Материалдар / МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ 4-5 жас.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ 4-5 жас.

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ 4-5 жас , таным процессін диагностикалау ,балабақша балалары диагностика, таным процесстер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2024
132
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ

4-5 жас

Жады (есте сақтау)

«Суреттерді есте сақта» әдістемесі

Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.

Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсынылады. Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс. Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.

Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.



Даму деңгейлері

Жоғары деңгей бала барлық 5 затты атады.

Орташа-жоғары деңгей бала 4 затты атады.

Орташа деңгей бала 3 затты атады.

Орташа-төменгі деңгей бала 2 затты атады.

Төменгі деңгей бала 1 затты атады немесе бірде-бір затты атай алмады.



Ойлау

«Реттілігін анықта» әдістемесі

Мақсаты: оқиғалардың реттілігін анықтай білу икемділігі- нің қалыптасқан деңгейін анықтау.

Тапсырма: балаға олар бойынша оқиғалардың реттілігін анықтау қажет болатын суреттер (барлығы 3) көрсетіледі. Бала- дан суреттерді керекті реттілікпен (алдымен не болғанын, одан соң қалай болғанын сұрау) орналастыру талап етіледі.


Даму деңгейлері

Жоғары деңгей бала тапсырманы өз бетімен орындады.

Ортаңғы деңгей бала бір қате жіберді.

Төменгі деңгей бала тапсырманы орындай алмады



Ойлау

«Бір сөзбен ата» әдістемесі



Мақсаты: оларды осы арқылы бір топқа біріктіруге болатын заттардың қарапайым өзара байланыстарын анықтай білу икемділігін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға сәбіз, қияр, қызанақ се- кілді бір топтың 4 заттық суреті көрсетіледі. Ол берілген 3 суретті жинақтаушы бір ұғыммен атауы тиіс.


Даму деңгейлері

Жоғары деңгей бала заттардың қарапайым өзара байла- ныстарын анықтай алады.

Ортаңғы деңгей бала оларды бір топқа біріктіре алады, сондай-ақ жинақтаушы атауды пайдаланады.

Төменгі деңгей бала қарапайым өзара байланыстарды анықтауға қиналады, жинақтаушы атауды пайдаланбайды; тапсырманы тәрбиешінің көмегімен орындайды немесе оны мүлде орындай алмайды.


«Қисынсыздықтар» әдістемесі









Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау. Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білдіру икемділіктерін анықтау.

Тапсырма: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бей- неленген бір суреттен көрсетеді. Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт, өз жауабыңды түсіндір».


Даму деңгейлері

Жоғары деңгей суреттердегі барлық 4 қисынсыздықты байқаған балаға осындай баға қойылады. Оның бұлайша болмайтынын дұрыс түсіндіріп, сонымен қатар шындығында қалай болуы керектігін айтты.

Орташа-жоғары деңгей бала 3 қисынсыздықты байқап, атап көрсетті және шындығында қалай болуы керектігін түсін- діре білді.

Орташа деңгей бала 2 қисынсыздықты байқады және оларды түсіндіре білді.

Орташа-төменгі деңгей бала 1–2 қисынсыздықты байқады, оларды түсіндіруге қиналды.

Төменгі деңгей тапсырманы орындай алмады, қисынсыз жағдайларды көрсете және түсіндіре алмады.

«Жыл мезгілдері» әдістемесі




Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.

Тапсырма: балаға суретті көрсетіп, оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейне- ленгенін айтуын сұрайды. Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан, сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзі- нің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі, өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес, нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.


Даму деңгейлері

Жоғары деңгей бала бөлінген уақыт ішінде барлық суреттерді дұрыс атап, оларды жыл мезгілдерімен байланыстырды және суретте нақ осы жыл мезгілінің бейнеленгенін білдіретін белгілерді дұрыс көрсетті.

Орташа-жоғары деңгей бала барлық суреттердегі жыл мезгілдерін дұрыс анықтады, бірақ суретте нақ осы жыл мезгілінің бейнеленгенін білдіретін белгілерді атай алмады.

Ортаңғы деңгей бала барлық суреттердегі жыл мезгілдерін дұрыс анықтады, бірақ суретте нақ осы жыл мезгілінің бейне- ленгенін білдіретін белгілерді атай алмады.

Орташа-төменгі деңгей – бала барлық 4 суреттен 1–2 суреттегі жыл мезгілін ғана дұрыс анықтады.

Төменгі деңгей бала жыл мезгілдерін дұрыс анықтай алмады және олардың белгілерін де дәл көрсете алмады.





Қабылдау (ұғыну)


«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі




Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.

Тапсырма: балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады. Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырынғанын анықтау керек.


Даму деңгейлері

Жоғары деңгей – бала кескіні бойынша барлық 5 затты анықтап, дұрыс атады.

Орташа-жоғары деңгей бала кескіні бойынша 4 затты анықтап, дұрыс атады.

Ортаңғы деңгей бала кескіні бойынша 3 затты анықтап, дұрыс атады.

Орташа-төменгі деңгей бала кескіні бойынша 2 затты анықтап, дұрыс атады.

Төменгі деңгей бала кескін бойынша 1 затты анықтап, дұрыс атады немесе мүлде тапсырманы орындай алмады.



Назар аудар


«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі

Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап, олардың өзара айырмашылықтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.


Даму деңгейлері

Жоғары деңгей барлық 5 айырмашылықты анықтады.

Орташа-жоғары деңгей 1 қателік жіберді.

Орташа деңгей 3 айырмашылықты анықтады.

Орташа-төменгі деңгей 2 айырмашылықты анықтады.

Төменгі деңгей – 1 айырмашылықты анықтады немесе суреттердің бір-бірінен айырмашылықтары жоқ деді



3–4 жастағы баланың жеке таным процесстерінің даму картасы

Баланың аты­жөні Жасы

Зерттеу мерзімі

Қабылдауы

Зейіні

Жады (есте сақтауы)

Ойлауы

Қиялдауы

«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі

«Суреттерді салыстыр» әдістемесі

«Суреттерді есіңде сақта» әдістемесі

«Қисынсыздықтар» әдістемесі

«Жыл мезгілдері» әдістемесі

«Реттілігін анықта» әдістемесі

«Бір сөзбен ата» әдістемесі

«Сурет» әдістемесі
























Ж

О/Ж

О

О/Т

Т

қабылдау зейін жады ойлау қиялдау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!