Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулуда ойын тәсілін пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулуда ойын тәсілін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ойын» ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады: Ойын – сауық; • Коммуникативтік немесе қарым-қатынас кілті; • Диагностикалық (ойын барысында өзін -өзі таниды); • Коррекциялық (өзін-өзі түзету); • Әлеуметтендіру. Ұлттық ойын мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілеттерін, білімдерін жетілдіру, өздігінен жұмыс жасау, ерік, адамгершілік қасиеттерін дамыту, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дұрыс шешім қабылдауға үйрету, жағымды көңіл-күй туғызу, стресті бақылау, қарым-қатынасқа үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2022
255
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сарсекеева Галия Сапаровна

Әдіскер, педагог-сарапшы

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МКҚК, Петропавл қаласы


Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулуда

ойын тәсілін пайдалану


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық мұраларымызды, төл мәдениетімізді жаңғыртуға ерекше назар аударылған. Осы мақсатта төл өнерімізді бүлдіршіндерге дәріптеу, қызығушылықтарын ояту, ән салу, ұлттық аспапта ойнау, қолөнерді меңгерту дағдыларын қалыптастыру ісі балабақшадан бастау алса ұлттық мұраларымыздың өшпесі анық.

«Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» қарастырылған: «Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты, өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды қамтиды .

Мектеп жасына дейінгі балалардың бірінші әрекеті – ойын. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» — деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді [1, 37-38 б]. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап қана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.

«Ойын» ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:

Ойын – сауық; 

  • Коммуникативтік немесе қарым-қатынас кілті; 

  • Диагностикалық (ойын барысында өзін -өзі таниды); 

  • Коррекциялық (өзін-өзі түзету); 

  • Әлеуметтендіру. 

Ұлттық ойын мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілеттерін, білімдерін жетілдіру, өздігінен жұмыс жасау, ерік, адамгершілік қасиеттерін дамыту, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дұрыс шешім қабылдауға үйрету, жағымды көңіл-күй туғызу, стресті бақылау, қарым-қатынасқа үйрету.

Ойынның құрлымы: Ойынның мазмұны, шарты бойынша іс-әрекеттер, заттарын кеңінен пайдалану, балалардың өзара қарым-қатынасы, бала өзін ойын кейіпкері ретінде сезіну. 

Қазақ салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын өнерге сіңіріп, ұлттық өнер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Өнер дегеніміз адам баласының бағыттылығы және күнделігі бойынша әр алуан сұрақтарының туатын және шешілетін саласы [2, 21-23 б]. Сондықтан оның мазмұндық-мағыналық мәніне күмәндану деген сөз. Өнердің құндылық-мағыналық маңызы оның құрамына адам субъективтілігінің ішкі дүниесінің терең онтологиясы, оның құндылық қатынастарына негізделген талпынысы, адам болмысының әр түрлі дүниетанымдық түсініктерінің болуында. Осының арқасында дүниеге қатынас рухани-өнегелік бағытқа ие болады.

Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың өнерге, білімге, ынтасын арттырып, өнерге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады. Мектепке дейінгі білім саласында жұмыс жасайтын педагогтар балалармен ойындарды ұйымдастыруда балалардың психологиялық ерекшеліктерін білу маңызды. Мектеп жасына дейінгі баланың бойындағы психикалық процестер:  зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдерінің жас ерекшеліктеріне сай даму ерекшелігі. Баланың психикалық даму ерекшелігі ойлауында, ақыл-ойында, ынтасында, қабылдауында оқу-тәрбие үдерісі кезінде негізгі ерекшелік болып табылады. Ойын барысында баланың қажеттіліктері мен құштарлығы, қабілеті, зейіні, ой-өрісі кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып отырады. Сондықтан да баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ойындарды ретімен қолданудың дұрыс жолдарын қарастырып отырған жөн.

