Материалдар / Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық қабылдауын дамыту (әдістемелік құрал)

Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық қабылдауын дамыту (әдістемелік құрал)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал мазмұнына ойлау қабілетін, қолының ұсақ етін дамытатын ойындар еңгізілген, оларды өткізу әдістері және дайындап жасау туралы кеңестер мен ұсыныстар жаңа тақырыпты балдырғандардың жеңіл игеруіне септігін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2022
802
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім

беру бөлімінің «Павлодар қаласының №48 санаторлык сәбилер бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының













Мектеп жасына дейінгі баланың

сенсорлық қабылдауын дамыту

(әдістемелік құрал)







Құрастырған: Гизатоллаева Балжан Балгабайкызы

















Павлодар 2021-2022 жж.





Қысқа мазмұн:



Әдістемелік құрал мазмұнына ойлау қабілетін, қолының ұсақ етін дамытатын ойындар еңгізілген, оларды өткізу әдістері және дайындап жасау туралы кеңестер мен ұсыныстар жаңа тақырыпты балдырғандардың жеңіл игеруіне септігін тигізеді.









































МАЗМҰНЫ:



1. Кіріспе _____________________________________________ 1 бет

2. Тақырыптың өзектілігі ______________________________ 5 бет

3. Сенсорлық тәрбиеге мінездеме _______________________ 6 бет

4. Сенсорлық қабылдауды қалыптастыру әдістері___________13 бет

5. Үйымдастырылған ойын іс-шаралары ___________________22 бет

6. Тәжірибелік бөлімі ___________________________________ 23 бет

7. Түс табиғаты және табиғаттың түсі ______________________ 35 бет

8. Қосымша __________________________________________51 бет

9. Қолданылған әдебиет _______________________________ 57 бет





















Мақсаты: Қолдың және көздің үйлестірілуіне жағдай жасау.

Қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту .

Заттың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.





Міндеті: 1. Көлемінің түрлі сапалығын анықтау, биіктігіне,

жалпақтығына, түсіне және көлеміне қарай салыстыру

арқылы.

2. Ойыншықтардың керемет қасиеттерін ашып,

балдырғанды осы арқылы ойнауды үйрету.



















Тақырыптың өзектілігі:



Қазіргі таңда тұқым қуалаушылық, жанұядағы тәрбиенің жетіспеушілігі, денсаулығының дамуында кемшіліктің және бұдан басқа да себептердің салдарынан психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сенсорлық қабылдауларында жетіспеушіліктердің бары бала мектепке барғанда жиі байқалады. Осы түйіткілді жеңу үшін дидактикалық ойындарды пайдалана отырып,сенсорлық тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп, қолдың және көздің үйлестірлуіне жағдай жасап, заттың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастырып, бала мектеп табалдырығын аттамас бұрын қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту.



























Сенсорлық тәрбиеге мінездеме.


Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік және оңалту мағынасында баланы әлеуметтік ортаға қосу, психо – дене шынығулық мүмкіндігінше қоғамдық өмipгe және еңбекке кipicтipy бұл маманның теориясы мен тәжірибесінде ең маңызды мәселе. Сенсорлық қабылдауларының дамуы - бұл баланың даму үдірісіндегі сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, коршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп сезіну. Бала өмipгe таза кіршіксіз ақ қағаздай келеді: оның көзі, аузы, құлағы бар, оның нәзік денесі ,сезгіш немесе тітіркеніш болады. Бұл тек қана алдағы айнала коршаған әлемді қабылдаудың алғы шарты. Сенсорлық тәрбиені толық өту үшің, сенсорлық тәрбиеге нақты бағыттау керек.

Баланың белгілі 6ip затты қарастыруына, сипап ұстап көруіне, тыңдауға және тағы басқа қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру. Бірақ затты қарастырып зерттеу, көру, сипап сезуі жеткіліксіз. Белгілі 6ip зерттейтін затының құрамын басқа заттармен салыстырып, айырмашылығын анықтап, сапасын білу. Бұл үшін балада, затты нақты уақытта қабылдап салыстыру үшін белгілі 6ip өлшем болуы керек. Бала өзінде қалыптасқан өлшеммен, заттарды бір-бірден қарастырып қабылдауының шешімімен салыстырады. Бұл жүйе геометриялық пішін, ұзындық бірлігі, өлшем бірлігі, дыбыстың жоғарлылығы, түстер спектрі, туған тілдің жүйелілігі және тағы басқа. Осы барлық аталған эталондарды бала меңгеруі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың кейбірінің жадылары да әлсіз келеді. Жадыны зерттеу белгілі 6ip көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Жадыны зерттеу нәтижелерін талдау кезінде оның қызметінің қай кезеңі - ақпаратты жаттау ма, оны есте сақтау ма немесе қабылдау арқылы қайта ойдан жаңғырту ма - қайсысы неғұрлым зардап шеккенін анықтап алу қажет. Жадының қалыптасуы барлық қабылдау үдірісінің жинақталуында. Қабылдау үдірісі барысында көру, есту бейнелері біртіндеп жинақталады. Бірақ та, бала қабылдайтын заттың құрамы мен түр - түci, нақты сөзбен байланысуы керек. Заттық бейнені көз алдына елестетіп, түciнe біліп, оны анықтап нақты білулігінде. Егер қабылданған бейне өткен шақта сөз түрінде бекітілсе, оларды оңайлықпен еске түcipyгe болады. Еске түcipyгe сөздік атауы жеткілікті .Балаға көрсетілген аздаған көмектің өзi ынталандыру көмек түрінде көрсетіледі. Бұл жағымды ынталандыру немесе педагогтың ұйымдастырушылық күш жұмсауын білдіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларды, бала бақшаға қабылдай сала, зерттеу жұмысын жүргізіп, олардың қабылдау деңгейлерінің жылдамдығын анықтаган дұрыс, анықтау барысында балалардың сенсорлық дамуы мәнді мөлшерде қалыптасу

уақытынан қалыс қалып, дұрыс болмаса да , бала күрделі тапсырмаларды орындап, жай тапсырмаларды орындамауы мүмкін. Бұл дегеніміз -тапсырма барысындағы қиындықтармен байланысты: үйреншікті тапсырма, материалды меңгеруіне сүйенуі, көру мүшесі арқылы сәйкестендіруі, бейтаныс ,яғни таныс емес тапсырманы кездестіруі, бірден түciнiкciз қимылдар жасауы. Балалар кеңістікті бағдарлауда ізденіс қабілеттерін пайдалана алмайды. Осы айтылған ұсыныстарға оларды үйретіп оқыту керек.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың даму барысында сабақтарда дидактикалық ойындарды енгізіп, жүйелі icкe асыруда сенсорлық тәрбиенің алар орны ерекше, ол- ақыл тәрбиесінің негізі танымды ic-әрекетін қабілеттендіреді. Ойын және танымдық дидактиалық ойын мектеп жасына дейінгі балалардың педагогикалық міндет жағдайын жағымды шешеді. Дидактикалық ойын, ойын іскерлігінің ерекше түpi ретінде және оқыту, түзету мен тәрбиенің жан-жақты қойылған міндеттерін шешуде жоғары бағаланады. Сенсорлық тәрбие барысында дидактикалық ойынды педагогикалық үдірісте пайдаланып,қолдануда арнайы құрал-жабдықтар, техниклық құралдар, әр түрлі үлестірмелі материалдар және басқа да көрнекіліктердің болғаны дұрыс.Жалпы алғанда ойын - бала іскерлігінің негізі. Балалар ойын ойнау барысында ешқандай мақсат коймайды. Ойын -тәрбие кұралы, ол толықтай педагогикалық үдіріс. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі оқу түpi - сабақ және дидактикалық ойын. Сабақта және білімді кеңейту сабағында, дағдыда, қарым-қатынаста өзектілік орын мен жақын арада дамытудың көзі - ойын. Мектеп жасына дейінгі педагогиканың шетелдік оқымыстылар Ф.Фребель, М. Монтессори мен мектепке дейінгі педагогика- психология өкілдері А.В.Запорожец, А.П.Усовалар сенсорлық тәрбиенің мектеп жасына дейінгілерді жан- жақты толық сенсорлық дамуына бағытталғанын, сенсорлық тәрбие баланың қабылдауының түйсігінің және айнала қоршаған ортаны танып білуіне жол ашады – деп текке айтпаған. Балаларға көмек беруде, ең 6ipiншi орында баланың жеке дамуын қалыптастыру, үлкендердің жетекшілігімен баланы түзу жолға салуға жұмсау. Психологиялық көмектің үдірісі - бұл бip қалыпты шара емес, балаға әсер ететін көп жоспарлы ұзақ жұмыс. Осыған сүйіне келе мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сенсорлық қабылдауларын дамытудың бірден-бір жолы сенсорлық тәрбие мен дидактикалық ойын құралы.

Мектеп табалдырығын аттап, бipiншi сыныпқа барып бағдарламаны меңгеру үшін, олардың epік-жігері және танымдық іскерліктері жеткілікті емес. Танымдық белсенділіктерінің төменділігі оқудың алғашқы кезеңіндегі жас ерекшелігіне сай айнала қоршаған білімдерінің және тәжірибелік дағдының шектелуін көрсетеді.

