МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ 3-4 жас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ 3-4 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ 3-4 жас , таным процессін диагностикалау ,балабақша балалары диагностика, таным процесстер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ

3-4 жас

Жады (зерде)

«Суреттерді есте сақта» әдістемесі



Мақсаты: жад (есте сақтау) көлемінің, ақпараттарды сақтау және жаңғырту үрдісінің диагностикасы.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға есінде сақтауға тиіс- ті (ол білетін) 3 заттың суреті көрсетіледі, одан соң суреттерді алып қояды, енді бала оларды атауы тиіс.



Даму деңгейлері

Жоғары деңгей – бала барлық 3 суретті есінде сақтап, айтып берді.

Ортаңғы деңгей – бала 2 суретті есінде сақтаған.

Төменгі деңгей – бала 1 суретті есінде сақтаған немесе тап- сырманы орындай алмайды.





ОЙЛАУ

«Бір сөзбен ата» әдістемесі



Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемді- ліктерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.





Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы, сәбіз, қияр, қызанақтың суреті ұсынылады. Бала берілген 3 суретті жинақтаушы бір ұғыммен атауы тиіс.

Даму деңгейлері

Жоғары деңгей – бала заттардың қарапайым өзара байла- ныстарын анықтай алады.

Ортаңғы деңгей – бала оларды бір топқа біріктіре алады, сондай-ақ жинақтаушы ұғымды атап береді.

Төменгі деңгей – бала қарапайым өзара байланыстарды анықтауға қиналады, жинақтаушы атауды пайдаланбайды; тапсырманы тәрбиешінің көмегімен орындайды немесе мүлде орындай алмайды.



«Төртіншісі артық» әдістемесі

Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу, оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.

Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттар- дың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсы- нылады. Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тас- тауы тиіс.



Даму деңгейлері

Жоғары деңгей – бала заттарды бір топқа біріктіре біледі, осы топқа жатпайтын артық затты шығарып тастай алады.

Ортаңғы деңгей – бала тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.

Төменгі деңгей – бала тіпті тәрбиешінің көмегімен де тапсырманы орындай алмайды.



«Қисынсыздықтар» әдістемесі

Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар мен қатынастар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау. Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білдіру қабілетін анықтау.

Тапсырма: балаға қисынсыз жағдайлар бейнеленген суретті көрсетеді. Бала сурет- ті қарап көру кезінде шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулықты алады: «Мына суретке зер сала қа- рап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның іс жүзінде қандай болуға тиіс екенін айт, өз жауабыңды түсіндір».

Picture 8

Даму деңгейлері

Жоғары деңгей – суреттегі барлық 5 қисынсыздықты бай- қаған балаға осындай баға қойылады. Мұның дұрыс еместігін түсіндіре біледі, сонымен қатар, «іс жүзінде қандай болатынын айта алады.

Орташа-жоғары деңгей – бала 4 қисынсыздықты байқап, атап көрсетті, оның үстіне іс жүзінде қандай болатынын түсін- діре біледі.

Ортаңғы деңгей – бала 3 қисынсыздықты байқады, оларды түсіндіре біледі.

Орташа-төменгі деңгей – бала 2–3 қисынсыздықты байқа- ды, оларды түсіндіруге қиналды.

Төменгі деңгей – тапсырманы орындай алмайды, қисынсыз жағдайларды көрсете және түсіндіре алмайды.











Қабылдау (ұғыну)

«Не жоғалды» әдістемесі



Мақсаты: заттарды тұтас ұғыну (қабылдау) деңгейін анықтау.

Тапсырма: балаға олардың кейбір бөлшектері жетіспей- тін ойыншықтар бейнеленген суреттерді қарап көріп, бұл ойыншықтардың қандай бөліктері жоғалғанын анықтау ұсынылады.



Даму деңгейлері

Жоғары деңгей – бала жетіспейтін барлық 5 деңгейді анық- тады.

Орташа-жоғары деңгей – бала жетіспейтін 4 бөлшекті дұрыс атады.

Ортаңғы деңгей – бала жетіспейтін 3 деңгейді атады.

Орташа-төменгі деңгей – бала жетіспейтін 2 бөлшекті анық- тады.

Төменгі деңгей – бала жетіспейтін 1 бөлшекті атады немесе тапсырманы орындай алмады.



ЗЕЙІН

«Айырмашылықтарды тап» әдістемесі



Мақсаты: заттардың айырым белгілерін табу қабілетін анық- тау.

Тапсырма: бала 2 суретке зейін сала қарап, олардың айырым белгілерін (барлығы 2) табуы тиіс.

Даму деңгейлері

Жоғары деңгей – бала 2 айырмашылықты дұрыс анықтады.

Ортаңғы деңгей – бала 1 айырмашылықты тапты.

Төменгі деңгей – бала тапсырманы орындай алмады.



3–4 жастағы баланың жеке таным процесстерінің даму картасы

Баланың аты­жөні Жасы



Зерттеу мерзімі

Қабылдауы

Зейіні

Жады (есте сақтауы)

Ойлауы

Қиялдауы

«Кімге не жетіспейді?» әдістемесі

«Суреттерді салыстыр» әдістемесі

«Суреттерді есіңде сақта» әдістемесі

«Төртіншісі артық» әдістемесі

«Бір сөзбен ата» әдістемесі

«Қисынсыз- дықтар» әдістемесі

«Сурет» әдісте- месі






















Ж

О/Ж

О

О/Т

Т

қабылдау зейін жады ойлау қиялдау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.00.2024
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі