Материалдар / Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды сөз еткенде, ең алдымен отбасы мүшелерінің іс-қимылдарына баса назар аударамыз. Себебі баланың толыққанды дамып жетілуіне әсер ететін ең мықты күштің бірі-отбасылық тәрбие. Отбасылық тәрбие ол-бірлік пен берекенің бастауы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
170
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

USTAZ ENBEGI
Бас редакторы:
Абай Сәдібекұлы
Корректоры:
Камила
Әбілсейітқызы
Редакция
мекен –жайы:
Шымкент қаласы
Төле би 21 А
Редакция телефоны

+7 777 542 6070
+7 702 341 4295
Эл.почта
ustazenbegi@mail.ru
Шығу жиілігі:
Кемінде айына
1 рет
Таралымы
1000 дана
Журнал
«USTAZ ENBEGI»
редакциясында
басылды

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК «USTAZ ENBEGI» ЖУРНАЛЫ
Сәуір - Апрель 2024ж №04 (142 - журнал)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АҚПАРАТ КОМИТЕТІНДЕ №KZ25VPY00047594 ТІРКЕЛІП, 05.04.2022Ж КУӘЛІГІ
БЕРІЛДІ.
ЗАРЕГИСТРИРОВАН В КОМИТЕТЕ ИНФОРМАЦИИ МИНИСТЕРСТВА ИНФОРМАЦИИ
И ОБЩЕСТВЕННОГО
РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА №KZ25VPY00047594 ОТ 05.04.2022 Г

Қазақстан Республикасы ұстаздарының ашық сабақтар, мақалалар,
сценарийлер, баяндамалар жиынтығы
Сборник открытых уроков, статей, сценариев, докладов учителей РК
Атауы: «USTAZ ENBEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы
Название: Республиканский научно-методический журнал «USTAZ ENBEGI»
Тілі: қазақша, орысша
Язык: казахский, русский
Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы
Территория распространения: Республика Казахстан
Негізгі тақырыптық бағыты: Білім саласына арналған ғылыми-әдістемелік
журнал
Основное тематическое направление: Научно-методический журнал для
образовательной сферы
Редакция авторлардың пікірімен келісе бермейді. Сөздік, басқада мәселелер
бойынша авторлар өздері жауапты.
Мнение авторов и редакции может не совпадать. Ответственность за
опубликованный материал несет сам автор.

1

USTAZ ENBEGI
Мазмұны:
Содержание:

1. Зайитова З. С - Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі................................................................................3
2. Хұдярова С. Т - Әдебиет пәнін оқытуда оқушы бойына адами қасиетттер мен ұлттық
құндылықтарды сіңіре отырып, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру............................5
3. Уалиханова С. К - Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға мотивациаларын ойын әдісі
арқылы жетілдіру..................................................................................................................................................7
4. Досыбаева Қ. А - Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру жолдары........9
5. Картеева С. С - Жануарлардың көбею формалары.Жынысты көбею................................................11
6. Бегманова Б.С, Абдыбаева А - Абай поэзиясының тенденциясы........................................................14
7. Жетімекова О. Д - Химия пәнін оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру17
8. Исмаилова У. Х - Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру......................................................................19
9. Танирбергенова Б. Ж - Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сынып оқушыларына
сөйлемді қатысымдық тұрғыда оқыту әдістемесі........................................................................................22
10. Жорабекова М. Ж - Қазақ тілін оқытудың әдістемесі...........................................................................24
11. Тыныбаева Ә. Н - Балабақша бақытты бала мекені............................................................................26
12. Абиева К. М - Бала тұлғасының дамуы мен қалыптасуында отбасының алатын орны.............28
13. Аширбаева А. С - Бастауыш мектеп оқушыларын ұлттық ойындар арқылы достыққа
тәрбиелеу әдістемесі..........................................................................................................................................30
14. Зайнуллина С. Е - Kazakh musical instruments.....................................................................................32
15. Мухитова Д. А - Аңыз патшайым..........................................................................................................35
16. Нұрсейіт Р. Қ, Айтбек Ж. А - Жарнамадағы қателіктер...................................................................38

2

USTAZ ENBEGI
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы
№5 Шонжы орта мектебінің
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Зайитова Зайнурям Сайдуллаевна
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі
Бала тәрбиесі қай ғасырда болмасын ең өзекті мәселелердің бірі. Әрбір үйдің кішкентай
ғана бөлшегі атанып отырған балалар отбасынан мейірім, махаббат, жылулық күтетіні хақ.
Ал мұндай сезімге толы жылулықты сіңіре өскен бала әрқашан өзіне сенімді бола алады.
Бала тәрбиесі де осы сезімдер арқылы туындайтын үлкен үдеріс. Себебі әр жастағы баланың
даму ерекшеліктерін ескере келе, оларға тәрбиені өз жүйесімен, кезеңімен беруге
міндеттіміз. «Тәрбие басы тал бесіктен» - деп дана халқымыз айтып өткендей, балаға
тәрбиені жастайынан берген дұрыс.
Тәрбие тақырыбы өте ауқымды сала. Ұлттың айнасы ол ұрпақтың тәрбиесімен айқын
бейнеленетін құбылыс. Бала тәрбиесіне келгенде ұлт болып, қоғам болып ат салысып, адам
баласының бір-біріне деген сенімін, маңыздылығын сезіндірген дұрыс. Әсіресе, мектеп
жасына дейінгі балалардың тәрбиесі ата-ана үшін де, педагог үшін де үлкен
жауапкершілікті талап ететін құбылыс.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы сөз еткенде, ең алдымен отбасы
мүшелерінің іс-қимылдарына баса назар аударамыз. Себебі баланың толыққанды дамып
жетілуіне әсер ететін ең мықты күштің бірі – отбасылық тәрбие. Отбасылық тәрбие – ол
бірлік пен берекенің бастауы. Балалар ата-анасының қасында толық дамып әрі ой-өрісі
жетіліп, еркелеу, мейірім көру, сүйіспеншілікті сезіну арқылы өзін еркін сезінеді. Мұндай
балалардың ой-өрісі, даму психикасы да толық жетілген. Сондықтан шаңырақтағы ырыс
пен бақ, махаббат пен жылулық, береке, ол баланың дамып, жетілуіне тікелей әсер ететінін
ұмытпаған жөн. Бұл жерде ең басты салмақ ата-анаға түсетіні белгілі. Балаларымыздың
тәрбиелі, білімді, мәдениетті болып жетілуі үшін, үздіксіз жұмыс жасау керек. Ең бастысы,
баланы шексіз сүю, жақсы көру арқылы оның өмірлік ұстанымын берік қылып,
жігерлендіріп, қамшылай аламыз. Сондай-ақ отбасындағы аса маңызды міндеттердің бірі жарқын істер мен биік мұраттарға тәрбиелеу.
«Бала басты байлығымыз, Ал ең асылымыз оның тәрбиесі» - дейді Жүсіп Баласағұн.
Расында, әрбір отбасының асыл қазынасы ол – балалар, ал асыл мұрасы ол – тәрбие. Тек
ата-ана ғана өз баласына тәрбиені отбасы құндылықтарын негізге ала отырып, бала бойына
дарыта алады. Отбасында ата мен әженің, әке мен ананың толық тәрбиесін, түзу жолын
көріп, сіңіріп өскен балаға өмірінің әрбір баспалдағы да жеңіл бола түседі. Себебі «Атаананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»-деп Дулат Бабатайұлы жырлап өткендей, перзент
үшін отбасылық тәрбиенің астары да терең.
Бала дамуының өзіндік кезеңдері болады. Олардың өсу жасына қарай тәрбиенің де,
білімнің де ерекшеліктері дами береді. Алғашында балалар отбасында ата-ана тәрбиесін
көріп, дами бастаса, бертін келе бала тәрбиесі білім беру ошағына қарай ұласып, өз
жалғасын табады. Соның бірі –балабақша мекені. Балабақша – бала дамуында, оның
тәрбиесі мен білім алуында маңызды рөл атқаратын орта. Екі жастан бастап балаларды өз
қарамағына қабылдап, мектепке дейін оның озық жетілуі үшін жан-жақты жұмыс жасап,
білім саласының әдістері арқылы баланың ойлау, сөйлеу, тану, шығармашылық ойөрістерін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Ал әрбір баламен жұмыс жасау, оларға
3

