400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мейірім шуағы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
шығарма немесе эссе жазуда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірім шуағы
“Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін…”
деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, балалар дүниеге шыр етіп түскен
минутынан бастап, ананың үнімен айналаны тани бастайды. Анасының жүзін
танып, иісін сезініп, ана тілін түсіне бастайды. Әрбір бала ата-анасының мейірімі
мен махаббатына, жүрек жылуы мен қолдауына мұқтаж. “Лашын құсқа ауа
қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі” демекші, баланы үлкен азамат етіп өсіру үшін
шыдамдылық, жауапкершілік, ізденіс, уақыт керек. Ата-ананың басты міндеті
баланы білімді, ұлтжанды, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Бала үйдің
айнасы. Үйдегі тәрбие қандай болса, баланың сыртта өзін ұстауы да соны
көрсетеді. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” дегендей, бала, әсіресе, өтпелі
кезеңде ата-анасының қолдауына зәру болады. Осы сөзіме дәлел ретінде мына
оқиғаны мысалға келтіргім келіп тұр:
Өткен оқу жылында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нысанғалиева Меңсұлу
апайдың бастауымен “Жұлдыз” ықшам ауданындағы “Кәмелет жасқа толмаған
балаларды бейімдеу орталығына” бардық. Олардың жағдайын көріп, тіршілік
көзіне су қалай қажет болса, балаларға да ата-ананың ауадай қажет екеніне көзім
жетті. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” дегендей, балаларға да ата-ананың
қадірін түсіне білулері керек. Ата-анамыз бізге өмір сыйлайды, жан-жақты жақсы
тәрбие береді және “қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай” өсіреді. Ал
біз өз кезегімізде олардың ақ үміттерін ақтауға тырысуымыз қажет.
“Әке асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ”
дегендей, баланың қызығушылықтарына мән беріп, оны әрқашан қолдап отыру
керек. Баланы еңбекқорлыққа, адамгершілікке, мейірімділік пен
кішіпейілділікке, адалдық пен қамқорлыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу өте
маңызды. “Отан отбасынан басталады” дегендей, егер ата-аналар балаларын
ақылды, зерек, мықты, адал азамат етіп тәрбиелеп өсірсе, еліміз өркендеп, ұлттық
салт-дәстүріміз бен мәдени құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдегі
дамыған отыз ірі мемлекеттердің қатарына жылдам енетініне сенемін.
“Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды”
деп, Ыбырай Алтынсарин атамыз жырлағандай, мен де жақсы оқып, жоғары білім
алып, еліміздің жоғары дамуына өз үлесімді қосқым келеді.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы

142 ЖББ мектептің
8 “Б” сынып оқушысы
Серікбай Сымбат Қуанышқызы

Жетекшісі: Нысангалиева М.К



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.11.2020
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі