«МАТЕМАТИКАНЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН ҰШТАСТЫРА ОҚЫТУ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«МАТЕМАТИКАНЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН ҰШТАСТЫРА ОҚЫТУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяғы ата- бабамыздан бері қолданыста болып келе жатқан текемет, сырмақ, төсеніш құрақ көрпелердің қалай дайын болатынын, қалай тігілетінін және қазіргі заманауй төсеніш көрпеше, құрақ көрпелерді тігу жолын математикамен байланыстыра отырып үйірме ретінде үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МАТЕМАТИКАНЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН ҰШТАСТЫРА ОҚЫТУ»


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу және құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу екенін айқындап берді, рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығын баса айтты. «Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау»- деді ол.

Ендеше осы істі жүзеге асыратын еліміздің ертеңгі болашағы – жастар. Жастарды осы бағытқа тәрбиелейтін ұстаздар. Оларды осы жолға бағыттайтын бірден бір құрал ол- «халықтық педагогика». Сондықтан ұстаздардың негізгі ұстанымы да, негізгі бағыты да «халықтық педагогика» болуға тиісті. Ендеше ұстаздар біздер сабақта және сабақтан тыс тәрбиелеу мәселесінде халықтық педагогиканы тиімді қолдана білудің әдіс - тәсілдерін зерттеп, пайдалануымыз керек.

Осы тұрғыда мен математика пәнінің оқытушысы ретінде әдістемелік тақырыбымды «Заман талабына сай жаңашыл әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, математиканы халықтық педагогикамен ұштастыра оқыту» деп алып отырмын.

Халықтық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелі түрде оқытуда дәстүрлі емес жаңа әдіс - тәсілдерімен үштастыра пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың математиқалық білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының, ойлау қабілетінің дамуына, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу дағдыларының жетіле түсуіне көмектеседі, ұлттық рухында оятады. Ең бастысы, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Демек, халықтық педагогика элементтерін пайдалану - мазмұндық тұрғыдан білім көздерінін бірі.

Математика пәнінен терең білім беру адамның жан – жақты дамуына мол мүмкіндік жасайды. Бірақта математика пәнін тек ғана халықтық педагогикамен ғана емес заманға сай ақпараттық-коммуникативтік технологиясымен қатар қолдану керек деген ойдамын.

Сол себепті мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше студенттерді өз беттерімен ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретумен қатар сабақтарда, сыныптан тыс іс шараларда халықтық педагогика элементтерімен де жұмыс жасауға үйретіп келемін.

Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт дәстүрлерінен, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерінен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.

Мен халық есептерінен студенттердің мамандығына байланысты есептерді сабақта немесе сыныптан тыс іс-шараларда шештіруге тырысамын.

Халқымыздың ертегілерінде, аңыз - әңгімелерінде, шешендік, тапқыр сөздерінде, салт – дәстүрінде, математикамен байланысты тұстарын көптеп байқауға болады.

Мысалы «Математика және дәстүр» атты кештік өткізу барысына бір бөлімін қазақ халқының қонақ күту рәсіміне байланыстырып , «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге «Табақ тарту», «Алма бөлу», «Өрік бөлу» деген сияқты халық есептерін шынайы заттарды қолдана отырып шешкіздім. Әр студенттің қалыптасып дамуында, өздері күнбе – күн өмірден сезілетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Сондықтанда есепке байланысты шынайы заттарды қолдандым. Сонымен қатар көпшілікке де (көрерменге де) түсінікті болу үшін есептің берілуінде, жауабында слайд арқылы көрсетіп отырдым. Оларға өте қызық болды. Себебі бұл есептер «Келушілерге қызмет көрсету» пәнінің «Дастархан жабдықтау» деген тақырыбына сәйкес келеді.

Қазіргі таңда «Фермер шаруашылығы» мамандығына да халық есептерінен сабақта да, сыныптан тыс іс- шарада пайдаланатындай есептерді іріктеудемін.

Мысалы «Мал айырбастау», «Құтты қазықтар», «Ешкілі жігіт», «Жылқыға жем беру» деген есептерді шығарса «Экономика» пәніндегі мал басын өсіруге байланысты бизнес жоспарды құру әлде қайда жеңіл болар еді.


Бұдан бөлек жалпы білім беретін оқу орындарында сабақтан тыс математика пәнін ұлттық қолөнермен байланыстыра оқытатын үйірмелер жұмыс жасаса студенттердің математика пәніне деген қызығушылығы артар еді.

Қолөнер – халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді.

