Материалдар / Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруда ақпараттық –коммуникативтік технологиялардың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруда ақпараттық –коммуникативтік технологиялардың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруда ақпараттық –коммуникативтік технологиялардың түрлері мен тиімділігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
480
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп оқушыларының білім сапасын

арттыруда ақпараттық –коммуникативтік технологиялардың тиімділігі


Канаева Елезавета Тастемировна

Оқу ісінің орынбасары, педагог –сарапшы,

Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

«Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ,

Бөрлі ауданы, Батыс Қазақстан облысы



Педагог Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға – оқу керек» деген сөзі бар. Білім ешқашан құнын жоғалтпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында да білім саласына ерекше көңіл бөлінді. Ұлт болашағының кепілі саналатын жас ұрпақтың қалыптасуының алғашқы баспалдағы отбасында қаланса, мектеп қабырғасында бұл маңызды бастаулар негізгі тұғырға көтеріле түседі. Бала бойындағы тұлғалық ерекшелік пен танымдық түйсік те дәл осы  кезеңде жетіледі. Сондықтан да мектеп қабырғасында кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен тәрбие беру басты мақсат болып табылады.

Сапалы білім беру дегеніміз –іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан- жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан- жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Оқушылардың білім сапасын көтеру жұмыстары оқу жылының басынан басталады. Ең алдымен сапаны арттыру бойынша, мектептегі оқушылардың олқылықтарын жою бойынша және дарынды оқушылармен жұмыс жоспары құрылады. Әр пән мұғалімі жоспарларына сай жыл бойы жұмыстанады.

Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:

 • тұлғаны дамыту;

педагог мәртебесін көтеру;

оқытып-үйрету әдістері;

іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық;

оқушы позициясы;

жаңа ақпараттық-технология;

бәсекеге қабілеттілік;

Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге әр түрлі әдіс –тәсілдер, технологиялар арқылы оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге оңды ықпал етеді. Қазіргі компьютер заманында технологиялардың түрлері өте көп, оқушылар да, ұстаздар да көртеген технологияларды жетік меңгерген.

Барлық жаңа технологиялардың алдымен қоятын мақсаты- оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше жан –жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру- мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін –өзі дамытып, оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі.

Жалпы біздің мектеп бойынша барлық мұғалімдер жаңа технологияны меңгерген ұстаздар. Өз сабақтарында көптеген жаңа технологияларды қолдану барысында, оқушылардың сабаққа, оқуға деген құштарлықтарын арттырады. Білімі, қабілеті бар оқушылар көптеген аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанды. Ұстаздарымыздың сабақтарында ең көп қолданып жүргендері ақпараттық – коммуникативтік технологиялар. Соның ішінде электронды оқулықтар, күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, компьютер арқылы орындалатын көптеген технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Мұғалімдер өздерінің сабақтарында презентациялар, флипчаттар көрсетіп қана қоймай, оқушыларға да шығармашылық тапсырмалар ретінде орындатуға, жасауға береді.

Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді.сонымен қатар интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты оқиғалар, өмірбаяндық материалдар, фотоқұжаттар, көрнекіліктер табылады,  кейбір мәліметтер сабаққа дайындалу барысында әдістемелік жағынан көмек береді. Әсіресе, қазіргі уақытта қашықтан оқыту кезінде оқушылар үшін ақпараттық- коммуникативтік технологиялардың тиімдігілі арта түсті.

Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы оқу процесі жүзеге асуда, сонымен бірге мектептің білім сапасы көтеріліп, дарынды да қабілетті балалар саны өсті.


Мектеп бойынша білім сапа мен үлгерімі



І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІVтоқсан

жылдық

Білім сапасы

47,7%

51,3%

52,4%

53,5%

55%

Үлгерімі

99,7%

100%

100%

100%

100%


Мектеп оқушыларының оқуға, шығармашылық жұмыстарға деген ынталары артты. Оқушыларымыздың аудандық, облыстық деңгейдегі жетістіктері көп болды. Атап айтсам, «Ақберен оқулары» Николаенок В.- ІІІ орын, «Менің Отаныма –менің бастамам» Зингазиева Д –І орын, « Әбіш оқулары» Бегимова А.- ІІ орын, «Туған өлкемнің табиғаты мен экологиясы» жоба Айткалиев Д- ІІ орын, «Жайық алаңы» - Горевая Е –ІІ орын, «Әл- Фараби» олимпиадасы Кисилев В., Провоторова Н., -ІІ орын, «Бизнес жоба» Актауова М –І орын, «Туған өлкемнің табиғатын зерттеймін» ғылыми-зерттеу конференциясы Винокуров Д –ІІ орын, «Гүлдер әлемі» Махметова А., Ковтун Т.- І орын, «Ecostan-ға саяхат» Горевая Е, Рассказов А- ІІІ орын, «Бір жәдігер ізімен іздестіру» зерттеу байқауы Айткалиев Д –ІІ место, Ғылыми жоба, шығармашылық байқаулармен бірге оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары атанды, атап айтсам, «Ақ желкен» олимпиадасы Коваленко Б.- І орын, «Айқанат» олимпиадасы Айткалиев Д – ІІ орын, «Математикалық регата» Бузенков В –ІІІ орын, «Тарих пәнінен» олимпиада – Копейко А.-І орын, «Орыс тілінен» пәндік олимпиада Шепель А.-І орын, Муканова Д. – ІІ орын, Савичев Д,-ІІІ орын, «Вундеркинд» олимпиадасы Помещиков З. -І орын, «География» пәнінен Коннова В – ІІ орын, «Химия» пәнінен Терехова Д –ІІІ орын, «Өзін-өзі тану» пәнінен Антонова Ю-ІІІ орынға ие болды.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек деп ойлаймын. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланылуы кеңейтіліп келеді.

Жоғарыда айтылған ой пікірлерімді тұжырымдай келе, ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану негізінде, мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру, жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!