Материалдар / "Меймандос қала"кіріктірілген ашық сабақ,5 сынып

"Меймандос қала"кіріктірілген ашық сабақ,5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп - интернаты» КММ

Тақырыбы: «Меймандос қала»

Мақсаты: Білімділігі: оқушыларға Қазақстан қалаларын таныстыра келе, қала атауларын сөз құрамына талдай отырып, түбір мен қосымша сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгерететіндігін түсіндіріп, жұрнақ туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: ауызекі сөйлей білу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетаны-мын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, баяндау, жобалау әдісі, деңгейлеп оқыту, сәйкестендіру тесті.

Сабақтың көрнекілігі: Өскемен қаласы туралы бейнетаспа, Пирамида пішіні, пойыз дауысы, релаксация, слайд, тақырыптық суреттер, деңгейлік үлестірмелер, мәтін.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.

- Отыра қойыңдар, балалар!

Баяу музыка әуенімен Өскемен қаласы туралы өлең оқылады.

Өскемен

Маған сондай ұнадың, әсем қала Өскемен,

Кешегіңе қарасам, мұраларың өшпеген.

Бүгініңе қарасам, болашағың өскелең,

Бар тілегім өзіңе: өркендей бер, өс дер ем!


Шығысымның шырайлы орталығы Өскемен,

Сені көрсем, құдай-ау, салтанатты көш көрем.

Тәуелсіздік дем беріп, дами бергей күн санап,

Ата берсін арайлап, аппақ нұрлы таңдарың.


Пойыз дауысы. (Қызығушылығын ояту.)

- Сәлеметсіздер ме, құрметті жолаушылар!

- Сәлеметсіз бе!

- Әсем де көрікті, қонақжай да меймандос Өскемен қаласына қош келдіңіздер!

- Рақмет!

  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекшелеу, себебі, біз де алдағы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына ат салысып, «Мәңгілік ел» пойызымен сапарға шығамыз.

  • Сабағымызға кіріспес бұрын көңіліміздің күйін келтіріп алайық. Міне , балалар, өздерің көріп тұрғандай, көңіл – күй бейнелері көрініп тұр. Қазір сендер, осы бейнелердің бірін таңдауларың керек. Сол арқылы сабаққа бағыт береміз.

Біз, қазір, балалар пойызымызбен әр стансаға тоқтап, тоқтап сапар шегеді, ал әр стансада бізді тапсырмалар күтіп тұр екен, сол тапсырмаларды орындай алсаңдар, біз межелеген орынға тез жетеміз.

  • Балалар, үй тапсырмасын пысықтасақ, математикалық пішін пайда болады.

Пирамида сұрақтары:

  • Балалар, біз қай тарауды өтіп жатырмыз?

  • Сөз құрамы дегеніміз не?

  • Түбір дегеніміз не?

  • Қосымша дегеніміз не?

  • Қосымша неден тұрады?

  • Жұрнақ дегеніміз не?

Бағалау.

  • Балалар, бізде пирамида пішінінің ең негізгі бөлігі қалған екен. Ол бөлікте қандай сөз тұр екен. «Қарағанды» сөзі тұр екен. Ал, біз сендермен өткен сабақта Қазақстан қалаларын өткен болатынбыз.

  • Қарағанды қаласы туралы не білетінімізді еске түсірейік?! Не есімізде қалды?

Пойыз дауысы. Үй тапсырмасын пысықтап отырып, « Түбір» стансасына да келіп жеттік.Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Қазақстан қалаларының тағы бірі – Өскемен қаласы.

Мәлімет.

Видео.

Диалог. - Балалар, біз жаңағы мәліметтен не білдік? Кәне қайталап жіберейікші.

Пойыз дауысы. - Балалар, біз ары қарай сапарымызды жалғастырайық.

«Республика» стансасында бізді сөздікпен жұмыс кұтіп тұр екен. Елбасымыздың үш тұғырлы саясатына сәйкес, біз де сөздікті үш тілде алды.

Менің қалам – мой город – My city

Өскемен – Усть – Каменогорск

Отан – Родина – Homeland

Пойыз дауысы. «Менің өлкем» стансасында сурет көрмесіне назар аударайық.

Бәйтерек –

Субұрқақ –

Мәңгілік от –

Пойыз дауысы. «Қосымша» стансасына келіп жеттік. Бұл стансада деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.

Оқулықпен жұмыс.


Жанбота, Мирас, Жанат «Сөзден сөз құра» ойыны, яғни «Қазақстан сөзінен» сөз құрайды.

Сергіту сәті.

Бойымызды сергіттік, енді ойымызды сергітейік.

Мақал - мәтелдер

Пойыз дауысы. Біз, балалар, «Жұрнақ» стансасындамыз.

  • Балалар, бүгінгі сабақта білімімізді пысықтайық.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Сөз құрамы неден тұрады?

  2. Қосымшаның түрлері

  3. Жұрнақ дегеніміз не?

  4. Біздің қаламыз қай облыста орналасқан?

  5. Өскемен қаласы нешінші жылы салынған?

  6. Атауы қалай болған, қандай мағына береді?

Рефлексия. Екі жұлдыз, бір арман. Ұшақтарға жазылған сұрақтар.

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік? - Облысымыздың орталығы Өскемен туралы мәлімет алдық?

  • Келесі сабақта не білгім келеді? - Қазақстанның тағы бір қаласы және қосымшаның екінші түрін білгіміз келеді.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Өскемен мәтінін оқушыларға оқып, мазмұндауын беру.

Қазақ тілінен 3- жаттығу. 88 –бет.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