Мәтінмен жұмыс жасау арқылы
тілдік дағдыларды қалыптастыру.
Қостанай облысы, Қостанай
ауданы, Тобыл қаласы,
«Тобыл қаласының
мектеп-гимназиясы» ММ
Мыкшаева Жазира
Кенжебековна
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің
жоғары санатты мұғалімі, жұмыс
өтілі 21 жыл
тел: 8
7753760737
Оқыту барысында
шәкірттердің
танымдық қызығушылығы мен
ізденімпаздығын
арттырудың маңызы
зор.
Сократ.
Бүгінгі білім берудің басты
нысаны әлемдік білім кеңістігіне кіру. Бүгінгі қоғамға лайықты
білікті, білімді, бір сөзбен айтқанда құзыретті тұлға
тәрбиелеу.
Мәтінмен жұмыс жасауда білім
алушының коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруды неден
бастаймыз?
Біз алдымен, «коммуникативтік
құзыреттілік» сөзінің беретін мағынасына тоқталсақ, «коммуникатив»
-тиімді қарам-қатынас дегенді білдірсе, ал «құзыреттілік
«латынның «competens» «қол жеткізу, сәйкес
келу» деген мағынаны береді, ол білім алушының алған білімі мен
дағдыларын күнделікті өмірде, практикалық мәселелерді шешуде
қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, біз қарастыратын мәселе білім
алушының
бойында білім, іскерлік, дағдыны тиімді қарым
қатынасқа түсу ортасында жүзеге асыру немесе жүзеге асыруға жағдай
жасау болып шығады.
Мәтінмен жұмыс жасаудағы басты дағдылар:
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Бұл тілдік дағдылар іскерлік
қарым –қатынасқа түскенде ғана дамиды және жүзеге асады. Мәтінмен
жұмыс жасаудың негізгі міндеті - дағдыларды қалыптастыруға және
дамытуға бағытталған тапсырмалар арқылы нәтижеге қол
жеткізу.
Осы тақырып аясында жұмыс істеп, тілдік
дағдыларды қалыптастыруда мынадай қорытындылар
жасадым:
Тыңдалымда:
Білім алушыға берілетін мәтін көлемі мен
мағынасы жас ерекшелігіне сай , ықшам әрі жинақы болғаны дұрыс.
Кез- келген оқушы тыңдалым мәтінін алдымен эмоционалды түрде
қабылдайды, сондықтан тыңдалым мәтінінің әуезділігіне, мәтіндегі
ақпаратқа сай дауыс тембріне баса назар аудару
.
Айтылымда:
Мәтін мазмұнын өздерінің
түртіп алған ақпараттары бойынша немесе жазған тірек сөздері арқылы
баяндату, өз ойларын айтып жеткізуде сөздікті пайдалануға үйрету,
ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіруде жұппен жұмысты пайдалануды
ұсынамын. Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндауда тірек- сызба
немесе кесте, дайын шаблондарды пайдалануға
беру.
Оқылымда: Мәтінді зуылдатып оқуға емес,
мәнерлеп байыппен оқуға дағдыландыру керек. Мәнерлеп, кідіріспен
оқығанда, білім алушы әр сөйлемнің мағынасына мән береді және
келесі сөйлемнің не туралы болатынына сәл де болса болжам жасап
үлгереді. Кейбір таныс емес сөздерге, сөз тіркестеріне зейіні
тоқтайды. Осылайша білім алушының сөздік қорын жаңа сөздермен және
сөйлемдермен толықтыру.
Жазылымда: білім алушыға мәтіндегі
ақпаратты өз деңгейінде сараптама жасауына мүмкіндік беру, оның
ойын жеткізуіне демеу болатын қосымша материалдар мен ресурстар
ұсыну, қолдау көрсету. Өз ойларын жазуға шығармашылық жұмыстың
бірнеше түрін /формасын/ ұсыну.
Мәтінмен жұмыс жасауды жүйелі
түрде жүргізіп, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда
жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге болады. Дұрыс ұйымдастырылған
іс –әрекет нәтижесінде, білім алушылар арасында міндетті түрде мына
іскерлік қарым-қатынас пайда болатынына көзім
жетті:
1.Мәтінді зейін қойып тыңдай білу, тірек
сөздерді есте сақтау,
2.Сұрақ-жауап арқылы қарым-қатынасқа
түсу,
3. Өз көзқарасын
айту,
4.Өз позициясын қорғау және дәлелдей
алу,
5. Компромистік шешімге
келу.
Білім алушы мәтіннің мазмұнын түсініп, жүйелі
жұмыс жасағанда ғана тілдік дағды қалыптасып, нақты нәтижеге қол
жеткізеді. Кез –келген мәтінді талдаудың алғашқы талдау жоспары
:
1.Мәтінді мәнерлеп
оқу.
2.Сөздік жұмысы
.
3. Мәтіннің тақырыбы мен
идеясы.
4.Мәтіннің типі /сипаттау, әңгімелеу,
пайымдау/.
Білім алушымен осы жоспар негізінде талдау
жұмысын жасау тиімді. Сабaқтың ең мaңыздысы қойылғaн дұрыс мaқсaт
пен күтiлетiн нәтижелер. Дұрыс қойылған мaқсaт күтiлетiн
нәтижелерге жету жолындa нақты iс- әрекетке жетелейдi. Мәтінмен
жұмысты жүйелі жүйелі жүргізгенде ғана оқушының тілдік дағдысын
қалаптастырып қана қоймай, нәтижеге де қол
жеткіземіз.
Мәтіналды
кезеңі-қызығушылықты ояту; болжау кестесі, тірек
сөздер, миға шабуыл, топтастыру, топқа бөлу секілді
стратегияларды,
Мәтінмен жұмыс
кезеңі – мағынаны тану; Венн диаграммасы, ИНСЕРТ, ой
шақыру,жұптасып талдау, ой бөлісу, сұхбат,ДЖИГ СО, бес жолды өлең
стратегияларын,
Мәтінді оқығаннан
кейінгі кезең
– ой- тоғаныс кезеңі; эссе, автор орындығы,
құндылық сызығы, пирамида секілді стратегияларды тиімді қолдану
арқылы білім алушының нәтижеге қол жеткізгенін көруге
болады.
Мәтінмен жүйелі жұмыс жасау, білім алушының
бойындағы мынадай коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін шыңдай
түседі:
-
Мәнерлеп оқу, түсініп тыңдау дағдылары
артады,
-
Сөздік қоры молаяды,
сөйлемді дұрыс құрау мен жүйелі сөйлеуге
жаттығады,
-
Тілді дамытушы ортада болады, өз бетімен,
жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы тілі
дамиды,
-
Шығармашылық әлеуеті дамиды, ой-санасы
дамиды, сөйлеу сапасы
жақсарады,
-
Мәтін мазмұнын меңгеру арқылы рухани байлығы,
дүниетанымы кеңейеді,
-
Қарым-қатынасқа түсу арқылы түрлі пікірлер
естиді, өз ойына сараптау
жасайды,
-
Сын тұрғысынан ойлауы
дамиды,
-
Жұрт алдына шығып сөйлеу, өз ойын дәлелдей
алу құзыреттіліктеріне ие
болады.
Бұл жұмыстардың бәрі мұғалім көмегімен,
мұғалімнің жетектеуімен жүргізілетін жұмыстар. Мұғалім нақты бағыт
сілтеп, білім алушының еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қaй
технологияны пaйдалaнсақ та, естен шығармайтын нәрсе – білім
алушының өзiне деген сенiмiн жоғалтып алмауы, білім aлуға деген
қызығушылығын жоғалтып алмaуы. В.Сухомлинский «Бала
бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп
алмaңдар... Партадағы жұмыссыздық – аса қатерлі қауіп» деген екен.
Бiлiм алушылардың өзара қарым –қатынасқа түсіп жұмыс жасауы олардың
коммуникативтiк құзыреттіліктерін арттырады. Коммуникативтік
құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады және
адамдарды түсіне бiлуiне
көмектеседi.
Біздің қазіргі мақсатымыз, бәсекеге қабілетті
тұлға тәрбиелеу болса, мәтіндегі ақпаратқа мән беруіміз керек.
Мұғалім мәтін арқылы білім алушыға пайдалы рухани азық берумен
қатар, тілдік дағдыларды дамытса, сонда өз ойын толық жеткізе
алатын және оны дәлелдей алатын бәсекеге қабілетті тұлға болып
шығады.