Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық тіл мәдениетін қалыптастыруда қолданылатын ойындар мен ойындық жаттығулар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық тіл мәдениетін қалыптастыруда қолданылатын ойындар мен ойындық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілін ойындар мен ойындық жаттығулар арқылы дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2021
619
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігінің

72 «Жанарым» балабақшасы МКҚК







«Дәрістеме»



Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық тіл мәдениетін қалыптастыруда қолданылатын ойындар мен ойындық жаттығулар»

























Орындаған:Н.Ә.Бекеева.







Нұр-Сұлтан қаласы – 2021

«Өз тілін өзі білмеген ел болмайды.

Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт.

... баланың тілі дұрыс болса, елдің

тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді ...»

Х.Досмұхамедұлы

Тіл – ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Өйткені тіл үйрену - балабақшада, дыбыс үйретуден басталады. Фонетикадағы дыбыстарды дұрыс айтылуын білмеген бала сөзді сезбейді, түсінбейді. Ол үшін сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек. Сонда ғана сөздің мазмұнын эмоция, ым-ишара, бейне арқылы түсінеді. Кіші жастан-ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады, сөзбен «тәжірибе» жасай бастайды. Тілдің мағыналық, әрі грамматикалық құрылымын бағдарлай отырып, жаңа сөздер құрады. Дегенмен бала тілінің өз-өзінен дамуы барысында олардың тілдік дағдылары жоғары болмайды, сондықтан педагогикалық-психологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу, жаттығу және оқыту қажет деп ойламын.. Кез келген деректі адамның ынтасын оятып, санасына жеткізе білу – нағыз шеберлік. Педагог өз сөзінің басында сол есікті сәл ашып, қалған уақытта жабылып қалмауы үшін баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр түрлі құралдар мен әдістерді қолданады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың тіл мәдениетін қалыптастыру жолдарына баса назар аудару қажет.Өз тарапымнан жүргізген тәжірибе жұмыстарымның барысында ойындар мен ойын жаттығуларды қолдана отырып,тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында тиімді пайдалануға болатынын аңғардым. Әсіресе, сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және қимылмен үйлестірілген өлең жолдары балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін көрсетті. Тіл – адамның рухани айнасы. Мемлекетіміздің ұлттық тілі неғұрлым бай болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ. Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуан түрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығуларды фонетикалық ойын жаттығулар деп атаймыз. Мәселен, мен сөйлеуді дамыту оқу қызметінде «А», «Ә», «О» дауысты дыбыстарына көңіл бөле отырып, келесі жаттығуларды орындатамын: Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйқтатарда «Ә...ә...ә...әлди-әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік. Аюдың ақыруыАюдың тісі сарнап ауырды. Ол «А-А-А» деп аңырап отыр. Баудағы кім? Ара болсаң, ызыңда З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж Жұмыс істе, тығылма. - Ара қалай дыбыстайды? (з- з-з) - қатты\жай Жыланның ысылы. Жылан қалай дыбыстайды? Ыс-с—ыс-сссс. Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды. Саусақ ойындары. Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарының алар маңызы зор. Саусақ ойындарын тіл үйретудің қандай да бір әдісі ретінде атай алмасақ та, оның қызықты, әрі пайдалы іс екендігінде сөз жоқ. Саусақ ойындары баланың миын дамытады, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, қиялын жетілдіреді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бала тілінің даму деңгейі олардың саусақ қимылдарының дамуымен тікелей байланысты бөлігі қол қимылын «басқарады» және сөйлеу мүшесінің қимылын басқарушы аймақтың жанында орналасқан. Сондықтанда саусақ қимылын жаттықтыру сөйлеу қимылын да жаттықтырып жетілдіреді. Бәрімізде бала кезден «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын үйреніп өстік. Саусақ ойындары әр бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Тіптен кішкене сәбилерде ересектердің қол қимылын бақылап, «қоянның құлағын қозғалтқанына», «өрмекшінің жүгіргеніне», «құстың ұшқанына» т.б. қызыға қарайды. Баланың тілін дамыту үшін саусақ ойындарын қимылға еліктіретін өлеңдермен жүргізудің маңызы зор. Саусақ ойынына арналған өлеңдер Қазақтың халық тәрбиесінде ойын-өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын-жазушылардың саусақ ойынына арналған өлеңдері баршылық. Осы өлеңдерді саусақ ойыны арқылы орындатамын. Бас бармақтай балақай Ойынның мақсаты: балаларды қойылған сұрақ пен оған қайтарылған жауапты айтушының дауыс ырғағын ажыратуға және оларды жеңіл-желпіойындық қимылдар жасай білуге үйрету. Тәрбиеші баланың жұдырығын түйіп тұрған қолын ұстайды да, тақпақтың сөзін айта отырып, саусақтарын бір-бірлеп (тақпақтың сөзіне сәйкес) аша береді: Бас бармақтай балақай, (Басбармақты ұстап) Қайда болдың? Мынау үлкен ініммен (Сұқ саусағын ашады) Орманда болдым бүгін мен.

Ал мына бір ініммен (Ортаңғы саусағын ашады)

Ас пісірдім бүгін мен.

Одан кейінгі ініммен (Аты жоқ саусағын ашады)

Ботқа жедім мен енді.

