Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды халықтық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балаларды халықтық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің ұлттық тәрбиелік білім берудегі негізгі мақсатымыз адамның әсемдікке шынайы көзқарасымен мұраттары болуы керек екендігі белгілі. Балалардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары: ізеттілік, ұқыптылық жалпы шынайылық, қарапайымдылық, тазалықты сақтау т.б болса жалпы эстетикалық мәдениттегі қарым-қатынас әдебі киім-кешек үй жағдай эстетикасы, сөйлеу әдебі,дене қимылы т.б ұлттықсипатқа негізделе отырып, әлемдік мәдениетпен ұштасуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1243
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

Батыс Қазақстан облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты















Мектеп жасына дейінгі балаларды халықтық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту.


















Орал – 2017 ж.








Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Өзектілігі:

ІІІ. Мақсаты

IV. Міндеттері

V. Күтілетін нәтиже :

VI. Жоспар

VII. Зерттеу болжамы:

VIII. Қорытынды:

IX. Қосымша













































І. Кіріспе

Ойын-мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуына басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздаң тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған әдістемелік құрал болып табылады. Ұлттық ойындар-қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі.



Өзектілігі:

Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін балаларға үлгі, өнегелі тәрбие беру-қазіргі міндеттердің бірі. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Қазіргі кезде қазақ халық ойындарының күнделікті өмірде ойнатылмауы, қазақ бұрышының толық болмауы, аздығы. Балалардың ұлттық ойындарды толық білмеуі.
Сол себепт
і балаларды халықтық ұлттық мәдениет көзіне тарту болып табылады.

Мақсаты:

Біздің ұлттық тәрбиелік білім берудегі негізгі мақсатымыз адамның әсемдікке шынайы көзқарасымен мұраттары болуы керек екендігі белгілі. Балалардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары: ізеттілік, ұқыптылық жалпы шынайылық, қарапайымдылық, тазалықты сақтау т.б болса жалпы эстетикалық мәдениттегі қарым-қатынас әдебі киім-кешек үй жағдай эстетикасы, сөйлеу әдебі,дене қимылы т.б ұлттықсипатқа негізделе отырып, әлемдік мәдениетпен ұштасуы тиіс.

Міндеттері:

-халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру;

-Ұлттық ойындардың түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, қызығушылықтарын арттыру;

-Жалпы эстетикалық мәдениеттегі қарым-қатынас әдебі, киім-кешек әдебі, үй жағдайы әдебі, сөйлеу әдебі, дене қимылы т.б ұлттық сипатқа негізделе отырып, ұлттық мәдениет көзіне қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже :

Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. Сонымен ұлттық тәрбие ұлттық құндылықтар арқылы жеке тұлғаның ұлттық санасын, намысын, дүние танымын қалыптыстыру. Олай болса, ұлттық негізде тәрбиелік білім беру барысында біз ұлттық бағыт –бағдары қалыпасқан өмірлік ұстанымы ұлтына деген сүйіспеншілікпен сусындаған қоғам үшін қажетті тұлға тәрбиелеп шығарымыз анық.



Іс-шара атауы

Мерзімі

Күтілетін нәтиже

Жауаптылар

1

Халықтық ұлттық ойындар. (Ғаламтордан, кітап, журналдардан жинау)

13.11.2017

Жинақталған материалдар, доклад.

Тәрбиешілер

2

Жинақталған материалды ата-аналарға жеткізу.

14.11.2017

Доклад.

Ата-аналар.

3

Халықтық мәдениет бұрышын безендіру, жинақтау.

15.11.2017

Материалдар, картотека, заттар(асық, қамшы, киіз үй) т.б.

Ата-аналар, тәрбиешілер.

4

Балаларға арналған видео материалдар.

16.11.2017

Видео материалдар жинақтау.

Тәрбиешілер

5

Тәрбиешілерге қорытынды көрсету. (Презентация)

17.11.2017

Жоба қорғау.

Тәрбиешілер

Жоспар:




Зерттеу болжамы: Балаларға ұлттық мәдент көзін қалыптастыруда -ойындар арқылы, салт-дәстүр арқылы, рухани жаңғыру арқылы, халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Мәдениеттің шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ұлттық мәдентетті өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады.


Қорытынды:

  • Осы жобамды қорыта келе халықтық ұлттық мәдениеті туралы керекті материалдар жинақталды.

  • Халықтық ұлттық мәдениет туралы мәлімет алды.

  • Ата-аналар белсене қатыса отырып, берілген тапсырмаларды орындады:

  • Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары артты, күнделікті өмірде ұлттық ойындарды ойнауға құштарлықтары оянды, салт-дәстүрге деген, мәдениет көздеріне деген сезімдері оянды.


1-қосымша


Әлем елдеріндегі бала тәрбиесі 1 маусым күні халықаралық деңгейде балаларды қорғау мерекесі тойланады. Жаймашуақ жаздың алғашқы күнімен келіп жететін балаларды қорғау күні – ертеден келе жатқан халықаралық мерекелердің бірі. Барша әлем халқы бұл мерекені 1950 жылдан бері тойлап келеді. Қазақ халқы айтпақшы, «балалы үй – базар» екені, бала бар жерде күнде мереке екені айтпаса да түсінікті. Бала - басты байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі. Бүгінгі мереке қарсаңында әлем елдерінде бала тәрбиесіне қалай мән берілетіні туралы сөз қозғағалы отырмыз. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Бала тәрбиесі ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді. Алайда, әр елдің балаларының бала тәрбиелеу ісі бір-біріне ұқсай бермейді. Әр ұлттың тәрбие беруі әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Бала тәрбиесiндегi әр елдiң өзiндiк ерекшелiктерiн оқытатын ғылым бар. Оны этнопедиатрия деп атайды. Жас ғылым саласы деуге де болады. Жапониядағы бала тәрбиесі Жапондар бала тәрбиесіне баса мән беретін ұлттың бірі. Олар «балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса, ал он бестен кейiн досыңдай сырлас» деген тәрбие негізін берік ұстанады.

Жапондар бала тәрбиелеуде «ұл», «қыз» деп бөлмейді. Екеуін де қазақ халқы сияқты еркелетіп өсіреді. Күншығыс елі мен қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі бір ұқсастық - ер баланы ел қорғаны, қыз баланы келешек отбасы ұйытқысы болуға баулу. Қатаң қағидалар негiзiнде өскен жапон баласы он бес жастан кейiн тәртiптi, оң-солын таныған, жақсы мен жаманды айыра алатын толыққанды азамат саналады. “Патша” болып еркiн өскен бала 5-6 жасынан бастап, тастай темiр тәртiпке бағынатын “қиын” күндерге тап болады. Егер бұл тәртiпке бағынбаса, қатаң жазаланады. Жапон баласы үшiн ең үлкен жаза – жалғыз қалу. Отбасы мүшелерiнен бөлек бөлмеде жалғыз отырудан асқан азап болмайтынын сәби күнiнен санасына сiңiрген бала сол жазаға ұшырап қалмауға күш салады. Көпшiлiктен, қоғамнан тыс өмiр сүру түсiнiгi жапондардың ортасында кешiрiлмес күнәмен тең.

Кәрістердің бала тәрбиесі Кәрістер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын ерекше атап өтуге тырысады. Кәрістер үшін бала тәрбиесі - сөз бен істегі адалдық, мақсатқа жетудегі табандылық пен төзімділікке баулу.

АҚШ-тағы бала тәрбиесі АҚШ-та бала тәрбиесі «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымға негізделген. Көбіне ата-аналар балаларының талап-тілегін бірінші орынға қояды. Жылдам орындауға тырысады. Ал бұзықтық жасаған балаларын екі түрлі тәсіл арқылы жазалайды. Біріншісі – ойыншықтарын алып қойып, теледидар көруден шектеу, екіншісі – орындыққа отырып өзінің қате жасаған іс-әрекеті жайында ойлану. Отбасында баланы ұру қатаң түрде заңмен қудаланады. Қытайдағы бала тәрбиесі Қытайлықтар балаларын кішкентайынан төзімді, сабырлы және қанағатшыл болуға тәрбиелейді. Аспан асты елінде тәрбиенің дәстүрлі стильдері еуропалық тәрбиеден мүлде өзгеше. Бала тәрбиесі мемлекеттік маңызы бар шаруа саналады.

Қытайлықтар елде бала санына шектеу болғандықтан, жақсы тәрбие беруге тырысады. Дегенмен көп қытайлықтар отбасы жағдайларына байланысты балаларын ерте жастан-ақ бөбекжайларға береді. Израильдегі бала тәрбиесі Еврейлер отбасында бала тәрбиесі қатаң бақылауда болады. Тәрбие беруде өзіндік ұстанымдары да бар. Мәселен, баланың әлжуаз, көп шағым айтуына жол бермейді. Баланың көзінше ақша туралы сөйлеуге де болмайды. Себебі бала танымында маңызды дүние ақша қалыптасып, адамдық қасиеттерден алшақтай түседі деп топшылайды

Еврей отбасында жұбайлар бір біріне ерекше құрметпен қарайды. Ата-ана арасында сыйлы қатынас болса, бала өзін батыл сезінеді екен. Олар баланы үнемі мақтап жүреді. Бұл оның туыла салғанынан басталады. Тіпті, оның ең бірінші салған түкке тұрғысыз суреті үшін де мақтап отырады. Кез келген жетістігін барлық туыстарына, достарына хабарлайды.

Үндістандағы бала тәрбиесі Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады. Испаниядағы бала тәрбиесі Испанияда баланы ешуақытта қараусыз қалдырмайды. Үйде жалғыз тастамайды. 12 жасқа дейін баланы мектепке ертіп апарып, ертіп алып қайтады. Баланың танымы кең болып, мансап жолында ірі жетістерге жету жолдарын кішкентайынан құлағына құйып өсіреді. Балаларын өзгелермен салыстыра қарамайды. Отбасын, ұлттық құндылықтар мен үлкендерді сыйлауға баулиды.

Швециядағы бала тәрбиесі Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Балаларын ұрып-соғуға тыйым салынған. Тіпті оны қылмыс ретінде санайды. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

Германиядағы бала тәрбиесі Германия – тәртіптің елі. Бала тәрбиесінде де бірінші орынға тәртіпті қояды. Ал ата-аналар үшін басты орында – жауапкершілік. Қазіргі таңда Германия бала туу көрсеткіші бойынша құлдырап бара жатқан елдердің бірі. Себебі жастар көбіне мансап қуып, 30-дан аса, 40 жасқа таяғанда үйленеді. Сондай-ақ бірнеше баламен шектелуді жөн санайды. Бүгінде бұл процессті жою мақсатында мемлекет түрлі жобаларды қолға алуда.

ОТАНЫМЫЗ – БІР, ОЙЫНЫМЫЗ – МЫҢ БІР!

Көктем келді, күн жылынды. Енді далада асыр салып ойнауға болады! Осы тұста бір сауал қояйын. Ауылдарыңда көптеген ұлттың өкілдері тұратын шығар? Сонда бәрің бас қосып, қандай ойын ойнайсыңдар? Қай ұлттың ойындарын білесіңдер?

Сендер еске түсіргенше, біз өздеріңді елімізді мекен ететін әртүрлі ұлттардың ойындарымен таныстыра отырайық. Мәселен, орыс достарыңның аулада « – Гу-си, гу-си! – Га-га-га! – Есть хоти-те? – Да! Да! Да!» деп тақылдап жүргенін естіген шығарсыңдар? Ал қырғыз балалары қандай ойын ойнайды? Біле білсеңдер, қазақ пен қырғыз халқының тілі де, салт-дәстүрі де өте ұқсас. Бұл ұқсастық балалар ойындарында да бар. Мәселен, «орамал тастамақты» қырғыз балалары «жоолух таштамай» деп атайды. «Жамбы ату» да – екі халыққа ортақ ойын түрі. Қырғыз халқында қазақтар тәрізді төрт түлік малға қатысты ойын түрлері көп-ақ. «Тоқты сұрамақ», «қойыма қасқыр шапты», «түйе мен бота» деген ойындар – соның көрінісі. Елімізде сан жағынан алдыңғы орындағы ұлттың бірі – татарлар. Татар балалары «сары бөрі», «орын тап», «түлкі мен тауықтар», «тап та, қуып жет» деген ойындар ойнайды. Украин халқының ойындары: «биік емен», «мак», «хлибчик»… Беларусь халқының ойын түрлері: «михасик», «кірпілер мен тышқандар», «Иванка»… Түріктің балалары «бес тас», «тоғыз тас», «асық», «жеті керемет» сынды ойындар ойнап өседі. Байқасаңдар, түріктердің де көп ойыны қазақтармен ұқсас келеді. «Ақ терек, көк терек! Бізден сізге кім керек?» деп ойнауға әуессіңдер, солай емес пе? Бұл ойынды өзбек халқы өздерінің ұлттық ойыны санайды. Біздің елімізде ең үлкен диаспораның бірі – корей ұлты. Бізден алыста тұратын кәріс елінің балалары «кону», «ют нори», «чжегичхаги», «ён налиги» атаулы ойындарын жақсы көреді екен.

