Шығыс-Қазақстан
облысы білім басқармасы
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық
колледжі» КМҚК
(білім беру
ұйымының атауы)
Орта білімнен кейінгі,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың
сабақ жоспары
«Мектеп жасына дейінгі
баланың сенсорлық дамуы»
(сабақ
тақырыбы)
Модуль /пән атауы:
Психология
Дайындаған педагог:
Комаева Маржан
Сейфуллаевна
2020 жылғы "28"
ақпан
1.Жалпы
мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: 3-курс,
2019-2020 оқу жылы
Сабақ типі: Білімді іс-тәжірибеде қолдану
сабағы. Семинар-практикум
2. Мақсаты,
міндеттері
Мақсаты:
белсенді әдіс-тәсілдер арқылы
мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы туарлы алған
білімдерін іс-тәжірибеде қолдана
алу.
Міндеттері:
Білімділік: мектеп жасына дейінгі баланың
сенсорлық дамуы туарлы алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуға
үйрету, мәселені бөліктерге бөліп қарастыру дағдыларын бекіту,
белгілі бір жағдайға сай білімді қолдануға
бағыттау, баланың сенсорлық дағдыларын
қалыптастыру жолдарын анықтау.
Тәрбиелік: белсенді әрекетке тарту,
мәдениетті, ізгілік сапаларын қалыптастыру, қарым-қатынас
дағдыларын дамыту.
Дамытушылық:
білім көздерімен жұмыс жасай
білу, талдау, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру, өз ойын, пікір
айтып, қорғау дағдылары, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған
ортаға деген қызығушылықтарын
арттыру.
Кәсібилік: кәсіби қасиеттерін және
іс-әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігіне үйрету,
әдістемелік шеберліктерін шыңдау, шығармашылық ізденістерін дамыту,
педагогикалық құзіреттілік дағдыларын
дамыту.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін
кәсіби біліктердің тізбесі.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін
білу.
2.2 Күтілетін
нәтиже
Базалық:
Мектеп жасына дейінгі баланың
сенсорлық дамуы
Кәсіптік:
Мектеп жасына дейінгі баланың
сенсорлық даму ерекшеліктерін, сенсорлық дағдыларын
қалыптастыру жолдарын біледі, тәжірибеде қолдана
алады.
Бағалау
критерийі:
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық
дамуы туралы
түсінеді.
-
Барлық психикалық және танымдық үдерістер
туралы түсінеді.
-
Балалардың қызметін ұйымдастырудың
психологиялық-педагогикалық жағдайын талдайды және балалар
ортасында оң қарым-қатынастарды
қалыптастырады.
-
Баланың өзін-өзі тану ерекшеліктері мен
өзін-өзі реттеуі туралы түсінігі
болады.
-
Балалар арасындағы адамгершілік, позитивті,
коммуникативті қарым-қатынасты
қалыптастырады.
-
Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі
балалардың психологиясы мен дамуын іске
асырады.
-
Баламен эмоционалды байланыс орнатады,
психоэмоционалдық жайлылық деңгейін
анықтайды.
3. Сабақты
жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық
әдебиеттер
Әдебиеттер:
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 28.10.2018 № 604
бұйрық
2.Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгігік оқу бағдарламасы. 29.12.2018 №
721бұйрық
3.Дүйсенова. Ж.Қ.. Балалар
психологиясы. – Алматы, 2015. -196
б.
4.Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева
Н.М., Жамалиева С.М. Мектеп жасына дейінгі балалар
психологиясы. –
Астана, 2011. - 88
б.
Қосымша
әдебиеттер:
1.В.С.
Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар
психологиясы. – Алматы, 1985. - 177
б.
2.С. Андабекова. Мектепке
дейінгі педагогика. – Алматы, 2014. -76
б.
3.2 Техникалық құралдар,
материалдар. Проектор, аудиожүйе,
ноутбук
4.
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңдері
|
Оқыту
әдістері
|
Орындалатын жұмыс
мазмұны
|
І
Ұйымдастыру
кезеңі
|
«Бүгінгі күнге
сәттілік»
|
Сәлемдесу. Түгендеу. Оқу
журналымен жұмыс. Аудитория тазалығын
бақылау.
Студенттер шеңберге тұрып,
бір-бірімен сәлемдесіп, бір біріне жақсы көңіл-күй
сыйлайды. https://www.youtube.com/watch?v=ui8J9vlQ4wA
- сілтемеден көңіл күй
жаттығуын орындайды.
-Көңіл-күйлерін
қалай?
-Олай болса жақсы көңіл-күймен
сабағымызды бастайық! Түстер бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ ережесін
еске түсіреді.
|
ІІ Сабақтың
мақсат-міндеттерін қою
|
«Атаулы үш сұрақ»
|
Терминдер
«Сенсорлық
даму»
«Сенсорлық
тәрбие»
«Сенсорлық
эталон»
Қайда? Бұл терминдерді сіз
бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп
едіңіз?
Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы
атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз
ба?
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай
қолданыста болады деп ойлайсыз?
-Бүгінгі
сабақта белсенді әдіс-тәсілдер арқылы
мектеп жасына дейінгі баланың
сенсорлық дамуы туарлы алған білімдерімізді
іс-тәжірибеде қолдана алуға үйренеміз. Сенсориканы дамытатын
әдістерді, жаттығуларды, ойындарды қарастырамыз. Тиімді жолдарын
анықтаймыз.
|
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
және білімді
өзектілендіру
|
«Сұрақты ұстап
ал»
|
Оқытушы сұрақ қойған кезде фасоль салынған
қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестетикалық сипат береді
және студенттердің өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге
итермелейді. Студент сұраққа жауап бере алмаған жағдайда сұрақты
басқа студентке лақтыруға болады.
-
Қолдың ұсақ моторикасын
дамытатын ойындар
-
“Кішкентай бүлдіршіндер үшін ең
қызықты ойыншық – құм” кімнің
сөзі?
-
Ұсақ бөлшектерден заттар
құрастыруға болатын дамыту
ойыны
-
Ұсақ суреттерден үлкен бір
сурет құрауға бағытталған
ойын
-
Сәбилерге арналған әуенді
ойыншық
-
Бұл заттан кез келген мүсін
жасауға болады
-
Мына қапшықтың ішінде не бар?
Оны қайдан білдің?
|
IV Стандартты типтегі
тапсырмаларды орындау
|
«Стикерлер»
|
І –
топ: Сенсорлық эталондарды балалардың
игеруі
ІІ – топ:Қабылдау іс-әрекеттерінің дамуы
ІІІ – топ:Кеңістік пен уақытты бағдарлау
|
|
Сергіту
сәті
|
Қарандаштарды алақан арасына
салып домалатайық. Қолға келген қан айналымы эмоцианалдық төзімділк
пен физикалық денсаулыққа жақсы ықпал етеді. Әр адамның саусағының
ұшында қабілеттері орналасқан деп ғалымдар дәлелдеген. Олай болса
өзімздің және балалардың қабілеттерін сенсорлық ойындар арқылы
дамытайық.
https://www.youtube.com/watch?v=nfav8KUUMl0
– сілтемемен өтіп, саусақ
жаттығуларын орындайды.
|
V
Реконструктивті-вариативті типтегі тапсырмаларды
орындау
|
«Сенсорлық ойындар
көрмесі»
|
Студенттер сенсорлық аймақтарға барып, дамытушы
ойындарды іріктеп алып, топ болып ұсынылым
жасайды.
|
VI Шығармашылық типтегі
тапсырмаларды
орындау
|
«Жаднама»
|
Топ болып
«Мектеп жасына дейінгі баланың
сенсорлық дамуы» тақырыбында жаднамалар
құру
|
VII
Қорытындылау
|
Оқытушының қорытындылауы
|
Сенсорлық даму баланың ақыл ойының
дамуының негізі. Сенсорлық деңгей - жоғары психикалық қызметтердің
(қабылдау, есте сақтау, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу)
дамуының базалық деңгейі.
Бала ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық, физикалық жағынан да жан-жақты үйлесімді дамуы
керек.
|
VIII Бағалау
|
|
Білім алушылар сабаққа
қатысулары бойынша бағаланады.
|
5. Сабақ бойынша
рефлексия
«Рефлексифті
экран»
-Бүгін мен ...
білдім.
-Мен үшін бүгін ... қызықты
болды.
-Мен ... кезінде
қиналдым.
6. Үй
тапсырмасы
А деңгей. М. Монтессори әдісін
қолданып шығармашылық жоба жасау.
В деңгей. М.Монтессори әдісін
пайдаланып, ойындар картотекасын
әзірлеу.
С деңгей. Дәріс мазмұнын тезис
түрінде конспектілеу. Терминмен жұмыс.