Материалдар / М.Д.Ұ -да балаларды адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеудегі сюжетті-рөлдік ойынның маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Д.Ұ -да балаларды адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеудегі сюжетті-рөлдік ойынның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Д.Ұ -да сюжетті-рөлдік ойындардың рөлі турал эссе
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектепке дейігі ұйымдарда балаларды адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеудегі сюжетті-рөлдік ойынның маңызы.

«Солнышко бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі

Ақмола облысы, Аршалы кенті, Республика көшесі-23

Еспенбетова Алтынай Атабаевна

1986 жылы 7 шілдеде туылған, тұрмыста, білімі арнайы орта, қызмет өтілі -2 жыл, лауазымы-тәрбиеші



ЭССЕ.

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын арқылы балаларға қоршаған ортаны танып,еңбекке қатынасы,психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын арқылы бала-өмірден көптеген мәліметтер алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді,ізденімпаздық,тапқырлық әрекеті байқалады.Осы ретте заман талабына сай балаларды жан-жақты қызықтыра отырып,тәрбиелеу және білім беру әр педагог үшін өте үлкен жауапкершілікті,ізденімпаздықты,жаңашылдықты талап етеді.

Қазіргі заман талабы бойынша жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықты жастардың бойына сіңіру. Отандық білімге құштарлық пен еңбекқорлық ,бірілік пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді дәріптеу керек1.

Осы ретте мектепке дейінгі білім беруде –ойындардың рөлі ерекше. Ойынның бірнеше түрі бар. Мысалы: Дидактикалық ойындар,сюжетті-рөлдік ойындар,қимылды ойындар,еркін ойындар.

Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен елікеудің маздап жанар оты. Ойын -тынысы кең,алысқа меңзейтін,ойдан ойға жетелейтін,адамға қиял мен қанат бітіретін,ақыл-ой жетекшісі.

«Балалықтың қанына ойын азық»2-дегендей,баланыңойының ұшқырылығын,тапқырлығын,креативтілігін ойын барысында ерекше байқауға болады.

Дидактикалық ойындар-баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.

Ал, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарыда рөлдік-сюжетті ойындарды қолдануға болады.

«Тәрбиемен берілген білім-өлшеуі жоқ қазына»3-демекші, кез-кеген ойын ережелері балалардан ұстанымдылықты,тәртіптілікті қажет етеді, тәртіп бар жерде-тәрбие бар, тәрбие бар жерде-сабырлылық бар, сабырлылық бар жерде-ақыл бар, ақыл бар жерде-білім бар. Ойындар сонымен қатар балалардың ізденімпаздығын арттырып, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі, сабаққа қызығушылықтарын арттырады,бағдарламалық материалды меңгеруге ықпал етеді.

Сюжетті-рөлдік ойындар.

Сюжетті-рөлдік ойындардың негізігі жорамал немесе ойша елестету жағдаяттары, онда бала өзіне үлкендердің рөлін алады да, өзі жасаған ойын жағдайында ойын амалдарын орындайды 4.

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні-мектепке дейінгі ұйымдарда беріледі, осы ретте , сюжетті-рөлдік ойындарды қолдану оңды әсерін тигізеді. Сюжетті-рөлдік ойындар-балаларға өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын барысында баланың достық сезімі, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық білігі нығаяды. Ойын арқылы балаларды ізгілікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын өзінше бағалай алады,шығармашылығы артып, жақсы-жаман қасиеттерді ажыратады. Ойын барысында баланың дара қабілетін, талғамының жоғарылығын, білім дәрежесін байқауға болады. Бұл тәрбиешіге баланың жеке троектурасын құруға септігін тигізеді.



Ы.Алтынсариннің: «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» әңгімесінің тәрбиелік мәні зор.

Өзектілігі: Бұл әңгіме арқылы балалар еңбектің адам өміріндегі мәнін түсінеді. Жәндіктердің тыныс-тіршілігімен таныс болды, қарлығаштың халқымыз үшін қасиетті құс екенін түсінеді,құмырсқа еңбекқор жәндік,ал өрмекші де өзінің күнделікті еңбегін жасайтындығытуралы біледі.. Бір-біріне деген достық сезімі,еңбекке қызығушылығы артады. Сюжетті-рөлдік ойын әдісі арқылы баланың мейірімділігі, адамгершілік қасиеті,еңбекке деген қызығушылығы артып, қамқорлық жасай білу қабілеті молаяды. Сөйлеу тілі, сөз мәнері қалыптасады,сөздік қоры дамиды. Шығармашылық қасиеттері қалыптасады.