Мінеки, балалардың сан түрлі ойындарын осылай тізе беруге болады. Мүмкін, солардың біразын үйреніп аларсыңдар? Бірге ойнайық! Ал, кеттік!


ТҮЙЕ МЕН БОТА (ТОО ЖАНА БОТО)

Бұл – қырғыз балаларының ойыны. Ойыншылар арасынан түйе мен бота таңдалады. Қалған ойыншылар өзара қол ұстасып, дөңгелек шеңбер құрады. Бота шеңбер ішінде тұрады. Ал түйе шеңбер сыртында жүріп, аяғымен жер соғып, ботасын іздейді. Шеңбер ішіндегі ботасын көріп: «Ботам, ботам, үйге тез қайт!» – дейді де, өзі ішке кіріп, ұстап алуға талпынады. Бота болса: «Барғым келмейді!» – деп, ұсталмауға тырысады. Егер түйе ботасын шеңберге кіріп, ұстап алса, басқа жұп таңдалады. Егер түйе ұзақ уақыт бойы ботаны ұстай алмаса, ойыншы балалар оған «Шөк, шөк!» деп айқайлайды. Ал түйе басында көнбей, аяғын жерге соғып, ботасын ұстауға талпына береді. Сонда балалар хормен «шөк, шөк» деп айқайлай береді. Түйе жеңілгенін мойындап отырған бетте, балалар оны айнала жүгіре бастайды. Түйе сонда қай баланы бірінші ұстаса, сол бала – түйе, екінші ұсталғаны бота болып, ойынды жалғастырады.

Ойын ережесі: түйе шең-берге тек балалар отырып үлгермеген кезде ғана кіріп, не шыға алады. Шеңберде тұрған балалар ботаға көмектесуі керек.

ТАП ТА, ҚУЫП ЖЕТ (ЧИТАНМЕ, БУЗМЕ)

Бұл – татар балаларының ойыны. Ойын-шылар орындыққа немесе шөп үстіне бір қатарға отырады. Жүргізуші бала олардың алдына жайғасады. Оның көзі байлаулы болады. Ойыншылардың бірі жүргізушіге келіп, иығына қолын қойып, оны атымен атайды. Жүргізуші оның кім екенін табуы тиіс. Егер ол тапса, онда тезірек көзіндегі орамалды шешіп, әлгі баланы қуып жетуі керек. Егер жүргізуші ойыншыны дұрыс таппаса, онда басқа ойыншы келеді. Есімін дұрыс тапса, ойыншы оның жүгіруі керектігін қандай да белгі (мәселен, иығынан нұқу) арқылы білдіреді.


Ойын ережесі: Жүргізуші ойыншыны қуып жетпесе, ойынды келесі баламен қайталап, жалғастыра береді. Қуып жетсе, ойыншылар қатарының соңына жайғасады. Ал ұсталған бала жүргізуші болады. Ойында реттілік қатаң сақталуы тиіс.

АҚ ДОП ЖӘНЕ ҚАРА ДОП (АГ ТОН ВЗ ГАРА ТОН)

Әзірбайжан халқының бұл ойыны үшін екі кішігірім доп керек. Киіз немесе жүннен жасалған. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір-бірден жүргізуші таңдалады. Бір жүргізушіге ақ допты, екіншісіне қара допты береді. Дыбыстық белгі берілгенде, әр жүргізуші өз доптарын мейлінше алысқа лақтыруға тырысады. Екінші рет дыбыстық белгі берілгенде, әр топтан бір ойыншы өз добына қарай жүгіреді. Қай ойыншы бірінші болып өз жүргізушісіне допты әкелсе, сол топ ұпай алады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Ойын ережесі: Допты лақтыру және жүгіру тек белгі берілген соң ғана рұқсат етіледі. Допты барынша алысқа лақтыру керек.

