Материалдар / Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуды ізгілендіру мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуды ізгілендіру мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы күнге дейін қалыптасқан тәрбие ісі қоғам қажеттілігіне құрылған болатын. Оқушыға қойылатын талаптар үнемі сырттай танылып, оның ішкі жан дүниесі, талпынысы ескерілмей келді. Ұстаз үнемі шәкіртті өзгертумен айналысып, ол дүниеге келгеннен бері дұрыс тәрбиеленбеген деген ой-пікірмен қарап келді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
285
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуды ізгілендіру мәселелері


Түркістан облысы Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Төменгі Боралдай негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мусаев Абдулла Алиевич.




Осы күнге дейін қалыптасқан тәрбие ісі қоғам қажеттілігіне құрылған болатын. Оқушыға қойылатын талаптар үнемі сырттай танылып, оның ішкі жан дүниесі, талпынысы ескерілмей келді. Ұстаз үнемі шәкіртті өзгертумен айналысып, ол дүниеге келгеннен бері дұрыс тәрбиеленбеген деген ой-пікірмен қарап келді. Сөйтіп тәрбие философиясы мен баланың табиғи даму зандылықтары қайшылықта болды.

Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан гуманизмге адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі олардың ар намысын, абыройын, ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп білеміз.

Түйіндей келе, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой-шабытының ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, адамшьшықтың шынайы иесі деп қабылдаймыз.

Жаңа гуманистік тәрбие жүйесінің негізі-бала. Ол өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі аңықтайтын, өзін-өзі іскерлікке баулитын тұлға. Бала өзі оқып үйреніп, өзі дамып, өзін-өзі тәрбиелейді. Өзі ғана өз өмірі мен тағдырына жауапты. Адам неғұрлым өз өмірі мен тағдырына жауапкершілігін ерте сезінсе, соғұрлым өмірін дұрыс құруға талпынады. Сөйтіп, өз ой-пікірімен әрекет ететін тұлғаны тәрбиелеу іске асады. Мұнан туындайтын мәселе, тәрбиені тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін философиялық тұрғыдан ойлауы тиіс.

Еркіндік тұлғаның жауапкершілігін арттырады, Тұлғаның материалды жөне рухани жағдайларға тәуелді болуы еркіндікті шектейді, соның салдарынан жауапкершілігін төмендетеді. Сонымен, экзистенциалистік философия адамгершілік-этикалық сипатта болып, белсенді өмірлік ұмтылысты қалыптастырады.

Тәрбиелік орта. Адамға лайықты өмір сүру үшін орта қажет. Орта тәрбие жағдайын жасаушы. Тәрбиелік орта ұстаздың ұйымдастыруына байланысты заттық, кеңістік, оқиғалық, информациялық болып ажыратылады. Осы орта өмірдің қандай екендігінің айғағы, осындай ортада оқушының өзгелермен қарым-қатынасы, жүріп-тұруы, өмір туралы түсінігі қалыптасады.

Ежелден тұлғаны тәрбиелеуге жеке адамдардың өмір жолы, тағдыры, еңбегі, ерлігі, т.с.с. пайдаланылған.

Заттық-кеңістік орта ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениет негізінде жабдықталады: сынып, мектеп бөлмелері, оқу кабинеттері, асхана, коридор, баспалдақтар, оқушылардың киімі, киім ілетін жер, мектеп ауласы, бағы, гүлзары, т.б. оқушыға психологиялық тұрғыдан әсер етеді.

Кеңістік орта: оқушы, киімдері, киім үлгілері қарым-қатынасқа психологиялық нәр береді. Заттық кеңістік ортаға адамдық, жандық сипат берілген жағдайда тәрбие факторына айналады. Зат арқылы адамның талғамы, жүрек сезімі, еңбек нәтижесі көрініс беріп, затқа жанды объект ретінде қарауға баулиды. Әр заттың адамға көрсететін қызметі, пайдасы ескерілуі тиіс. Мектептің заттық әлемі тұлғаны рухани жағынан дамытуға ықпал етеді, айналаны шығармашылықпен түсінуге бейімдейді.

Мектептегі іс-әрекеттің тәрбиеге ықпалы зор. Мектепте әр сәт сайын түрлі іс-әрекеттер жүреді. Мектеп тәртібі

баланың жатымды, жатымсыз мінез-құлық, іс-әрекеті арқылы бейнеленеді. Іс-әрекет мұғалімдердің оқушымен өзара қарым-қатынасында көзге түседі. Оқушының мәдени деңгейі іс-әрекетте білінеді.

Іс-әрекет ортасы мектеппен ғана шектелмейді. Оқушьщы дұрыс іс-әрекетке үйрету, өз әрекетінің нәтижесін алдынала болжай білуге, тәртіпке мойын ұсынуға, өзгенің ескертуіне құлақ асуға тәрбиелеу, т.б. үнемі іске асырылуы керек. Оқушыларға айтылған ескертулерді олардың дұрыс түсініп, қабылдай білуі де, өз ойын ойланып айта білуі де көзделеді.

Оқиғалық орта арқылы оқушы ойланып өмірлік қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Сондықтан тәрбиеші оқиғалық орта арқылы түрлі пікірлерді талдап, дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелейді. Мұғалім оқушыны мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, мектеп оның екінші үйі екенін сезінуге тәрбиелеп, мектеп өмірімен біте қайнасуын басты нысанаға алуы шарт. Оқиғалық ортада оқушы өз “Меніне” көп назар аударады. Оқиғалық ортадағы дұрыс қарым-қатынасты таңдау оқушының өз “Менін” аялау, оның өз қадыр-қасиетін сақтай білу мәселесі күрделі жағдайда көрініс береді.

Информациялық орта оқушының дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Оқушы бүкіл әлем туралы хабарды тындап игеруге мүмкіндігі мол, оның алдында бүкіл әлемнің сыры ашылады. Информациялық ортаның тұлғаға ықпалы дұрыс болуы үшін мынадай жағдайлардың ескерілуі шарт:

Оқушы қабылдаған хабарды ақыл-ой елегінен өткізіп, оны талдап қабылдайтын интеллектік (зерделік) сапасы мен рухани күші жоғары болуы тиіс. Метептегі информациялық ортаны ұйымдастыру дегеніміз кітапхана, оқу залын мәдени деңгейде жабдықтау. Сыныптан тыс оқуды дұрыс ұйымдастыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, оларды көпшілік алдында дұрыс сөйлей білуге баулу, көпшілік аддында дәріс ұйымдастыру, танымдық кештер ұйымдастыру, реферат түрінде сөйлей білуге үйрету, конференция өткізу т.б.

Егер де Ақиқат ең жоғары құндылық деп есептелсе, ойлау ең жоғары адамға төн сипат, сондықтан оқушының ақыл-ойы мен танымдық қабілетін дамыту маңызды рөл атқарады. Мектепте білімді, мәдениетті адам ең жоғары құрметке ие болуға тиіс.

Тәрбие үрдісінің құрылымы. Тәрбие үрдісі тәрбие ортасынан, тәрбиеленушінің іс-әрекеттерінен және оқушылардың өз өмірін қазіргі мәдениет аясында тәрбиелік ортамен және іс-әрекеттің субъектісі деп қарауынан тұрады. Тәрбие жұмысында ерекше индивидуальды орта, іс-әрекет, соған сәйкес индивидуальдық әдіс қолданылады. Осы үлгі отбасы, бақша, мектеп, жоғары оқу орнында сакталады. Тәрбиеде өзгеретін басты компонент — тәрбиенің мақсаты. Екінші мүғалімнің оқушыға деген педагогикалық ұстанымы. Үшінші — әдістеме.

Мұғалімнің қазіргі педагогикадағы жаңа ұстанымы оқушыны табиғи күйінде қабылдау. Бұл бұрынғы педагогтар үшін қиындық туғызады, өйткені олар адамды бір қалыпқа салып тәрбиеледі де, соны үлкен жетістік санады. Баланы табиғи қалпында қабылдау объективті шындық. Олардың өзіндік ерекшелігімен бірге, ортаның ықпалының сезілетіні де, объективті шындық. Баланың табиғи қалпы — барлық жағдайдың әлеуметтік-психологиялық жиынтығы. Баланың тұла бойында, келбетінде жоқ нәрсені талап ету өте қиын. Оқушының қазіргі тұр сипаты оның бұрынғы дамуының нәтижесі. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Түлғаны табиғи қалпында, жеке бас ерекшелігін ескеріп, оның “Менін” өз даму деңгейінде көрсетуіне мүмкіндік беріп, баланы кінәламауымыз қажет, себебі ол қоғам мен ата-ана тәрбиесінің туындысы. Оқушыны табиғи қалпында қабылдаудың да шегі болуға тиіс, мәселен, біреуді басынып, оны құрал ретінде пайдалануға болмайды. Бала өзінің тұлғалық ерекшелігін білдіргенде өзгенің мүлдесіне нұқсан келтірмеуі, жанындағы адамның қадыр-қасиетін төмендетпеуі тиіс. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Сөйтіп, кейбір балалардың тәртібін лезде түзету қолға алынады.

Мүғалімнің кәсіби икемділігі. Оқушыны табиғи қалпында қабылдауды іске асыру үшін төмендегідей икемділіктерді тәрбиеші іске асыруға міндетті.

  • оқушының карым-қатынасыңдағы іс-әрекетіне баса назар аудару және оның қарым-қатынастағы жеке бас ерекшелігін жетілдіру;

  • оқушы мен мұғалім пікірлескенде, әрқайсыеының құқығын сақтау, талғам, қабілеттерін ескеру, өз ойларын нақты көрсете білу;

  • тәрбиеленушіге ашық баға беруден аулақ болу, көбіне болып жатқан іске өз қатынасын білдіру, қалыптасатын жетістіктер мен қалыптасқан кемшіліктерді көрсету арқылы, оқушының өзіне сенімін арттырады, өзіндік бағасы мен белсенділігі, көңіл-күйі көтеріледі;

  • кез келген орындалатын іске сәттілік тілеу, оның жетістігі мен кемшілігін бөлісу, оң пікір білдіру;

  • оқушының өзіңдік ерекшелігіне назар аударып, оның қайталанбас “Менін” көрсетуге жағдай жасалса, онда оқушының ұжымда өзін еркін ұстай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, қадыр-қасиетін сақтау іске асады.

Оқушыны табиғи қалпында қабылдап үйренген педагогтың бойында, өзгелерді табиғи қалпында қабылдауға бейімділік қасиет пайда болады. Сонымен, оқушы кез келген адамның қарым-қатынасына байыпты қарап, өзі үнемі үлгілі қатынасқа ұмтылады.

Түйіндей келе, оқушымен карым-қатынастың жа технологиясы іске асады. Онда әлеуметтік құндылық талаптар және оқушының тұлға ретіндегі оны тандау еркі ескеріледі. Тәрбиеші оқушымен қарым-қатынас құрғанда маман деңгейінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, оқушының мүмкіндігіне, санасына бой ұрады. Мұғалім оқушы-мен қарым-қатынас құрғанда оқушының қабілетін ашу оған көмек көрсету, оның тәртібін көтеру қазіргі мәдениет деңгейінде жүзеге асырылады. Осы үш мәселені іске асыру — мұғалімнің кәсіби деңгейіндегі икемділігін көрсетеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!