Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейін деп адам санасының қоршаған ортадағы белгілі бір заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.Баланың кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
1045
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін ерекшеліктері

Зейін деп адам санасының қоршаған ортадағы белгілі бір заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.Баланың кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.

Бала зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.

Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Баланың көп автоматталған зейіні іс-әрекет кезінді бөлінеді. Бала жұмысты егер таңқалдыратын жағдай пайда болса аяғына дейін орындау керектігін түсініп, қызығып орындайды. 4-7 жаста бала шулы ойынға қызығады, тіпті сабаққа дейін жалғастырады. Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы оның жаңа іс-әрекетінің түрлерін өзгертеді. 4-5 жастағы бала өзін үлкендердің әсерімен басқарады. Тәрбиеші мектеп жасына дйінгі балаға үнемі: «ықыласты бол», «назар аударып тыңда», « назар аудаып көр» деп айтады. Бала үлкендердің қойған талабын орындау үшін өзінің зейінін басқару қажет. Басқарылған қасиет басқарылған зейіннің дамуыме тығыз байланысты.

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.

Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады.Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.

Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.

В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», — деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор.

 

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі

Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғарғы деңгейде көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4 бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың  арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысындабайқаусызда, материал  бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, Соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.

Балаларға әңгімені мән мағынасызбір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.

Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.

Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.

Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.

Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.

Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.

Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.

І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.

ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.

ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап,  қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау  мақсатты түрде жүзеге асады.

Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!