Материалдар / «Мейірімділік –жан айнасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мейірімділік –жан айнасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2021
590
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы»ММ

«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК




КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Педагог ұйымдастырушы директордың тәрбие ж

жөніндегі орынбасары ______ Ә. Утегенов ______Д. Усембаев




САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ


"Кәсіптік оқыту" пәндік циклдік комиссия

11140000 –«Дәнекерлеу ісі» мамандығына




Бірыңғай топ жетекшілік сабақ


Тақырыбы: «Мейірімділік –жан айнасы»









Өңдірістік оқыту шебері__________ Е. Турлыбеков.

__________ Р. Буранбаев.






Т. Рысқұлов 2021ж







«Кәсіптік оқыту» пәндік циклдік комиссиясының мәжілісінде «__» ______ 2021 жылы қаралып, ӘК бекітілуге ұсынылды (хаттама №____)

«Кәсіптік оқыту» ПЦК төрағасы _______ Н.А.Джумагулов












































Күні: 13. 01. 2021 ж. Пәні: Өңдірістік оқыту

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мейірімділік –жан айнасы»


Сабақтың типі: Тәрбие сағаты Сабақтың түрі: Интеграцияланған жартылай іздену тәрбиелік сабақ.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік: Мейірімділік –жан айнасы мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Дамытушылық:  Студенттердің өмірі туралы, Мейірімділік –жан айнасы туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Міндеті: Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау дегеніміз және адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіруді.үйрету;

Студенттер өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын Мейірімділік –жан айнасы тану білуге үйрету;
Студенттердің бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Студенттердің құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Көрнекілік:  Мейірімділік туралы суреттер, слайд.



Сабақты жабдықтау: Презентация слайд №2,


1.Оқытудың техникалық жабдықтары: Ноутбук, , слайдтар,

2.Оқыту орны: ZOOM платформасы







Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, құрметті студенттер. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мейірімділік-адам жанының айнасы» деген дана халқымыз.Мейірімділік адамдардың бір-біріне жылы сөйлеуі, жылы сезімін білдіруі, жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділікті таныта алуы.Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға,ақ көңілмен көмек қолын ұсынуға қашан да дайын жүреді. Мейірімділікті біз ананың жүрегінен, әкенің көзінен, қарияның салиқалы жүзінен көре аламыз.Осындай адами құндылықтарды баланың бойына құйып, мейірім шуағымен сусындату, өмірімізді гүлдендірері сөзсіз. Мейірімділік- адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.Осы орайда мектебімізде «Мейірімділік» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Мейірімділік-асыл қасиет»тақырыбында 5-6 сынып аралығында, 7-9 сынып «Мейірімді бола білеміз бе?», 10-11 сыныптар «Мейірімділік- ана жүрегінде» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттарында оқушылар мейірімділік туралы өз ойларын ортаға салып, қазіргі өмірмен байланыстырып, мысалдармен дәлелдеп, мейірімділіктің адам өміріндегі маңызы зор екендігін көрсете білді.Өз шығармашылықтарынан өлеңдерін оқып,сахналық көріністерін көрсетіп,тамаша ән-жырларын тарту етті.Өз бойларындағы мейірімділік қасиеттерін көрсетіп, өзінен кейінгілерге өнеге бола білді. Тәрбие сағаттарының тақырыбын толықтай аша білді. Бұл тәрбие сағаттарының мақсаты: оқушылардың бойына рухани құндылықтарды сіңіру,адамдық асыл қасиеттерді жоғалтпай бағалау, бірлікке, достыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу болып табылады. Осындай тәрбие сағаттары баланың бойына мейірімділік қасиеттерді себуге септігін тигізері сөзсіз. Бала деген – біздің болашағымыз, бауыр етіміз, еліміздің ертеңі. Сол балаларымыздың жақсы азамат, үлгілі-әке, қазыналы –қария болғанын әрбіріміз қалаймыз.Осы мақсаттарымыз бен тілектеріміздің орындалуына жол ашу- өзіміздің қолымызда.Мейірімділік - әр адамның жүрегінде өмір сүретінін ұмытпайық, ұрпағымызға ұлағаттайық.

Буранбаев Рустем өз ойын айтып өтті; Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етеді. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау-биік адамгершіліктің белгісі. Осы қасиеттер арқылы балалардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтап, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық, мейрімділік қабілеттерін жетілдіреміз.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едік? деп балалардан сұрасақ. Олар мейірімді жандардың қатарында ең бірінші өздерінің аналары екенін айтады. «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады», – демекші балалар жүректен шыққан сөздерін, бір-біріне деген жақсы тілектері арқылы жеткізеді, мысалы «сен мейрімдісің,сен ғажайыпсың,  сен ақкөңілсің, сен ақылдысың, сенің жүрегің жақсылыққа толы т.б». Осындай жылы лебіздер арқылы балалардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет – ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік және таза ой. «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай мен өз сабағымда оқушыларға әртүрлі жағдаяттарды өздігінен шешкізе отырып, әңгімелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салу арқылы, өз жүрегіндегі мейірімділікті айту сонымен бірге жүрек жылуын сезіндіре отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды бала кезден бастап олардың жүрегіне жылулықты қалыптастырамын. Сонымен қатар оқушылар өз бойына төмендегідей қасиеттерді сіңіреді. Осылар арқылы мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейтеді. Бір-біріне қамқорлық жасауға жетелейді. Біреудің жанын өз жанындай түсіне біледі, өзіне жақын жандарды бағалайды, сүйе біледі. Сондай-ақ ой толғау, мәтінмен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, пікірталас арқылы бір-біріне өз ойларын толық жеткізе біледі. Әртүрлі бейнекөрілім көру арқылы оқушылар қамқорлықты, жұбанышын, мейірімін көре отырып, қатыгездік, жаны ашымайтынын көре отырып аяныш сезімдері оянып, ақ пен қараның ара жігін ажыратып, өз ойларын ортаға салып, өз ойларын ашық айта біледі. Бейнекөріністегі жаман қасиеттерді мен жақсы қасиеттерді ажырата біледі. Адам  баласының  бойындағы әділеттілік, мейірімділік, рақымдылық, адалдық, жомарттық, қонақжайлылық, бауырмалдық, намысқойлық тәрізді ізгі  қасиеттерді  жүрек  ісі деп түйген Абай жүректі негізгі орынға  қою арқылы жүректен  шыққан  осындай  адамгершілік қасиеттерді басты орынға қоя  білді. Абайдың  он төртінші қара сөзінде: «Тірі адамның  жүректен  аяулы  жері бар  ма?» Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі» деген күрделі философиялық ұғым бар. Яғни, мейірбандылық, тілдің жүрекке көнуі, жаманшылыққа ермеуі – жүректің ісі. Қандай жағдай болмасын жүрегі мен ақылын қоса тыңдай алған адамның іс-әрекеті, сөзі мен ойы сүйіспеншілікке толы болады. Абай атамыз айтқандай жүректі кісі, мейірімді болуға асығайық! Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін-өзі тану сабағының орны ерекше. Әр оқушының жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Мейрімділік, адамгершілік құндылықтар бала бойына үлкен мен кішінің арасын- дағы шынайы қарым-қатынас кезінде дариды. Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек шебер ұстаздың қолынан ғана келеді. Балаға жүрек жылуы қашанда қажет және ол ешқашанда артық болмайды.

Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап, көтерген.
Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
Біреуге жақсылық етсең-
Ол жақсылықты міндет етпе!
М.О. Әуезов




  

Қорытынды: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп  Мухағали. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге  келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
  Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!



 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!