Материалдар / математикалық сауаттылық 11 сынып бейімдеу курсының бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

математикалық сауаттылық 11 сынып бейімдеу курсының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері. «Математикалық сауаттылық – адамзаттың қажетін қанағаттандыру негізі» курсында осы тапсырмаларға байланысты барлық тақырыптар қамтылған. Бағдарлама аптасына 1 рет, 34 сағатқа жоспарланған. Осы бағдарлама бойынша оқушылар математиканың практикалық құндылығын сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін тексеруге мүмкіндік алады деп сенемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
2763
33 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

Амангелді атындағы жалпы орта мектебі










Математикаға бейімдеу курсы


Тақырыбы: «Математикалық сауаттылық – адамзаттың қажетін қанағаттандыру негізі»

Пәні : математика

Сыныбы: 11 сынып

Сағат саны: 34




Бағдарламаны құрастырған: Утемисова Р.Б.

.









Темірлан - 2018


Пікір


Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің жаңа форматында математикалық сауаттылық бойынша 20 сұрақ қарастырылған. Онда проценттік есептеулер сияқты қарапайым және белгілі математикалық аппараттың өмірдегі қолданысы, есептер шығаруда химиямен, физикамен және экономикамен байланысты оқушылардың оқу қабілетін көтеруге, математикалық сауаттылығын дамытуға байланысты тапсырмалар берілген.

«Математикалық сауаттылық – адамзаттың қажетін қанағаттандыру

негізі» курсында осы тапсырмаларға байланысты барлық тақырыптар

қамтылған. Бағдарлама аптасына 1 рет, 34 сағатқа жоспарланған. Осы

бағдарлама бойынша оқушылар математиканың практикалық

құндылығын сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін тексеруге

мүмкіндік алады деп сенемін.



Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі: Н. Содиков
















Түсінік хат


«Математикалық сауаттылық – адамзаттың қажетін қанағаттандыру

негізі» курсы 11 – сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын

дамыту және ҰБТ-ның жаңа форматындағы математикалық

сауаттылық бойынша алдын-ала дайындау үшін ең маңызды

математикалық ұғымдрдың бірі – пайыз ұғымына және әртүрлі

тақырыптарда берілген есептерге теңдеу құру арқылы оқушылардың ойлау

қабілеттерін дамытуға арналады.

Курс оқушылардың физика-математикалық, финансты – экономикалық

бағыттар бойынша бейіналды дайындығына бағдарланған. Сонымен қатар

оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандырып, мектеп

бағдарламасындағы маңызды математикалық білім мен дағдыларын

жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін

бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп, таңдауға

көмектеседі.

Финансты математика мәселелері қазіргі уақытта тек финансистер мен

экономистер үшін ғана емес, барлық адамдар үшін де қызығушылық

танытады.

Күнделікті өмірде біз тауарлар және қызмет ету бағаларымен

ұшырасамыз. Мысалы: банктегі жинақ салымы, несие алу, айып өсімін

төлеу, саудадағы жеңілдіктер, сақтандыру төлемі т.б.

Сондықтан математикалық сауаттылық математиканың практикалық

құндылығын айқын көрсететін қажеттілік болып табылады.


Курстың өзектілігі:


ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша алғаш рет 2016-2017 оқу жылында

11 – сыныптар матаматикалық сауаттылықтан тест тапсырады.

Сондықтан математикалық сауаттылықтарын дамыту және

қалыптастыру уақыт талабы. Оған дайындықты алдағы уақытта

төменгі сыныптардан бастау керек.



Курстың мақсаты:


  • Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту және нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру.

  • Математикалық қабілеттерін анықтау және дамыту.

  • Математика пәніне қызығушылығын арттыру.

  • Теориялық білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.

  • Математикалық білім мен дағдыларын жетілдіру.

  • Математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін жетілліру.


Курстың міндеттері:


  • Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру.

  • Есептерді шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерулерін үйрету.

  • Оқушылардың финанстық, экономикалық сауатылықтарын дамыту арқылы өмірлік тәжірибелерін байыту.

  • Аналитикалық және логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында түрлі есептер шығару.

  • Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру.

  • Математикалық сауаттылыққа берілген күрделі тапсырмаларды орындауда қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылардың математикалық, функционалдық сауатылықтары көтеріледі.

  • Өз бетінше есеп шығарудың әртүрлі тәсілдерін іздестіреді.

  • Алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдануды меңгереді.

  • Математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді.

  • Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математикаға тән жан-жақты талдайды.

  • Қоғамның қарқыны дамуы үшін адамзат сауаттылығының бір бөлігі математиканың маңызын түсінеді.

Оқу -әдістемелік жоспар:


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сабақтың түрі

1-2

Сандардың бөлінгіштігі мен соңғы цифрын анықтауға берілген есептер

2

Есептер шығару

3-4

Пайыз ұғымы. Өмір жағдаяттарындағы пайыздар.

2

Практикум сабақ

5-6

Жай және күрделі пайыздар. Пропорциялар.

2

Есептер шығару

7-8

Масштаб

2


9-10

Қоспалар мен қорытпалар және ерітінділерге берілген есептер.

2

Практикум сабақ

11-12

Заттың концентрациясы мен пайыздық құрамына берілген есептер

2

Практикум сабақ

13-14

Әртүрлі тақырыптағы есептерге теңдеулер құру.

2

Есептер шығару

15

Есептер шығару

1


16-17

Қозғалыс пен бірігіп жұмыс істеуге берілген есептер

2

Есептер шығару

18-19

Адамның жасы мен уақытты анықтау.

2

Практикум сабақ

20

Есептер шығару

1


21-22

Кесте, график, диаграмма түрінде берілген есептер.

2

Практикум сабақ

23-24

Фигуралар мен әріптер арқылы берілген цифрларды анықтау.

2


25-26

Белгілі бір заңдылықпен берілген сандар қатарынан белгісіз санды анықтау.

2

Есептер шығару

27-28

Логикалық есептер.

2


29-30

Оқулықтың бетін анықтау

2

Практикум сабақ

31

Есептер шығару

1


32-33

Толық курс бойынша қайталау

2

семинар

34

Қорытынды сабақ

1



Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ж. Бейсеков, Ж. Назанов 7-11 сыныптың таңдамалы есептері Шымкент 2013

2. Бартенов Ф.А. Нестандартные задачи по математике М, Просвещение 1976

3. Ж. Бейсеков, Ә. Тәңірбергенов 7-11 сынып оқушыларын олимпиадаға даярлау Шымкент 2014

4. Аралбай Қ. М. Математика пәнінен әдістемелік құрал Астана2016 «Зерде» білім беру орталығы

5. В.С. Крамор Готовимся к экзамену по математике М, « Мир и образование» 2006

6. С.Н. Тазабеков Математикадан анықтамалық құрал Түркістан 2009

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!