Материалдар / Мәтінмен тіл дамыту сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінмен тіл дамыту сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінмен оқушы тілін дамытуда оқу бағдарламасы жаңартылған білім мазмұнына негізделе құрылғандығын, жаңа тақырыпты меңгертуде мәтін мазмұнына сай оқыту әдіс тәсілдері арқылы байланыстыра қолдану оқушылардың құрғақ мәтін оқумен шектелмей өз ойларымен бөлісуге, тілін дамытуға қызығушылығын танытатындығы дәлелді мысалдар арқылы баяндалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Тамыз 2022
362
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мәтінмен тіл дамыту сабағы


Ашимханова К.А.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

21 негізгі орта мектеп

Қарағанды қаласы


Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын жасау құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасау үшін, алдымен сөзді, онан соң сөйлем құрай алу шарт, тілді үйренудің негізгі мақсаты – өзара сөйлесе, пікірлесе білуге үйрену.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс.

Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс.

2. Сөздіктермен жұмыс.

3. Сөздік қорларын жетілдіру.

4. Тіл дамыту.

5. Ережемен жұмыс

6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Осы тұрғыдан келгенде 5 – сынып оқушыларының оқу бағдарламасы жаңартылған білім мазмұнына негізделіп жасалынғандықтан ондағы мәтін мазмұнын баяндап жеткізуде, мәтінді меңгертуде жаңа оқыту әдіс – тәсілдерінің де рөлі үлкен.Мәтін мазмұнына сай мысалы Қожа -әдепті бала тақырыбын «Өмір ұраны» оқу әдісін қолдана отырып,әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, біртіндеп дауыстап оқиды. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табуы керек. Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі жақынырақ тану үшін де жүргізуге болады.Сондай – ақ «Венн диаграммасы» бойынша да Қожа мен Жанар бейнесі бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.Өз мектебіңнің тарихын білесің бе?«Қос шеңбер ішінде танысу» оқу әдісі оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберге бір-біріне қарап тұрған оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, танысады. Берілген уақыт өте оқушылар жұптарымен алмасап, шеңберден оңға немес солға бір қадам жасаып отырады.

«Ойлан, бірік, бөліс!» оқу әдісі қорытындылау.Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).Осылайша мәтін мазмұны негізінде берілген тапсырмалар бойынша оқушылар өз ойларымен бөлісуге қызығушылық танытады. Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беруі қажет.

Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар:

1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.

2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.

3) араласып немесе кезектеп оқу.

4) буынға бөліп оқу.

5) мәнерлеп оқу.

6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу.

7)Тауып оқу.

Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударып, «Ақындар мен жазушылар» оқу әдісін қолдана келіп,топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалғаны бағаланады. «Мағынаны тану» оқу әдісі

ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.). бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасалады.Қорыта келе, мәтінмен жұмыс тек мәтінді оқып шығумен шектелмей, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруда жаңа оқу әдіс- тәсілдерін мәтін мазмұнына сай байланыстыра білу, жеткізу ұстаз шеберлігін танытады.Оқушыларың мәтін мазмұны естеріне сақталып қана қоймай, ойын арқылы белсенділік танытып оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.


























3



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!