Материалдар / Мектепалды балаларын ұлттық құндылықтар негізінде Отансүйгіштікке тәрбиелеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепалды балаларын ұлттық құндылықтар негізінде Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазіргі қазақ прозасында көрініс тапқан ұлттық құндылық, ұлттық болмыс, ұлттық салт-дәстүр мәселесі кеңінен сөз болады. Зерттеу пәніне қазіргі қазақ прозасындағы туындылар сарапталып алынған. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ прозасының ең басты ерекшелігі – бүгінге дейін жабық тақырыптар санатына жатқызылған бірқатар келелі мәселелерге жазушылардың батыл барып, өзіндік құнды ой айтумен ғана шектелмей, оқырмандардың рухани жан-дүниесіне қажетті дүниелерді көтере білуі деуге болады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ:373.2.016

Мектепалды балаларын Ұлттық құндылықтар негізінде Отансүйгіштікке тәрбиелеу


Ерназар Ақерке Асқатқызы, Дайынова Айдана Қанатқызы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан akerke0309@icloud.com, aidana3012182003@mail.ru




Аңдатпа. Мақалада қазіргі қазақ прозасында көрініс тапқан ұлттық құндылық, ұлттық болмыс, ұлттық салт-дәстүр мәселесі кеңінен сөз болады. Зерттеу пәніне қазіргі қазақ прозасындағы туындылар сарапталып алынған. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ прозасының ең басты ерекшелігі – бүгінге дейін жабық тақырыптар санатына жатқызылған бірқатар келелі мәселелерге жазушылардың батыл барып, өзіндік құнды ой айтумен ғана шектелмей, оқырмандардың рухани жан-дүниесіне қажетті дүниелерді көтере білуі деуге болады. Сан ғасырлардан бері тарих көшінің шаңына көміліп қалмай, жыл, ғасыр өткен сайын құны артып, ұлттық болмыс, ұлттық құндылық төрінен ойып тұрып өзіндік орнын алған салт- дәстүр, әдет-ғұрып дүниесіне де қаламгерлер бүгінде аса қамқорлықпен, құрметпен қарайды. Өйткені, олардың ұлттың ұлт болып өмір сүруі миссиясы мен мақсаты жолындағы қажеттілігін қалтқысыз түсінеді. Осы құндылықтардың қазіргі қазақ прозасындағы берілу, айтылу, талдану, насихатталу, таралу жолы мақалада танымдық, әлеуметтік әдіс, фреймдік модель арқылы талдау тиімді пайдаланылады. Зерттеу қорытындысында дәстүр болмаған, сақталмаған жерде ешқандай тәртіп те, мақсат-мүдде де болмайтындығы байыпталады.

Зерттеудің өзектілігі – мұнда дәстүрдің шындап келгенде әрбір ұлттық өзіндік беті, мәдени ерекшелігі ғана емес, генетикалық коды екендігі нақты мысалдар негізінде дәлелденеді. Сонымен бірге, қазіргі қаламгерлер шығармашылығында ұлттық танымға негізделген тың, жаңа өрнек, тәсілдердің басымдығы зерттеу нысанына алынады. Жалпыадамзаттық құндылықтан бастау алған қазақ ғұрпының өзіндік өркениетін қалыптастыруда қабілетінің зор екендігі мақалада талданған кейіпкерлердің ұлттық болмысынан да айқын аңғарылып отырады. Авторлар зайырлы қоғам болған жерде руханият пен мәдениеттің де жоғары болуына өз кезегінде ұлттық ғұрыптардың ықпалы күшті екенін ашып көрсетуді мақсат еткен. Зерттеу нәтижесінде ғасырлар сынынан өткен ұлттық құндылықты сақтап қана қоймай, бүгінде оған қатысты айтылып, көтеріліп жүрген кертартпа, сыңаржақ көзқарастардан да арылудың қажеттілігі өмірлік оқиға, адам тағдыры арқылы сенімді дәйектелген.

Тірек сөздер: ұлттық болмыс, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, салт-сана, ұлттық мұрат.

Ұрпақ тәрбиесі жайлы дана халқымыз «Тәрбие – тал бесіктен» дейді. Бұл тегін айтылмаған. Ғалымдардың айтуынша, бала ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады екен. Нәресте анасына кіндігімен жалғасқандықтан ана қандай күйде болса ол да сондай халде болатын көрінеді. Мәселен, ана құнарлы ас ішіп-жесе құрсағындағы бала да тез өсіп жетіле бастайды. Ана айқай-шусыз тыныш ортада дұрыс өмір сүрсе бала да тыныш есейіп толысады екен. Балаға экономикалық жағдай толығымен жасалса да, рухани азықтың берілуі өте маңызды. Ол – білім мен тәрбие. Білімсіз адам өмір сүре алғанымен, тәрбиесіз адам өмір сүре алмайды. Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Баланы жақсы адам болдыру үшін оның негізін ата-ана өзі қалауға тиіс. Ол үшін өздері сыпайы қарым-қатынас жасап, мәдениеттілік танытумен қатар оғаш мінез шығармауы қажет. ”Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі”, –деген аталы сөз осыдан қалған. Кейде ата-аналар баланы ұрып соғып, қорқытып тәрбиелейміз деп ойлайды. Бұл жақсы тәрбие болмайды, керісінше сол баланың қатігез болуына немесе қорқақ болуына ықпал етеді. Сондай-ақ баланы “тұзка, жүзіңка”, –деп мән-мағынасыз атап еркелететін ата-аналар да жиі кездеседі. Еркеліктің де, ат қоюдың да жөні бар. Әр нәрсенің мәніне үңілу керек. Көп еркелеткен бала өзім білермендігімен кетеді де әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. Қандай бір жағдайға төзімсіз, оспадар тентек болып кететіндері де бар. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтарын “сегіз қырлы, бір сырлы”, өнегелі де өнерлі, иманды да инабатты, ар-ожданы жоғары, намысқой етіп тәрбие­леп келді. Ол кезде салт-дәстүр, наным-сенім әдет-ғұрып жора-жосын,үлгі-өнеге арқылы ешкімнен кем қылмай тәлім-тәрбие берген. Ер бала болсын, ұл бала болсын бұлардың барлығына ортақ адамгершілік қағидалар бар. Бұл қағидаларды адам баласы орындауға және білуге міндетті. Мұнсыз тәрбиелі, білімді ұрпақ болып қалыптасу мүмкін емес.

Бала тәрбиесі — қоғамның ортақ міндеті. Жас ұрпақтың тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, оларды ізгі істерге, игі мақсаттарға бағыттап, жұмылдыруымыз керек. Бұл ретте барлық білім ордасында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Жастар тәрбиесіне қазірден бас­тап қам жасамасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Көркем мінез бен адамның ішкі мәдениетін дамытуға мән бермесек болмайды. Арзан дүниеге ұмтылу, алдап, арбап мал табу, Батыстың адамды құрдымға алып баратын кейбір «құндылықтарына» көзсіз бас қою жастарды орға жығатынын түсінуіміз керек. Жастарды рухани құлдырауға жетелейтін, астары жоқ арзан дүниелерді насихаттайтын, білім мен ғылымнан алыстатуға ұмтылатын дүниелер мемлекеттік идеология тұрғысынан сараптамадан өтуі керек. Әйтпесе рухани адасудың ауылы алыс емес. Ертең опық жеп қалмайық. «Ұлттық рухани жаңғыру» 2021-2025жж жолдауы. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Сонымен қатар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдауды көздейді. Қазақ халқы баланы жастан, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Баланың түп қазығы, алтын ұясы-отбасы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бала отбасында әкеге қарап, ал, қыз анаға қарап өседі. Сондықтан да әр ата- ана балаларының алдында өздерін дұрыс ұстап, ғибраты мол әңгіме айтып, жүріс –тұрысымен, киім –киісімен, іс –әрекетімен үлгі бола білуі керек.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, тәрбиеге аса ерекше көңіл бөлген.Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген.Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жамандық пен жақсылықты ажырату сияқты қасиеттерді баланың бойына сіңіреді.Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі.Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады.Тәрбие беруде адамгершілік рухани, еңбек, діни тәрбиенің тоғысу осы ұлттық тәрбиемен байланысты.Ұлттық тәрбие отбасында, бала-бақшада, мектепте барлық жерде де көрініс табады.Олар мемлекеттік нышандар: әнұран, ту, елтаңба, салт-дәстүр, әдет ғұрып,ұлттық ойын, ертегі, жыр, дастандар, аңыз, жаңылтпаш, мақал-мәтел, нақыл сөздер, тиым сөздер арқылы беріледі.Осы арқылы баланың «ұлттық коды» пайда болады.Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басның пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін.Оның мысалы тарихта аз емес.Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілікті ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.

Қорытынды

Ұлттық дәстүр сайып келгенде ұлт мұратының жүзеге асуына, халықтың түзу жолмен өсіп-өркендеуіне негіз болды. Қай заманда да қазақ үшін салт- дәстүр мықты идеология қызметін атқарған. Ал оның бар артықшылығы мен құндылығын, қажеттілігін жеріне жеткізе сипаттап, дәріптей алған жазушыларымыздың да еңбектері ерен. Олар этнофор ғана емес, «өз тарихын, рухани мұрасын, құндылықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін келесі ұрпаққа таныту – ұлттың өзін-өзі сақтау инстинкті» екенін де қалтқысыз ұғынып, сол жолда қызмет етуші де. Әрбір ұлт өзінің рухани байлығы мен құндылығын империялар саясатының үсігіне шалдырмай, сақтап қалуға табандылықпен атсалысады. Тәуелсіздік кезең әдебиетіндегі прозаиктер де қазақтың жартылай «мәңгүрттенген» санасын ұлттық мазмұнда оятуға күш салып қана қоймай, өзге ұлттың алдында кішірейіп, өзін «іні» санайтын төменшіктеу синдромынан арылтуды міндетіне алғандығы байқалды. Қазіргі прозалық туындылар өз кезегінде ел тұрмысының жаңа мазмұнын жақсартуға да өзіндік үлесін қосады деуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. –Алматы: Жазушы, 1997. –25б.

Қашғари М. Түркі сөздігі. Қазақшаға аударған А.Егеубай. –Алматы: Сөздік- Словарь, 2006. Т.1. –37 6б.

Эриксон Э. Детство и общество. –Санкт-Петербург, 2000.

Түменбаев Ж. Ауыл шетіндегі үй: хикаяттар. –Алматы: «Қазақстан» баспа үйі», 2009. –488б.

Мұқанғалиев Е. Тәуелсіздік және ұлттық сана // Жалын. –2011. –No11, қараша. –10- 13бб.

Солтанаева Е. Жұмабай Шаштайұлының бір әңгімесі жайында // https: malim.kz/article/culture/zhumabai-sastaiulynyn-bir-angimesi-zaiynda-18188

Нұрғалымұлы Ұ. Дайағашшы: эссе, әңгіме, мақалалар. –Астана: Фолиант, 2018. – 240б.

Әубәкір А. Дәстүрден арылу қазаққа не береді? // Жас қазақ үні. – No32 (353). – 12.08.2008. –4-5бб.

Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. –Алматы: Раритет, 2013. –400б.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!