Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі жаңа инновациялық технологияларды қолдану.
Жарылқап Айдана Полатқызы.
Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназиясы жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі
Балабақша –
келешек ел басқарар,
жер –
суына иелік етер,
ел –
халқын гүлдендірер,
мерейін өсіріп,
мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя.
Қазақстан Республикасының 12
жылдық білім беру тұжырымдамасында «Тәрбиеші шығармашыл,
қоғамда талдауы керек мәселелерді талдай алатын,
бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратындай маман болуы керектігі»
айтылған.
Осы талапқа сай болу үшін тәрбиешіге әдістемелік көмек ғылым мен тәрбиенің жетістігін қолдана отырып әртүрлі формада берілгені абзал.
Елімізді қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана–білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. Тәрбие мен оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы–оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Балалардың жасына сай білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Таңы жаңа педагогикалық технология-бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы балалармен тәрбиешілерге жайлы жағдай тудырудың, біріктірілген педагогикалық қарым-қатынасты барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі.
Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі-оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту. Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Балабақша педагогтары жаңа технология үрдісінің талабына сай балаға білім беруде мақсатқа жету үшін, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер етеді. Балабақшамыздың топ бөлмесі бірнеше белсенділік орталықтарға бөлінген, олар: тіл дамыту, есеп, желілі-рөлді ойындар, өнер, ғылым орталықтары т.с.с. Әр белсенділік орталықтарының өз алдына қояр мақсаттары бар.
Ғылым орталығының мақсаты: Зерттеу жұмыстары арқылы айналаны қоршаған ортаға деген түсініктерін қалыптастыру,өсімдіктер мен жан-жануарларға деген сүйіспеншілік дағдыларын бойларына сіңіру.
Өнер орталығының мақсаты: Баланың ішкі жан дүниесін байыту,әсемдікті қабылдаудағы эстетикалық сезімін,елес – қиялын дамыту т.с.с
Белсенділік орталықтарындағы құралдар балалардың оларды өз бетінше алып,
жинауға және т.с.с қолдануына қолайлы жерге орналасқан.
Таңертеңгілік жиында бүгінгі күні қандай орталықтар жұмыс істейтіні хабарланады.
Әр бала өзі қандай орталықтарда жұмыс істегісі келетінін өзі шешеді.
Жүктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
мек жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі жаңа инновоциялық технологияларды колдану

шағым қалдыра аласыз