Тақырыбы: Мектепалды даярлық пен бастауыш білімінің арасындағы интеграция. Қандай байлық болмасын,оның бір сарқылатыны хақ .Сарқылмайтын терең бойлаған сайын керісінше еселеп арта беретін бір байлық бар,ол – білім. Ал білім негізі мектепте. Қазіргі заманның қоғамдық , әлеуметтік , экономикалық өзара интеграциялау сипаты мектебіміздің бағытын анықтауға негіз болады. Ең алдымен , «нитеграция» сөзінің мән-мағынасын ашып алайық. «Интерация» сөзі сөздікте «түсіндіру» , «түсінік беру», «мағынасын ашу» дегенді білдіреді. Ағылшын және француз тілдерінде «interpret» ,бір мезгілде «аудару» және өзінше «түсіндіру» , «талқылау» дегенді білдіреді. Демек, мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы тығыз байланысты түсіне білу, мағынасын аша білу маңызды болып табылады. Бүгінгі балалар- елдің, келешектің иесі «жастай берген тәлім-тәрбие –жас шыбықты игендей» дейді халық. Ал бала тәрбиесіндегі ең қиын да , ең маңызды кезеңі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мектепалды білім беру – бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан, мектепалды даярлықта – баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Ұлы педагог А.А.Сухомлинский: «Баланың ақыл-ой дамуын , қызығушылығын , қабілетін, бейімін білмей, оны оқытуға , тәрбиелеуге болмайды»,- деген нақты тұжырымы мектепалды даярлық пен бастауыш мектептің өзара байланысын айқындап тұрған тәрізді. МАД - білім берудің сапасын қамтамасыз ететін негізгі қадам. Өйткені мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы интеграцияны қалыптастыруда , тәрбиешілер мен бастауыш сынып (әсіресе 1 сынып) мұғалімдерінің ынтымақтастық іс-әрекеті маңызды болып табылады. Өзара байланыстың мағынасын ашатын болсақ, екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, әдістемелік жүйенің әрбіп компонентінің үйлесімділігі. Бұл байланыстың түпкіліті мақсаты- баланы жүйелі , сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға сәтті өтуін ұйымдастыру екі буын арасындағы интеграция , келесі шарттардың орындалуын міндеттейді. 1.Әр жыл соңында МАД тәрбиешілері мен 1- сынып мұғалімдерінің іс- тәжірибесі талданады, сәтті, сәтсіз тұстары анықталады. 2. Өзара пікір алмасып, озық тәжірибелерімен, жетістіктерімен бөліседі. 3. Сабақ, тәрбие сағаттарына, тыс шараларға өзара қатысады. Бұл, бастауыш сынып мұғаліміне мектепалды даярлықтағы баланы жан-жақты танып білуге, оны диагностикалауға көмектеседі. Мектепке даярлау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. Ойлау, сөйлеу, айту дағдыларын қалыптастыру интеграциялаудың маңызды баспалдағы дер едім. Тіл ұстарту –оқушы тілін дамыту, сауатты жазудың негізі. Тілін дамыту дегеніміз – баланың ойын, ойлау қабілетін дамыту деген сөз. МАД-та ауызекі сөйлеуге машықтанса, бастауышта ойын, жазбаша түрде жеткізу орын алады. МАД-та балаларды зейін қоя тыңдауға тапсырмалар бойынша әрекеттер орындауға, сұраққа жауап беруге үйрету, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыта аламыз. Ал бастауышта бұл әрекеттер өз жалғасын табумен қатар, инновациялық қолдану арқылы, жаңартылған білім мазмұнына байланысты, жұмыс жүйесі өзінің жалғасын табады. Баланың білімге деген ынтасын арттырудың бірден-бір жолы, ол- ойын. Себебі, бір жағынан ойын-сергіту болса, екінші жағынан білім деңгейін көтеруге, үшіншіден өзара ынтымақтастыққа жетелейтін құрал. Бастауыш сыныптарда логикаға негізделген дидактикалық ойындар оқушылардың қызығушылығын, оқуға деген құштарлығының арта түсетіні сөзсіз. Оқуға қайткенде ынталандыруға болады? – деген сұраққа С. Көбеев: «Мектепке барсаң, оқысаң- адам боласың, өнер, білім иесі боласың деген сөз жеткіліксіз. Мектепке баланың жақсы қарауы, оқуға ынталы болуы, баланың ұғымына және сезіміне күнбе-күн тікелей әсер етіп отыратын әралуан көзқарастан туады. Баланың білімге, кітапқа, әдебиетке, еңбекке көз қарасы жақсы болса, осы айтқандарға бала қызығатын болса, онда ол мектепке де, оқытушыға да, оқуға да, жақсы қарайтын болады. Ал осы көзқарастарды қалыптастыратын ең алдымен ата-ана және мектеп»,- деп көрсеткен. Автор бұл жерде осы сөзді басты қағида ретінде тәрбиешілер мен бастауыш мұғалімдеріне арнап айтқандай. Балалардың назарын кішкентай кезінен шығармашылық іс-әрекетке бағыттап, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу жауапкершілігін бойына сіңіру қажет. Ол үшін МАД-та да, бастауыш сыныптада балалардың жас, дара ерекшеліктерін ескере отырып, ойын тапсырмаларды, топтық, деңгейлік тапсырмаларды белгілі бір жүйемен құрып, оны сабақта жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін, технологияларын жете білу керек. Интеграциялау арқылы дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың тұжырымдамалық принциптері анықталады. Сол принциптердің бірі, балада ойлаудың барлық формаларын дамытуды өзара бірлікте қамтамасыз ету және қиялды, шығармашылықты дамытуға бағдарлау болып табылады. Бүгінгі жаһандану заманындағы МАД пен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің біріне айналады. Білім негізі төменнен бастап қалыптасатын болғандықтан, МАД тәрбиешісі мен 1- сынып мұғалімінің іс – әрекеттерінде сабақтастық жүйелілік болуы тиіс. Сонда ғана бір баспалдақтан келесі баспалдаққа жасаған қадамы сәтті болып, сана – сезімі, құштарлығы арта түседі емес пе? Қоғамнын күш – қуаты қазіргі таңда білім, ғылымға тәуелді. Тәуелсіздіктің тамырлы тірегі – бәсекеге қабілеттілікті ұштастыруға рухани байлығымызға негізделген терең білім. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз, жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады. Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылы №2 Жамбыл орта мектебі Муздапарова Гульбану Ноябровна Мектепалды даярлық тобының жетекшісі.