Тілдің дамымауы дыбыстардың бұзылуына, сөздердің үйлесімділігінің кедей және жетіспеушілігіне, ойлау-сауаттылық құрылымының жоқтығына әкеп соғады. Балалардың кейбіреулерінің фонетика-фонематикалық қабылдауларының жетіспеушілігі мен есту жадысының төмендігі байқалады. Ерік-жiгep отырысымен тұрақсыздық, ашушаңдық қозғалыстарының тоқырауы немесе кepiciншe тез шаршағыш әлсіз болып келеді.

Жалпы психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы түйіткіл өзара тығыз байланысты. Психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерешеліктерімен сипатталады. Психика тек тұлғаға тән қасиет. Mәceлeнiң шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады.

Тұлғаны дамыту барысында тілін жан-жақты дамыту да артық болмайды, бұл жұмысты алғашқы күннен бастап баламен ойын түрінде тыныстауға арналған жаттығулармен жүргізу де артық емес. Жаттығулардың мақсаты – баланың сөйлеу кeзiндe тынысты қажет жерінде үнемдеп, немесе терең тыныстауға үйрету. Ceбeбi, кейін бала 6ip тыныста буын, сөз, сөз тіркесін айта алатындай болуы керек. Тыныспен жүргізілетін жұмыс түрлері мынадай: жеңіл мақтаны, кағазды, үстел үстіндегі ойыншық торғайды, қуыршақты үрлеп қозғалту, ойыншық торғайды, қуыршақты үрлеп айналдыру, ұшыру. Жанған шырақты үрлеп сөндіру, су құйылған ыдыста пластмассадан жасалған фигураларды, қағаздан жасалған қайықтарды жіберіп үрлеп қозғалтуға арналған жаттықтыру жұмыстары болады. Мектеп жасына дeйiнгi балалар бip тыныста бip-eкi буынды айтуға жаттығады. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің басты стратегиясымен технологиясы сауықтыруды мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан бастап зерттеп дамыту керек. .

Дамытудың негізгі бағыттары олар әр балаға жеке келудің жолы, шаршауды сауықтыруда әртүрлі әдістер мен жағдайларды қарастыру. Мысалы: қызықты және көрнекі өңделген дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы ақыл және тәжірибелік іскерлікті кезектестіру. Бағдарлама бойынша сабақ бөлімдеріне дайындық жүргізумен қатар айнала қоршаған әлем туралы біліммен байытып қамтамасыз ету. Сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерде баланы дамыту іскерлігінің барлық түріне зейін бөлу.Балалармен жұмыс icтey барысында педагогикалық такттың ерекшеліктерін шығару. Оқу тәрбие үдірісінде, дамыту жүйесінде, ұйымдастыру кезінде оқыту және жеке даму ортасын құруға қамтамасыз ету, резервінің танымдылығын іске асыра оқыту, балаларды арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайы көп білімді меңгеруде мәнді динамика бepiп, қалыпты дамып келе жатқан құрдастарының қатарына қосылуға бiлгipлiк пен дағдыны қалыптастыруда ғажап емес.

Сенсорлық тәрбиенің астарында педагогикаға педагогика жүйесінің әсері, сезіну мен қабылдаудың icкe асырылуының және танымдық қабілеттің қалыптасуы жатыр. Баланың сенсорлық дамуы, ол оның қабылдауы және заттың көлемі, түci, кеңістікте орналасуы, дәмі мен иici. Сезгіштіктің дамуын ерте және мектепке дейінгі жаста бала бойында бағалау күрделі. Нақты осы жас ағзаның сезім мүшелерінің жетілуіне, демек айналаны танып білуге оң әсерін тигізеді. Сенсорлық даму бip жағынан баланың ақыл-есінің дамуына негіз. Баланың сенсорлық тәрбиесі – ол оның қабылдауының дамуы және заттың сыртқы құрамын көз алдына елестетуінің қалыптасуы: оның пішіні, түci, көлемі, иici, дәмі, кеңістіктегі орналасуы. Сенсорлық тәрбие айналадағы болып жатқан толық қалыптасуды қабылдауға бағытталған, сезім тәжірибесінің алғашқы баспалдағы болып табылып, әлемді танып білудің нeriзі қызметін атқарады.

Ақыл- естің, дене, эстетика тәрбие жетістігінің айтарлықтай бірқатары балалардың сенсорлық дамуының деңгейіне тәуелді, ол дегеніміз- баланың неғұрлым жeткiлiктi ecтіп-көрyімен қатар айналаны танып білуінен.Қабылдаудың дамуы және сезінуі егер де нақты бағдарланған жағдайда, мазмұнды іскерік (сурет, илеу, желімдеу, құрастыру) барысында жақсы жүргізілумен қатар, пішін, түстерді, кеңістікті бағдарлауға әсерін тигізеді. Сенсорлық даму кез-келген тәжірибелік іскерлікті жетік меңгерудің көзі болып табылады.

Мектепке дейнгі педагогикада сенсорлық тәрбиенің әдісі мен мазмұнының нақты анықталуы қабылдау мен сезінудің түсігінен туындайды. Осы жағдайда екі түйіткіл маңызды:

1) Меңгерілген тәжірибе барысында қабылдау «жатталған» болып табылады;

2) «Осы жатталу» қалай болады;

Мектепке дейінгі педагогика тарихында сенсорлық тәрбиенің бұрынғы педагогтармен өңделген әр түрлі жүйесі белгілі. Осы жүйенің сенсорлық тәрбиенің өңдеген отандық педагогтар. Осы жүйенің үзілмей оңделуі қабылдау дың теориясын құрған отандық психологтармен байланысты.

Сенсорлық тәрбиенің негізін салушы, аты бүкіл әлемге танымал Мария Монтессори жүз жылдан бepi сексеннен аса елдің педагогтарының зейінін өзіне аударып отыр. Монтессоридың идеясында – педагогтардың тәрбие жұмысын тереңдету. Монтессоридың бала бақшасы мен мектебі Европада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада бар. Оның идеялары сенсорлық тәрбиенің негізін қалау. Монтессоридың педагогикасы, технологиялық жағынан жетік ойластырылған. Ол баланың қабілетіне қарай жұмыс іскерлігінде, дамуына жағдай жасайды.

Монтессоридың дамыта – түзету материалдарымен танысып, дидикатикасымен өз бетінше жұмыс істеудің шешімінде бала тәуелсіз, жаңа ортаға жылдам бейімделгіш болады.

Ғасыр басындағы тәжірибелік ашылу, педагогтар мен психологтарды танымал қылды. Мектеп жасына дейінгі балалар барлық ақпараттық оқуларды сөз арқылы емес қарым-қатынас, арқылы қабылдайды. Тілдік дамуы - ол ойлану, жағдай атты саналаудың белгісі. Бірақ та ол кіші мектеп жасына дейінгі балаларға бірден қабылдауға қиын. Монтессоридың педагогикасында тілдік және танымдық іскерлікте ескеріледі. Балалар өз ойларын қимылмен емес, өз сөздерімен жеткізуі ұсынылады. Мектеп жасына дейінгілердің сенсорлық тәрбиесі М.Мантессоридың жүйесінде үлкен мәнге ие. «...Сезімді тәрбиелеудің әдісін ерте жастан бастап, жеке тұлғаның қоғамдық өмipгe дайындалуындағы барлық оқу барысында жалғасады...» - деп айтқан. Міндет ақпаратта емес, баланың толыққанды жинақталған тәжірибесінде, ол сана мен ашылулар арқылы беріледі Психологиялық жақсы жағдай мен бостандық баланың психикалық дамуына оң әсер береді. Педагогикалық идеяны терең ойластырып қорытындылау негізінде оның философиялық көзқарасы және оны табиғи түciнy жүйелілігінің үдірісін Монтессори баланың табиғи ойлауымен даму нeriзi деп тапқан. Монтессоридың әдістемелік дәйектеме жүйелілігі сенсорлық даму болып табылады. Ол тәрбиенің басты мақсатын анықтайды, мәңді орын алады. Бала жұмыс істегенде шаршамайды, ол өз энергиясын толықтырады. Бала өзінің ойын тәрбиелейді, айнала қоршаған әлемнің үлгісін денесіне сіңіреді.

Баланың жұмысы мен өмip мақсаты - жеке тұлғаның құрылымында, оның өзінде. М. Монтессоридың еңбегіндегі терминінде «тәрбие» және «даму» жие кездеседі ,яғни ол тәрбиелеу мен даму барысында болып табылады, ал «білім» және «оқыту» керісінше көп айтылмайды.

Тәрбие мақсаты – психофизикалық дамумен бірлеседі М.Монтессори бойынша тәрбиенің мәні «дүниеге келесап өмipгe көмек».

  1. Дамудың бірлестігі.

  2. «Дайындалған ортамен» озара байланыс.

  3. Дайындық ортаны еркін таңдау.

  4. Оқуға жеке белсенділік.

  5. Оқу icкерлігі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