Мейірімді жүрек-ертеңге тірек
семинар-сабақ
Мақсаты:көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен
эмоцияны қалыптастыру.
Көрнекіліктер:жұмсақ ойыншық, А4 ақ парақ қағазы, әр
түрлі смайликтер, түрлі-түсті қарандаштар және
қағаздар, ақырын әуен ойналады.
Сабақ
барысы:Сәлемдесу, балалардың көңіл-күйлерін
сұрау.
Сәлеметсіздерме балалар? Қалдарыңыз,
көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгін күн қандай тамаша. Балалар
сіздердің көңіл-күйлерің жақсы болса бүгінгі сабағымызды бастайық.
Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Балалар сіздер ойын
ойнағанды жақсы көресіздер ме?
Балалардың пікірін тыңдау. Олай болса балалар
бүгінгі біздің ойын сабағымыздың
тақырыбы «Жүрек
жылуы»деп
аталады. Балалар сіздер бұл сөздің мағанасын қалай түсінесіздер?
Балалардың пікірлерін тыңдау.
Ойын
ережесі:Тақтаға үлкен ақ жүрек
ілінеді.
1-жаттығу: «Мен»бейнесі.
Әрбір қатысушыға «Мен» әр балаға А4 ақ қағазы беріледі. Балалар ақ
қағазға өзін қалай бейналайді, солай қағаз бетіне түсіреді.
Балалар салған суреттерімен алмасып,өз пікірлерін
көршілерінің суреттеріне жазады (сен әдемісің, әдептісің,
мейрімдісің, ақылдысың т.б.).
«Кел
ойнайық»сергіту сәті
1.Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, аяқты еденге
соғайық.
5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.
6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп
айқайлаңыздар.
7. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық.
8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер бір-біріміздің
қолымызды алысайық.
2-жаттығу:«Қара күйе көбелегін аулау»
жаттығуы.
Қазір біз сіздермен адамгершілікке жат
қасиеттерді жоямыз. Әрқайсыларыңыз 10 жаман қасиетті жоюларыңыз
керек. Ол қасиеттер қара күйе көбелегіндей қаптап ұшып жүр.Оны
қалай өлтіру керек екендігін көрсетемін. Сіздер қайталаңыздар.
Өтірік айту-ауада.
Мақтаншақтық –көршіңіздің иығында
Күйзеліс-жүректеріңізде.
Қатыгездік- бауырларыңызда
Ашу-ыза-ауыздарыңызда
Жалқаулық –желкелеріңізде
Дау-жанжал-бастарыңызда
Өсек –құлақтарыңызда
Тойымсыздық –қарныңызда
Өкпешілдік -өкпеңізде
Еріншектік-тізелеріңізде
Зорлық –алақандарыңызда
3-жаттығу «Менің
қасиетім»
Мен
сіздерге өзіңізді мақтауды ұсынымын. Қазіргі кезде біреудің
мақтағаны өте қажет, бірақ ол өте жиі болады. Қазір сіздерде
өзіңізді мақтау мүмкіндігі бар. Сонымен мына сөйлемді аяқтаңыз:
«Мен өзімді осы ........... қасиетім үшін мақтаймын» деп сөйлемді
аяқтайды.
Талдау: өз-өзіңізді мақтау қиын болды
ма?
Осы
сәтте қандай сезімде болдыңыз?
4-жаттығу: «Жан жүрек
сыры».
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі
емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек.
Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер
таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз
жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке
жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ:
Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа,
адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз
айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы
баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз.
Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре
тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға
көңіл бөліңіз.
Талдау: Балалардың пікірлерімен
бөлісу.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек
түпкіріндегі сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай
сөйлемдер айтады:
-Менің қайрымды жүрегіме рақмет!
-Менің мейрімді жүрегіме рақмет!
-Менің жылы жүрегіме рақмет!
-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!
-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!
-Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет!
-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!
Қорытынды: балаларға әр түрлі смайликтер ұсынылады,
балалар сол смайликтерден тренингтен қандай әсер,
көңіл-күйлері қандай болды сондай смайлик таңдап алып,
конақтарға көрсетеді