«Математикалық статистиканың цифрландыру үдерісіндегі атқаратын рөлі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Математикалық статистиканың цифрландыру үдерісіндегі атқаратын рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Математикалық статистиканың цифрландыру үдерісіндегі атқаратын рөлі»



Статистикалық заңдылық – статистика ғылымының пәні. Табиғат және қоғам өміріндегі құбылыстар арасындағы жалпы себеп байланыстарын анықтаудың негізгі формасы болып статистикалық заңдық табылады. Бұл заңдылық массалық процесстердің объективті сандық заңдылығы. Статистика – сапалы анықталған жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жақтарын, олардың құрылымын, кеңістікте орналасуын, уақыт бойынша қозғалуын зерттейтін қоғамдық ғылым. Статистика ғылым ретінде жеке фактілерді емес, жеке және ортақ нышандары бар жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Сондай-ақ статистика мақсаты – құбылыстар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау болып табылатын адамдардың тәжірибелік ісәрекетінің бір түрі. Атақты ағылшын статистигі У.Дж.Рейхман айтқандай: «Біз статистика ғасырында өмір сүреміз. Қазір адамның және басқа іс-әрекеттерді статистикалық көрсеткіштердің көмегімен өлшеуге болады». Статистикалық зерттеулердің объектілерін статистикалық жиынтық деп атайды. Статистикалық жиынтық – жалпылық, біртектілік, анық тұтастық, жеке бірліктерінің жағдайы өзара байланысты қасиеттері бар көптеген бірліктерден тұрады. Осы жиынтықтың әрбір жеке элементі статистикалық жиынтықтың бірлігі деп аталады. Статистикалық жиынтықтың бірліктері статистикада нышандар деп аталатын жалпы қасиеттермен сипатталады. Яғни, жиынтықтың сапалы біртектілігі дегеніміз бірліктердің (объектілердің, құбылыстардың, процестердің) белгілі бір нышандар бойынша ұқсас, ал бірақ басқа нышандар бойынша ұқсамайды. Мысалы, коммерциялық банктер несие мекемелеріне жататын нысаны бойынша ұқсас, бірақ жарғылық қор, қызметкерлердің саны, активтердің сомасы сияқты нышандары бойынша ұқсамайды. Жиынтықтың сапалы анықтылығы әрбір нақты статистикалық зерттеуде, оның мақсаттарына және міндеттеріне байланысты қойылады. Жиынтықтың бірлігінде жиынтықтың сапалы анықтылығын білдіретін барлық бірліктерге ортақ нышандары бар, сондай-ақ бір-бірінен өзгешеленетін жеке ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар, яғни нышандардың вариациялары бар. Вариацияның бар болуы статистиканың қажеттігін анықтайды. Нышандардың вариациясы жиынтықтың бірліктерінің статистикалық бөлуімен көрсетіледі. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мөлшері және сандық өзара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылығы – статистиканың пәні болып табылады. Статистиканың сандық сипаттамасын статистикалық көрсеткіштер көрсетеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2020
378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі