Материалдар / Мәтінді талдау және интерпретациялау арқылы оқу сауаттылығын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінді талдау және интерпретациялау арқылы оқу сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінді талдау және интерпретациялау арқылы оқу сауаттылығын дамыту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәтінді талдау және интерпретациялау арқылы оқу сауаттылығын дамыту

PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып білім алушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі. Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды. Әрбір білім алушыға екі мәтін және сол мәтіндерге арналған тапсырмалары бар дәптер ұсынылады. Бірінші – көркем әдеби мәтін- қызықты оқиғалар, баяндаулар немесе ертегілер, екінші- ақпараттық (көбіне жануарлар жайлы әңгімелер). Әрбір мәтінге шамамен 12- 15 тапсырма беріледі. Білім алушыларға барлық тапсырмаларды орындауға 80 минут беріледі (екі рет 40 минут үзілісімен).Орындалған жұмыстың сандық және сапалық бағалау жүйелері қатар жүреді.

Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берген:

  • білім алушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі;

  • білім алушылардың математикалық құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;

  • күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану-ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

  • білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі жоғарыдағы кемшіліктердің себептері:

  • оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың жеке қызығушылықтарының жеткілікті ескерілмеуі, жеке тұлғаға бағытталған жұмыстардың кемшіліктері;

  • мұғалімдердің әлеуметтік практиканы қалыптастыратын зерттеу іс-әрекетін, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын технологияларды жақсы меңгере алмауы.

Осындай халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде білім беру сапасын бағалау жүйесін іске асыру бізде де кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Сондықтан әлеуметтік даму деңгейді анықтайтын түрлі зерттеулерге қатысу өзіңді бағалаудың негізгі көзі болып табылады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін , тиімді жұмыс жүйесін құру қажет:

1) әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім мазмұнының кіріктірілуін талап етеді;

2) әртүрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, графиктер) қажет;

3) шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануды арттыру керек.

Осындай проблемаларды шешу жолында қазіргі кезде өзімнің пайдаланып жүрген  қашықтықтан оқыту платформасы - Google формы платформасы.  Бұл Google ішіндегі бір қосымшасы болып табылады. Бұл платформамен жұмыс жасау үшін Google account болу кажет. Google формы мүмкіндіктерін айта кететін болсам, бұл арқылы білім алушылардан  үйде отырып, қашықтықтан сауалнама алуға  және де сіздің өткен сабағыңызды қалай түсінгендігін білу үшін,  google формыда тест дайындап, білім алушыларға whatsapp арқылы сілтемелерін жібереміз.  Білім алушылардың орындаған тест нәтижесі, муғалімнің Google формы аккаунтына автоматты түрде түсіп отырады. Қашықтықтан оқытудың бұл платформасы жұмыс жасау өте тиімді болып табылды. Қазір сіздермен «Антарктида: Мұзды құрлық» мәтіні бойынша Google формыда дайындаған тестпен жұмыс жасағым келіп тұр. Мына сілтеме арқылы Google формыға өтулеріңіз сұралады. https://docs.google.com/forms/d/16vVjtZ3_78HT0kScTrZ2ch-bmbuKYSXZEpVJSLWB3yc/edit


Сондай-ақ білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мәтінмен жұмысты түрлендіруге болады. Яғни, мәтінмен жұмысты Umaigra және Wordwall онлайн сервистерінде құрастыруға болады. Қазір сіздерге түсінікті болу үшін Umaigra онлайн сервисіне өтіп, мына сілтемені басу арқылы тапсырма орындауларыңыз сұралады.

https://www.umaigra.com/editor/game/54183

WordWall платформасы арқылы да жұмыс жасау тиімді.

https://wordwall.net/ru/resource/54627802


Қорыта келе айтарым, «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз.











Антарктида: Мұзды құрлық

Антарктида – ол планетаның оңтүстік шетінде орналасқан құрлық. Егер сен Антарктиданы глобустан іздесең, оның өте төмен орналасқанын көресің.
Антарктида жер бетінің оннан бір бөлігін алып жатыр. Ол қалыңдығы 1500 метрден де көп мұз қабаттарымен қапталған. Оңтүстік полюс Антарктиданың дәл ортасында орналасқан.

Антарктида – біздің планетамыздағы ең суық, құрғақ, биік орналасқан, желді құрлық болып табылады. Ол жақта жыл бойы тұратын адамдар өте аз. Ғалымдар ол жақта көп бола алмайды, олар арнайы соғылған ғылыми
станцияларда тұрады.

Антарктидада қазан мен наурыз айлары аралығында жаз мезгілі болады. Бұл мезгілде ол жақта үнемі жарық болып тұрады. Ал сәуір мен қыркүйек айлары аралығында қыс мезгілі болғанда бәрі керісінше: Антарктидада алты ай қараңғы болады. Қатты суық күндері, ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су, жерге төгілмей-ақ ауада мұз болып қатып қалады.

Антарктидада пингвиндер көп мекендейді. Пингвиндер ұша алмайды, өздерінің қысқа қанаттарын жүзуге пайдаланады. Олар өте жақсы жүзеді, құрғақ жерде теңселе басып немесе аз-аздан секіріп алға ұмтылып жүреді. Пингвиндердің бірінің үстіне бірі орналасқан қауырсындары көп. Оның жылы мамығы және қатпарлы майымен қоса қауырсындары да, қыстағы суық ауадан, желден және судан қорғайды. Пингвиндер жылыну үшін, топтасып алады.



_

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!