Материалдар / Мәтінді теру және өңдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінді теру және өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
1070
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақмерзімдіжоспардағыбөлім: Сөзартындасөз (ортақтақырып: «Жақсыдеген не, жамандеген не?»

Мектеп: 198 ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Жұматай С.Қ

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Мәтіндітеружәне өңдеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • мәтіндік редакторды іске қосады

  • компьютерлік мәтінді өңдейді;

  • арнайы батырмаларды қолданады;

  • мәтіндерді жылжытады

  • құжатты сақтайды

Бағалау критерийлері

  • мәтін теру ережесін сақтай отырып мәтін тереді;

  • мәтінге көшіру, қиып алу, қою командаларын қолданады

  • мәтін терген кезде арнайы батырмаларды қолданады;

  • құжатты сақтайды;

  • құжатты өңдейтін батырманы қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар …

  • мәтін теру ережесін атайды;

  • редактордың батырмаларын атайды;

  • мәтінді сақтау алгоритімін айтады

  • мәтін тереді

Пәндіклексика және терминалогия:

  • өңдеу, мәтіндік редактор, меңзер, тінтуір көрсеткіші, «ыстық перне», пернелер комбинациясы.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • ..............- ақпаратты енгізуге арналған құрылғысы.

  • Өңдеу дегеніміз ол …

  • Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге............. батырмасы пайдаланылады.

  • Меңзерден кейін тұрған таңбаны өшіріп тастау үшін ... ;

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды –ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі - мәтін. Мәтіндік редакторда мәтін терген кезде.


Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың мәтіндік редактор туралы бастапқы білімі бар, оқушылар мәтін теріп сақтай алады.

Жоспар:

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


0-5


Сыныптың сабаққадайындығын қадағалау.

«Салемдесу».

Оқушылар шеңберге тұрады. Қасында тұрған көршісімен амандасады. Және оған жылы лебіз айтады.

Сыныпты топқа бөлу.

Оқушыларсөз үзіндісін тандайды, содан бір сөз құрастырады. Солай сынып 3 топқа бөлінеді


Мақсатты тұжырымдау


Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. Бағалау критерийлеріментанысады.


Презентация



Сабақтың ортасы

6-14






15-25


Білімді жүйелеу


- Қателерді түзету және мәтіннің мазмұнын өзгерту жөніндегі әрекеттер қалай аталады? (өңдеу)

- Қолжазба және компьютерлік мәтіндермен жұмыс істеу ыңғайлығын салыстыру арқылы қандай қорытынды жасауға болады?

(Ұзын мәтіндерді жасау және көбейту процесі компьютерлердің пайда болуымен әлдеқайда жеңілдеді. Сонымен қатар, компьютерлік мәтіндерді өңдеуге болады.)


- Қолжазба мәтінін жазудың қандай да бір ережелері бар ма?

Тарихқа шолу

Ежелгі дәуірде қолжазбаларды жасау ұзақ және көп еңбек етуді керек қылатын. Әрбір кітап бірегей болды. Қателіктер мен түзеткіштерді жасамауға тырысып, мәтін әдемі қолжазбада жазылған. Кітапты басып шығару, жазу машинкасындагы өнертабыс, содан кейін компьютер ұзын мәтіндерді жасау мен шығару процесін жеңілдетді.


Жаңа тақырып


- Дегенмен компьютерлік мәтіндерді теру үшін негізгі ережелерін есте сақтау керек:

1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift батырмасынбасып, жібермей ұстап тұру керек.

2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock батырмасынқою. 

3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады. 

4. Дефис бос орынсыз қойылады.

5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.

6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl + Shift + бос орын тізбектемесін терумен орындалады.

7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды

8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

9. Enter батырмасынабзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады. 


Сергіту сәті.

Бас бармағым - әкем,

Балаң үйрек – шешем,

Ортақ тірек – ағам,

Шылдыр шүмек апам,

Кішкентай бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


Білімді жүйелеу

«Блум текше пішіні» ойыны


«Блум текше пішіні» ойыныарқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

Текше пішіннің қырына пернетақтаның өндеуге арналған батырма аттарын жазып қою. Оқушылар топқа бөлініп текше пішіні лақтырады. Шыққан батырма атауының атқаратын міндетін айтып береді.

-Shift

-Delete

-Backspace

-Enter

-CapsLock

-БОС ОРЫН


Практикалық жұмыс.


Оқушылар мәтін тереді.

  1. Уақытқа теру (3 минут)

Мүмкіндігінше көп қарама-қарсы мағынадағы сөздерді теріңіз (3 минут)

  1. Былықпа (мәтін бөлігін сүйреп апару) (4 минут)


Қосымша тапсырма


ПЕРНЕТАҚТА сөзіне сөздер құрастырады


Дескрипторлар:

  • мәтін теру ережесін сақтай отырып мәтін тереді;

  • мәтінге көшіру, қиып алу, қою командаларын қолданады

  • мәтін терген кезде арнайы батырмаларды қолданады;

  • құжатты сақтайды;


Бағалау

Оқушылар орындарымен алмасып бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім әрқайсысын жеке тексеріп, қателеріне кері байланыс береді

Презентация


Сабақтың соңы

37-40

6. Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Сұрақтар қобдишасы»

Сабақ бойынша ұсыныс, тілектерінжазады. Түсінбегендерін стикергежазып «Сұрақтар қобдишасына»салады.

Презентация


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бағалау кезеңіндеоқушыларғатапсырмаұсынылады.

Практикалық жұмыс орындаған кезде тапсырманы тез орындаған оқушылар саралау жұмысына кіріседі.


Оқушылар тапсырмаларын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



1 Қосымша

Оқушыларды сөзбөліктерімен топқа бөлу


МО

НИ

ТОР

БА

ТЫР

МА

ТІН

ТУ

ІР


2 Қосымша

«Блум текше пішіні» ойыны(әр топқа бір-бір текше пішінін дайындау қажет)



3 Қосымша


Практикалық жұмыс.

Мәтінді тер

  1. Уақытқа теру


Мүмкіндігінше көп қарама-қарсы мағынадағы сөздерді тер (3 минут)


  1. Былықпа

1Мәтінді тер

Жасыл кілем, түкті кілем, көк жайлау

Көк кілемде көп күлем көп аунаймын,

самалды Маңдайымнан өткен сипап

Қазағымның білем алақаны-ау деп

 

Атамекен жүрсем Қайда

жатады екен Көкейіңде

Күннің ұясына өзі

Қимай батады екен оны-ай

 

Жасыл кілем, түкті кілем, көк жайлау

Көк көп көп аунаймын, күлем кілемде

Күннің сәулесін нұрын, айдың аппақ

Қазағымның -ау деп білем махаббаты


2 Мәтін бөлігін сүйреп апар

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны-ау деп білем

 

Қайда жүрсем Атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны-ай батады екен

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты-ау деп білем

3 Қайырмасын көшіріп соңына орналастыр

Қосымша тапсырма


ПЕРНЕТАҚТА сөзіне сөздер құрастыр


Дескрипторлар:

  • мәтін теру ережесін сақтай отырып мәтін тереді;

  • мәтінге көшіру, қиып алу, қою командаларын қолданады

  • мәтін терген кезде арнайы батырмаларды қолданады;

  • құжатты сақтайды; .

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!