Ойын мазмұны: Әңгімені сомдау арқылы баланың айналамен қарым-қатынасы дамиды, сөздік қорлары,дұрыс сөйлей білу дағдысы, дыбыстарды дұрыс айту, өз ойларын жеткізу әрекеті қалыптасады. Сюжетті-рөлдік ойындар- мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойын болып табылады. Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі-оны балалардың өздері жасайды және баладан нақты материалдық өнімді талап етпейді және баланың сөйлеу тілі, сөздік қорының дамуына ерекше әсер етеді.

Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы зор, яғни ойындарды игеру –балаларды жан-жақты болуына ықпал етеді. Балалардың оқу іс-әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін дұрыс пайдалана білу керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибиені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақ мазмұнына,мақсатына, жас ерекшелігіне сай таңдалуы назарға алынуы дұрыс. Ойынның түпкі ниеті, бұл-балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

Бала, қайталанбас тұлғаны білдіре отырып, ерекше дараланған әсер ету әдістерін және байланыс формаларын талап етеді. Демек, қазіргі заманғы тәрбиеші өз тәрбиеленушілерімен шығармашылық қарым-қатынас жасау, оларды шығармашылық түрде өзгерту қажеттілігіне тап болды5. Осы орайда педагог заманға сай жан-жақты ізденіп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды қызықтыра білу, балаларды жылылықпен мейірімін сезіне алатындай тартымдылық қасиетін жоғалтпау, дидактикалық ойындардың әдіс-тәсілдерін жетік білу өте маңызды.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру, ойынды өткізу процесінде жас өспірімнің тілін дамыту, сөздік қорын көбейту жолында төмендегі тәсілдер ұсынылады:

Көрнекілік құралдар: Түрлі-түсті суреттер, түрлі түсті қағаздар, ойыншықтар.

Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік-қасиеті, қиял-елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық талантын кеңейтеді.6

Мен, тәрбиеші ретінде өз тәжірибиемде-жаңартылған бағдарламаның түйінді идеяларын, яғни,4-К моделі, бала үні, ойын, бақылауды қолдандым7, өйткені бұл-нақты әрі қолжетімді.

Қорытынды: Балаларға жаңартылған бағдарламаның түйінді идеяларын қолданудың арқасында, балалардың білім дәрежесін байқадым, ой ұшқырлығының биіктігі немесе төмендігі, жылдам қабылдау, жауап беру қасиеттері, креативтілігі, жан-жақты қызығушылықтары айқындалып, еңбекке деген талпынысы артты, айналысындағы достарына деген қарым-қатынасы, құстарға деген мейірімділігі артты.

Ғылымның артынан еріп, көрсеткен жолымен жүрген жұрт-бұл күнде өмірдің төрінде8-демекші, білімді, тәрбиені, балаға жастайынан сіңірудегі басты құрал- ол ойын. Ал ойында тиімді қолданылған әдіс-тәсілдер баланың жан-жақты дамуынадағы ең жоғарғы еңбек жолы болып табылады.

Авторлық жұмыс: Қимыл-қозғалыс ойыны: «Дұрыс санай аламыз!»

Ойын мақсаты: Балаларды ретімен дұрыс санауға, 1-ден 10-ға дейігі сандарды азайта білуге үйрету.

Шарты: Бір бала құс болады, тәрбиеші алдына 1 ден 10-ға дейінгі нөмірі бар (баланың жас ерекшелігіне қарай,орта топта,аз) жұмыртқалар қояды, бала жұмыртқаны санап алады.

Тәрбиеші: Бір, екі, үш,

қане, қане,ұш!- деп құсты ұшырып жібереді, құс қанат жайып балаларды айналып ұшады, осы сәтте , тәрбиеші, құстың бір немесе екі жұмыртқасын алып қояды, қайтып келген құс, неше жұмыртқа және нешінші нөмірлі жұмыртқа жоқ екенін айту керек, дұрыс тапса, жұмыртқа құсқа қайтарылады, ал егер таба алмаса, ойынды келесі бала жалғастырады. Бұл ойында-баланың ойлау қабілеті, сан және санау, есте сақтау қабілеті артады, сөйлеу тілі дамиды, ойын барысында қимыл-қозғалыс арқылы сергіп , ойынға қызығушылығы артады. Нәтежиесінде балалар : неше және қай сан жоғалды?- деген сұраққа жауап береді

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы(1.09.2021ж)Ұлттың ұйысуы –одан әрі дамудың басты факторы

2.С. М.Торайғыров

3. А. Құнанбаев

4. Л.С.Выготский

5. Мектепке дейінге педагогика: С.А Казлова,Т.А .Куликова

6. Гугл ашық интернет желісінен алынды

7. «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша.

8. М. Әуезов шығармашылығының елу томдық жинағы,1- ші том.



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!