Егерде мұндай үйірмелер ашылып жатса математика пәнін тарих, биология, химия, астрономия, әдебиет, ән – күй, технология пәндерімен байланыстыра оқытуға мүмкіндік туар еді. Мұндай пәндердің ұштастырылуы оқытушы үшін де, студент үшін де өзінің сипатымен, мәнділігімен тиімді. Оқытушы студентті жалықтырмайды, студент жеңіл, еркін түрде жаңа сабақты қабылдап, пікір таластырып өз білгенін ортаға сала алады.

Ал енді қолөнер ретінде қазақ халқыныңың керемет туындысы ою-өрнекті сабаққа қолдану жайлы әңгіме қозғасақ: Ата-бабамыз ою-өрнекте – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы барлығы да жатқанын білген екенін сол себептіде ұрпағын әсіресе қыз балаларды төзімділікке, шыдамдылыққа ұқыптылыққа тәрбиелеуде ою- өрнекті кеңнен қолданған. Осының дәлелі М.Красовский 1868 жылы еңбегінде қазақ халқының қолөнері жайында жазған. Автор: «Қыздарды кішкентай кезінен тігу, тоқу, киіз басуды үйретеді, ал өскен кезде барлығын өз қолымен істеуді талап етеді», – деп жазcа, өнертанушы ғалым В. Чепелев: «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты», – деген болатын.

Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтық келбеті айқын танылады.

Халықтың бізге жеткен ою өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына. Жалпы ою-өрнектің түрі өте көп. Соның ішінен геометрия пішіндес өрнектерді сабақта қолдануға болады. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық түрі көшпелі халықтарға байырғы заманнан-ақ нақты сандар мен грек математигі Пифагор заңдарының белгілі болғаны туралы мағлұмат береді. Өйткені біздің ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір сүрген. Олардың арасында қолөнершілер, саудугерлер, құрылысшылар көп болған. Геометриялық өрнектерді ромбылар, иректер, жұлдызшалар, ұшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Геометриялық ою-өрнектердің соңғы жақтары сопақ жұмырланған қисық сызықтар сынығынан тұрады. Олар ирек (ирексу) деп аталады. Мысалы кейбір геометриялық пішіндес оюлар ритмикалық түрде қайталанады, айналық симметрия түрінде болады. Осы қасиеттерін геометрия сабағында тақырыпқа сай қолданса қызықты болар еді.

Мен баяғы ата- бабамыздан бері қолданыста болып келе жатқан текемет, сырмақ, төсеніш құрақ көрпелердің қалай дайын болатынын, қалай тігілетінін зерттеудемін және қазіргі заманауй төсеніш көрпеше, құрақ көрпелерді тігу жолын студенттерге үйірме ретінде үйрету мақсатында жұмыс жасаудамын. Бұл тұрмыстық бұйымды жасау үшін студент математика, информатика, сызу, технология пәндерінен алған білімдерін пайдалану керек. Мысалы оюлы көрпешеге алдымен ою сызбасы керек. Ол үшін бұл жерде сызу қабілеті болу керек немесе күрделі оюларды алу үшін интернетке жүгіне отырып, оюды бір А4 көлемінде немесе оданда үлкен форматтағы көлемде алу керек болады. Ал бұл жерде міндетті түрде информатика пәнінен алған білімін пайдалануға тура келеді. Оюды салмас бұрын матаны өлшеуде немесе құрақ (ши құрақ) құрамас бұрын қанша көлемде киып алу сұрағы туындай. Әрине бұл жерде ұзындықты көлемді өлшеуден бастап, оюыңыз тікбұрышты болса оның төртке бөлгендегі пайда болған үшбұрыштың ұзындығын шығарып алу үшін Пифагордың теоремасы, ою дөңгелек болса шеңбердің формуласы, радиусы деген сияқты сан түрлі нақтап айтсақ математикалық білім керек болады. Осы тақырыпқа байланысты математика пәнінен есептер құрастырудамын, информатика пәнінен сызбаға байланысты paint.net, Microsoft excel, Microsoft picture manager бағдарламалар арқылы оюды сызу, созу, дайын болған сызбан принтерден шығарып қолдану жолдарын зерттеп қолданысқа енгізуге дайындалудамын.

Қорыта айтқанда біз ұлттық бренд арқылы әлемге таныламыз. Шеберлеріміз ұлттық ою-өрнектерді архитектура, киім дизайнінде, зергерлік бұйымдар, ыдыстар жасауда қолдана отырып әлемдік бренд жасайды. Дәл осы әрекеттерді жасауда ұлттық қол өнерді математикамен, геометриямен ұштастыратыны белгілі жәйт. Осыдан халық педагогика тағлымдарын математика сабақтарында қолдануымыздың мәні өте зор екенін байқауға болады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.12.2018
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі