Материалдар / Мектеп мұражайы –тарихтан сыр шертеді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп мұражайы –тарихтан сыр шертеді

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұражайын ұйымдастыру бойынша баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2018
1165
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп мұражайы –тарихтан сыр шертеді

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп ұстаздар қауымына да зор жауапкершілік жүктеді. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың»- деген өткен халымызды ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейкесті сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдылықтарын түсінгісі келеді.  «Мәдени мұра», «Өлкетану» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебімізде белгілі публицист, журналист, жазушы жерлесіміз Жайық Кәгенұлы Бектұров есімі берілген мұражай ашылды. Мектеп мұражайының басты мақсаты – мұражайдағы тарихи құжаттар мен жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу, мектептің жетістіктерін таныту, мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі бай тарихын дәріптеу, түлектердің жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау, олардың өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру.Мұражай 4-бөлімнен тұрады: (слайд)
  • Ж.К.Бектұровтың өмірбаяны
  • Ж.К.Бектұровтың шығармашылығы
  • Мектеп өмірі
  • Ұлағатты ұстаздар
Мектеп мұражайын ашу жұмыстары 2016 жылдан бастау алды. Осы жылдың он үшінші қазанда Қарағанды қаласындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына Дорж М, Худобина В.Р, Калиев Б.У, Орденхан Н ұстаздарымыз арнайы барып, кітапхана және мұражай қызметкерлерімен тілдесіп, Ж.Бектұров жайында мәлімет пен мағлұматтар алып келді. (слайд ) 2017 жылдың қазанның жиырмасыншы жұлдызында Жайық Кәгенұлының105жыл толуына байланысты еске алу кеші өткізілді. Кешке арнайы шақырылған қонақтар аудан әкімінің орынбасары Абулхаирова Г.Е , ауданымыздың бас редакторы Нұрсадықов К.Д, ақсақалдар кеңесінің төрайымы Мананбаева А.К, ауданымыздың құрметті азаматы Балмұқанов С, Новорыбинка ауылының әкімі Оразов А.А, ақын Серікұлы Нұрболат, білім бөлімінң әдіскері Ханша Ахтышханқызы қатысып, Жайық Кәгенұлы жайынды көптеген жаңа мәліметтер, елеулі оқиғалар еске алынды. Кеш барысында тағлымы мол, ойға түрткі болатын әңгімелер айтылды. (слайд) Ағымдағы жылдың үшінші тамызда салтанатты түрде мектеп мұражайы ашылды. Ашылу салтанатына Ауданымыздың құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Жайықтанушы Дәуешов Еркін Дәуешұлы бастаған қала қонақтары және Ж.Бектұровтың көзін көрген, достары, қолдаушылары және ақын, жазушылар келді.1. Ғалым Жайлыбай – Алматы қ., ақын,. Ж. Бектуровтың оқушысы. «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 2007 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.2. Мұсабеков Бақытқали Мұхамедқалиұлы – Қарағанды қаласы композитор клубының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Ж.Бектұровтың досы. 3. Иран Тасқараұлы Тасқара – Көкшетау қ., ақын, сазгер, әнші. Ж.Бектуровтың қолдаушысы.4. Төреғожа Қайырбай Зейноллаұлы – «Арқа Ажары» газетінің бас редакторы.5. Абдакимов Абдижаппар Абдакимұлы – профессор, тарихшы, зерттеуші, ғалым және публицист6. Ибраев Садық Дәуітұлы – Ж. Бектуровтың нағашысы.7. Дүйсенов Есболат Қасымұлы - еңбек ардагері, ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары. (Астана қ.)8. Бапишев Кенжеболат Сапарұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры.9. Бекбалакова Гаухар Абушахмановна –Ж.К.Бектұров атындаағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры «Көп жасап, көпті көрген, асылды терген Ж. Бектұровтың әдеби қоры мол. Жазушының өмірі мен әдеби мұрасы келешек ұрпақ үшін асыл мұра. Оның еңбектерін зерттеу, жарыққа шығару, оқырмандарына жеткізу, жазушы Ж.Бектұров туралы айтылар сөз, толғанар ой пікірлер бүгінгі мен кейінгі толқын жастардың парызы. Жайық есімі туған еліне қайта оралды.» - деген ой-пікірлер айтылып, келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, қолтаңбаларын қалдырды. Білім ордасындағы мұражай –оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриотизмге тәрбиелейтін, сезімін оятып, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие құралы. Құрметті әріптестер, ата-баба тарихын жинап, сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізудегі, абыройлы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.



Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі



















Мектеп музейі











Отарбаева Ж.Т



























2018-2019 оқу жылы







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!