Ойын әрекеттері мәдениеттің жай ғана бір түрі емес, сонымен қатар балалар мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудің аса тиімді құралы болып табылады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын және қабілеттерін жетілдіреді. Ойын кезінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше. Баланың ойынға деген қажеттілігі мектепте оқып жүрген алғашқы жылдарда да сақталып қалады. Ойындар жалпы ойлау үдерісінің икемділігін, зейінін, қабылдауын, логикасын, қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын кезінде балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді. Өмір құбылыстары жөнінде таным түсініктері кеңейеді. Бала үн-түнсіз ойнамайды. Ойын барысында қарым-қатынас негізгі рөл атқарады.

Алғашқы дамыған ұлттық ойындар жеткіншектердің бір ортада өмір сүруіне, өзара қарым-қатынас жасауына себепкер болған. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде ұлттық ойындар мазмұны жағынан өзгеріп, топқа бөлініп ойнайтын ойындар пайда бола бастады. Мұндай ойындар дене жағынан да, ақыл-ой жағынан да дамуына көмектесті. Халқымыз «Баланы ойын өсіреді» деп тегін айтпаған. «Ойын тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімдеудің белгісі» деп халқымыз ойын әрекетін тәрбие құралы ретінде бағалаған. Төрт түлік мал туралы халық ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, ұлттық ойындарда да көрініс тапқан. «Ақ байпақ», «Түйе, түйе», «Соқыр теке», «Көк сиыр», «Асау мәстек» ойындарында басты рөлде төрт түлік мал сомдалып, ойын мазмұнында олар көздің қарасындай қорғалады. Ұлттық ойындар тақырыбына, мазмұнына қарай логикалық байланыста болып келеді. Халық арасында көп тараған «Мысық пен тышқан», «Үлек пен тайлақ» ойындары мысықтың тышқанды, үлектің тайлақты қуып ұстауы жануарлардың әлді, әлсіз жақтарын сипаттайды. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі – өлең сөздің араласып келіп отыруы. Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, ойын соңында жеңілген ойыншылар орындайды. Кейбір жағдайда суырып салма ақындық өнер де, әншілік өнер де осы ойын үстінде жетіледі.

Жұмабекова Ф.Н ұлттық ойындарды жан-жақты зерттей келіп, қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай ойындарды бір жасқа дейінгі нәресте, бір жастан жеті жасқа дейін сәби, сегіз жастан он бес жасқа дейін жасөспірім, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт жаста ойналатын ойындар - деп төрт топқа бөліп қарастырды [3, 47-48 б.].

Біз зерттеу жұмысымызда ұлттық ойындардың жеті тобын да қарастыра отырып, мектепалды даярлық тобы балаларының жас ерекшелігіне сәйкестендіріп, дүниетанымдық жағына көңіл бөле отырып, ықшамдап алдық.

Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар: «Кім сені түртті?», «Даусынан таны», «Бұғнай», «Біз де», «Жаңылма», «Ұшты-ұшты» т.б. ұлттық ойындарды ойнау барысында балалардың жылдам ой қорытып, заттар мен құбылыстарды қасиеттеріне қарай ажырата білу дағдыларын жетілдіре отырып, бала дүниетанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сөзбен ойналатын ойындар: «Сен тұр, сен шық!», «Құстар қалай үн қатады?», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Сөз табу», «Асау мәстек», «Көги-көк» т.б.

Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар іс-әрекеттер арқылы сипатталатындықтан, балаларда заттардың қасиеттері жөнінде түсініктері шыңдалады. Мәселен, асық ойындарында малдың асығын, «Бес тас» ойынында табиғи тастарды, «Арқан тартыс» немесе «Арынды арқан» ойынында арқанды т.б. заттар қолданылады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті екені белгілі. Ойынға балалардың барлығын қатыстыру және балалардың ой-өрісін кеңейту мақсатында ойынға шақыру өлеңдерін қолдану бала танымын кеңейте түсті. Ойынға шақыру жырларын ойын басталар алдында ойын жүргізуші немесе ойыншылар ойынға қатысқысы келмей отырған балаларға арнап жеке де, хормен де айтуға болады. Кейбір ойынға шақыру жырларына баланың атын қосып сыпайы түрде айту арқылы балалардың ойынға деген қызығушылығын туғыздық. Ойынға шақыру өлеңдері де, балалардың тілдерін дамытып, қызығушылықтарын арттырумен бірге, өлең мазмұнында айтылған ой - таным қабілеттерін жетілдіруге септігін тигізді.