Ал мына ініммен (Шынашағын ашады)

Айттым ән мен өлеңді.

Тәрбиеші бұл тақпақты екі-үш балаға қатарынан айтқызуына болады, бірақ алдымен олардың әрқайсысына жеке-жеке айтып көрсету керек, сонда ғана балалар тәрбиешінің алғашқы көрсеткеніндей жұдырықтарын өздері түйіп, саусақтарын бір-бірлеп өздері ашып отыратын болады.

«Қуырмаш»

«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Бидай қуыр, қуырмаш.

Тауықтарға тары шаш:

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек,- деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа «қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырған-дардың жұдырығын жазады. Дидактикалық ойындар

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Мозайка» т.б.

Сөздік дидактикалық ойындар - жұмбақтар т.б..

Кіші топ балаларына арналған ойындар

Кіші топтардың тәрбиешісі ойын барысында ойынды басқарады, балаларға ойынды үйретеді. Тәрбиешінің сөзі сауатты, эмоционалды және байсалды болғаны жөн. Ым-ишараға көп көңіл бөлу қажет. Тәрбиешінің бет-әлпеті кішкентай балаға қаншалықты әсер етерін көрсеңіз! Міне, тәрбиеші таң қалып ауызын кең ашты делік, балалардың көз шарасы да кеңейе түседі. Тәрбиешінің бет-әлпеті мұңая түссе, балалар да жабырқап қалады. Қасқырды, аюды, ешкін қимылмен бейнелеп көрсеткенде, бетіңізді қорқынышты кейіпке түсіріп, тым дөрекі дауыс шығарудың қажеті жоқ. Өйткені кішкене балалар қорқып қалуы, тіпті ойыннан бас тартып жылауы да мүмкін.Ойын барысында балалар тәрбиешінің бет-әлпетін, оның аузын, көзін көріп отыратындай арақашықтықта тұрады не отырады. Тәрбиеші тақпақты не жаттамақты оқығанда, бала бір өзіне қарата оқып не айтып отырғандай әсерде қалуы тиіс, яғни, өз көзқарасын әр балаға аударып отырғаны жөн. Осы себепті тәрбиеші тақпақты, жаттамақты жатқа білуі тиіс.

Алақан мен балақан

Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, жаттамақ сөзімен өз қимылын сәйкестендіруге, сұраққа жауап беруге үйрету.

Сөзі: Қимылы:

Бала, бала, балақан, Тәрбиеші мен балалар жаттамақ

Қане, қайсы алақан? сөзіне сәйкес алақандарын көрсетеді. Саусақтарың әйбат, Алақандарын ашып, саусақтарын

Былай, былай ойнат. қозғалтады.

Тәрбиеші ойынды қайталап, балаларға сұрақ қояды:

«Қане, қайсы алақан?»,

«Саусақтарың қандай?».

Келесіде балалар жаттамақты тәрбиешімен бірге айтады.

Ересек топ балаларына арналған ойындар

Иә немесе жоқ

Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, берілген сұраққа жауап беруге үйрету.

Көрнекі құралдар. Ойыншық - қонжық.

Тәрбиеші қонжықты алып, оның негізгі дене бөліктерін: басын, аяғын, құлағын, мұрынын, көзін және т.б. көрсетіп атайды. Содан соң балалардан қонжықтың құлағын, мұрынын, көзін көрсетуін сұрайды. Балалар көрсетеді. Содан соң тәрбиеші балаларға ендігі сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап беруді ұсынады.

- Қонжықтың мұрыны бар ма? - Қонжықтың құлағы бар ма? т.б.

Жауап беру үшін балалар сұрақты мұқият тыңдауы тиіс. Тәрбиеші белсенділігі төмен, сондай-ақ немқұрайлы немесе жәй сөйлейтін балаларды жиі назарға алады.

Осы тектес ойындарды басқа да ойыншықтарды (мысалы доп) қолданып өткізуге болады.

Шешуін тап та, ата

Көрнекі құралдар. Алуан түрлі суреттер – тышқан, мысық, шелек, шана, т.б.; фланелеграф.

Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, онда бейнеленген заттар мен жануарларды атауды сұрайды. Содан соң осы суреттерді кез келген реттілікпен фланелеграфқа бекітеді де, балаларға сұрақтар қоя бастайды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, фланелеграфтан қажетті суретті табуы және онда бейнеленген заттарды атауы тиіс.

Тәрбиеші: Балалар:

Інде кім тұрады? Тышқан

Тышқан кімнен қорқады? Мысықтан

Суды қайда құямыз? Шелекке

Қыста немен сырғанаймыз? Шанамен

Қуыршаққа не тағамыз? Моншақ

Алманы (гүлді) қайда жинаймыз? Себетке.

Тәрбиеші барлық балалардың сұрақтарға дәл жауап беруін, яғни фланелеграфтан сәйкес келетін заттарды табуын және сөздегі ш, с дыбыстарын дұрыс айта білуін қадағалайды.

Осы тектес ойын арқылы сөздегі ж, з дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыруға болады. Өзімнің соңғы сөзімді Бауыржан Момышұлы атамыздың қара сөзімен аяқтағым келді.Қазақ тілі ... өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді... қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл...деген екен.















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!