ЧЖЕГИЧХАГИ

Кәріс балаларының ең сүйікті ойындарының бірі – чжегичхаги. Бұл қазақтың ләңгісіне ұқсайды. Тіпті, ойын ережесі де сондай. Тек, кәріс балаларының негізгі құралы – чжеги деп аталатын дөңгелек пішінді (ләңгіге ұқсас) нәрсе. Оны ойыншы алдын ала ойласып алған шартқа сәйкес не бір аяғымен, не екі аяғымен түсірмей, қағып ойнауы тиіс. Ең көп жерге түсірмей ойнай білген ойыншы жеңімпаз болмақ. Кәріс «ләңгісінің» ерекшелігі сол, оны топ болып та ойнайды. Бұл жерде ереже біраз өзгереді. Ойыншылар дөңгелене тұрып, бір-біріне чжегиді аяқпен лақтырады. Кім қағып ала алмаса немесе ойыншыларға дұрыс лақтыра білмесе, ойыннан шығып отырады. Қарсыластар сондай-ақ джегиді бір-бірінен қағып алуға да хақылы. Бұл ойынды кәрістер ертеде Қытайдан келген деп есептейді екен.

Кәріс балалары аспанға батпырауық ұшыруды да ерекше жақсы көреді. Жаңа жылдың алғашқы жартысында немесе желтоқсанның аяғында «ён налиги» деп аталатын дәстүрлі ойын өткізеді. Батпырауыққа эк (зұлымдық)иероглифін салып, оны аспанға биік ұшыруға тырысады. Сол арқылы зұлымдық біржола қайтып келмесін деп тілейді. Осындай батпырауық ұшыру мерекелерінде кәріс балалары «ён саум» дейтін ойын жарысын ұйымдастыруға құмар. Бұл ойынның мәнісі – қарсыласының «зұлым» батпырауығын соғып, өзінікін барынша биікке ұшыру.


Бұл мақалада ұлт ойындарының бала тәрбиесінде алатын орны туралы айтылған. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы. Ол жас ұрпақтың ойын, санасын, мәдениетін, денесін дамытады, сондай-ақ тұлғаның қалыптасуы мен дамуында маңызды орын алады. Баланың дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты әсер етеді. Өжеттілік, батылдық, ептілік, шапшандық, тапқырлық, табандылық, төзімділік, шыдамдылық және ұстамдылық сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну ұлттық ойындардан бастау алады. Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай, олардың жан-жақты дамуына, сана-сезімінің өсіп жетілуіне, денесінің шынығу деңгейін көтеріп, оқу үлгерімінің ілгерілей түсуіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Тірек сөздер: ойын, ұлттық ойындар, ұлттық тәрбие, халық педагогикасы, тұлға, бала, тәрбие, оқу-тәрбие процесі, дене тәрбиесі, дене дайындығы, дене шынықтыру пәні, даму, қалыптасу.

 

Ұлттық ойындар қазақ халқының мәдени мұраларының ішіндегі ең маңызды орынға ие түрі болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ептілікті, ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты қажет етеді. Сондай-ақ ұлттық ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары ұстанымдарына негізделген. Қазақтың көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу сияқты ұлттық ойындары спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие. Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, сондай-ақ оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени құндылықтардың бірі ұлттық ойындар. Мазмұны жағынан барлық ойындар түсінікті, жалпы дамытушы мүмкіндіктері бар, әралуан педагогикалық қызметі бар, ұжымға деген қатынасты тәрбиелейтін, эстетикалық талғамды дамытуға бағытталған, қоршаған орта туралы түсінікті нақтылайтын, психикалық үрдістерді жетілдіретін, дамудың жоғары деңгейіне өтуді ынталандыратын және тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін болып келеді. Ойын өте эмоциялық іс-әрекет, сол себепті ол бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде құнды нәрсе болып табылады. Ойын тұлғаның  дамуы мен қалыптасуында маңызды орын алатын ерекше іс - әрекеттердің бірі. Ойын барысында балалар жинақталған тәжірибені бейнелейді, өмір туралы өздерінің түсініктерін тереңдетеді. Сондай-ақ баланың түсініктерінің көлемін арттырады, байқампаздылық қасиетін, талдау, салыстыру және жалпылау сияқты іскерліктерін дамытады.