Балаларды өнерге баулуда мектепке дейінгі ұйымдарда сирек қолданылатын балалар айтысы. Айтыс – қазақ халқына ғана тән, толыққанды сипаты мен даму биігін жоғалтпай келе жатқан, көне де, көркем жанрдың бірі. Жалпы, ақындар айтысы бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтпай келе жатқан сөз өнерінің биік деңгейіне көтерілген өнер. Бұл жөнінде көптеген әдебиет майталмандары қалам тартты. Профессор Е.Исмайылов айтыс өнеріне барар жолдағы дайындық бала кезден басталатындығын айтқан [4, 23-24 б.].

Балалар айтысы диалогқа негізделіп құрылған өлең-ойындардың ішінде салмақты орын алатын өзгеше жанрлардың бірі. Балалар айтысы жеңіл әзіл аралас болып келеді. Көп жағдайда ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан жаттанды айтыстар көп кездеседі. Соның бірі ер бала мен қыз баланың айтысы:

Ер бала:

Домбырам басы ырғайды,

Қыздар қолын бұлғайды.

Бұлғаса да бармаймын,

Не берсе де, алмаймын.

Қыз бала:

Домбырам басы ырғайды,

Қыздар қолын бұлғайды.

Шақырғанда келмесең,

Қорқақ деп сені қорлайды...

-деп жалғаса беретін ер балалар мен қыз балалар арасындағы қағысулар балалар өмірі мен психологиясына лайықты болып келеді. 5-6 жаста ер бала мен қыз бала өздерінің табиғи ерекшеліктерін сезініп, бір-бірінен бөлектене бастайды. Бұл жаста бір-бірін мазақтап, ызаландыруға тырысқан әрекеттер көрініс береді. Ер балалар мен қыз балалар арасындағы айтыс осы құбылыс негізінде құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың таным-түсінігіне, жаттауына ыңғайлы, үлкендер шығарып берген айтыс өлеңдер қолданылады. Көбінесе, қыз балалар мен ер балалар арасындағы айтыс, жан-жануарлар немесе жануарлар мен балалар арасындағы айтыс түрлері балалардың қоршаған орта жайындағы түсініктерін жетілдіре түседі. Мәселен, бала мен қозының айтысында бала қозы туралы кең мағлұмат алса, кекілік пен баланың айтысында кекіліктің қандай құс екенімен таныса отырып, құстарға қамқорлық жасау керектігін түсінеді. Өкінішке орай, балаларға арналған айтыс үлгілері өте аз. Сондықтан да балалардың жас ерекшеліктері мен таным түсініктерін ескере отырып, балаларға арналған айтыс үлгілерін құрастыру алдағы күн талабы.

Музыкалық – дидактикалық ойындар арқылы балалардың музыкаға, биге, ән әлеміне деген ынта-ықыласын жас кезінен арттырып қана қоймай, олардың сезімталдығын, кішіпейілділігін, ұйымшылдығын, эстетикалық құштарлығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Нәтижесінде олар музыканы терең түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады. Өсе келе олардың бойындағы табиғи дарын, қабілет, талант мүмкіндіктерінің сөзсіз әсері болатыны белгілі, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден басталады. 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ш. Ахметов Қазақ балалар әдебиеті. - Алматы: Мектеп, 1974.

  2. Ұ.М. Әбдіғапбарова Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. – Алматы: Өнер, 1999.

  3. Ф.Н. Жұмабекова Өнер көзі халықта. – Астана, 2012.

  4. А. Бадел Қазақ этнопедагогикасы –тәрбие бастауы. – Астана, 2012

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!