USTAZ ENBEGI
ерекше қолдау білдіріп, жаңа ортаға бейімделуін қадағалау – тәрбиешілердің өзіндік
шеберліктеріне байланысты.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегі, мақал-мәтел және
ұлттық ойындардың маңызды екенін ұлы педагог К.Д.Ушинский атап өткен еді. Ұлттық
ойындар ғасырлар бойы атадан балаға беріліп, жалғасын табуда. Бала бойыдағы
тапқырлық, мергендік, ептілік, бірлесіп жұмыс атқару сынды қызмет атқарады.
Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы. Әсіресе қазақ халқының ұлттық
ойындары тек ойды ғана емес, денені де жаттықтырушы құрал іспеттес. Мәселен, ұл
балаларға асық ойнаудың өзі ойды дамытып, есепке де бейімділігін арттырып, жеңіске
деген құлшынысын арта түседі. Сол сияқты қыз балалар үшін алтыбақан әткеншегі де
қызықты ойындардың бірі. Немесе топ болып арқан тартыс ойыны арқылы балалар бірігіп
жұмыс жасауға, ауызбіршілікке, жарысқа үйренеді. Міне, ұлттық ойындардың түрлерін де
аса ықыласпен үйретіп, күнделікті ойыннан айырмашылығы мен қасиетін түсіндіріп отыру
қажет.
Мектепке дейінгі тәрбие беру арқылы біз баланы жаңа өмірге дайындаймыз. Топпен
жұмыс жасау арқылы, татулыққа, ауызбіршілікке баулимыз. Түрлі сайыстарға қатыстыру
арқылы өзіне деген сенімділікке баулимыз. Сауат ашу арқылы білімге шақырамыз.
Қоғамдық жұмыстарға ат салыстыра отырып, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа,
батылдыққа тәрбиелейміз. Түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары арқылы үлкенді сыйлау,
жомарттық таныту, кішіге ізет көрсету, отбасыны бағалау, ата-ананы қадірлеу сынды адами
құндылықтарға тәрбиелеп шығамыз. Міне, осыны көріп шыққан балалар мектеп
қабырғасында да алдыңғы қатарлы үздіктердің үздігі болып отырады.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық
міндетіміз» - деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, әрбір баланың сапалы
білім мен саналы тәрбие алуына білім мекемелерінің қосар үлесі орасан зор. Дегенмен,
тәрбие саласы ауқымды болғандықтан кейін, ұлттың айнасы деп танығандықтан кейін, ең
алдымен бала тәрбиесі басты назарда тұру қажет. Себебі тәрбиелі ұрпақ тұғыры биік елдің
тұтқасы екенін ұмытпағанымыз жөн.

4

USTAZ ENBEGI
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы
“Қарағұр”жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Хұдярова Сәуле Темірланқызы
Әдебиет пәнін оқытуда оқушы бойына адами қасиетттер мен ұлттық
құндылықтарды сіңіре отырып, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Білім берудің қай түрі болса да, негізінен сабақты ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Сондықтан
сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің әдіс-тәсілдері, жаңаша ізденісі, жаңалыққа ұмтылысына
байланысты іске асады. Соңғы жылдардағы ақпараттандыру заманында шығып жатқан сан алуан
технологиялар мен әдіс-тәсілдердің тиімдісіне сүйеніп, соларды меңгеруге ұмтыламыз. Өзге ұлт өкілдеріне
қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану өте маңызды. Негізінен, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні баланы рухани тұрғыдан дамуына, оның әдеби және ұлттық құндылықтарға бай болып ықпал
етеді. Бұл пәннің мектеп қабырғасында оқытылуы үлкен мәнге ие. Аталмыш пән арқылы бала тура бағытта
дами алады. Бүгінгі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнін инновациялық технологияларды қолдану арқылы
оқыту аса маңызды болып саналып жүр. Бұл үшін еліміздің білім беру саласында бірқатар реформалар
жүргізіліп, аталмыш пәннің оқушылар үшін аса қызықты әрі пайдалы өткізу жолдары қарастырылып жүр.
Бұл өз кезегінде нәтижесін де беріп жүр.
Мектеп қабырғасында оқушыларды оқыту процесінде ең алдымен жүйелі-әрекеттік әдісі басты назарға
алынуы керек. Себебі, қазіргі таңдағы оқулықтар мен оқу құралдары жүйелі-әрекеттік әдісі бойынша
жазылған. Сондықтан, әрбір пән мұғалімі аталмыш технологиядағы негізгі функцияларды өзінің сабағында
жетік қолданып, оны бүгінгі күннің талабына сай икемдеп, жаңа форматты оқыту процесінің үлгісін
қалыптастырғаны абзал. Жүйелі-әрекеттік әдісі бүгінгі күні өте кең ауқымда қолданылып келе жатыр.
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасы мен ықыласын арттыру мақсатында қолданылып
жүрген бұл технологияның беріп жатқан нәтижесі өте үлкен.
Әдебиет пен тіл халқымыздың басты қазыналарының қатарынан табылады. Бұл біздің
руханиятымыздың төрінен орын алатын құндылық. Сол себепті, оның ұлтымыздың өсіп-өркендеу
жолында қосар үлесі орасан зор. Әсіресе бүгінгі жаһандану дәуірінде ақпараттық ағынға жұтылып кетпей,
өзіндік даңғыл жолымыздан теріс кетпеуіміз аса маңызды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевта
халқымыздың өзіне тән ұлттық коды болатынын, оның ішіне рухани қазынамыздың шоғыры кіретінін
айтқан болатын. Біздің пайымдауымызша, бұл қатарда ұлттық нақышқа толы, елдігіміздің белгісі болған
әдебиет пен тілдің орны ерекше.
Бұл тұрғыда оқыту процесі кезінде жүйелі-әрекеттік тәсілді пайдалану аса тиімді болатыны белгілі.
Жүйелі-әрекеттік тәсіл дегеніміз – оқушының өз бетінше ізденіп, білім жинауы және осы жолда оған
мұғалімнің оқудың түрлі формаларын ұсынуы. Бүгінгі күні бұл тәсіл өте кең ауқымда қолданылып жүр.
Оқытудың дәстүрлі форматында мұғалім сабақ бойы өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп шықса, бүгінгі жаңартылған
білім беру жүйесінде мұғалім тек бағыт-бағдар береді. Оқушы өз бетінше ізденіп, білім мен ғылымның
алтын қорын жинауға тырысады. Бұл өз кезегінде оқушының шығармашылық потенциалын арттыратыны
сөзсіз. Егер оқушы өздігінен кітап бетін ақтарып, интернеттегі дереккөздер мен материалдарды
пайдаланатын болса, онда ол бұл бағытта жетістікке жетеді. Бұл жүйелі-әрекеттік тәсілдің басты
ерекшелігі екені анық. Қазақ әдебиетін терең оқи білген бала әр қашанда рухани дами түседі. Олай
дейтініміз қазақ халқы ерте заманнан-ақ бала тәрбиесіне, оқу дағдысына ерекше назар аударған.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде
дербес, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі уақытқа лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және
кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеу басты мақсатқа айналып отыр.
Ұлттық құндылықтарға әр хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени дәстүрлері
жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа,
отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай
қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл
мұра, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық
пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік
көзқaрасы бaр жеке тұлғаны қaлыптастырaмыз.
Ендігі кезекте
5

USTAZ ENBEGI
Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдар тоқталып өтсек.
- сыныптағы тәрбие сағаттары;
- баспасөз және қабырға газеттері;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- тәрбие шаралары (пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)
- кітап оқу;
- мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- шығармашылық жобалар қорғау;
- қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;
- саяхат жасау;
- үйірмелерге қатысу.
Бүгінгі күні оқушының жан-жақты дамуына, шығармашыл қабілетті болуы басты назарда. Егер мектеп
қабырғасында біз шығармашыл тұлға тәрбиелей алатын болсақ, алдағы уақытта өзі қалайтын
мамандықтың иесі бола алады. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойына сіңіре отырып, әрі қарай
өз жұмысын жүйелі дамытатын шәкірт – білікті маман болары сөзсіз. Егер білікті маман атанса, қоғам мен
мемлекет үшін ең тиімдісі осы болмақ.
Сонымен қатар Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру,
барлық пәндерде оқытудың негізгі факторы болып отыр. Сабақта функционалдық сауаттылықты арттыру
жолдары пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық,
сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі
қажет. Сабақта түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға
жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру,
нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының
бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы, алуан түрлі
әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру– білім беру
процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Келешек ұрпақты сауатты етіп тәрбиелеу Қазақстандағы мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
ұлттық іс-қимыл жоспарында
көрсетілген болып, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік
жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан
Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Қазіргі білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде «Функционалдық сауаттылықты»
қалыптастыру ең өзекті мәселеге айналып отыр.
Әлемнің дамыған елдер қатарына ену үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында
тұлғаның шығармашылықпен ойлауы мен мәселелерді жаңаша шешім табу қабылдау қабілеттері, кәсіби
жол таңдау білігі, өмір бойы ізденіп білім алуға дайындығы, яғни бүгінгі жаһандану заманының ағымына
сай болу – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер
мектеп және отбасында қалыптасады.
«Функционалды сауаттылық» оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және
болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық
проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық
оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін
білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде
мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз адамдардың сыртқы ортамен, әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі, яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, өз білімін үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Тұлғаның оқу,
ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым
сауаттылығына қарағанда, жеке тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада
тіршілік ету үшін біліктілік, икемділік пен дағдылар, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,
белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және баланың өз бетінше шешім
қабылдауға дағдыландыру. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз –
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, келген жағдайда тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді
қолдануына үйрету.
6

USTAZ ENBEGI
Шымкент қаласы
Ақпан батыр атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Уалиханова Салтанат Кенжетаевна
Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға мотивациаларын ойын әдісі
арқылы жетілдіру
Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесінде қабылдай алатын,
шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасап, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға
айналдыру.
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер
енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын,
педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады. Оқушының дербестігін, шығармашылық
ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып
табылады.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу үшін өтіп жатқан материалдың практикалық
қолдануымен толықтыру керек. Оқу процесінде ойынды тиімді қолданудың бала дамуы үшін маңызы өте
зор. Ойын – баланың негізгі әрекеті. Ойын оқушылар сабақта жалыққан кезде сергітіп, сабақты
ынталандыра түсу үшін пайдаланылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігімен қатар оның неге қызығатынын жете
білуі маңызды болмақ.
Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан
шығатын проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектеп тәжірибесінде
оқушының тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының
өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын
төмендетеді. Сондықтан қазіргі тандағы проблемалардың бірі болып табылады.
Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын – пән ортасында әлі де
жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. «Ойын – пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның
құрылымы оқу – пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударған, ойын теориясын
құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық
негізін ашты. Ойын мәселесінің кең, жан-жақты, салалы зерттелуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру,
жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылымдар саласында: әлеуметтік,
этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, т.б. тұрғыдан
қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған .
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - еліміздегі білім беруді
халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам
қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Іс - әрекеттің тұтастығы қағидасына сүйене отырып Л.С.Выготский іс -әрекетті детерменизм
қағидасына сүйеніп түсіндіреді. Ол кәсіби тұрғыдан өзін -өзі анықтауды детерминизм мен іс - әрекет
принциптері негізінде қарастырады. Детерминизм қағидаларын ескере отырып, оның ерекшеліктерін
кәсіби өзін -өзі анықтау үдерісіндегі екі жүйенің өзара байланысы барысында түсіндіреді. «Бір жағанан
бұл жастардың мамандықты саналы түрде анықтауына арналған қоғамдық жүйе. Оған мамандықты таңдау
мотивтеріне әсері мақсатты түрде жүргізетін мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдар, әдебиет пен өнер жатады.
Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың
негізгі іс-әрекеті. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс,
кейіптендіру болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге
тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал
еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара
қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
7

USTAZ ENBEGI
Мотивациялық әдіс арқылы ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре
отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту
әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене
ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу
процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу ісәрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы
шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз
деңгейіне көтеріледі. Сынып проблемасын алуға негіз болып отырған бұл өзекті мәселеден мен де тыс
қалған жоқпын. Алдыма келген бүлдіршіндерді заман талабына сай оқытып, тәрбиелеудің жолдарын
іздестірдім.
Қай ұстазды болсын алаңдататын бір жәйт ол баланың дербестік іс-әрекеті, сабақта баланың ойын
дитактикалық ойындар арқылы дамыта білу қабілеті. Қазіргі педагогикалық жоғары оқу орындарын
бітірушілердің теориялық білімдері мен практикалық даярлықтары, әлеуметтік-психологиялық
дағдыларының деңгейі жалпы шартты түрде ғана қанағаттандырады, екінші топ болашақ педагог
мамандардың кәсіби даярлауда жоғары оқу орны мен мектептің ықпалдастығын жүзеге асыру қажетті деп
ұсыныс айтады, келесі топ педагогикалық практиканы өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
аясында жоғары оқу орнының әлеуметтік серіктестікте болуы тиіс деп санайды.
Ойларының бір жерден шығуы және олардың басымдығы, мотивациялық ойын әдісін заманауи даярлау
үдерісіне оқыту формасымен практикалық – бағдарлануға баса назар аудару қажеттілігіне тілектер айтады,
алайда шешуге құлық танытпағаны байқалды. Десек те, дуалды оқыту бағдарламасы негізінде болашақ
бастауыш педагогын даярлауға көшірілсе, әрине жұмыс берушілердің сұраныстарын толығымен
қанағаттандыруы мүмкін деген ойларында білдіреді. Оған дәлелді фактілерді де келтіре кеткен; болашақ
педагог шынайы жұмыс орнында «субъект-субъект» қатынасында жүзеге асырылса, яғни оқу орнындағы
алып жатқан теориялық білімін, мектепте тікелей іс-әрекеттік қызметтерді ұйымдастыру паралель
жүргізілуі кәсіби-тұлғалық сапаларды қалыптастыруға, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасы. ҚР заңы. Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы:
қабыл. 2016 жылғы 21 қаңтарда, №50. – 2018, қазан – 12. жаңа редакцияланғаны 11.09.2018 № 455
бұйрығымен бекітілді
2. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» /Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана,1998.

8

USTAZ ENBEGI
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы
"Қарағұр" жалпы білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Досыбаева Қарлығаш Аліханқызы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру жолдары
Оқу жылдамдығы- оқушының оқу үлгерімінің деңгейіне әсер ететін критерий. Өйткені, бала
неғұрлым баяу оқыса, соғұрлым ол материалды оқуға немесе тапсырманы орындауға көбірек уақыт
қажет болады. Оқу техникасы төмен орта сынып оқушысы оқуда жоғары нәтижеге жете
алмайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденген.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері де, кіші мектеп
оқушыларының ата-аналары да оқу техникасын үйретуге ерекше көңіл бөлулері қажет. Оқу кезінде
баланың мәтіннен басқа ештеңе ойламауы маңызды. Балалық шақта жылдам оқуды меңгеру үшін кітаптың
бүкіл парағын тұтастай көруді үйрену керек, оны сызықтармен емес, диагональ бойынша оқу керек.
Оқу ақпаратты қабылдау және қабылдау қабілетіне негізделген сөйлеу әрекетінің ең маңызды түрі.
Сызбалардан, диаграммалардан және бейнелерден айырмашылығы, ол қиялды белсендіреді.
Оқу қабілеті бүгінгі таңда бірінші сынып оқушысына қойылатын басты талаптардың бірі. Бастауыш
сыныпта балаларға оқу техникасы бойынша тест тапсырылады: оның көмегімен оқушының мәтінді
қаншалықты тез түсінетінін және оны қатесіз қабылдай алатынын тексереміз. Қазіргі техниканың дамыған
заманында оқушылар үй жағдайында кітаптан қарағанда ұялы телефон, планшеттерге әуес. Сол себепті
өкінішке орай, тыңдалым мен бейнені қабылдау дағдылары қалыптасып, оқу мен айтылым дағдылары
келесі кезекте тұр.
Оқушының жылдам оқуда қиналатын негізгі себептері:
- визуалды есте сақтау қиындығы
- дыбыс элементтерінің синтез процесінің қалыптаспауы.
- әріптер мен дыбыстар арасындағы күшті ассоциациялар дамымаған.
- регрессиялар – бұрыннан оқылған нәрсені қайта оқу мақсатында көздің қайталанатын қозғалысы.
- мәтіннің мағынасын болжай білмеуі. – артикуляциялық
кемшіліктер.
- шағын көру аймағы.
- зейін мен есте сақтаудың жеткіліксіз даму деңгейі.
- белсенділіктің төменділігі.
Оқу жылдамдығын сауатты арттыру жолдарының алғашқы сатыларын қалыптастыруға байланысты
әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылылы оқушының әдеби сауатын ашып, рухани байыта түсеміз.
«Біз оқимыз, санаймыз» жаттығуы
Екінші сынып оқушысы мәтінді оқып, берілген дыбыстарды санайды. Мысалы, мына өлеңдегі «о»
дыбысының санын табыңыз.
Отан деген-атамекен
Отан деген- туған жер.
Отан-ана
Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел
«Cөз пирамидалары» Мұндай жаттығулар үшін сөздер ең аз әріптері бар сөзден бастап бағанға
жазылады. Әрбір сөз екі бөлікке бөлінеді, олар бір-бірінен біршамақашықтықта
жазылады.
Әрбір келесі жолда бұл қашықтық артады.
«Бірінші-соңғы» Бұл жаттығу үшін кез келген мәтінді пайдалануға болады. Балалар тек әр жолдың бірінші
және соңғы буындарын оқуы керек. Бұл тапсырманы орындауда оқушы зейіні шоғырланып, дағдысы
дамиды.
«Сөзді табыңыз» Қағазға бірнеше түрлі, өте ұзын емес сөздерді кездейсоқ ретпен жазу керек. Мектеп
оқушыларының міндеті - мұғалім бір-бірлеп атайтын парақтағы сөздерді мүмкіндігінше тез табу.
«Сына диаграммасы» алдымен орталық бағанға назар аудару қажет.
Содан кейін бүйірлік сандарды дауыстап айтып отырып,ақырын төмен қараңыз.Жылдам оқуға арналған
бұл сандар кестесінің мақсаты-соңына жету және орталық бағанның оң және сол жағындағы сандарды
9

USTAZ ENBEGI
бір уақытта көру.
«Шульте кестелері» Оқу жылдамдығы көбінесе көздің сызықтан сызыққа қаншалықты жылдам
қозғалуына байланысты.Кейбір балалар мәтінді ретімен оқи алмайды: олар жолдардан
«секіреді»,сөздерді өткізіп жібереді және үнемі сөйлемнің басына оралады. Шульте кестелері бұл мәселені
шешуге көмектеседі:
- ақпаратты қабылдау жылдамдығын арттырады;
- көру аумағын кеңейтеді;
- көздің қимыл жылдамдығын күшейтеді;
- логикалық ойлауды арттырады;
- ойлау ритмін қалыптастырады;
- жылдам оқуда мәтіндегі көлемді ақпаратты тұтас қамтуға көмектеседі.
Көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіндегі басты сұрақтарының бірі – «Балалардың оқуға
қызығушылығын қалай арттыруға болады?».Әсіресе, смартфондар мен планшетті қолдарынан тастамай
ойнайтын бүгінгі балалардың оқуға қызығушылықтары еш оянбайтындай көрінеді. Мұндайда не істеуге
болады?
Мектеп жасындағы әріп танитын балаға қажеттілігіне қарай берілген сөздерді өздеріне оқыту
ұсынылады. Мысалы, дәмханаға тамақтануға барғанда балаға ас мәзірін өзіне оқытуға тырысыңыз "Сен
ұнататын тағам бар ма, тапшы" немесе "Балмұздақтың қандай түрі бар екен? Саған ұнайтыны бар ма?"
деген сияқты сауал қойған жөн.
Баланың кітап оқығысы келмей тұрса, оны күштеп оқытуға болмайды.Бұдан бала кітапты жек көріп
кетеді. Оның орнына кешке ұйықтар алдында қызықты кітаптың (ертегінің) бір абзацын, мүмкін болса,
ондағы басты кейіпкердің сөзін немесе оған берілген мінездемені дауыстап оқуын өтініңіз. Оқып болған
соң балаңызды мақтап қоюды ұмытпаңыз. Әдетте, балалардың ойында әр күннің соңғы оқиғалары жақсы
сақталады. Ұйықтар алдында олардың көпшілігі дәл сол оқиғалар жайында ойланып жатады. Егер
балаңызға оқыған ертегісі ұнаса, оның басты кейіпкерін өзім деп елестетіп, оқиғаның жалғасын білуге
қызығушылығы артады.

10

USTAZ ENBEGI
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы
"А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ
Биология пәнінің мұғалімі
Картеева Сауле Султанмуратовна
Бөлім:

8.4 А Көбею

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Картеева Сауле Султанмуратовна

Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары
Сабақмақсаты:

Бағалау критерийлері:

Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері.Жынысты
көбею.
8.2.1.1 жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері.
Жынысты көбею
1. Бaрлық оқушылар: тірі ағзаларға тән қасиет көбеюдің түрлерімен
танысып, олардың ерекшеліктерін біледі; маңызын түсінеді.
2. Оқушылардың басым бөлігі: жануарлардың көбею тәсілдерін
салыстырады.
3. Кейбір оқушылар: тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен
мейоздың маңызын түсіндіреді.
Тірі ағзалардың көбею формаларын білу.
Жынысты және жыныссыз көбею түрлерін ажырату.
Көбеюдің маңызын сипаттау
Білу, түсіну, қолдану

Сабақ жоспары
Сабақтың
кезеңдері
Сабақтың
басы
3 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Психологиялық жағымды ахуал орнату
«Мозайка әдісі» оқушылырға үш түрлі
қойылған суреттерді беріп, сол суреттерді
құрастыру арқылы оқушыларды 3 топқа
бөлу.