Ұлттық ойындар елдің өмірімен тығыз байланысты, шарушылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шарушылық саласы жоқ десе де болады. Ойында үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.  В.В. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деп анықтама береді. Ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Дене тәрбиесі оқушыларды жан-жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өмірге керекті дағдыларды игереді. Өз беттерімен жаттығып, ұйымдасып шынығуға машықтанады. Бұл сабақтарда оқушылар әртүрлі қимылдар жасап, денесіне көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті, шапшаң, төзімді болуға жаттығады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық ойындар ойнату барысында да іске асырылады. Сабақтан тыс уақытта ойнатылатын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы,  «Ұшты – ұшты»,  «Көрші- көрші»,  «Сақина жинау», «Соқыр теке», «Қойыңы қасқыр шапты»,  «Атқума»,  «Жаяу көкпар»,  «Түйе – түйе», «Қасқыр мен ешкі», «Күзетшілер», «Арқан тарту»,  және т.б. ойындарды арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде ойындарды қолдану әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде арнайы таңдауды қажет етеді. Ойындар төмендегідей топтастырылады:

- Мазмұнының күрделілік дәрежесіне байланысты ең қарапайымдылардан күрделіге қарай;

-  жас ерекшеліктерін ескеру сипаттарына қарай;

- қимыл-әрекет түрлеріне қарай;

- дене қасиеттеріне қарай;

- жеке спорт түрлеріне даярлануына қарай;

- ойыншылардың өзара қатынасына қарай.

Ойындар уақыттық қатынастарды дұрыс бағалай білу қабілетінің, өзгермелі жағдайға жылдам әрі дұрыс әрекет көрсете білу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның білім беру жағы мұғалімнің дұрыс назар аударуына сәйкес қажетті деңгейде орындалады. Ойын барысында бала өзінің барлық жеке тұлғалық қасиеттері мен сапаларын анықтайды. Ойын сияқты ешқандай іс-әрекет оқушының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты ашып бере алмайды. Ойынмен айналыса отырып, бала өзінің барлық мінез бітістерін анықтай алады. Сыныпта әрдайым тұйық жүретін бала ойын барысында өзін басқа жағынан көрсете алады. Мұның барлығы әр балаға жеке тұрғыда дұрыс ықпал ете алуда өте маңызды. Қазақ ұлттық ойындарын мектеп тәжірибесіне ендіру бір жағынан тәжірибелік жұмыстың жинақталуына ықпал етеді, екінші жағынан – қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік мәнін насихаттайды, олардың баланың денелік және ақыл-ой дамуының рөлін, кіші мектеп оқушыларының ұлттық салт-дәстүрлерге сүйіспеншілігін орнатуды қарастырады. Оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас көбінесе ұжымдық – қимылдық ойындарда жүзеге асады. Олардың барлығына жарысу сипаты, сонымен қатар қойылған  мақсатқа жетуде өзара көмек көрсету арқылы шешіледі.

