр төмен түседі. Құрт неше күнде бағана басына жетеді? (Тәулігіне 1 метр болғандықтан 15 күнде 15 метр, ал 16-шы күні күндіз қалған 5 метрді өрмелейді де, бағана үстінде қалады. Жауабы 16 күн)


2 топқа –Шаштаразда.

Бір қалада тек қана 2 шаштараз бар екен. Саяхатшы бірінші шаштаразға кірсе шаштараздың шашы дұрыс қиылмаған, салонның іші лас екен. Ал екінші шаштаразға кірсе салонның іші тап таза , шаштараздың да шашы өте жақсы қиылған екен. Саяхатшы қай шаштаразға шашын қидыртады? (лас шаштаразға ,себебі оның шашын екінші шаштараз дұрыс қимаған)


3 топқа-Билік басында.

Хан уәзірін билік басынан кетіргісі келді, бірақ себеп таба алмады. Ол уәзіріне былай деді: «Мына сөмкеге 2 қағаз салдым біреуіне кетіңіз екіншісіне қалыңыз деген жазу бар. Қайсың таңдайсың сол болады». Уәзір Ханның ойын түсініп екі қағазға да кетіңіз деп жазылғанын түсінді. Уәзір не істеуі керек жұмыста қалу үшін? (бір қағазды жағу керек, екіншісін алып оқу керек. Мына қағазда кетіңіз деп жазылған ,енше ана жанып кеткен қағазда қалыңыз деген жазу болған ғой деп жұмыста қалады.)


Қай топ дұрыс шешімін табады?

Арман, Аслан, Жандос, Азамат- талантты жас адамдар. Олардың бірі биші, екіншісі- суретші, тағы бірі- әнші, төртіншісі-жазушы.Кім немен айналысатынын табыңыз егер:

  1. Арман мен Жандос консерватория залында әнші өленін тыңдады.

  2. Аслан мен жазушы суретшіге суреттерін салғызды.

  3. Жазушы Азамат жайлы әңгіме жазды, Арман жайлы да жазатын болды.

  4. Арман Жандос жайлы естімеген.

Жауабы:


биші

суретші

әнші

жазушы

Арман


+



Аслан

+




Жандос




+

Азамат



+



«Ойлан тап» Сиқырлы шаршыларды толтыр.

1-топ әр қатардың қосындысы 40 тең болу керек

19


12


18




17

2 топ әр қатардың қосындысы 39 тең болу керек



1

16


13


10




3 топ әр қатардың қосындысы 60 тең болу керек


30


29


20




10

Шешуі:

19

9

12

11

18

11

10

13

17

22

1

16

7

13

19

10

25

4


30

1

29

19

20

21

11

39

10

«Мықты болсаң тауып көр».

Сөз есептің шешімін қарсыласыңнан бұрын тап:

1 Белгісіз санды 5 есе көбейтіп, одан 2-ні азайтса, 43 шығады. Белгісіз санды тап. (9)


2 Марат жұмысты 12 күнде, ал Самат осы жұмысты36 күнде бітіреді. Екеуі бірге неше күнде бітіреді? (9)


3 А қаласынан В қаласына бірдей уақытта екі жолаушы шықты. Бірінің жылдамдығы 25 км/сағ, екіншісі 40 км/ сағ. Жылдам қозғалатын жолаушы екіншісінен баратын жеріне 3 сағ бұрын жетті. Екі қаланың ара қашықтығын тап. (200км)


«Жорға».

Әр сыныпқа 5 сұрақтан қойылады, жылдам жауап беру керек.


5-сынып

  1. 7 жай сан ба , құрама сан ба? (жай сан)

  2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады?(бұрыс бөлшек)

  3. Тәуліктің төрттен бір бөлігі? (6 )

  4. Шаршының қабырғалары қандай? (тең)

  5. Натурал сандар қандай сандар? ( санауда қолданылатын)


6 сынып

  1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0ге тең)

  2. Құрамында әрпі бар өрнек?(әріпті өрнек)

  3. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

  4. Аудан өлшемі (квадрат)

  5. Кесіндіні өлшейтін құрал (сызғыш)


7 сынып

  1. 60-тың 50 проценті(30)

  2. Теріс санның модулі (оң сан)

  3. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

  4. Геометрия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?(жер өлшеу)

  5. Тік бұрыш қандай бұрыштан үлкен? (сүйір)


Қорытындылау. Жеңімпазды анықтау.

Презентация «тілек музыкамен»







Қайрат орта мектебі










«МИФ декадасы»


«Математикалық калейдоскоп» интеллектуалдық ойын.

(5-7 сыныптар аралығында)



Өткізген : Жукенова А.Қ.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
07.02.2023
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі