Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды үйретудің ғылыми педагогикалық негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды үйретудің ғылыми педагогикалық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық ұлт ойындарын туғызушы, оны сан-салалы өмір талқысынан өткізуші, өзінің керегіне жаратушы ретінде оны өзінің ұрпағын өмірге әзірлеу ниетінде дүниеге әкелген. Ұлттық ойындардың ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы төңірегіндегі мәселелермен бізге дейін де ғалымдар ізденіс жасаған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
320
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық
ойындарды үйретудің ғылыми педагогикалық негіздері


Халықтың дәстүрлі ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі


Қай халықтың болмасын ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Халық ұлт ойындарын туғызушы, оны сан-салалы өмір талқысынан өткізуші, өзінің керегіне жаратушы ретінде оны өзінің ұрпағын өмірге әзірлеу ниетінде дүниеге әкелген.

Ұлттық ойындардың ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы төңірегіндегі мәселелермен бізге дейін де ғалымдар ізденіс жасаған.

Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі И.С. Паллас өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты суреттейді .

Неміс ғалымы психолог К. Гросс бала өміріндегі ойынның алатын орнын айқындап, жеке тұлғаның қалыптасу сатысындағы ойынның рөлін ашты.

Ғалым К. Гросстың зерттеу жұмысы жарияланғанға дейін ойын әрекеті адамның аса күрделі іс-әрекетінің бірі екенін және оған сүйеніп өсіп келе жатқан баланың психикасын қадағалау, оның баланың жетілуі үшін қажетті компоненттердің қатарына жататынын дәлелдеу оған дейін ғылым ретінде зерттелмеді.

К. Гросс ойын бала-өмірінде тұқым қуалаушылықтың негізінде пайда болатын, жас төл секілді, өздерінің енесі арқылы берілетін инстинктіні жаттығу арқылы өз бойына орнықтыра отырып, өмір сүруге әзірлену деп түсіндіреді .

А.И. Левшин ойын-тойлардағы ұлттық спорт түрлеріне ат жарыс, теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан ерінбей қимыл-әрекет дағдысын қалыптастыруға ұмтылатынын көрсеткен.

Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын зерттеуде ғалым Е. Букиннің еңбегі ерекше. Е. Букин - дене тәрбиесін пән ретінде қарап, теориялық тұрғыдан зерттеген алғашқы ізденуші. Зерттеуші өзінің «Физическое и умственное воспитание у киргиз» атты еңбегінде алғаш рет «гимнастика» деген терминге ғылыми түсініктеме берген. «Гимнастика-адам ағзасына жан-жақты әсер ететін, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтетін, үйлесімді дамуына көмектесетін, арнайы іріктелген жаттығулар жүйесі» деп дәлелдеді .

Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа шығарған орыс ғалымы А. Диваев өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: бірінші кішкентай балалар ойыны, екінші ересек балалар ойыны, үшінші жігіттер ойыны деп бөлді.

А. Диваев ұлттық ойындарды жинаушы ғана емес, оның бала тәрбиесіндегі әлеуметтік құнын көрсеткен ғалым. Аталған жинақта автор ұлтымыздың ойындарын топтап қана қоймай, әр жас ерекшеліктеріне қарай ажыратып көрсетеді. Мысалы:

1) 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар ойыны,

2) жеті жастан он бес жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған қимыл-қозғалыс ойындары,

3) он бестен отызға дейінгі ересектер ойыны.

Бізге қатысты 3 тен 5 жасқа дейінгі балалар ойынын жас баланың обьективті түрде материалдық әлемге қатысын суреттейтін ойын түрлерін, мысалы: қой бағу, көк сиыр, соқыр теке, түйе-түйе, жоғалған бөрік секілді ойындармен келтірсе, жасөспірімдер үшін тақия телпек, домалақ ағаш тағы да басқа топтасып ойнайтын ойын түрлерін бір жинайды.

Жігіттер ойнайтын ойындарды тағы да үш топқа топтап былай анықтайды, бірінші қазақ халқының әлеуметтік жікшілдік руханиятына қатысты «Хан жақсы ма», «Кім күшті», жеке дара ойыны, екінші қимыл-қозғалысты көрсететін: «Ақсүйек», «Көрші», «Арқантартыс», т.б. ойындары. Үшінші ойын түрлеріне спорттық ойындар: «Көкпар», «Жамбы ату», «Жаяу жарыс», «Қыз қуу», «Бәйге» тағы да басқаларын жатқызған .

А. Диваевтың бұл тұжырымдамасы қазақтың дәстүрлі халық арасында қалыптасқан ұлттық ойындары туралы тұңғыш рет классификациялық бөлініс жасалған еңбек болып табылады.

А. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамаға дәстүрлі ойындарға қимыл-қозғалыс ойындарын, үшінші топқа спорттық ойын түрлерін жатқызады.

Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар, денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады .

Аталған мақалада кішкене нәрестенің саусақтарын бүгіп-жазып ойнауы суреттелгеніменде бұл жерде халықтың өмірінің күрмеуі мал мен құдайшылдықты бала санасына күнделікті сіңіруді саусақпен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде іске асыруы баланы тәрбиелеп, шынықтыруда үлкен даналық философиялық мағына жатқандығын көрсетеді.

Ғалым қазақтың балаларды жас ерекшеліктеріне қарай жіктеп, бір жастан жеті жасқа дейінгілерді нәресте, жетіден он беске дейінгілерді бозбала, он бестен отызға дейінгілерді жігіт деп атайтынын келтіріп, адамның жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық ойын түрлеріне түсініктер беріп, талдау жасаған. А. Диваев еуропалық фабрикада жасалған ойыншықтардан қазақ балаларының өздері қолынан жасаған қуыршақтар мен саз балшықтан жасайтын ат пен түйе, қой сияқты ойыншықтардың артықшылығын сөз ете келе, олардың баланың қиялдау қабілетін дамытудағы шығармашылық мәнін ашып көрсетеді. Ол өзінің қазақ балаларын қалай жұбатады деген мақаласында қазақтың бауырмалдығын, балажандылығын сипаттай келіп, саусақ санату арқылы олардың ойын өсіруге және ойынның күнделікті тіршілікпен байланысты болуына жете мән беретініне тоқталады.

Ә. Диваев, Г.П. Потанин еңбектеріне сүйене отырып, қазақ ойындарының мазмұны Орал-Алтай халықтарының ойындарымен үндес келетіндігін де сөз етеді .

Қазақтың белгілі ағартушылары А. Құнанбаев халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, халықтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуінде атқаратын қызметінің жоғары деңгейін бағалады .

Ш. Уәлиханов халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түркмен, қарақалпақтардың өмір сүру әдісімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі әсерін жан-жақты сөз еткен, ол қай халықтың болмасын жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын дәлелдеген .

Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрі, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық рухын қайраттауға мән берілуі, халықтың данышпандығының дәлелі.

Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ойындарындағы көзделген мүдделер жеке адамның әлеуметтік белсенділігіне ғана емес, ұлттық психологиясына да әсері бар екендігі белгілі.

Қазақтың «Тоғыз құмалақ» ойынының суреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген этнограф Н. Пантусов өз еңбегінде «бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған» деп жазды .

ХХ ғасырдың басында көшпелі халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен, қалмақ тағы да басқа отар елдер туралы этнографиялық деректер жинақталумен қатар олардың ұлттық мәдениетінің тармағы халық ойындарын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы чиновниктер мен миссионер ғалымдарға жүктеді.

Түркістан жинағының 520 томында жарық көрген Закаспий облысында түркмен балаларының ойыны жайлы мақала халық арасындағы ойындар түрлері, оның ойналу тәртібі және мақсаты баяндалған .

Аталған ғалымдардың ішінде М. Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген еңбектері көп. Еңбектерінің көбі Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі тарихына арналған, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогиканың маңызды бір саласы екендігін дәлелдеп негізін қалады.

М. Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды еңбек: «Казахские национальные виды спорта и игры». Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың тоғызқұмалақ ойынының ереже-тәртіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып анықтама беріп, құнды архив деректеріне сүйене отырып ғылыми жаңаша пікірлер айтады.

Ғалым М. Тәнекеев халықтың арасында танымал ұлттық ойындар мен спорттық ойындарды екі үлкен топқа бөлген. Оның біріншісі: қазақтың халық ойындарымен спорттық ойын түрлері, екіншісі: ат үстінде жүріп ойналатын спорттық ұлттық ойын түрлері. М. Тәнекеев қазақтың ұлттық ойындарын ең көп жинақтап, топтаған, оны нақтылап талдаған алғашқы ғалымдардың қатарындағы ізденуші.

Ғалым бұрыннан белгілі, бірақ оған дейін дұрыс маңызына жеткізе ешкім мән бермеген қазақтың аты шулы ойындары: «тоғыз құмалақ», «түйе жарыс», «қыз қуу», «көкпар», «күміс алу», «жаяу жарыс», «жамбы ату», тағы да басқа ойындарды таразылаған. Бұл жұмыстың құндылығын арттырып тұрған бір мәселе қазақтың ұлттық ойындарындағы қимыл-қозғалыс белсенділігінің халық медицинасымен байланысы жақсы ашылып көрсетілген .

М. Тәнекеевтің ғылыми кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінен ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі аралықтағы қазақтың ұлттық спорт және ойын түрлерінің дамуы».

Ғалымның бұл ғылыми еңбегіндегі зерттеу Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, дене мәдениеті мен спорттың ұлттық ойындарды қара халықтың ойнайтын және ақсүйектік ойындар деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуінде әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорттық ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді.

Бұдан басқа қазақ дене мәдениеті институтында ұлттық спорт және халық ойын түрлері бойынша арнайы курс ұйымдастыруға байланысты теориялық ұсыныстар айтылған. М. Тәнекеевтің аталған еңбегі таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми еңбек болып табылады .

Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін көрсеткен .

Ә. Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті тіршілігіндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындар ережесі қарастырылған .

М. Болғамбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» атты еңбегінде ат спортына қатысты бәйгеден бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, қазақша күрес спорт түрлері туралы кеңінен жаза келіп, ел арасындағы жастарды спорт түрлеріне баулудағы атқаратын пайдалы орнын көрсетеді .

Орыс педагогі дене тәрбиесі теориясының негізін салушы П.Ф. Лесгафт бала ойыны туралы былай деп тұжырымдайды: «Ойын дегеніміз жаттығу, ол өз кезегінде баланы өмірге дайындайтын күрмеудің жалғасы» .

Ғалым Т.И. Дмитренко «Спортивные упражнения и игры для детей дошкольного возраста» атты еңбегінде балабақша балаларына спорттық жаттығуларды жас ерекшелігіне қарай жоспарлы бір жүйелі сипатта өткізу, оны уақыт аралығына сиғызып, 1,5 жастағы балаларға арналған спорттық жаттығу элементі 3-6 минуттан басталса, 5-6 жастағылар үшін 30-45 минутқа созылатын бағдарлама жасалып, жаттығу аралығындағы демалыс рационы болған жағдайда дененің шынығу мүмкіндігі жоғары екендігін айтқан [68].

Бала өміріндегі ұлттық ойынның және спорттық қимыл-қозғалыстың алатын орны, формасы, мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен, мазмұнымен салыстырылса онда қоғамдағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.

Жалпы психология мен педагогика ғылымдарының теориялық тұжырымдамасы ойынды баланың дербес белсенділігінің айналадағы дүниемен араласуы, жан-жағын өзін тануының, өзінің көп қырлы мүмкіндіктерін сынап көруінің алғашқы бір көрінісі деп қарайды.

Д.В. Хухлаеваның пікірінше дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтанда дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез қимыл-қарекеттің символы болып табылады .

Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын дене шынықтыру арқылы дамыту мәселесіне көп көңіл бөлген Кеңес дәуірінің келесі бір ғалымы О.Г. Аракельян. Ол өзінің ғылыми тұжырымдамаларында баланың психикалық даму ерекшеліктеріне дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың тигізер ықпалының деңгейін зерттеп, баланың дене күшін түрлі ойындар көмегімен жетілдіру жолдарын көрсетеді .

Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, ойындар бала денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Осыған орай ойынның теориясына қатысты жаңаша концепция жасаған ғалым Ж. Пиаже болып табылады.

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді себебі ұлттық ойындарды бала тәрбиесінде кеңінен пайдалану жұмыстары әлі дұрыс жолға қойылған жоқ. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді.

Б.А. Тойлыбаевтың «Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану» атты еңбегінде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігіне сай бастауыш мектеп тәжірибесін жетілдіріп, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін халықтық педагогика элементтерін дұрыс пайдаланудың ғылыми теориялық бағыты айқындалған. Бастауыш мектепте дене тәрбиесінің жүйесін жақсартуға негізделген «Дене саламаттылығы» бағдарламасының психологиялық ерекшеліктері көрсетіліп, оқушыларға дене тәрбиесінің мәнін, мазмұнын анықтауда теориялық түсініктер берілген .

Ж.Д. Демеуовтің басшылығымен шыққан «Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы» еңбегінде балалар ағзасының жасына сай құрылысын, қызмет ерекшеліктерін, өсу және даму барысындағы барлық адамға ортақ түрлі заңдылықтарын қарастырып, бала денсаулығын сақтау үшін қажетті қолайлы жағдайларды ұсынады .

Қазақтың ұлттық ойындарын алғаш рет мектеп жасына дейінгі балабақшаларда тәрбиеленетін балаларға кеңінен пайдалануға ұсынған 1996 шыққан «Балбөбек» бағдарламасы. Дей тұрғанменде қазақ балалар бақшасына арналған бұл бағдарламада мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі арнайы ескерілмеген. Тек «негізгі қимыл-жаттығулар деген атпен бірнеше ойындар тізімі тіркелген». Бұндай кемшілігіне қарамастан «Балбөбек бағдарламасы» қазақ балалар бақшасы үшін өте керекті өз маңызын жоймаған, тәрбиешілер мен ата-аналар үшін қажетті құжат деп есептейміз.

Осы тарауды қорытындылай келе қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындары сияқты пайда болу ерекшелігі, тәрбиелік мақсаты халықтың мекен еткен жерінің сол халықтың салт-дәстүрі, шаруашылық жүргізу ерекшелігіне тікелей байланысты екендігін көруге болады. Ойын түрлері адам денесін шықтырып оның рухани қалыптасу негізін құрайтын маңызды құралдың бірі екендігіне көз жеткізуге болады.

Сондықтан қазақ елінің мұрасы, дәстүрлі халық ойындарын іздестіріп зерттеп, балаларға үйрету осы күнгі заман қажеттілігінен туған өзекті тақырыптың бірі. Бүгінгі күн тәртібіндегі мақсат, халық ойындарына қатысты құжаттардың әлеуметтік мағынасын күшейтіп балабақшалардың оқу-тәрбие жүйесінде, отбасында ойындардың қолданыс шеңберін кеңейтіп пайдалы жақтарын көрсету болып табылады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!