400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мейірімділік -асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық, қасиеттерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Тасөткел негізгі мектебі











Shape1



























Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жумабекова Б.Т







Тақырыбы: «Мейірімділік - асыл қасиет»


Мақсаты:- оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,

қасиеттерін қалыптастыру.

Мұғалім: Мейірімділік тақырыбы - мәңгілік. Мейірімділік әр адамға тән асыл қасиеттер. Мейірімділіктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам Мейірімділікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан,күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді . Мейірімділік— адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген екен.

Сабақ барысы:


Оқушыларды топқа бөлу

Апам мені: “Айым” – дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Апам мені: “Күнім” – дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

1- топ « Айым» 2-топ «Күнім»


І. Ойланайық, пікірлесейік

Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

«Мейірімділік кетесін» толтыру

Менің мейірімді істерім

Мейірімді адамның қаситеттері





ІІ.Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)

ІІІ. Жақсылықты анадан үйрен. «Жан ана» ән тыңдау.

Тапсырма «Ана» сөзін топтастыру

ІV. Шығармашылық жұмыс . Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазып толықтыру, мағынасын ашу

. . . суға батпас, бір шығар, тегін жатпас

. . . - жүректен, мейірімсіздік - білектен.

. . . арба жол бұзар, . . . адам ел бұзар.

. . . ағаш басында, . . . аяқ астында.

V. Рефлексия:

Керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.

  1. Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейрімді боламын.

  2. Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін

  3. Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын

  4. Мен өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсетуге болады деп ойлаймын

  5. Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін тигізеді деп санаймын

  6. Мен өз тарапыма айтылған орынсыз ескертулерге ұрысып тастауға болады деп ойлаймын.

  7. Сыныптастарым біреуді келемеждесе, менде қосылып мазақтаймын

  8. Маған адамдарға жақсылық істеген ұнайды.

  9. Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын


VII.Қорытынды:

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24.04.2023
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі