МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА АКТ
ҚОЛДАНУ
Асабаева Бижамал
Қуандыққызы
«Балдырған» санаторлық
бөбекжай-
бақшасының
әдіскері
Ақтөбе облысы .Шалқар
қаласы
Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы.
Ақпараттық технология – бұл компьютерлер арқылы жан- жақты
ақпаратты – бағдарлама жүйесінде оқыту. Қазіргі заман
педагогикалық, психологиялық теориясы мен практикасының даму
кезеңінде балалардың танымдық жан қуаттарын дамыту, өмір салтын
қалыптастыратын тәлім-тәрбие беру мектепке дейінгі мекемелердің
басты мақсаты екені даусыз. Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру
ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар
жасалуда, оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс»деп
айтамыз. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар,
компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық
құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен жатады.
Мұндай АКТ арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары
айқын. АКТ пайдалану біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады,
екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта
көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді,
сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне
белсенділігін арттыра түседі, себебі бұл кезеңдегі балалардың
зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни,
әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген оқу іс-әрекетінде әр
түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы
графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасалынады. Бүгінгі таңда дүние
жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған
білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы
тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың
бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір
салтына тәрбиелеу – тәрбиешілердің басты міндеті болмақ. Ол үшін
әрбір тәрбиеші үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің
дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп
уақыт, ізденіс қажет. Жоғарыда айтылғандар педагогтарды АКТ
құралдарын оқу-әдістемелік материалдарын, әсіресе дидактикалық
ойындар жасау құралдарын; мектеп жасына дейінгі балалардың
сөйлеуін, есте сақтауын, ықыласын, моторикасын дамытуға бағытталған
оқыту құралдарын; алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды
тарату мақсатында коммуникация құралдарын; бақылау үдерістерін,
компьютерлік педагогикалық тестілеу мен диагностикалауды, сараптама
нәтижелерін өңдеу үдерістерін автоматтандыру құралдарын қолдануға
оқытудың қажетті екендігіне куә. Қазіргі мектепке дейінгі білім
беру интерактивті жолмен және ресурстардың әр алуандығымен алға
жылжуда. Мысалы: интерактивті тақталар, мультимедиалық проекторлар
және т.б. электрондық білім ресурстары, балабақша өміріне әрине
кіреді және тиімді техникалық құралдар болып табылады, олардың
көмегімен тек қана мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және
тәрбилеу үдерістерін түрлендіріп қана қоймай, мектепке дейінгі
білім беру мекемелерінің жақсы атағын көтеруге болады. Интерактивті
және мультимедиалық құрылғылар, басқа кез-келген техника сияқты
өздiгiнен бағалы емес. Балабақшаның тәрбиелеу-оқыту үдерісінде осы
техникалық құралдарды сауатты пайдаланғанда ғана баланың дамуында
жағымды нәтижелерге қол жеткізіледі. Жаңа технологияның мақсаты –
баланың қабілетін ашу, соның негізінде ой-өрісін дамыту,
белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, өзін-өзі
тәрбиелуге бағыттау. Білім негізі балабақшадан басталатыны белгілі.
Мектепке дейінгі жастағы бала не нәрсені болса да білуге құмар,
қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз
болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны
мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында балаларға сапалы білім мен
саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма
мынандай мақсат қойдым: «Мектепке дейінгі жастағы балалардың
танымдық үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету». Әр оқу
іс-әрекетімізді қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр сала бойынша
көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Танымдық белсенділік
дегеніміз – жоғарыда айтылғандай әр баланың білімге деген ынта -
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, «таным - ойдың
білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге
қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». Таным теориясы оқу
әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты
келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және баланың психикалық
процестерінің даму заңдылықтарын бала санасына ендіру. Таным мен
оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Бала қоршаған дүниені тану
арқылы дамиды, кемелденеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева
«Алматы», 2000ж
2.Танымдық белсенділікті қалыптастыру – «Мектепке
дейінгі тәрбие», 1986, № 11, 28-32 б
3
Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту – «Мектепке дейінгі
педагогика», 2005, № 3, 4-6 б273 ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІ АРҚЫЛЫ
БАЛ