7 минут

Алдыңғы білімді пысықтау:
(I)«Ашық микрофон» әдісі
арқылы.Мұғалім оқушыларға микрофон
арқылы кезек кезек сұрақтар қояды.
1.Митоз жолыман қандай жасушалар
бөлінеді?
2.Жыныс жасушалар қандай жолмен
бөлінеді?
3.Жасушалық цикл дегеніміз не?
4.Тірі ағзаларда хромасоманың қандай
11

Оқушының
іс-әрекеті
«Шаттық
шеңбері»әдісі:
Оқушылар
шеңбер құрып
бір-бірне жақсы
тілектер мен
лебіз сөздер
айтады.
1 топ:
«Жасыл эвглена»
2 топ: « Гидра»
3 топ: «Медуза»

Оқушылар
жекелеме

Бағалау
ҚБ
«Қол
шапалақтау"
әдісі арқылы
оқушылар
бірін бірі
бағалау

Ресурстар

USTAZ ENBEGI

Сабақтың
ортасы

жиынтықтары кездеседі?
5.Зиготада хромасамалардың жиынтығы
қалай түзіледі?
6.Амитоз процесі қалай жүреді?
ТТ:
«4 сурет 1 сөз» әдісі

10 минут

10 минут

1- тапсырма
(G) «Джигсо» әдісі арқылы үш топ өзара
мәтінді талқылайды, бір біріне
түсіндіреді.
1топ. Жынысты көбеюге тән ерекшеліктер
2топ.Жыныссыз көбеюдің түрлері
3.топ. Ұрықтану процесі қандай ағзаларда
жүреді.
ЕББҚ оқушы берілген тапсырмасы
бойынша тұтығып сөйлейтін оқушыларға
қолдау көрсетіледі
«Топтастыру» әдісі арқылы
1 тапсырма: Сәйкестендіру кестесі
1
2
3
4

Спора
арқылы
Бүршіктену
Қарапайым
бөліну
Өсімді көбею
Митоз

а. Теңіз
жұлдызы
b. Қыналар
c.Саңырауқұл
ақтар

сұрақтарға жауап
береді
Берілген
суреттерді
оқушылар
түсіндіріп,
тақырыптың
мазмұнын
ашады

Осы мәтіндер
бойынша
түсінгендерін
бірге отырып
талқылайды.
Топта бір
оқушы шығып
басқа топтарға
түсіндіреді.
Оқушылар
кестеде берілген
көбею түрлерін
өз атауларына
сәйкестендіріп
шығады.

Үзбелену

ҚБ:
Стикер
арқылы
ҚБ:
Бас бармақ

ҚБ:
ҚБ:
Бағдаршам
әдісі арқылы
оқушылар
бірін-бірі
бағаланады.

Дескриптор:
-Жынысты
ұрықтану
жолдарын
сипаттайды. Жыныссыз
ұрықтану
жолдарын
көрсете
алады

Суреттер

8 сынып
биология
оқулығы

Ресурс 1

d.Жануарлар
5
6

Дескриптор:
-Ағзаладың
көбею
формаларын
біледі .

e.Бактерия
f.Гидра

3 тапсырма: «Жұбын тап» әдісі.
Әр топқа не жауабы не сұрағы бар
қағаздар таратылады.Оқушылыр топ
ішінде сәйкес сұрақ пен жауапты іздейді.
Функционалдық сауаттылық
4 тапсырма
Көбеюдің маңызы
Көбею немесе репродукция – барлық
тірі организмдердің өсіп өнуін белгілі бір
түрдің сақталуын қамтамасыз ететін
күрделі биологиялық процесс.
1 cұрақ
12

Оқушылар
2 ресурстағы
тапсырмаларды
топпен
орындайды.
Ресурс 2

Дескриптор:

USTAZ ENBEGI
Организмде жасушалар санының
артуын/көбеюін қандай процеспен
байланысты болуы мүмкін?

10 минут

Сабақтың
соңы
5 минут

«Кері байланыс»
«Алма ағашы» әдісі . Тақырып бойынша
бүгін бәрін жақсы түсіндім,көңіл күйім
жақсы -жасыл түсті алма,тақырыпты
жақсы орындай алмасы түсінбесе-сары
түсті алма.
Үйге: Жануарладың көбею формаларын .
Интернет желісінен осы тақырып туралы
қосымша ақпарат жинақтау. Жаңа термин
сөздерді дәптерге жазу.

13
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!