Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп мұғалімдеріне арналған психологиялық тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұғалімдерге арналған әдістемелік
семинардың жоспары
Мектеп: «№15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ Семинарды тыңдаушылардың саны
Мерзімі: 17.10.2016ж
Мұғалім: Педагог-психолог, «Өзін-өзі тану» пәні (базалық) ІІІ деңгей мұғалімі Гафарова Ә.С
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Мектеп мұғалімдеріне арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйласытқ қарым-қатынас орнату, оқушылармен қарым-қатынасын арттыру. -Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
|
Ресурстары: Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, түрлі түсті қағаздар |
Жоспар: 1. «Сәлемдесу» жаттығуы 2. «Жылылық сыйлау» жаттығуы 3. Тыныштық сәті. «Менің болашағым» 4.Шығармашылық жұмыс. «Жасырын хат, ойлан тап!» 5. Графикалық тест « Гүлдер суретін салыңыз » 6. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы 7. «Еңбек ағашы »жаттығуы 8. Рефлексия: «Ашығын айтсам» Барысы: 1. «Сәлемдесу» жаттығуы Мақсаты: топ мүшелерінің алғашқы кезеңдерінде болатын ауыртпалықты сейілту, топ мүшелерінің белсенділігін арттыру. Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секунттың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»: Оң қол оң қолмен! Мұрын мұрынмен! «Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар. 2. «Жылылық сыйлау» жаттығуы Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Көршіңді сол жақтан құшақта, Көршіңді оң жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып. Бүгінгі тренинг барысы, Біз – үлкен отбасы! – деп бүгінгі тренингімізді бастаймыз. Дәйексөз: “Мұғалімдік оңай нәрсе емес. Тәртіппен жасалған оқу құралдарын оқытуға тәртіппен оқыта білетін мұғалім керек” – деп Ахмет Байтұрсынов айтпақшы тренингімізді тыныштық сәтімен жалғастырамыз.
«Менің болашағым» Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз. Ақырын – ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте – бірте былдырлап тіліңіз де шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңіз де нығайды. Мектеп табалдырығын аттап, білім алудасыз. Күнделікті тіршілік арнасымен білінбей уақыт өтіп, міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам? Қандай мамандық иесі болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап мектепке жұмысқа келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл уақыт өтті. Сіз беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстаз болдыңыз. Сіз өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты, әрі бақытты сезіммен үйге ендіңіз. Талдау:Қандай күйде болдыңыз? Жемісті еңбекке қалай қол жеткіздіңіз? 4.«Жасырын хат, ойлан тап!» Уақыты: 20 минут Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады. Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі: «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат; «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат; «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат. Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет. 5. Графикалық тест « Гүлдер суретін салыңыз » / Мұғалімдермен \ Тестің көмегімен түрлі өмір салалары қандай маңызды әсер ететіндігін анықтауға болады. Нұсқау.Суретте терезесі бар үй, әйел мен ер кісіні, қоршаған газонды көріп тұрсыз. Сіздің міндетіңіз -гүлдер салу. Оны қай араға саласыз, өзіңіз білесіз, ең бастысы, осы картинкада орналасуы керек. Нәтижелерді талқылау. Егер де сіз адамның сұлбаларын салып қана, бірақ, тереңдетіп салмасаңыз, онда сіз үшін ең бастысы-қарым-қатынас, айнала әлеммен байланыс, өзара түсінісу, достық және махаббат сезімдері. Егер сіз, үйді ерекшелеп салсаңыз, онда сіз бірінші орынға отбасылық құндылықтар, береке мен жылылық, жанға тыныштық үйлесімін қоясыз. Егер де сіз газонға ерекше зейін бөлсеңіз немесе алыста шалғын суретін салсаңыз, онда сіз қарапайымдылық пен табиғилыққа ұмтыласыз. Және сіз адамдармен қарым-қатынас шынайылық іздейсіз, өтірік пен көлгірсуді жек көресіз. Гүлдерді газонда салсаңыз, сіз күнделікті күйбеңнен шаршадыңыз, демалғыңыз келеді.Сіз тереңге батып бара жатқандайсыз, сіз өзіңізді бақылай алмай барасыз. Егер де сіз сәлірек гүлдері бар шалғын суретін салсаңыз, сіз өміріңізді өзгерткіңіз келеді, бірақ, оны қалай өзгертуді әлі білмейсіз. Егер де сіз, үйдің терезесінің алдында гүлдің суретін салсаңыз, сіздің барлық ой-пікірлеріңіз жанұя айналасында, мүмкін сізде осы жөнінде проблемаларыңыз бар және оны шешкіңіз келеді. Егер де сіз бүкіл терезе алдын гүлдермен толтырсаңыз, сіз жанұяңызды сыртқы әлемнен басқа суық көздерден сақтағыңыз келетіні. Әйелдің қолында гүл болса, онда-сіздің жан-жақтылығыңыз, қарама-қарсы жыныс өкілімен жоспарлар құрасыз, маңызды проблемаларды шешесіз. Ешқандай романтика жоқ, өмірге деген іскерлік көзқарас. Ер кісінің қолындағы гүл-сіз біреуге ғашықсыз, сіздің жүрегіңіз алып-ұшып тұр, сіз романтикалық сезімдесіз. Бүкіл әлем сізге қайырымды сияқты, сіздің көз алдыңыз барлығы бұлыңғыр. Егер де сіз беттің бос жерлеріне гүлдің суретін салсаңыз, сіздің депрессияда болғаныңыз және өзіңіз жеке ол күйден шыға алмайсыз. 6.«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы Нұсқау: Мұғалімдерге қағаз таратылады. Мұғалімдер әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау. Қорытынды:
|
Талдау |
7.«Еңбек ағашы » жаттығуы: қазір сіздерге үш түрлі қағаз қиындысы
таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып әр
қайсысыңыз
өз
орнына ілесіздер. Жиналыстың қорытынды сәті. Рефлексия: «Ашығын айтсам» |
|
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;
-
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?