Тақырыбы: Математикалық логика
Мақсаты:
1. Білімділік: Студенттердің математикаға қызығушылығын, ынтасын,
зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3. Тәрбиелік: Студенттерді ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа,
белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
4. Көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі
тапсырмалар, бағалау бетшесі.
5. Әдісі: Сайыс, ой – қозғау.
1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу
керек».
С.М.Ломоносов
2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула»
С.В.Ковалевская
3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың
патшасы»
К.Гаусс
6. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын,
жігер және еңбек».
7. М.Искаков
Оқытушы:
Сәлеметсіздер ме, оқытушылар мен студенттер?
Математикаға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан студенттерді,
Сәті келді сыналар.
Оқытушы:
Сайыс сабағымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау
үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әр команданы ортаға шақыра, сайыс сабағымыздың өтілу тәртібімен
таныстырайық.
Барысы:
1. Логикалық сұрақтар.
2. Логикалық есептер.
3. Логикалық ойындар.
4. Логикалық құрастырмалар.
5. Қорытынды.
1 тур: Логикалық сұрақтар
Үш түзу арқылы
Суреттегі ешкілерді
капусталардан 3 түзу арқылы ажырату
керек.
Суреттегі қағаз бетіне 3 түзу
арқылы 7 бөлікке бөлу керек. Әрбір
жұмыртқа басқаларымен түзу арқылы
ажыратылып жеке бір бөлікте тұру
керек.
Үш доптың есебін шеш Қамалды алу оңай емес
1-ден 6-ға дейінгі Сандарды бір реттен
ғана қойғанда әр жарты кештегі
сандардың қосындысы 14-ке тең
болуы керек. Қалай ойлайсың, шешімі
қандай?
Сен басқарған қол қамалды жан –
жағынан басып алды. Қарамағыңда 12
жасақ бар. Ендігі шарт – қоршалған
қамалды ешбір шығынсыз азат ету. Ол
үшін әр тұсқа жауынгерлер мен
зеібіректерді дұрыс орналастыру
керек. Алдымен жасақтарыңды 1 – ден
12 – ге дейінгі сандармен белгілеп ал.
Қамалды тепе – тең 6 бөлікке бөл. Енді
сенің алдыңда өте жауапты іс тұр.
Соғыс тактикасы бойынша әр бір
бөлікке жасақтарды үштен
орналастырған жөн. Есте сақтайтын
жай – алты қабырғаның әрбір
бұрышындағы жасақтардың саны бір –
біріне қосқанда 17 - ге тең болуы
керек. Осындай теңдік жағдайда ғана
алты жақтан бірдей шабуылдап
қамалды тез аласың.
ІІ тур: Логикалық есептер.
Сандық ребустар ережелерін пайдаланып, берілген ребустарды
шешіңіздер.
Кім қателесті? Қанша үйдің малы жоқ?
Бір шаруа ақшадан қысылып, өсімқор
көршісінен екі теңге қарыз сұрайды.
Көршісі қарыз беруге келісіп, мынадай
шарт қояды: «Мен саған екі теңге емес
200 тиын беремін, бірақ сен оны маған
Бір ауылда бар-жоғы 28 түтін өмір
сүріп жатты. Олардың 15 үйінің
түйесі, 8 үйінің сиыры, 6 шаңырақтың
сиыры да, түйесі де бар болатын. Ал
басқа үйлердің тышқақ лағы да жоқ
өзін - өзі көбейткендегі өсіммен
қайтарасың»дейді. Қиналып тұрған
шаруа бірден келісіп, «екі теңгесі не,
екі жүз тиыны не бәрібір емес пе?» деп
ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін
шаруа көршісіне төрт теңге әкеліп
береді. Бірақ көршісі 4 теңгенің аз
екенін айтып дау салады.
Қателескен кім? Көрші шаруадан неше
теңге қайтаруын талап етті?
еді. Сонда малы жоқ үйлердің саны
қанша? Балақай, жауабын сен қалай
берер едің?
ІІІ тур: Логикалық ойындар
Сан – го - ку
IV тур: Логикалық құрастырмалар
Судоку
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып,
студенттерді марапаттау.
Оқытушы: Бүгінгі көріп тамашалаған «Математикалық логика» атты
сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз
шексіз!