Материалдар / Мәтіндік редактор. Мәтінді теру ережесі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтіндік редактор. Мәтінді теру ережесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
576
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Манашы орта мектебі» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі

Икасбаева Айгул Сыдыковна

Күні: 16.02.2016 ж

Сыныбы: 5 «б,в»

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор. Мәтінді теру ережесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік редактор пробраммасында мәтінді теруге үйрету.

  1. Білімділік: Оқушылар мәтіндік редактордың көмегімен мәтінді енгізуге, тузетуге, көптеген амалдарды орындауға үйренеді.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға мәтіндік редактор арқылы құрылатын құжатты көрсету арқылы ой-өрісін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын сұрау

  3. Жаңа сабақ

  4. Бекіту

  5. Кері байланыс

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма

І. Оқушыларды ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгелдеу

  3. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру

  4. Компьютерлерді қосу

ІІ. Үй жұмысын сұрау

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Paint дегеніміз не ?

  3. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

  4. Paint графикалық редакторында қанша құралдар тақтасы бар?

  5. Paintграфикалық редакторында қанша түс бар және қосымша қанша түс бар?

  6. Paint графикалық редакторында салған суретімізді қалай сақтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ

Кез келген компьютерде мәтін құруға арналған арнайы программалар орнатылады. Мәтіндік редактордың көмегімен мәтінді енгізуге, түзетуге және пішімдеуге, сонымен бірге графикалық элементтерді, кестелерді көптеген амалдарды орнатуға болады.

Мәтіндік редактор дегеніміз – бұл қарапайым және кешенді мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, сонымен бірге экранға және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін программалар түрі.

Мәтіндік процессор арқылы құрылған кез келген мәтін құжат деп аталады. Мәтіндік процессордың мысалы ретінде WORDPAD пен MICROSOFT WORD – ты қарастыруға болады. WORDPAD программасы Стандарттық программалар тобына жатады. MICROSOFT WORD мәтіндік процессоры MICROSOFT OFFICE құрамына енеді. MICROSOFT WORD – әлемге танымал және ең көп қолданылатын мәтіндік процессорлардың бірі.

MICROSOFT WORD қолданбасында құрылған құжаттар:

  • Docx – WORD 2007, 2010 пішімі;

  • Doc – WORD 97 – 2003 пішімі;

  • Rtf – кез келген мәтіндік редакторларда оқуға арналған файл типі.

Мәтіндік процессорда жұмыс жасау екі режимнен тұрады.

  1. Мәтінді енгізу мен өңдеу:

  • Пернетақтада мәтінді теру;

  • Мәтінге өзгерісті енгізу;

  • Қаріптерді басқару;

  • Мәтінді пішімдеу;

  • Мәтін үзінділерімен жұмыс істеу;

  • Терезелермен жұмыс жасау;

  1. Мәтіндік процессорда жұмыс жасаудың қосымша режимдері:

  • Мән мәтінді іздеу мен оны алмастыру;

  • Орфографиялық басқару;

  • Файлдармен жұмыс;

  • Анықтама алу;

Іске қосу (ПУСК) батырмасына басып, Барлық программалар (ВСЕ ПРОГРАММЫ) ішінен MICROSOFT OFFICE программасын таңдағаннан кейін MICROSOFT WORD 2010 батырмасына бір рет шерту арқылы іске қоса аламыз

IV. Бекіту: 

Тапсырма: Оқушылар мәтіндік редактор арқылы мәтінді теру және қаріп өлшемдерін үлкейтіп кішірейтіп, қаріп батырмасы мен төрт түрлі туралау бағытымен мәтінді өзгертіп беру.

V.Кері байланыс (рефлекция): Мәтіндік редактор туралы жалпы түсінік. Оқушылар өткен сабақпен жаңа сабақтан алған әсерлерін алдарында тұрған стикерлеріне өз ойларын жазады да білім ағашына іледі.

VI.Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!