Ұлттық ойындар - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты әсер етеді. Ол өзін-өзі тәрбиелеп бүгінгі біртұтас педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық негіздегі педагогикалық-әлеуметтік ахуалды байыта түсетін оқу-тәрбие құралы болып табылады. Ұлт ойындарының бойында тұтас педагогикалық процестің негіздері бар. Тұтас педагогикалық үрдістің құрамына - оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, дамыта оқытып, дамыта тәрбиелеу процестерінің табиғи бірлігі жатады. Сондықтан ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негіздерін сөз еткенде оның дидактикалық негіздері туралы сөз айтпай кетуге болмайды. Дидактика-оқу теориясы ретінде «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек» деген сұрақтарға дәйекті жауап беруді іздейді. Оқу - оқушының іс-әрекеті болса, оқыту екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен оқытушының бірлескен әрекетінен тұратын күрделі процесс. Оқушы білім алуға, оның қажеттігіне түсінбейінше оқытушы өз міндетін дәйекті түрде атқаруы қиын. Олай болса, оқытушы ең алдымен оқудың түрткісін оқушының анық түсініп білуіне жол ашуы керек. Ал түрткі белгілі бір әрекеттің мақсаттылығы, соған итермелейтін, бағыттайтын қозғаушы күш. Оқудағы оқушы мақсаты - білу, құбылыс пен оқиғаның сырын білуге ұмтылу. Сондықтан оқыту - оқушы мен оқытушының іс-әрекеті болғанымен, көп жағдайда абстракциялық рөл атқарады. Егер оқушы оқу мотивін анық, айқын түсінген болса, оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті оң нәтижесін береді. Ұлт ойындарының дидактикалық негіздерін сөз еткенде, ең алдымен ойын мотивінің айқындығы мен анықтығын ескеріледі. Ойын түрткісі - жеңіс. Ойын шиеленіскен тартысқа негізделеді. Сондықтан, қандай ойын болмасын оның қорытындысы жеңіспен аяқталуға тиіс немесе тең аяқталады. Қандай жағдайда болмасын белгілі бір қорытындыға келеді.

Ойын барысында баланың мінезінің ұжымдық негізі қалыптасады. Балалар тобы қатысатын ойындар олардың қоғамдық қатынасын дамытады, жеке тұлғалық байланыстарын арттыруға көмектеседі. Тәрбиелеудің бұл түрі балалардың ойын қатысушыларының қоғамдық пікірін бағалай білуіне, жолдастық өзара қатынас, жетекшілік ету және ережелерге бағыну іскерлігіне үйретеді. Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі процесінде қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Ойын бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал жасайды. Ойын процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады. Әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты. Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.

Ойынға қатысу олардан дене дайындығын, көңіл-күй дайындығын және тапқырлық сияқты қасиеттерді талап етеді. Ойын мазмұнына қарай қатысушылардың психикалық және физикалық дайындықтарын дамытуға көмектеседі.

Ұлттық ойындар тәрбиелік, өжеттілік, ұжымшылдық, әлсіздерге көмектесу және өзінің топ мүшелерінің ажырамас бір бөлігі екендігін сезіну қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан қазіргі уақыт педагогикасының маңызды мақсатының бірі, біздің қазіргі заман талабымызға сай тәрбиелік мәні бар, мыңдаған жылдар бойы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге қолданып келген қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану болып табылады.             Ойындар тек дене тәрбиесін дамытатын құрал ғана емес, ол жас ұрпақтың ой санасын, мәдениетін де дамытады. Көбінде олар ұжымшылдық бағыттар мен бір-біріне қол ұшын беруге жас жеткіншектердің өздерінің қатарластарының алдында, ұялу, қысылу, топтарда өздерін емін-еркін ұстауға  көп көмегін тигізеді.

Ұлт ойындарын дидактикалық материалдар ретінде пайдалану бірыңғай ойын сабақтарын өткізу деген сөз емес. Оны тиімді пайдаланудың жолдары бар. Ол сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың сабақтың әр кезіңінде сергектікпен жұмыс істеу қабілетін сақтауға мүмкіншілік береді.

Ойын адам баласының алғашқы және саналы іс-әрекеті. Ұлттық ойындардың бойындағы осы қасиеттері бүгінгі егемен елдің өз ерекшелігін айқындап беретін, тілін, ділін айқындайтын өткен тарихынан хабар беріп, ойлау жүйелерінің ұлтқа тән логикалық негіздерін қалайтын, денсаулығын оңдап, салауаттық өмір салтын мұра тұтқан жан-жақты дамыған дара тұлғаларды қалыптастыратын адам өмірінің даму барысында басқа да тәрбие құралдарымен астаса отырып, бүгінгі егемен елдің белсенді азаматтарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосатын нәрменді құрал.

Ойын егеменді елдің жас ұрпағын дара тұлға етіп, денсаулығын мықты, салауатты өмір салтына бағдарлай тәрбиелеуде бүгінгі талапқа сай мектептегі тұтас педагогикалық үрдісті жетілдіре түсудің дидактикалық әдісі қызметін атқарады. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сөзбен айтып жеткізуге болмайды, ол күрделі іс-әрекеттердің басын құрайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!