Материалдар / Математикалық сайыс сабақ тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық сайыс сабақ тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сайыс сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
178
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математикалық сайыс сабақ тақырыбы:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.



Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар мен ізденімпаз оқушылар және де білімпаз сайыскерлер! Бүгінгі күнге ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Математика ғылымдардың патшасы демекші, расында да біз математикасыз өмір сүре алмаймыз. Мұнын дәлелін 8-9 сынып оқушылары бүгінгі жарыста көрсетпекші. Сендерден тек шапшаңдық,ұқыптылық,шыдамдылық талап етіледі.Сіздерге сәттілік тілеймін. Алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысатын «Архимед» және «Пифагор» тобы .

Ойын кезеңдері:

  1. Сәлемдесу.  

  2. «Біліміңді сынап көр!» 

  3. «Ойланайық, ойға түйіп алайық!»

  4. «Ғажайып алаң»  

  5. «Ойымды жалғастыр......»

  6. «Сыр сандық»

  7. «Кім жылдам?»

  8. Марапаттау





  1. Сәлемдесу.  «Сәлем – сөздің анасы». ( таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы.)



«Архимед» тобы ұраны

Шаршы алаңға жарысқа

Шықты біздің тобымыз.

Жеңілсек те,жеңсек те,

Ашық болсын жолымыз



«Пифагор» тобы ұраны

 Құрметтеп бар ғылымды,ой-сананы

Тапқырлар тобы сәлем беріп қарсы алады

Сандар сырының құпиясы сайысында

Қашанда тапқыр болам деп ой салады!



1-сайыс атауы. «Біліміңді сынап көр!» ( математикалық сұрақтар ) Әр топқа сұрақтар қойылады. Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. І топ тақ сұрақтарға, ІІ топ жұп сұрақтарға жауап береді.

  1. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)

  2. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар: (5 түрі Кесінді, интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)

  3. Екіден артық бөлгіштері бар сандар? (құрама сандар)

  4. Егіз сандар дегеніміз не? (Айырымы екіге тең жай сандар)

  5. Санауда қолданылатын сандар? (натурал) 

  6. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне) 

  7. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар) 

  8. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар) 

  9. Неше цифр бар? (он) 

  10. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)

  11.  2-ге бөлінетін сандар не деп атлады ? (Жұп сандар) 

  12. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын сандар) 

  13. Ең кіші натурал сан, (1) 

  14. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге) 

  15. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (диаметр)

  16. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1) 

  17. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)

  18. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан) 

  19. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең? (о) 

  20. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус) 

  21. Екі санның қатынасы не деп аталады (пропорция) 

  22. 0- ден кіші сандар (теріс сандар) 

  23. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр) 

  24. Кеңістіктегі фигуралар қасиетін зерттейтін геометрия бөлімі (планиметрия)

  25. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 ) 

  26. Жазықтықтағы бір бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель) 

  27. Санның бір дәрежесі неге тең? (санның өзіне тең)

  28.  Санның нөль дәрежесі неге тең? (1)

  29. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема) 

  30. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома) 



2-сайыс атауы: «Ойланайық, ойға түйіп алайық!» Адасқан әріптерден ғалымдардың атын тауып, сол ғалым жайлы айтқан нақыл сөздері мен еңбектері жайлы мәліметті оқып беру қажет »

І топ

  1. Аторесоьлет -Арестотель.  Авторлардың біреуі бұл ғалымды 400 кітап жазған десе, енді біреулері 1000 кітап жазған деседі. Шәкірттеріне бақ ішінде серуен құрып жүріп, сабақты әңгіме түрінде жүргізеді екен. Оның сабақтары таңертеңгілік және кешкілік болып екіге бөлінетін болған. Таңертеңгі әңгімелерге тек дарыны мен дайындығы мол шәкірттерді ғана қатыстырып, оларға логиканы, филасофияның қиын мәселелерінен хабар беріп отырған. Ал кешкі әңгімелер көпшілік шәкірттерге арналып, мұнда шешендік өнері, саясат сияқты ұғымға жеңіл сауалдарға жауаптар берілген.

  2. ГКааруссл - Карл Гаусс «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы»

  3. гроаифП _____________________ Алғаш болып тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы гипатенузаның квадратына тең екенін дәлелдеген.

  4. риомезХ – Хорезми Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам

  5. ноэкБ - Бэкон «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

ІІ топ

  1. ікәувотЖ- Жәутіков «Адамның ақыл-ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді»

  2. арәалФиб - әл Фараби Отырарда туған, түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтады. Ол математиканы үлкен жеті тарауға бөлген.

  3. Лнооовмсо ___________________________ «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

  4. гроаифП - Пифагор Алғаш болып тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы гипатенузаның квадратына тең екенін дәлелдеген.

  5. цнийебЛ - Лейбниц “Функция” терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі,математигі.

  6. саелФ - Фалес Бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.  

3-сайыс атауы. «Ғажайып алаң»  ( логикалық есептер )

Әдебиеттегі сандар
1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
2 Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)

Ойлан, тап
1 Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850) 
2 Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
3 Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
4 Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз? ( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)


Математикалық калейдоскоп
1.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
2.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
4. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)


Төртіншісі артық
1.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
2.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
3.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)

Балалар 
1.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5) 
4 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)


Қызықты сұрақтар:
1 Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
2. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
3 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)


Логика 
1.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
2. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

Сандар 
1. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
2.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
3.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне
4 Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ? тін сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.



4-сайыс. «Ойымды жалғастыр......» (мақал-мәтелдер) Бұл оқушылардың жылдамдығына арналған тапсырма. Алғаш қолын көтерген топ жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. 

Сұрақтары: 

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

10. 100 сомың болғанша, (жүз досың болсын)

5-сайыс. «Сыр сандық» топ басшылары қатысады.

И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О



6-сайыс. «Кім жылдам?» топ мүшелері тез әрі жылдам жауап беруге тырысады. Әрбір дұрыс жауап бір балдан.





Сайыскерлерді, жеңімпаздарды марапаттау.



Алдыңызда жайнаған жүздер әні, 

Сіздермен кездесерміз біздер әлі. 

Ұстаздар, көрермендер сау тұрыңдар 

Күтеді бізді жарқын күндер әлі,- деп бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар.















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!