Материалдар / "Мектеп -білім бұлағы" (эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мектеп -білім бұлағы" (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп окушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
3962
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұрынғылар «Адамзат баласының бұл өмірде үш түрлі міндеті болады» деген екен. Оның біріншісі - ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру, екіншісі – ұстаздық қылып, шәкірт баптау, үшіншісі - ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету. Бұл орайда, тәлім-тәрбие - ата-анадан, оқу мен білім - ұстаздан, ал қоғамға қызмет ету - баршамызға ортақ парыз болса керек. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы қағидалар. Ілім мен ғылым - бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Бұл орайда, Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөзі еске түседі. Осы бір аталы ұғым біз үшін әрқашанда басты ұстаным болуы шарт.

Бүгінгі мектеп оқушылары, ел тізгінін ұстар - ертеңіміз. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші де осылар. Білімнің дамуы - бұл қоғамның алға жылжуы, адамзат өркениетінің өнегелі өлшемі. Сондықтан 21 ғасырда кез келген елдің көзіне қарақ, көкірегіне шырақ болатын да, қоржынын қампайтып, қалтасын томпайтатын да - білім. Ал білімнің қайнар көзі - мектеп.  

  Өздеріңізге мәлім, Елбасының назарынан білім-ғылым саласы еш уақытта тыс қалған емес.  Елбасының халыққа Жолдауында да «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың білімі мен білігіне байланысты» екені атап айтылған болатын.

Бүгінде мемлекет қолдан келген мүмкіндіктің барлығын да жасап келеді. Бұл солай болуы да тиіс. Себебі ұрпақ білімі үшін жұмсалар қаржы мен қайрат - ең қайтарымы мол, қайырымы кең игі шара екені белгілі. Бұл болашақ үшін салынған ең маңызды да мағыналы инвестиция. Өйткені, мемлекетіміздің келешек экономикалық, әлеуметтік, рухани даму нәтижелері, өрлеуі мен өркендеуі бүгінгі мектептерде қалыптасып жатыр. Бұл жерде ең алдымен оқытушы бейнесі, ұстаз болмысы - үйретуші ғана емес, тұла бойы тәлімді тәрбиеге, өрелі өнегеге толы тағлымды жан. Ол болашақ қоғамның бет-бейнесін қалыптастырар бірден-бір тұлға. Ұрпағымыздың ертең қандай адам болуы - мұғалімдердің бүгінгі арқалар жүгі болмақ.

Сөз жоқ, егер мұғалім өз бойындағы жақсы қасиеттер мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіре алса, ол - кемел ұстаз. Біз осы бір қарапайым қағиданы қай кезде де жадымыздан шығармауымыз қажет.

                  


















Мектеп- білім бұлағы.

«Мектеп-кеме ,білім кеме» демекші білім айдынында біз сусындағалы да сегіз жыл өтіпті.Уақыттың жалына жабысып мектеп табалдырығын аттаған сәби шағым да сағымға айналып барады. Бұл күндері мен де мектеп қабырғасындағы шәкірттердің ел тізгінін ұстар Азаматтар екенін сезініп келемін.Қоғамдағы басты байлық адам десек ,олардың үкілі үміті жастар!

Бәсекеге қабілетті жастар өте білімді болуы шарт.Ал білімнің қайнар көзі -мектеп.Мектептің жүрегі- жақсы мұғалім. Қазіргі қиын жағдайда оқушылар мектепті,мұғалімді сағынып жүр.Дегенмен бұл уақытша ғана ,біз «Алтын ұямызға» оралар күнді асыға күтеміз!

Бүгінде мемлекет бар жағдайды жасап,халықтың ахуалын бақылап отыр.Біз қашықтықтан білім алу үшін де бар мүмкіндікті жасап отыр.Бұл солай болуы тиіс те.Себебі жас ұрпақтың біліміне жұмсалар қаржы мен қайрат ең қайтарымы мол,сауабы кең игілікті іс.Бұл еліміздің болашағы үшін салынған ең керемет инвестиция екені сөзсіз.Өйткені мектебіміздің келешек экономикалық,әлеуметтік, рухани даму нәтижелері бүгінде мектеп қабырғасында қалыптасып жатыр емес пе!

Еліміздің кемел келешегі мен дамуы үшін біздер яғни оқушы жастар бар күш жігерімізді аямай оқуымыз керекпіз.Жастар үнемі ізденісте болуы шарт .Себебі майдангер жазушы Баубек Бұлқышев айтқандай «Заман біздікі»

Қандай жағдай болмасын білім бізді биіктерге бастайды!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!