Материалдар / Механикалық жұмыс. Қуат. 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Механикалық жұмыс. Қуат. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.7 – Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2022
386
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы:

Механикалық жұмыс. Қуат.

Күні,айы: 09.03.2022 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтжан Әсем Қайратқызы

Сынып: 7 «Е»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.3.7 – Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру.

Сабақ мақсаты

  • механикалық жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын түсіну;

  • механикалық жұмыс пен қуаттың формуласын есептер шығаруда қолдана білу.

Бағалау критерийлері



  • Механикалық жұмыстың физикалық мағынасын түсінеді;

  • Механикалық жұмыстың орындалу шарттарын біледі;

  • Механикалық жұмыстың формуласын есептер шығаруда қолданады.

  • Қуаттың физикалық мағынасын түсінеді;

  • Қуаттың және жұмыстың формулаларын есептер шығаруда қолданады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сыныптағы білім алушыларды түгендеу.


2. Әр топ басшыларын сайлау.

Сұрақтар қою.

  1. Үйге келер кіріс

Бақ-береке, ырыс

Қарыныңды тоқ қылар

Болса егер —...... (Жұмыс)


  1. Сипаттайды жұмысты
    Тындырады көп істі
    Ол көп болса ширақсың
    Кімдер әлсіз, кім күшті? (Қуат)


  1. Физикалық шамалардың серіктері? (Өлшем бірліктер)



3. Үй тапсырмасын тексеру :

«QR cod» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасап өту.

  1. Архимед заңы дегеніміз не?

  2. Қатынас ыдыстар дегеніміз не?

  3. Паскаль заңы дегеніміз не?

  4. Архимед заңының формуласын көрсет.

  5. Қатты денелердегі қысым формуласын көрсет.

  6. Паскаль заңының формуласын көрсет.






Топқа бөлініп қойған білім алушыларға жұмбақ жасыра арқылы: жұмыс, қуат, өлшем бірліктер. Топ басшысы сайланады.









Смартфон арқылы сұрақтарға жауап береді. Топ басшысы өз тобындағы білім алушыларды бағалап отырады.
























Оқушылар белсенділігіне байланысты мұғалім бағалайды

























Интербелсенді тақта және смартфон.

Презентация

Сабақтың ортасы

4.Жаңа білім.

Пәнге тән терминология:

Қазақша

English

Механикалық жұмыс

Mechanic work

Қуат

Power


Күнделікті өмірімізде жұмыс ұғымын жиі естиміз. Алайда физиологиялық жұмыстың физикадағы (механикалық) жұмыстан айырмашылығын аңғара алуымыз қажет.


Сабақтан кейін сіз «Мен бүгін көп жұмыс жасадым!» десеңіз, бұл – физиологиялық жұмыс болады.

Егер сіз бір нәрсенің орнын қозғалту кезінде оған күш түсірсеңіз, бұл – механикалық жұмыс болып саналады.


Денеге түсірілген күш нәтижесінде, дене өзінің орнын өзгертсе, осы дене механикалық жұмыс жасайды.

  • Механикалық жұмыс деп денеге әрекет ететін күштің осы күш нәтижесінде ауыстырған орнына көбейтіндісін сипаттайтын скаляр шаманы айтамыз.

А – механикалық жұмыс

F денеге түсірілген күш

s орын ауыстыру

ХБЖ-дегі жұмыстың өлшем бірлігі 1 Н күш әрекеті нәтижесінде

1 м-ге орын ауыстырған дененің атқарған жұмысы 1 Дж (джоуль)-ге тең

Механикалық жұмыс жасаудың шарттары

  1. Денеге белгілі бір күш әрекет етуі қажет;

  2. Осы күш әрекетінен дене орнын ауыстыруы қажет;

  3. Түсірілген күш бағыты, қозғалыс бағытына перпендикуляр болмауы қажет.

Егер аталған шарттардың кез келген біреуі орындалмаса, механикалық жұмыс нөлге тең болады!




Бірдей жұмысты қайсысы тез орындайды?

Күтілетін жауап: Жұмыс техниканың көмегімен тезірек жасалады.

Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама – қуат деп аталады.

Қуат бірлік уақыттағы дененің жасаған жұмысын сипаттайтын скаляр шама.

N қуат, [Вт] – Ватт



5. «СТО (сын тұрғысынан ойлау)» әдісі. Топтық жұмыс.

Тапсырма 1.

«Жұмыс» тобы: арбашаларды жүргізу арқылы «механикалық жұмыс» ұғымын түсіндіреді.


«Қуат» тобы: ойыншық машиналарды жүргізу арқылы «қуат» ұғымын түсіндіреді.


«Өлшем бірліктер» тобы: механикалық жұмыс пен қуаттың өлшем бірліктерін түсіндіреді және мысалдар келтіреді.


6. Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма 2

I жұп: Мәшине 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 секундта қанша жұмыс атқарады?






II жұп: Арбаға жегілген ат 400 Н күш жұмсап, оны 0,8 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғап келеді. Ат 1 сағатта қанша жұмыс істейді?





III жұп: Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 минутта 50 м3 су құлап ағады. Су ағынының қуаты қандай?

IV жұп: Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?







Білім алушылар мұқият тыңдайды






Анықтамаларды,формулаларды дәптерлеріне жазып алады.



















Білім алушылар жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.









Механикалық жұмыс формуласы мен мысалдарын жазады.


































Қуат формуласы мен мысалдарын жазады.


578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!