Материалдар / «Мектебім мейірім мекенім»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектебім мейірім мекенім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Мектебім мейірім мекенім»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


І. Ұйымдастыру.

Алдымен тәрбиеленушілерге өздеріне ұнаған түстерін таңдауын сұраймын (мен үш топқа бес баладан бөлдім: сары, жасыл, қызыл пішіндер) Сол түстер бойынша топқа бөлінеді. Қызыл түс- қамқорлық тобы, сары түс- мейірімділік тобы, жасыл түс – кішіпейілділік тобы.


Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы  сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен  жеткізейік.-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

 

 Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

 «Құпиялы қасиет»ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділікқасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізедіде,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін  Арай алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуғаүш рет мүмкіндік беріледі.

« Мейірімділік  нұры» жаттығуы.Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жанжаққа шуақшашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрыншашамыз.Жүргізуші.       -үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.Ғылым сол үшеуініңжолын білмек.

адамгершілік.Сары- адалдық.Қызғылт- мейірімділік.Көгілдір-сүйіспеншілік.Жасыл- әдептілік.Көк- ізеттілік.Ақ-қайырымдылық.Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.



Сабақтың қорытындылай келе «Жүректен жүрекке» деген ниетпен мынандай кішкентай жүрекшелерге өз тілектеріңді қалаған адамдарыңа жазып тапсыруларыңды сұраймын.Сонымен балаларбүгінгі сабақтан не білдік?Не туралы,қандай адами құндылықтар,қасиеттер туралы білім алдық?

Сабағымыздың басында сендерге «Ең мейірімді, ең қайырымды адамды табу тапсырылған болатын. Сол тапсырманың қорытындысы  бойынша «Алтын жүрек» иесін анықтасақ деймін. Ол үшін сендердің жауаптарыңды қорытындылаған адамдарға сөз берейік.(«Алтын жүрек» иесін алтын жүрекшемен марапаттау).





Оқушылар, бүгінгі тақырыпты айтпас бұрын, мен сіздерге мына слайд шоуды мән беріп қарауды сұраймын. Содан кейін өздерің тақырыпты табатын боласыздар. (жай музыка жүріп тұрады, слайд көрсетіледі)
Ал, бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Дұрыс айттыңдар, бүгін біздер м ектебім мейірімділік туралы сөз қозғаймыз. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі молмейірімді, қайырымды адамды «жақсы адам» деген. Ендеше жақсылық пен жамандық туралы ойланып көрейік. Оқушыларға сұрақ қойылады:
- Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
- Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
- Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
- жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

«Болады-болмайды»

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушыларқолдарын 2 рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтарымен тарсылдатады)

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,                                             Жаман болуға ….! (болмайды).






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!